Батыс Түрік қағанаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2012 в 20:02, курсовая работа

Описание работы

Түрік қағанаты батысында Византиямен, оңтүстік-батысында парсы елімен, оңтүстікте Үндістанмен, ал шығыста Қытаймен шектесіп, ұлан-байтақ аумаққа билік жүргізген жеріміздегі ірге тепкен алғашқы феодалдық мемлекеттердің бірі болып табылады.
Батыс Түрік қағанаты қалалық және егінші-отырықшылық мәдениеті дамыған, Ұлы Жібек жолының басты тармақтарын бақылауында ұстаған, сол себепті саудасы өркендеген мемлекет болды.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................... 3
1-бөлім. Ұлы Түрік қағанаты.................................................. 4
1.1 Түріктердің шығу тарихы және
“Tүрік” сөзінің мағынасы……………………….......……...…… 4
1.2. Түрік қағанытының шығу тарихы ........................................... 5
1.3. Түрік қағанатының Еуразия сахнасындағы орны................... 7

2-бөлім. Батыс Түрік қағанаты .............................................. 11
2.1. Батыс түрік қағанатының ішкі және сыртқы саясаты ............ 11
2.2. Түріктердің мәдениеті және шаруашылығы ............................ 13

Қорытынды ................................................................................ 15

Қосымшалар .............................................................................. 16

Пайдалынылған әдебиеттер .......................

Работа содержит 1 файл

Nurlan referat.doc

— 120.50 Кб (Скачать)

  580 ж. түріктер құдіретінің шарықтау шегі болады. 581 ж. Тобо қаған дүние салады, ал Қытайда түріктердің қас жауы, Сүй әулетінің негізін салушы, жауынгер генерал Ян Цзян, Чжоу әулетін құлатады, бұл саяси ахуалды толығынан өзгертіп жібереді.

   Шығыс шекарасында белсенді әрекет ете жүріп, түріктер тап сол мерзімде батысқа жорықтар жасайды. Бір өкінішті жері бастау–деректерге осынай аса маңызды оқиға егжей–тегжейлі жазылмаған, дегенменде оқиғаның жалпы жүрісін белгілеп шығуға болады.

    Батыс жорығын Бумынның інісі Істеми қаған бастайды. Істеми қаған бұрын да Бумынмен талай рет бірге жүрген, он көсемге, – тегі, тайпа көсемдері болса керек – басшылық еткен, бәрінен бұрын олар Солтүстік Алтайдың угор тектес тайпаларының басшыларына ұқсайды. Олардың түріктеніп кеткен қазіргі ұрпақтары – шорлар, қумандықтар, қулар тағы басқалары болып табылды. Істеми хан атының түрікше емес, угорша – аруақ атаның аты болуы тегін емес тәрізді. Қытайлар оның әскерінің санын 100 мың адам деп шамалайды, бірақ бұл дерек наұты жауынгерлер санын көрсетпейді, қолбасшысының деңгей–дәрежесін, тап осы жерде ең жоғарғы дәрежені көрсетеді, бұл оның «баһадүр–жабғу» деген лауазымына сай келеді.  

   Істеми өз жорығын 552 ж. кейінірек бастғае, өйткені аврлар сол жылы өлі де болса Бумынды жерлеуге ақтық жіберген өзіндік дербес тайпа болатын, шамасы, ол 553 жылдың күзінде жужандарда біржолата ондырмай жеңгенннен кейін болған тәрізді. Жортуылдың бастаудың ықтимал уақыты жужандардың ісін бітіргесін, 554 жылдың көктемі, дала көкорай шалғынға оранған кезболуға тиіс, әрине атты әскерге шөптің қалың өсуінің шешуші маңызы бар.

   Жеделдеткен түрлеріне қарағанда түріктер жолай қарсылыққа кездеспеген сияқты. 555 ж. олардың әскері «Батыс теңізіне» жетеді, бірақ оны Каспий теңізі емес, Арал теңізі деп түсіну керек, өйткені Фирдоуси Істеми билеген жердің мынадай шекарасын көрсетеді: «Шыннан (Қытай) Жойқынның (Амудария) жағасына дейін және Шаштың ар жағындағы ( Ташкент) Гүлзарунға (Сырдария) дейін».

  Осынау үзінді негізінде біз 555 жылғы шекарасын белгілей аламыз: ол Ташкенттің теріскейімен жүріп, Сырдария солтүстікке қарай бұрылатын жерде оны кесіп өтіп, ендік бағытымен жылжып, Амударияныің төменгі жағымен Арал теңізінің оңтүстік жағасы арқылы өткен. Согдиана мен Бұқар ол кезде эфталиттерге қарайтын, жолаушылар солармен қақтығысып қалады. Сөйтіп түріктер бір жарым жылда бүкіл Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Хорезмді бағындырады.

   Бірақ одан әрі іс қиындай береді. Арал теңізінің теріскей бетінде олар хуни (хионаттер), уар мен огорлар тайпаларының қарсылығына ұшырайды. Тек 558 ж. ғана бұл тайпалар талқандалады да, түріктер бағынғысы келмегендерді алдына салып айдап, Еділден барып шығады. Олар уар мен хун тайпалараның қалғандары – 20 мыңдай адам еді, кейін олар бір халық – авар болған.

   Түріктер Еділді кесіп өтпеген, Жайық өңіріндегі даланы қаратумен шектеліп қалған . Осымен Істемидің  батыс жоғары біткен. Төрт жылда қол жеткен жетістіктері қағанат алдына бір қатар жаңа саяси міндеттер қояды.

  Бүкіл азиялық даланы қамтып жатқан бір мемлекеттің пайда болуы Қытай, Византия мен Иран елшіліктері қызметі үшін орасан зор маңызы бар факторға айналады.

   563 ж. Түрік қағанаты Силзибул (Істеми)  Эфталит мемлекетін басып алуға кіріседі. Алайда бір шеті Каспий теңізінен, екінші шеті Солтүстік Үнді ойпатына дейінгі Орта Азияда ұлан–ғайыр жерді алып жатқан эфталиттерді оңай жеңе алмайтынын түсінген Түрік қағанаты Иран шахы Хұсрау Ануширванмен одақ жасайды. Түрік қағанымен жасаған келісім бойынша Хұсрай шах өзінің әскерлерін Тохарстанға аттандырып, оны 564 ж. эфталиттерден тартып алды. Сөйтіп эфталиттер берік тылынан айырылады. Мұның өзі түрік қағаны Істеми 563-567 ж.ж. Эфталит патшалығын талқандауға мүмкіндік береді. Осыдан кейін түріктердің батыстағы шекарасы Каспий теңізінен Солтүстік Индияға және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатты.

     Алайда осы жеңістен кейін Түрік қағанаты мен Иран шахының арасындағы одақтастық ұзаққа созылмайды. Оған басты себеп, түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын Ұлы Жібек жолына иелік етті. Бұл Иран шахының түріктерге деген наразылығын туғызды. Оның үстіне түріктер мен олардың қарауында болған соғдылар Византия мемлекетімен тікелей сауда байланысын орнатуға мүдделі болды. Ал Иран бұған кедергі жасады. Атап айтқанда, Иран шахы түрңктердің Персия арқылы Византияға жіберген екі елшілігін қайтарып жібердіғ Сондықтан 568 жылы соғды көпесі Маниах түрік қағаны елшілігін енді Иран арқылы емес Каспий теңізімен Кавказ тауы арқылы Константинопльге алып барады. Онда екі ел арасында сауда келісімі және Иранға қарсы әскери шарт жасалды. Оны Земарх бастаған Византия елшілігінің түрік елшілігімен бірге аттандырылуы дәлелдейді. Земарх бастаған елшілік Түрік қағанының астанасы Суяб қаласында қабылданған. Түрік елшілігінің Константинопльде жүргізген келіссөздері Иран мен Византия қатынастарын шиееленістерді, олардың арасында соғыс жағдайы қалыптаста. Мұны Түрік қағанаты өзінің жауап алу соғыстары үшін паайдаланды.

   571 жылы Істеми Солтүстік Кавказды басып алды, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчті басып алды, 576 жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Істеми өлгеннен кейін, 582-593 жылдары Түрік қағанатында билік үшің қырқыс басталды. Өз ішіндегі алауыздық пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Елде талай жылдарға созылған мал індеттері, жұттар мен ашаршылық орын алды. Түрік қағанаты шекараларына шығыстан Қытайдың Сүй әулетінің (581-618 ж.ж.) шабуылы күшейді. Міне, бұл жағдайлардың барлығы 603 жылы Түрік мемлекетінің екі дербес қағанатқа – Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталды.

 

 

 

 

      

 

2-бөлім. Батыс Түрік қағанаты

 

2.1. Батыс түрік қағанатының ішкі және сыртқы саясаты

 

     Батыс қағандығы оңтүстік–шығысында Іле, Шу өзендерінен бастап, солтүстік–батысында Еділ мен Кубань өзенінің төменгі ағысына дейін, ал солтүстік–шығысында Есіл мен Ертіс өзендерінің жоғарғы ағысы аралығын алып жатты. Ал оңтүстік–батысында Тарым, Әмудария өзендеріне дейінгі аймақты қол астына қаратты. Батыс қағанаттың орталығы Суяб қаласы (Қырғыстанның Тоқмақ қаласы маңында), ал қағанның жазғы ордасы Мыңбұлақта (Түркістан қаласы жанында) орналасты.

    Қағанаттың этникалық саяси өзегі "он тайпа" (он–оқ бұдун) болды, олар Қаратау баурайынан Жоңғарияға дейінгі аралықта жатқан ежелгі үйсін жерін жайлайды. Шу өзенінің шығыс жағында дулының бес тайпасы, ал оның батыс жағында бес тайпалы нушебилер (басқаша он-шадпыт) жайлады.

     Алғашқы кезде қағандықта Тардуш (Дато) қаған басқарған. Бұл Батыс Түрік қағанатының билігі күшейген кезі еді. Ал Шығыс Түрік қағанаты керісінше, саяси басқару жағынан әлсіреп, қытайлардың шабуылына ұшырап отырады. Шығыс Түрік қағанатының мұндай күйге түсіп отырғанын білген Тардуш қаған оларды басып алуды, екі қағанатты қайта қосуды ойластырады. Ол өз ойын іске асыру үшін Алтайдағы теле тайпасына шабуыл жасап, олардың жерін басып та алған. Сөйтіп, өзін Шығыс Түркістанның қағанатының да қағаны деп жариялайды. Алайда телелер қайтадан оған қарсы көтріледі.

   Батыс Түрік қағанатының саяси билігінің күшейген кезі Шегу қаған

(610-618 ж.ж.) мен Тон қағанның (618-630 ж.ж.) билік құрған мезгілі болды. Шегу қаған қағанаттың шығыстағы шекарасын Алтайға дейін, ал батыстағы шекарасын Тарым өзені мен Памир тауына дейін жеткізді.

    Тон қаған батыстағы елдерді жаулап алуды ойлады. Қаған Орта Азиядағы  басқару жүйесін қайта құрды. Салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп, лоарға «селиф» деген атақ берді. Олардың үстінен жасауылдар бақылау жүргізді. Селифтер жасауылдарға есеп беріп отырды. Тон қаған кейбір ірі қалаларды өз қолында тапжылтпай ұстап тұру үшін айла–шарғылар да қолданды. Мәселен, Самарқан қаласын бағынышты етіп, өзінің айтқанына көндіріп отыру үшін, оның билеушісіне қызын әйелдікке беріп, өзінің орынбасары деп жариялаған. Жалпы жергілікті билеушілерді орынбасарым деп тағайындап отырған. Тон қаған өзінің батыстағы ықпалын нығайтуда және одан айырылып қалмауды ешқашан есінен шығармаған. Әсіресе Иран мен Византия сияқты ірі мемлекеттердің арасындағы жағдайды бақылап отырған. Екі елдің арасында қақтығыс туа қалса, одақтасы Византияға көмектесуге дайын тұрған. Сондай бір соғыс жағдайы туғанда 627 жылы Византияға көмек беру үшін өзінің қалың қолын аттандырады. Бұл көмек Батыс Түрік қағанатының халықаралық жағдайдағы саяси беделін өсіре түседі.

    Алайда кең–байтақ жерді алып жатқан қағандықтың сыртқы жағдайына қарамастан ішкі саясатын қалыптастыру қиынға соқты.

     Жібек жолы бойында үстемдік орнату үшін мемлекеттердің арасында жие соғыс болып тұрған. Сауда жолы үшін талас 7 ғасырдың 20-жылдары барлық ортағасырлық мемлекеттерді екі коалиция бөлді. Бұлар: бір жағынан - Батыс Түркі қағанаты, Византия, Қытай, екінші жақтан - Шығыс Түркі қағанаты, Иран және Ауар (Авар) қағанаты. Екі коалицияның арасындағы шайқас, мемлекеттерді әлсіретіп, ешқайсына да жеңіс әкелген жоқ. Дегенмен де, осы соғыстардың нәтижесінде, дулы тайпалары (он оқ будун тайпа бірлігіне кірген тайпаның бірі), 630 ж. түркі қағанаттің патшасың өлтіріп, оның орнына дулының арасынан шыққан Сібір-ханды таққа отырғызады. Осы кезден басталған, дулы мен он-шадпы тайпаларының арасындағы билікке күрес ұзаққа созылады. Сондай бір таласта 634 жылы нушеби тайпасының қолдауымен Ешбар Елтеріс қаған билікті өз қолына алады. Ол елді басқаруды қайтақұрып, «он-оқ бұдун» жүйесін енгізеді. Қағанның        он-оқ, он түменнен (әр түменде 10 мың қол) тұратын әскери жасағы болады.    «Он–оқ бұдун» басқару жүйесі билікті күшейтудің орнына, керісінше әлсірете бастайды. Билік үшін талас тайпалар арасында бұрынғыдан да күшейе түседі. Әсіресе дулулар мен нушибелер арасындағы 640-657 жылдардағы ұзақ уақытқа созылған тартыс қағандықты мүлде тұралатады. Мұны көріп,біліп отырған Қытай мемлекеті 659 жылы Жетісуға басып кіреді. Ешбар қаған қолға түсіп, қаза болады. Қағандық өзінің тәуелсіздігінен айырылады. Бұдан кейінде «он–оқ елінің» өз еріктермен ұйымдасқан әскерлері қытай басқыншыларына қарсы бірнеше рет күреске шықты. Бірақ нәтижелі жеңіске жете алмады. Тек VII ғасырдың аяғы мен VIII ғасырдың басында түргеш тайпасының қағаны Үшліктің Тан империясына жүргізген соғыстары нәтижелі болады. Ақыр аяғында 704 жылы Үшлік қытайлармен күреске жеңіске жетті. Бұл жеңіс түргеш тайпасының беделін көтеріп, енді Түргеш қағандығының құрылуына жолашылады.

     Шығыс түріктер Қытаймен жүргізген қиян–кескі соғыстың нәтижесінде 682 жылы Монғолияда өз мемлекетін қалпына келтіреді. Алғашқы қаған Елтеріс атанған Құтлық, одан кейінгі Қапаған қағандардың тұсында қағанат қуатты мемлекетке айналады. Шығыс Түрік қағандығы (682-744 ж.ж.) – Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Оңтүстік Сібір жерлерін алып жатты. Білге қаған мен Күлтегін мемлекетті одан әрі дәуірлетіп, Қытаймен тиімді шарттарға қол жеткізді. Даңқты қолбасшы Тоныкөк түркі халқының жауынгерлік даңқын асқақтатты.Білге қағаннан кейін 741 жылдан бастап қағанат әлсіреп, ыдырай бастады.

 

 

                  

2.2. Түріктердің мәдениеті және шаруашылығы

 

  Қағанаттың бірінші басшысы – қаған жоғарғы билеуші және әскербасы саналады. Қағанның билігі шексіз мұрагерлік жолымен беріліп отырды. Одан кейінгі билік қаған сайлаған ұлықтың қолына берілді. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар қаған руынан шыққан ақсүйектер өкілдерінің қолында болған. Оларға жабғу, шад, елтебер сияқты атақтар беріп отырған. Ал сот қызметтерін бұйырықтар мен тархандар атқарды. Жергілікті жерлерді қағанның негізгі тірегі бектер болған. Қарапайым халықты «қара бұдундар» деп атаған. Бұл сөз қазақтың «қалың бұхара», «қара халық» деген сөздермен мағыналас. Алым-салық төлейтін ауыртпалықты көп көтеретін осы «қара бұдундар» еді. Түрік қағанатында салықтың «қанмен өтейтін» түрі де болған. Ондай әскери міндетті атқарушы адамдар майдан шебінің алдыңғы қатарында жүрген. Мұндай қызметті көбінесе тәуелді тайпалардың адамдары атқарған. Бағынышты тайпалар азық-түлік салығын төлеп, қымбат бағалы аң терілерін де тапсырып отырған. Түрік қоғамында «татсыз түрік» болмайды деген теңсіздікті білдіретін тіркес бар. Мұндағы  «тат» сөзі құл деген мағынаны білдіреді. «Күлтегін» жазуындағы «Бек ұлдарын құл болды, Пәк қыздарың күң болды» деген жолдардан да түрік қоғамында құлдықтың болғандығы аңғарылады.  

       Қағанат халқы негізінен көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен, отырықшы-егіншілікпен айналысты. Қыстаулары Іле, Шу, Талас, Ертіс, Сырдария сияқты ірі өзен бойларындағы тоғайлы жерлерде немесе тау бөктерлеріндегі күнгейлі шатқалдарда орналасты. Өйткені ондай жерлердің от-суы мол, қысы жайлы еді. Төрт түлік мал өсірген. Мал өнімдері (жүн, ет, тері, сүт) жесе азық, кисе киім болған.

     «Күлтегін» жазба ескерткіштерінде қала туралы сөздер кездеседі. Бұл түріктердің Жетісу және Орта Азия жерлеріндегі қалалық өмірмен танысып, кейбір бөліктерінің отырықшылыққа көше бастағанын көрсетеді. Қала мен дала қағанат құрамындағы біріккен әлеуметтік –саяси ағзаның бір-біріне аса қажет, бірін-бірі толықтырып отыратын бөлшектері еді. Қалаларда сауда-саттық кеңінен жүргізілді. Шу өзенінің  бойындағы Суяб қаласына Орта Азия және Қытай жерінен неше түрлі заттар әкеп сататын болды. Сонымен қатар, олар өзен бойларындағы қыстауларда жер өңдеу кәсібімен айналысқан. Оған басты дәлел – Жетісу және Оңтүстік Қазақстанда табылған археологиялық зерттеу кезінде тұрақты үй-жайлардың, Тараз қаласының маңайында түріктердің қыстақ-кенттердің табылуы.

    Кез келген халықтың мәдениеті олардың шаруашылық түріне байланысты. Сондықтан да түріктердің баспанасы көші-қонға ыңғайлы киіз үй болды. Өйткені мұндай үй тез тігуге, тез жиюға қолайлы еді. Қыстауларда түріктер жерден қазылған жеркепелерде немесе тастан, ағаш, қамыстан жасалған тұрақ жайларда тұрған.

Информация о работе Батыс Түрік қағанаты