Қазіргі қазақ педагогики

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 08:34, реферат

Описание работы

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпыадамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.

Работа содержит 1 файл

Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары.doc

— 368.00 Кб (Скачать)

- ертеңі жарқын халқымыздың  этностық көрінісі пен жалпылама  негізін сараптау, әлемдік білім беру кеңістігінде алатын орнын анықтау;

- қазақ педагогикасы  саласындағы ғылыми жетістіктерге  мән беріп, оларды қолдану аясын  кеңейту және пайдалану тәсілдерін жетілдіретін ұжымдасқан үлгіні ұсыну;

- педагогикалық білім  саласындағы ұлттық идеяның этностық және отансүйгіштік сипатын көрсету.

Қазіргі таңда ұлттық білім беру бағдарламасын халықаралық деңгейде мойындату, әлемдік стандартқа сай білім беруді қамтамасыз ету, барынша сапалы білім беру арқылы біліктілігі жоғары және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мақсатымен  Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіне инновациялық педагогикалық технологиялар ретінде қашықтықтан оқыту және кредиттік оқыту технологиясы енгізіліп отыр. Біз зерттеу барысында әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің педагогикалық теорияларын жоғары білім беру жүйесінде пайдаланудың ғылыми-әдістемелік және ақпараттық жүйесін жасадық. Оның мазмұнын «әл-Фараби педагогикасы», «Ж.Баласағұни педагогикасы», «М.Қашқари педагогикасы» атты элективті курстар бойынша жасалынған оқу-әдістемелік кешендер және курстық кейстер, «әл-Фараби педагогикасы», «Ж.Баласағұни педагогикасы», «М.Қашқари педагогикасы» атты оқу құралдары және «әл-Фарабидің педагогикалық ілімі», «Ж.Баласағұнидің педагогикалық ілімі», «М.Қашқаридің педагогикалық ілімі» атты электронды оқулықтар құрады.

«әл-Фараби педагогикасы», «Ж.Баласағұни педагогикасы», «М.Қашқари  педагогикасы» атты элективті курстар  теориялық-әдіснамалық және әдістемелік  бағытты ұстана отырып, болашақ мамандардың теориялық білімдерін тереңдетеді, олардың кәсіби іс-әрекетіне деген танымдық ізденімпаздығы мен шығармашылық қабілетін қалыптастырады, өздігінен білім алу іскерліктерін шыңдап, зерттеу бейімділіктерін жетілдіреді. Олар жоғары оқу орындарындағы «Білім» тобындағы мамандықтардың (бакалавриат, магистратура) типтік оқу жоспарына сәйкес базалық пәндер цикліндегі таңдауы бойынша компонент ретінде ұсынылады. Элективті курстар бойынша жасалынған оқу-әдістемелік кешендерде пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері, курстың тақырыптық жоспары, дәріс сабақтарының тезистері, семинар сабақтарының жоспарлары, оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары, студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары, курс бойынша жазбаша жұмыстардың мазмұны, өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары мен емтихан сұрақтары беріледі.

Ұсынылып отырған оқу құралдарында ғұламалардың өмірі туралы мағлұмат беріледі, олардың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері бүгінгі күндегі педагогика ғылымының теорияларымен байланыста қарастырылып, ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығы ашып көрсетіледі.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда елімізде ақпараттық технологияларды барлық деңгейде білім беру үдерісін интенсификациялау құралы ретінде пайдалану қолға алынып отыр. Сондықтан болашақ мамандарды кәсіби даярлау жүйесінде электронды оқулықтарды қолданудың маңыздылығы мен қажеттілігі уақыт сұранысынан туындайды. Біз ұсынып отырған «әл-Фарабидің педагогикалық ілімі», «Ж.Баласағұнидің педагогикалық ілімі»,  «М.Қашқаридің педагогикалық ілімі» атты электронды оқулықтар дәстүрлі оқулықтардың мәртебесі мен ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін біріктіретін жаңа буын әдебиеттері болып табылады.

Аталмыш жүйені жоғары оқу орындарының педагогикалық процесінде пайдалану біріншіден, қазақ педагогикасының қайнар көздері - әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің дүниетанымын педагогикалық талдаудан өткізу арқылы болашақ мамандардың рухани дүниесін байытады; екіншіден, рухани сабақтастықтың мәдениет пен педагогикалық жүйе тұтастығын сақтауға қызмет ететінін көрсетуге мүмкіндіктер ашады; үшіншіден, қоғамды ізгілендіру тұрғысынан ұрпақтар сабақтастығын нығайту үшін қызмет атқарады, педагогикалық ойлау жүйесін өркениеттік дамудың талаптары бойынша жаңаша бағалауға көмектеседі.

 

Қорытынды

 

Сонымен зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мынадай қорытындылар жасауға мүмкiндiк бередi:

1. Қазіргі қазақ педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуының әдіснамалық негіздемесін жасау ізгілендіру мен парасаттылықты, адамгершілік пен адами құндылықтарды жоғары қоятын қазақ педагогикасын әлемдік педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде анықтауға негіз болды.

2. Көшпелі қоғамдық  өмірдің рухани кеңістігінде  дүниеге келген алғашқы тәрбие  мазмұны, исламдық ой-сананың  қалыптасуы мен дамуы, еуразиялық  Ұлы далада қалыптасқан түркі-иран-араб мәдениеттерінің тоғысуы, Қарахандар дәуіріндегі экономикалық, әлеуметтік және мәдени даму ерекшеліктері түркі тектес халықтардың педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасуының әлеуметтік-мәдени алғышарттары болып табылады.

3. Орхон-Енисей жазу  ескерткіштері, Қорқыт ата тағылымдары  түркі тектес халықтардың алғашқы педагогикалық ой-пікірлерінің мазмұнын құрайды, өйткені оларда қоғамдық-саяси, діни және мифтік идеялармен қатар тұлғаның адамгершілік тұрғыдан қалыптасуы мен үйлесімді дамуын көздейтін құнды педагогикалық көзқарастар анық байқалады.

4. әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің еңбектерінде педагогикалық ұғымдардың анықталуы, тәрбие мақсатының тұжырымдалуы, тәрбие теориясы мен дидактиканың басты мәселелерінің ашып көрсетілуі, ұстаз тұлғасының айқындалуы және ізгілендіру идеясының негізделуі олардың тәлім-тәрбиелік идеяларын қазіргі қазақ педагогика ғылымының қайнар көздері ретінде анықтауға тұжырымдамалық негіз болды.

5. әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің  және М.Қашқаридің педагогикалық  теорияларында тәрбие мен оқыту,  білім беру мәселелері өзара  тығыз байланыста қарастырылады. Мұның өзі ғұламалардың адам тәрбиесі жөніндегі ілімдерінің ғылыми үндестігін, мазмұндық ықпалдастығын білдіреді. Ал оның кейінгі дәуірлердегі түрік ойшылдары Ахмет Йүгінекидің, Қожа Ахмет Иассауидің, Өтебойдақ Тілеуқабылұлының, Мұхаммед Хайдар Дулатидің, қазақ ағартушылары А.Құнанбаевтың, Ш.Құдайбердиевтің, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының, алаш қайраткерлері С.Торайғыровтың, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, Ә.Бөкейханның, сонымен бірге батыстық педагогика өкілдерінің - чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменскийдің, орыстың халық ұстазы К.Д.Ушинскийдің, қазіргі жаңашыл-педагогтар Ш.А.Амонашвилидің, Н.Е.Щуркованың педагогикалық ой-пікірлерінде тарихи жалғастық табуы заңды құбылыс, педагогика ғылымының даму үрдісі болып табылады.

6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі бекіткен бакалавриат мамандықтарының жіктеуішіне сәйкес білім тобындағы мамандықтардың ішінен педагогикалық пәндерге көп сағат бөлінетін 050101 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 050102 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, 050103 - Педагогика және психология мамандықтары бойынша педагогикалық пәндердің типтік бағдарламаларына, қазақ халқының педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасуы мен дамуына байланысты жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие процесінде пайдалануға ұсынылған жаңа оқу құралдары мен ғылыми зерттеулердің нәтижесінде жасалынған арнайы курс бағдарламаларына жасалынған талдаулар қазіргі педагогика ғылымында әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің педагогикалық теорияларының  алатын орнына шынайы баға беру қажеттілігін дәлелдеп берді.

7. Қазіргі қазақ педагогика ғылымының қайнар көздері ретінде ғылыми негіз болатын әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің еңбектері педагогиканың мазмұнын жетілдірудің мәдениеттілік, өркениеттілік және инновациялық бағыттарын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Мәдениеттілік тұрғыдан ұлттың педагогикалық бейімделген әлеуметтік-мәдени тәжірибесін жалпыадамзаттық деңгейге көтеру, өркениеттілік тұрғыдан  қазақ педагогикасын тұтас әлемдік деңгейге көтеру, инновациялық тұрғыдан қазақ педагогикасының келешегін айқындау міндеттерін шешу қажеттілігі айқындалды.

8. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде біз жоғары оқу орындарында қазіргі заманғы кредиттік және қашықтықтан оқыту технологияларына сәйкес әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің педагогикалық теорияларын пайдаланудың ғылыми-әдістемелік және ақпараттық жүйесін жасадық. Оның мазмұнын элективті курстар бойынша жасалынған оқу-әдістемелік кешендер мен курстық кейстер, оқу құралдары мен электронды оқулықтар құрады.

Осы айтылған қорытындылар негізінде мынадай ұсыныстар жасауға болады:

- әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің педагогикалық мұрасына байланысты жүргізіліп жатқан зерттеулердің бүгінгі таңдағы құндылығын, көкейкестілігін дәлелдей отырып, олардың ауқымын кеңейту қажет;

- әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің,  М.Қашқаридың тәлім-тәрбиелік идеяларының  әдіснамалық-тұжырымдамалық негіздері  әлемдік педагогикадағы жаңаша  көзқарастың қалыптасуына ықпал  етуі тиіс;

- «Педагогика тарихы»  пәнінің типтік бағдарламасына әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеяларының қазіргі қазақ педагогика ғылымының қайнар көзі ретіндегі мәнін ашып көрсету бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, ғұламалардың педагогиканың негізін салушылар ретінде алатын орнын нақтылау керек;

- педагогикалық пәндердің мазмұнында әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің педагогикалық ілімдері жан-жақты талданып, олардың қазіргі қазақ педагогика ғылымына қосқан үлесі нақты ашып көрсетілуі керек;

- әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің педагогикалық ілімдерінің қазіргі қазақ педагогика ғылымының қайнар көзі ретіндегі мәнін ашып көрсететін біз жасаған оқу құралдарын, электронды оқулықтарды, элективті курстардың оқу-әдістемелік кешендерін жоғары оқу орындарының оқу процесінде кеңінен пайдалану жұмыстары қолға алынуы тиіс.

Әрине, зерттеу проблемасы көп жақты, әрі өте күрделі. Оны бір зерттеудің аясында шешу мүмкін емес. Бұл - өміршең мәселе, ұзақ уақыт пен қажымас еңбектің еншісі, өйткені артына өлместей мұра қалдырып кеткен бабаларымыздың ілімі - таусылмас қазына. Сондықтан келешекте, біздің ойымызша, қазіргі қазақ педагогика ғылымының мазмұнын жетілдіру, әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің еңбектерін білім беру жүйесінде сатылап (мектепке дейінгі мекемелер, жалпы білім беретін мектеп, орта арнайы оқу орындары, жоғары оқу орындары) пайдалану бойынша әрқайсысын жеке-жеке, әрі терең зерттеу қажет. Мұның өзі білім берудің мазмұны мен тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік беріп, жаңа заманның ізгі адамдарын тәрбиелеуге жол ашады.

 

Диссертация бойынша  жарияланған еңбектер тізімі:

 

1 Жоғары оқу орнының оқу процесінде тренинг технологияларын пайдалану // Академик Е.А.Бөкетов - ғалым, оқытушы, ойшыл: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Т.І. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. - Б.519-522. (С.О.Темірғалиевамен авторлық бірлестікте).

2 Инновациялық педагогикалық технологиялар негізінде бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің теориялық моделі // Жалпы және кәсіби педагогиканың өзекті мәселелері: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - 2-бөлім. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. - Б.57-60.

3 Ақпараттық телекоммуникациялық оқыту технологияларын пайдалану ерекшеліктері // Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы. - 2005. - №4. - Б.182-189. (Е.Е.Омарбековпен авторлық бірлестікте).

4 Математика пәнінен ашық сабақтар. -  Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі. - №322, 14.10.2005 ж. (Қалимаш Сарбасовамен, А.И.Омарбековамен авторлық бірлестікте).

5 Оқыту теориясынан дәрістер. - Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі. - №345, 27.10.2005 ж. (Е.Е.Омарбеков, А.И.Омарбековамен авторлық бірлестікте).

6 Инновациялық педагогикалық технологиялар негізінде бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің педагогикалық жүйесін іске асыру нәтижелері // Қазақстан экономикасының индустральды-инновациялық даму жағдайындағы білім беру стратегиясы: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2006. - Б.72-75. (Б.Әбдікәрімұлымен авторлық бірлестікте).

7 Инновациялық педагогикалық технологиялар негізінде бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің педагогикалық жүйесі // Жас ғалымдардың қазіргі кездегі ғылыми еңбектері: жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. - Астана: АМУК, 2006. - Б.174-178.

8 Бастауыш сыныптарда проблемалық жағдаяттарды пайдалану // Жас ғалымдардың қазіргі кездегі ғылыми еңбектері: жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. - Астана: АМУК, 2006. - Б.178-182. (Ж.Ө.Дагаровамен авторлық бірлестікте).

9 Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту. -  Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2006. - 133 б.

10 Инновациялық педагогикалық технологиялар. - Алматы: Атлас-2001 баспасы, 2006. – 175 б.

11 Дүниетанудан дидактикалық материалдар. - Қарағанды: «Санат-Полиграфия», 2006. - 87 б. (А.И.Омарбекова, Г.М.Саменовамен авторлық бірлестікте).

12 Ақпараттық технологиялар арқылы бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру // Бастауыш мектеп. -  2006. - №4. - Б.11-13. (Е.Е.Омарбековпен авторлық бірлестікте).

13 Ақпараттық технологиялар негізінде өздігінен білім алу тиімділігін арттыру // Ұлт тағылымы. – 2006. - №2. – Б.51-55. (Е.Е.Омарбеков, А.И.Омарбековамен авторлық бірлестікте).

14 Білікті маман даярлау – басты мақсат // Бастауыш мектеп. -  2006. - №7. - Б.11-13.

15 әл-Фараби – қазақ педагогика ғылымының негізін салушы // Қазақстан және Ресей: ынтымақтастық жолы, мәдени байланыс, ғылым мен білім беру интеграциясы: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Т.1. – Көкшетау, 2006. - Б.201-205.

16 Ж.Баласағұни тәрбие мақсаты туралы // Жоғары оқу орындарында білікті мамандар даярлаудың өзекті мәселелері: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Т.2. – Тараз, 2007. - Б.42-46.

Информация о работе Қазіргі қазақ педагогики