Қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 17:22, доклад

Описание работы

Сардар - әскербасы, қолбасы деген сөз. Жаугершілік заман туа қалса, ханы, биі бар, ел ағалары мен ақсақалдары, ержүрек жауынгерлері бар, бас қосып, әскербасын, яғни, сардар сайлайды. Ол ерлігі, батырлығымен бірге соғыс өнерін білетін және осы жолда талай сыннан өтіп, көзге түскен батырлардан таңдалып сайланады. Мысалы, 1711 жылы қазақтың бас сардары болып Бөгенбай, 1723 жылғы әйгілі қазақ-жоңғар соғысында Қабанбай сайланса, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ең отты жері Торғай даласындағы сарбаздардың сардары болып Амангелді Иманов сайланған. Сардар - қазақ қарулы күштерінің ішіндегі ханнан кейінгі жоғары дәреже. Ол ұрыс қимылдарын ұйымдастыру, соғыс әдіс-тәсілдерін қолдану, сарбаздардың рухын көтеру және оларды жеңіске бастау жолындағы бірден-бір ірі қайраткер, батыр.

Работа содержит 1 файл

Қазақ халқының қоғамдық.doc

— 104.50 Кб (Скачать)

Тігінші. Халықты ұлттық киім-кешектермен қамтамасыз етіп киіндіруге тігіншілер атқарған жұмыстары өте зор екенін жұрттың бәрі біледі.

Бас киімдер, ішкі-сыртқы киімдер, соның ішінде қымбат тымақ, қаптал шапан, жылы ішік, әсем қамзол, желбіршек көйлек, ең ақыры жейде, ыстандарға дейінгі киімдердің бәрі де осы халық шеберлерінің қолынан шыққан. Бұрын әр ауылдың ішінде бірнеше шеберлер болған. Тігіншілерге әдейі келіп те немесе алыстан алдырып та киім тіктірген.

Тоқымашы. Кілем, алаша, басқұр, желбау, таңғыштар тоқу арқылы жасалып, оның шеберлерін «тоқымашы» деп атаған. Текемет басу, оған әр түрлі ою салу, кестелеу сияқты қол өнерінің түрлері бұрын ел ішінде жақсы дамып, оның шеберлерінің қатары да көп болған. Сонымен бірге ши тоқу, шыбықтан ыдыстар тоқу, жылқы қылынан елеуіш тоқу сияқты тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауды да халық шеберлері атқарған. Демек, қазақ халқы осындай шеберлер арқылы өздеріне қажетті бұйымдар мен заттардан, құралдардан мұқтаждық көрмеген.

Ағаш шебері. Бұл ел ішінде ең көп дамыған өнер. Өйткені ел-жұрт ағаш бұйымдарын өте көп тұтынған. Ыдыс-аяқ, күбі, бесік, адалбақан, ас, бұйым сақтайтын қобди, сандық, абдыра, ең ақыры есік, терезеге дейін ағаштан жасалған. Бұлардың бәрі ағаш шеберлерінің қолынан шығып, көпшілікке таралып отырған. Ағаш шеберлері шара, ожау, адалбақан, сандық сияқты заттарға күміс қақтап безендірген. Мұндай шеберлер әр ағаштың жақсы қасиеттерін де тани білген.

Бәдізші. Тастан бұйым жасап, өрнек салатын адамдар «бәдізші» деп аталған. Бәдізшілер көбінесе құлпытас қашап, диірмен жасау, тастан белгі орнату сияқты жұмыстармен айналысқан.


Информация о работе Қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік құрылымы