Батыс Түрік қағанаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2012 в 20:02, курсовая работа

Описание работы

Түрік қағанаты батысында Византиямен, оңтүстік-батысында парсы елімен, оңтүстікте Үндістанмен, ал шығыста Қытаймен шектесіп, ұлан-байтақ аумаққа билік жүргізген жеріміздегі ірге тепкен алғашқы феодалдық мемлекеттердің бірі болып табылады.
Батыс Түрік қағанаты қалалық және егінші-отырықшылық мәдениеті дамыған, Ұлы Жібек жолының басты тармақтарын бақылауында ұстаған, сол себепті саудасы өркендеген мемлекет болды.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................... 3
1-бөлім. Ұлы Түрік қағанаты.................................................. 4
1.1 Түріктердің шығу тарихы және
“Tүрік” сөзінің мағынасы……………………….......……...…… 4
1.2. Түрік қағанытының шығу тарихы ........................................... 5
1.3. Түрік қағанатының Еуразия сахнасындағы орны................... 7

2-бөлім. Батыс Түрік қағанаты .............................................. 11
2.1. Батыс түрік қағанатының ішкі және сыртқы саясаты ............ 11
2.2. Түріктердің мәдениеті және шаруашылығы ............................ 13

Қорытынды ................................................................................ 15

Қосымшалар .............................................................................. 16

Пайдалынылған әдебиеттер .......................

Работа содержит 1 файл

Nurlan referat.doc

— 120.50 Кб (Скачать)


 

 

Жоспар

 

 

                                     Кіріспе.......................................................................................... 3

                                     1-бөлім. Ұлы Түрік қағанаты.................................................. 4

                                       1.1  Түріктердің шығу тарихы және

“Tүрік” сөзінің мағынасы……………………….......……...……  4

                                       1.2. Түрік қағанытының шығу тарихы ...........................................  5

                                      1.3. Түрік қағанатының Еуразия сахнасындағы орны...................  7

 

2-бөлім. Батыс Түрік қағанаты .............................................. 11

2.1. Батыс түрік қағанатының ішкі және сыртқы саясаты ............ 11

2.2. Түріктердің мәдениеті және шаруашылығы ............................ 13

 

Қорытынды ................................................................................ 15

 

Қосымшалар .............................................................................. 16

 

                                     Пайдалынылған әдебиеттер ...................................................

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Бұл рефератта VI ғасырдан бастап халықаралық аренаға шыға бастаған түріктердің шығу тарихы және олардың жеке империя болу үшін қаншама қиын жағдайларды басынан кешкендігі, Еуразия аймағында саяси беделінің қандай дәрежеде болғандығы және сол аумақтағы ірі мемлекеттермен қарым-қатынасы, ішкі және сыртқы саясаттарын қалай жүргізгендігі туралы, сонымен қатар,  «түрік» сөзінің мағынасы қаншалықты тереңде жатқандығы баяндалады.  

   Сонымен қатар мұнда Түрік елінің қағандарының елді басқарудағы әдістері, соғыс тәсілдері туралы да мәліметтер ала аласыз және түрік билеушілерінің шежіресі берілген.

     Түрік қағанаты батысында Византиямен, оңтүстік-батысында парсы елімен, оңтүстікте Үндістанмен, ал шығыста Қытаймен шектесіп, ұлан-байтақ аумаққа билік жүргізген жеріміздегі ірге тепкен алғашқы феодалдық мемлекеттердің бірі болып табылады.

    Батыс Түрік қағанаты қалалық және егінші-отырықшылық мәдениеті дамыған, Ұлы Жібек жолының басты тармақтарын бақылауында ұстаған, сол себепті саудасы өркендеген мемлекет болды.

   Бұл рефератта көбінесе Л.Н.Гумилевтың «Көне түріктер» атты кітабынан алынған материалдар жазылған.   

  

   

 

 

 

             

 

1-бөлім. Ұлы Түрік қағанаты

 

1.1. Түріктердің шығу тарихы және “Түрік” сөзінің мағынасы

 

   Ата-тегін білу және оларды әдейі жаттап алу орта азиялық халықтардың өзгеше сипаты. Сондағы ең бір қызықты жері, олардың көпшілігі әуелгі тегін әр түрлі аңнан бастайды. Мысалы тибеттер өздерінің арғы тегін маймылдың еркегі мен раушастың ұрғашысынан шыққан, моңғолдар – көкбөрі мен ақмаралдан, телелер – бөрі мен хұн шаньюнің қызынан, түріктер – хұн ханзадасы мен қаншық қасқырдан тараған деп есептейді.

   Л.Гумилев түріктерді Ашин руынан шыққан деп есептейді. Қытайлар Ашин ханның ұрпақтарын – Ту – кю деп атаған. Бұл сөзді П.Пелью  «түрік ют», яғни түріктер деп аударған, бірақ ондағы көптік жалғауы түрікше емес, моңғолша. Көне түрік тілінде саяси терминдердің бәріне көптік жалғауының моңғолшасы қосылатын болған. Бұдан оның түрік тіліне шеттен қосылғанын білеміз.

  «Түрік» сөзінің өзі «күшті», «мықты» дегенді білдіреді. А.Н.Кононовтың пікірінше, ол – жинақтаушы ат, кейін тайпалар бірлестігінің этникалық атына айналған. Бұл бірлестіктің әуелгі тілі қандай болса тарих сахнасына шыққан кезде, оның күллі өкілдерінің сол заманның тайпааралық ортақ тілі – сәнби, яғни көне моңғол тілі түсінікті болған. Бұл бұйрық–жарлықтың, базардың, елшіліктің тілі екен. Осы тілмен 439 ж. Ашин Гобидің солтүстік шет аймағына көшеді. «Ашин – қасқыр, бөрі» деген сөз. Ол моңғолша «шоно­чино». «А» – қытай тілінде құрметтеу сөзі. Демек, «Ашин» – «дегдар бөрі». Бұл есімнің қытайша мәнерленген түрі – «Шане» (араб жазбасында сақталған).

   Түріктер туралы алғашқы деректер 542 жылдан бастап белгілі болған.  Қытай жазба деректерінде Қытайдың солтүстік–батысында орналасқан Вэй князьдігіне туцзюе (түріктер) жыл сайын шабуыл жасап, ойрандап отырғандығы жөнінде айтылады. Қытайлар түріктерді сюнну–ғұндар деп атаған, мұның өзі түріктердің ғұн тайпаларының жалғасы екенін көрсетеді.

  VI ғасырда «түрік» атауы кең тарала бастады. Олар Алтай аймағында қалыптасқан тайпалар одағы болған еді. Қытайлықтар түріктерді «туцзюе» немесе «тукю», соғдылар – «түркі», «тркіт», ал византиялықтар, арабтар мен парсылар – «тюрк» деп атаған. Орыс деркетерінде түрік тайпалары «торки–тюрки» деп аталған. Шәкәрім Құдабердіұлы «Түрік, қырғыз­–қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбегінде түрік сөзі «дулыға» деген мағынаны білдіреді деп жазады.              

                                

1.2. Түрік қағанытының шығу тарихы

 

   Әрбір халықтың тарихы өзінің тамырларымен баяғы замандарға қарай тереңдеп кеткенмен, күллі дәуір тарихшыларының халықтың шыққанын анықтайтын күнді сипаттауға ұмтылады. Мысалы, римдіктер Римнің негізі салынған күнді шартты түрде ала салған, арабтардың күні нағыз шынайы – Мұхаметтің Меккеден Мединаға барған кезі, орыс шежірешілері 862 жылды таңдап алып, орыс тарихының басталуын соған бейімдеген, француз күннамашалары «бастауды» Хлодвиг Меровингтен алады, ал тарихшылар Огюстен Тьерридің үлгісімен, оны 843 ж. – Ұлы Карлдың империяны бөлген кезінен бастап есептейді. Академик Л.Н.Гумилев түріктер үшің мұндай күнді 545 жыл деп санайды. Белгілі түркітанушы, Санк– Петербург мемлекеттік университетінің профессоры С.Г. Кляшторный: «... егер Түрік мемлекетінің құрылу уақытын оның халықаралық аренада танылған уақытымен есептейтін болсақ, 548 жылды түркі мемлекеттілігінің басы деп айтуға болады» деген тұжырым жасайды.

   Солтүстік Қытайда жаңа соғыс бұрқ етеді. Шығыс Вэй империясының билеушісі Гао–Хуань жужан ханы Анахуанмен және тоғон ханы одақтасып, Батыс Вэй империясына шабуыл жасап, бәсекеші-бақталасы Юйвынь Тайды қатты састырады; алайда одақтастар шешуші жеңіске жете алмайды. Батыс Вэй императоры Вэнь- ди Ань Нопаньто деген біреуді достық қатынас жасау үшін түрік сұлтаны Бумынға жібереді.

    Түріктерге 545  ж. келген елшіні қуанышпен қарсы алады. «Ордадағылар: бүгін бізге ұлы мемлекеттен елші келеді, ұзамай біздің мемлекетіміз де өрге өрлейді – деп бірін-бірі құттықтай бастайды». Осынау елеусіз жағдайдың өзі  жужандар өктемдігі түріктерге ауыр тигені, бостандық жолындағы қашса, құтылмайтын соғыстан олардың тайсалмайтыны айқын көрінеді.

    Халқының көңіл-күйіне бейімделген Бумын өз алдияры Жужан ханына адал еместігін танытып, Батыс Вэй астанасы Чаньанға жауап ретінде көп сыйлықтармен елшілер аттандырады, сөйтіп өз мырзасының жауымен одақ құрады. Алайда бұдан жужандармен ара қатынас үзілмейді, себебі келіссөз аса құпия жағдайда жүргізілген еді. Осынау елшілер түркі мемлекеттің Батыс Вэй және оның мұрагері Бэй-Чжоу империясын одақтасы ретінде 550 жылдан бастап Бэй-Ци әулеті бекіп алған Солтүстік–Шығыс Қытайға қарсы бағытталған шығыстың саясатын алдағы ширек ғасыр бойына белгілеп береді. Алайда әлемдік саясатқа араласқан Бумын, өзі кіріптар болып отырған жужандарға қарсы күресуге әлі де әлсіз екенін анық түсінген. Бумын сол себепті де әрі одақтас, әрі бағынышты рөлін адал орындауғы бел байлайды.

   Батыс  теле рулары жужан құлдығынан зар иледі. Ақырында олардың төзімі таусылады: олар көтеріліске шығып, Халхаға аттанады. Жорықтың өте нашар ұйымдастырылып, уақыт есебін нашар жүргізілгені сондай, оны жоспарлы ұйымдастырылған соғыстан гөрі, халықтың ашу–ызасының еркінен тыс бұрқ етіп көрінуі деп болжаған дұрыс тәрізді. Тарих тіпті көтеріліс көсемдерінің аттарын да сақтамаған. Телелер жарты жолға жеткен кезде, Гоби Алтайының шатқалдарынан үстеріне көк сауыт киіп, қарағай найзаларын ұстаған жарау атты түрік сарбаздары сап түзеп, қатар–қатарымен шыға береді. Телелер соққы бір бүйірден беріледі деп ойламағае және өздерінен өмірде жамандық көрмеген түріктермен емес, жужандармен соғысқысы келген. Сол себепті де олар дереу Бумынға мойынсұнатынын білдіреді, ал олар бұларды қабылдап, осы арқылы Жужанға екінші рет онша адал емес екенін көрсетеді.

  Ұлан далада мойынсұну екі жаққа да міндет жүктейтін ұғым. Егер қарауында 50 мың киіз үй боданым болсын десең – онда олардың тұрғындарының тілегін орындауын керек; әйтпесе бодандарынан да, өз басынан да айырыласың. Телелер тек бір–ақ нәрсеге – жужандардың көзін құртуға ынтызар болатын, ал Бумын оларды ордасына қабылдаған кезде мұны жақсы білген. Мұндай іңкәр тілек өз руластарының көкейінде де бар, ендеше соғыс болмай қалмайды. Өз бодандарының есіл–дертін хан да қолдайды, сол себепті де оқиға да зулап ала жөнелді.

    Жужандармен арада жанжал тудыру үшін және сонымен бірге бұл тартыстың айыпкері болып көрінбеу үшін, Бумын арандату әрекетін жасады. Ол жужан ханы Анахуанның қызына үйленбекші болып ханға сөз салды. Дала дәстүрі бойынша, бұл онда ханман иық теңестіріп шығы келер еді, ал хан абыройын төккісі келмесе, бұған келіспеуге тиіс. Қаһарына мінген хан оған дөрекі жауап қайтарады: «Әй, сен менің телмірген теміршімсің (түріктер жужандарға темір балқытып беретін), маған мұндай көргенсіздік жасауға дәтің қалай барады!». Хан бетін қайырғасын Бумын жәбірленуші болып шығы келеді, оған керегі де сол. Ымыраға келу жолын кесіп тастау үшін жужан елшісін жазалауға әмір етеді, енді осы арада Батыс Вэй империясымен жасаған одағы бірдей кәдеге асты. Ол дереу Вэнь–димен қайтадан келіссөз жүргізіп, 551 жылдың жазында Қытай ханның қызы Чанлені әйелдікке алады, бұл оның көшпелілер арасындағы абырой–беделін бір жолата арттыра түседі. Тосыннан шабуыл жасаудың артықшылығын пайдалануға тырысқан Бумын 552 жылдың қысында жорыққа шығады да, жужандарды толығынан жеңіп шығады. Анахуан өзін–өзі өлтіреді, ал оның ұлы Яньлочен одақтасы циліктерге қашып кетеді.

  Бумын Ильхан (Елхан) лауазымын алады, бірақ 552 жылдың аяғында қайтыс болады. Таққа оның баласы Қара–Еске қаған деген лауазыммен отырады.

 

 

 

1.3. Түрік қағанатының Еуразия сахнасындағы орны

 

    Түріктер оқыс күйреткен жужандар, қаза тапқан ханының ағасы Дыншузцды көсем етіп сайлап, күресті жалғастыра береді. Бірақ Лайшан тауы маңындағы соғыста олар тағы да талқандалады. Олардың аз күндік бағытына орай, Қара–Еске қаған жұмбақ жағдайда көз жұмады, оның баласы Шету биліктен шеттеледі де, Қара–Еске қағанның інісі Мұқан қаған деген лауазыммен таққа отырады.

   Жаңа хан қатал да рақымсыз, батыр да ақылды болады және соғыстан өзге ештеңемен де шұғылданбайы. 553 жылдың күзі бітер кезде ол жужандарды тағы да жеңеді. Ци императоры өзінің бақытсыз одақтастарын қабылдап, оларды өкшелеп келе жатқан түріктерді тойтарып тастайды. Бірақ жужандар қытайлармен сыйыспайды. Өздерінің малынан, дүние–мүлкінен айырылған, еңбек–бейнетке үйренбеген олар қарақшылық жасай бастайды да, Ци үкіметі 554 жылдың көктемінде оларға қарсы лажсыздан әскер жібереді. Жужандар тағы жеңіліп қалады. Бірақ олардың мінез–құлқы бұданда өзгермейді, сосын 555 жылдың жазында Ци императоры оларды өз жерінен түзге қуып жібереді де, жужандарды сонда түріктер мен қидандар тас–талқан етеді.

Жужандарды жаншып тастағаннан кейін, түріктер өзздерінің көшпелі көршілеріне қарсы әрекеттер жасауға кіріседі. 554 ж. жеке бектерден империя құрылған жыл болды. Теріскейде Цигу мемлекетін жаулап алады. Осы уақытта бастап, түріктер Саяннан асып кете алмаса да Мұқанхан өзінің солтүстік шекарасын қауіпсыздандырады. 553 ж. Мұқан қаған Маньчжуриядағы қидандарды, Енисей бойындағы қырғыздарды жеңіп, Солтүстік Қытайды да бағындырады. Кейін түрік билеушілері Шығыс Түркістаннан Каспий теңізіне дейінгі эфталиттер иелігіндегі аймақты және Орта Азияны бағындыру саясатын жүргізді.

Бұл кезде екі бөлікке бөлініп отырған Қытай елінің Вэй–Ци және Вэй–Чжоу мемлекеттерінің билеушілері Мұқан қағанға қымбат бағалы сый–сияпат жасап, өз жақтарына тартуға әрекет жасайды. 561 ж. екі император да Мұқан қағанға ханшаны айттыруға елшілер жібереді. Аса бай Вэй–Ци әкелген сыйлық істі солардың пайдасына шеше жаздайды, бірақ чжоулық елшілердің тәсілқой жылпостығы Мұқан қағанды одақтастық шартқа адал болып қалуға мәжбүр етеді. Ол айырылып қалған сыйлықтардың есесін соғыстағы олжамен қайтармақшы болады.

   563 ж. одақтастар Цзиньян қаласын қоршап алады, бірақ жеңіске жете алмайды да, түріктер елді жағалай талап, туған даласына қайтып келеді. Келесі жылы жорық тағы қайталанады, бірақ циліктер Лоян түбінде чжоулық тұтас бір армияны толық жеңгеннен кейін, Мұқан қаған амалсыздан әскерін кейін қайтарады. Алайда, осынау сәтсіздікті көзге ілместен, хан Ци мен одақ құру жөніндегі ұсынысты тағы да қабылдамай тастайды. Мұны айқындайтын бір себеп, одақ жөніндегі шарт бойынша, Чжоу империясы түріктерге 100 мың тен жібек матасын беріп тұрған.

   561-563 ж.ж. Мұқан қаған Иранмен эфталиттерге қарсы әскери–саяси одақ құрады. Бұл одақтың нәтижесінде эфталиттер талқандалып, Түрік қағанаты Орта Азияға үстемдік етуге қол жеткізді. Мұндай нәтижелі саяси қадамнан кейін Түрік қағанаты енді Византиямен Иранға қарсы одақ жасаған. Түрік қағанаты үшін бұл одақты табысты болып, оларға парсылар алым–салық төлеп тұруға міндетті болды. Сыртқы саясатты белсенді жүргізген түріктер Керчь бұғазына дейін жетіп, Қырым түбегін де басып алады.

   572 ж. Мұқан қаған қайтыс болады. Оның інісі, әрі мұрагері Тобохан Чжоу империясымен қатынасын үзбей, Ци империясыиен бітімге келеді. Чжоу салық жарнасын төлеуден бас тартқан кезде, бұрынғы жағдайдың қалпына келуі үшін түріктердің әскер күшімен күш көрсетуінің өзі жеткілікті болады. Түріктер жортуылынан қорыққан Ци империясы бітім салығын төлеймін деп күллі қазынасын жұмсады. Тобо қаған: «...тек оңтүстіктегі екі бала (Чжоу мен Ци) бізге бағынышты болып тұрса болғаны, онда кедейліктен қорықпаймыз, – дейді екен».

  576 ж. чжоулықтар цилерді қирата жеңіп, Цзиньян қаласын жаулап алады. Циліктер қаланы қайтарып алуға тырысады, бірақ табысқа жете алмайды.

577 ж. Ци императоры тұтқынға түсіп, біржолата жеңіліс табады.

  Түрік ханы, өз көзқарасы тұрғысынан, Вэй–Чжоу тым күшейіп кетеме деп қауіптеніп, жеңілген әулет жағына шығады.

  Вэй–Чжоу үшін бәрінен де қорқынышты жау түріктер боп шығады. 578 ж. Тобо қаған Қытайға баса көктеп кіріп, чжоу әскерінің күл–талқанын шығарады. 579 ж. басталған келіссөздер үзіліп қалады да, соғыс әрекеттері жалғаса береді, түріктер үшін ол толық жеңіс болып саналады. Алайда қытай елшісі көлгөсір сыйлық тартып, Тобо қағанның көңілін аулайды, сөйтіп, 580 жыл бітім шарты жасалады.

Информация о работе Батыс Түрік қағанаты