Қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 17:22, доклад

Описание работы

Сардар - әскербасы, қолбасы деген сөз. Жаугершілік заман туа қалса, ханы, биі бар, ел ағалары мен ақсақалдары, ержүрек жауынгерлері бар, бас қосып, әскербасын, яғни, сардар сайлайды. Ол ерлігі, батырлығымен бірге соғыс өнерін білетін және осы жолда талай сыннан өтіп, көзге түскен батырлардан таңдалып сайланады. Мысалы, 1711 жылы қазақтың бас сардары болып Бөгенбай, 1723 жылғы әйгілі қазақ-жоңғар соғысында Қабанбай сайланса, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ең отты жері Торғай даласындағы сарбаздардың сардары болып Амангелді Иманов сайланған. Сардар - қазақ қарулы күштерінің ішіндегі ханнан кейінгі жоғары дәреже. Ол ұрыс қимылдарын ұйымдастыру, соғыс әдіс-тәсілдерін қолдану, сарбаздардың рухын көтеру және оларды жеңіске бастау жолындағы бірден-бір ірі қайраткер, батыр.

Работа содержит 1 файл

Қазақ халқының қоғамдық.doc

— 104.50 Кб (Скачать)

Қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік құрылымы

 
Сардар - әскербасы, қолбасы деген сөз. Жаугершілік заман туа қалса, ханы, биі бар, ел ағалары мен ақсақалдары, ержүрек жауынгерлері бар, бас қосып, әскербасын, яғни, сардар сайлайды. Ол ерлігі, батырлығымен бірге соғыс өнерін білетін және осы жолда талай сыннан өтіп, көзге түскен батырлардан таңдалып сайланады. Мысалы, 1711 жылы қазақтың бас сардары болып Бөгенбай, 1723 жылғы әйгілі қазақ-жоңғар соғысында Қабанбай сайланса, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ең отты жері Торғай даласындағы сарбаздардың сардары болып Амангелді Иманов сайланған. Сардар - қазақ қарулы күштерінің ішіндегі ханнан кейінгі жоғары дәреже. Ол ұрыс қимылдарын ұйымдастыру, соғыс әдіс-тәсілдерін қолдану, сарбаздардың рухын көтеру және оларды жеңіске бастау жолындағы бірден-бір ірі қайраткер, батыр.

* * *

Сарбаз – елін, жерін қорғау жолындағы қатардағы жауынгер. Соғыс кезінде сарбаздар онға, жүзге, мыңға бөлінген. Оларды онбасы, жүзбасы, мыңбасылар басқарған. Бұл қазақ халқының ежелден келе жатқан әскери құрылымы. Бұрыннан келе жатқан тәртіп бойынша соғысқа сарбаз жинағанда, әр үйден 2 жігіттің біреуі, 3 жігіттің біреуі, 5 жігіттің үшеуі соғысқа алынған. Бір отбасындағы жалғыз жігіт соғысқа алынбаған. Бұл шаңырақты сақтап қалу үшін жасалған заң. Ал Кеңес өкіметі тұсында, мысалы, 1941-1945 жылдары қазақтан соғысқа бір үйде қанша жігіт болса соншасы, тіпті 41 жасар әкесі баласымен бірге алынды. Осындай себептермен мыңдаған шаңырақ із-түзсіз кетті.

* * *

Найзагер. Сарбаздар ұрыста өздерінің тамаша жауынгерлік өнерін көрсете білген. Солардың бірі найзагерлік өнер. Олар қалың сайыста дұшпандарын найзамен түйреп түсіріп отырған. Кенесарының інісі атақты батыр Наурызбай найзагерлік өнерді жетік меңгергендігі сондай ат үстінен ағып бара жатып, жердегі түйенің қу құмалағын шаншып алатын болған. Сол сияқты ол шауып өтіп бара жатып, біреудің тақиясын басына тигізбей найзамен іліп кетеді екен. Қазақ жауынгерлері ішінде мұндай найзагерлер өте көп болған.

· Батыр болсаң – жауыңа найзаң тисін,

Бай болсаң – еліңе пайдаң тисін.

* * *

Мерген. «Құралайды көзге ататын мергендер» де ел арасында жиі кездескен. Олар садақпен де, мылтықпен де қаруланып соғыста да, аңшылықта да өздерінің мергендік өнерін паш еткен. Қарқара мергені Жақыпберді батырдың, созақтың Салықбай мергендердің атқан оғы қате кетіп көрмеген. Арқаның атақты батыры Кейкі көздемей-ақ, нұсқап ататын қол мерген болған. Жоғарыда айиылған Жақыпберді мерген Кеңестің әскери ұшағын бесатармен атып түсірген. Бұрынғы садақшылар да көздегенін қалт жібермеген.

Мергендер соғыста ғана емес, аштық, жоқшылық сияқты қиын кезеңдерде аң, құс аулап ел-жұртын асырап отырған. Солардың бірі ХХ ғасырдың алғашқы жартысында өткен Арқаның хас мергені Рамазан. Ол аштық, соғыс жылдарында мемлекетке тонналап аң еттерін тапсырып отырған. Мұндай атақты мергендер әр жерлерде болған.

· Мерген қорғаныста тіреніш,

Шабуылда сүйеніш.

· Мылтық ұстағанның бәрі мерген емес.

· Мылтығыңның күмісін айтпа, тиісін айт.

· Мергеннің көзі де мерген,

Қолы да мерген.

* * *

Балуан. Қазақ елі батыр мен балуанды айрықша құрметтеп, оларды басқа адамдардан жоғары қойған. Әр ел, жұрт өз балуандарымен мақтанған. Айтта, тойда елдің сыйлы адамдары өз балуандарымен барған. Той салтанатын балуан күресі, ат жарысы, ақындар айтысы сияқты ұлттық өнер көтерген. Той дәрежесі осы балуан өнері, жүйріктердің санымен өлшенген.

Қазақ даласында жауырыны жерге тимеген, өз елі мен ұлтының  дәрежесін көтерген балуандар әр елде болған. Соның ішінде Балуан Шолақ, Қажымұқан, Иманжүсіп, Битабар, Таңатқан сияқты теңдесі жоқ күш иелері елдің, жердің атын шығарған. Балуандарға байлар мен мырзалар ат мінгізіп, шапан жауып, алдына мал салып беріп, материалдық жағынан да, рухани жағынан да көтермелеп отырған.

· Белдескеннің белін үзген балуан,

Тірескеннің тірсегін үзген  балуан.

· Балуанға оң, терісі бірдей.

· Балуан алып та жығады, шалып та жығады.

* * *

Сал. Сері. Бұл сөздер айтыла қалса ел есіне Ақан сері, Біржан сал түседі және оларды ерекше сүйіспеншілікпен айтып отырады. Себебі олар - елдің өнері мен мәдениетінің көркі әрі көшбасшысы. Сал-серілер халық мақтанышы мен сүйініші, елдің еркесі, той бастар серкесі, ойын-сауығының ажары, ғажайып өнерінің базары. Серілер сұлу сүйіп, жүйрік ат, алғыр қыран, епті тазы ұстаған тазалық пен пәктіктің көрінісі болса, сал – дүниенің бетіне қарамай шашып-төгіп жүретін, мәрт те жомарт, мінез-құлқы да ерекше адамдар болған. Сал да, сері де сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаздар. Әсіресе серілер өзі күйші, өзі әнші, өзі ақын, өзі композитор, өзі шебер, өзі мерген, өзі балуан, өзі шешен, өзі батыр, өзі ер, шабандоз бір сөзбен айтқанда сирек жаратылыс, сирек бітімді біртуар азаматтар болғаны тарихтан аян. Бір сөзбен айтқанда, олар бір өзі бір театр жұмыстарын атқарған.

Сал-серілердің ұлт мәдениеті  мен өнеріне қосқан үлесі өте  зор. Олар сал-серілікпен бірге халықтың басқа жұртта кездесе бермейтін жомарттық, мәрттік, ерлік, өнерпаздық сияқты артық қасиеттерді көрсете білген әрі оны ұстай білген ерекше тұлғалар. Байлық пен өнердің қызығын ел-жұртқа әйгілеп, артына аңызға бергісіз өнер мұрасын қалдырған сал-серілердің өз заманындағы орны мен қызметі адам айтса нанғысыз таңғажайып оқиға деп бағалауға болар еді. Әсіресе салдың ісі мен мінез-құлқы, әдет-салты, жүріс-тұрыстарының өзі ешкімге ұқсамайтыны, өзгеше тұрмыс құрып, өмір сүргенінің өзі адам күлерлік, ақылға сыймайтын әрі таңғаларлық көрініс десе де болады. Сал жорға немесе жүйрік ат мініп, қоржынын, қойны-қонышын асыл тас, қымбат бұйымға толтырып, елде жоқ ерекше үлгімен тігілген қымбат киім киіп келіп, өзі ұнатқан қызды ауылдың сыртына келіп аттан құлап жатады екен. Иә, аттан түсіп емес, әдейі құлап жатады екен. Жай жатпайды әрине, әндетіп, өлеңдетіп жатады. «Арқаның он бір салының» бірі Төлебай:

Он бір салдың біреуі Төлебай  сал,

Салдықпенен қалмады сары атта жал.

Салдығымның белгісі сол  емес пе,

Айжан, Күнжан екі қыз көтеріп ал! – деген.

Сөйтіп әлгі салды ауыл қыз-келіншектері киізге салып ауылға көтеріп әкелетін болған. Одан әрі  ойын-сауық, ән, жыр, қыз-жігіт айтыстары  сияқты өнер бәсекесіне жалғасады. Осындай  қызық үстінде епті қыз-келіншектер  салдың артып әкелген барлық асыл бұйымдарын қыл үстінен бөліп әкетеді. Мінген ат, ер-тоқымы да біреудің қолында кетеді. Ол аз болғандай, салдың үстіндегі киімдерін де сыпырып алып, салың ауылына әрі жаяу әрі жалаңаш қайтады. Бірақ сал бұған ренжімейді. Өйткені салдықтың шарты осындай. Сұрағанын бермесе немесе реніш білдірсе - ол сал емес. Ондай жігітті ел сал деп мойындамайды, қарсы алмайды.

Сал-серілердің салтанаты  да өзгеше, айта қаларлықтай болған. Олар бір-біріне ұқсамауға, бірінің  ісін бірі қайталамауға тырысқан. Және сондай ерекшелігімен аты қалған. Мысалы, Жетісудың Дәурен салының судан өткенде белбеуінің бір ұшы бергі, бір ұшы арғы жағаға жетеді екен. Бар байлығын салдың жолында сарп еткен Бәшен сал қайталанбас мінез-құлықтарымен Жеке сал атанған.

Мен өзім жасымнан-ақ Бәшен салмын,

Артылған қатарымнан әсем салмын.

Су ішпей, қымыз ішпей  шөлдегенде,

Сүт ішкен тұмса қыздан көсем салмын, – дегені ел есінен әлі шықпаған (дерек Ш. Керімовтен алынды).

Торғай бойындағы Қыпшақ Елғон деген кісі «Құрым сал» атанамын деп, құрым киізден киім тіктіртіп, қызыл қасқа өгіз мініп, оның мүйізіне, құйрығына көк, сары, жасыл мата байлап барып, елді күлкіге қарқ қылған.

Сал-серілер кей жерлерде топ-топ болып жүріп, елді думанға, қызыққа бөлеген. Мысалы, Маңғыстау  даласында Өскенбай бастаған «Адайдың жеті қайқысы», Шу өңірінде Сауытбек бастаған «ашаның алты салы», Дәурен сал бастаған «Жетісудың алты салы», Арқаның Төлебай бастаған «Арқаның он бір салы» осылай топтанып барып, бір-бірінен өнер асырған.

Өкінішке орай, қазақ өнерінің сал-серілер жасаған ұлы мұрасын қызыл империя жауыздықпен жойды. Жойып қана қойған жоқ, олардың атын өшірді. Алдын атты, артын барса келмеске жөнелтті. Үкілі Ыбырай, Мәди, Иманжүсіптер сол қызыл қырғынның құрбаны болды. Сал-серілік өнер мен салт-дәстүр де солармен бірге жойылды.

* * *

Ақын. Қазақ табиғатында ақын халық. Ел ішінен шыққан ақындардың көп болуы да осыдан-ақ болар. Ақындар шаруаға икемсіз болса да, өлең мұнарасын алтыннан соққан даланың дара дарындары екені қай кезде де жоғары бағаланған. Халық оларды төбесіне шығарып, төрге отырғызып, ханнан бетер сыйлаған. Олардың әр сөзін жерде қалдырмай жаттап алып, жалпақ елге таратып, насихаттап отырған.

Тағы бір айтарлық жай  ақындар сөйлеп кеткенде хан демей, би демей, бай демей, бағлан демей  олардың кемшілігін көп алдында тайсалмай бетіне айтып, әшкерелей білген. Осыдан да болар ханнан бастап қарашаға дейін ақыннан ығып, жасқанып тұрған. Мұны жақсы білген ақындар да беделін төмендетпей, өзін әр сәт биік ұстаған, тілін де тартпаған.

Арғын-Үмбетей Төлебай  батыр ат көтере алмайтын зор, ұзын бойлы әрі түрсіз адам екен. Ол кезде беделді де, бай, батырлар ақындарға «шын ақын болсаң мені жамандашы» дейді екен. Кенесарының өлім жазасынан өткір тілімен аман құтылған Арыстанбай ақын Ұлытау асып, Торғай даласына келе жатып Төлебай батыр ауылына соғыпты. Сонда батыр «мені жамандашы» дегенде ақын іркілместен былай деген екен:

Төлебай, бойың биік қарағайдан,

Туыпсың сенің өзің жадағайдан.

Шошқаның қара қасқа қабанындай

Қорқады көрген адам анадайдан  – депті. Батырдың әкесі Көбек батыр, бай әрі ел жақсысы болғанымен, анасы нашар әйел екен. Ақынның «жадағайдан» дегені осы екен. Сонда батыр шындықты айтқаны үшін риза болып, қонағына ат мінгізген екен.

Қатаң жазаға ұшырап, өлім жазасына кесілген жандардың өз басын өлімнен аман алып қалған да сірә, осы қазақ ақындары шығар. Өйткені қазақ халқы «сөз тапқанға қолқа жоқ» деп аталы сөзден аспаған. Өз басын өлімнен өткір тілімен сақтап қалған ақынның бірі Шернияз ақын. Исатай бастаған көтеріліс жеңіліп, батыр өліп, Шернияз өзін өлім жазасына кескен Баймағамбет сұлтанға келгені барша жұртқа белгілі. Сонда «мені жамандашы» дегенде ақынның айтқаны:

Аржақта Арынқазы дүмбірлеген,

Бәйеке, елің бар ма бүлдірмеген?

Төре кетіп, төбеде төбет  қалып,

Туып тұр ел басына «бұл күн» деген.

Кешегі Исатайдай есіл ерді

Орысқа ұстап бердің тіл  білмеген.

Қазақтың қара жұртын быт-шыт  қылып,

Төре емессің, төбетсің дым  білмеген… – деп сұлтанның  жер-жебіріне жеткен. Шындықты жалтармай  айтқан ақынға Баймағамбет кешірім  жасап, алдына мал салып, өз ауылына қоңсы еткен.

Ақындар қайда, қай елде жүрсе  де беделді, абыройлы, құрметті адамдар  болды. Олар өткір сөздерімен талай-талай  айтыстарға түсіп ел намысын қорғаған. Әр өлкенің хан, бай, билері ақындарды  өз жанына ұстап, оң жағынан орын берген. Әз Жәнібек, Абылай, Кенесары хандар, Жақы Жанқұтты, Маман бай ұрпақтары ақындарға ұдайы қол ұшын созып, қамқорлық көрсетіп отырған. Өйткені сөз, тіл қадірін білетін қазақ үшін ақынның сөзі алтыннан да қымбат. Сондықтан ақындар туралы мынадай қанатты сөздер қалдырған:

· Ақын тілі – наркескен.

· Ақынның хаты өлмейді,

Жақсының аты өлмейді.

· Өлең – сөздің патшасы (Абай).

* * *

Жырау – ақындар мен шешендердің өлең-жырларын жаттап алып, оның шып-шырғасын шығармай жырлап, кейінгіге өнегелі сөздерді өлтірмей сақтайтын, қажет кезінде өзі де толғап, жырлап айта алатын, бірегей өнер шебері. Ол әнші, домбырашы, қобызшы. Қазақ халқының жүздеген, мыңдаған жылдардағы хисса, дастандарын, батырлар жырларын, толғауларды кейінгі ұрпақтарға жеткізген де осы жыраулар тобы болды. Халық мұндай адамдарға жырау деп ат берген. Олар кез келген жерде батырлар жырын күнді түнге қосып шаршамай, шалдықпай отырып жырлаған. Ел, жұрт, үлкен-кіші олардың жырларын сүйсіне тыңдаған және мұндай жыраулар әр елде, әр ауылда көп кездесіп, тыңдаушылардың құлақ құрышын қандырған.

Қазақ жыраулары ХҮ-ХҮІ  ғасырлардағы Қазтуған, Доспамбеттен бастап, одан кейінгі Бұқар жырау, Ақтамберді жыраулар, халық толғаулары мен жырларының інжу-маржардарын  қайта теріп, көрсетіп жүрген бүгінгі  жас жыраулар халықтың асыл қазынасының алтын кілтін ұстаған көркем сөздің жанашырлары деуге әбден лайық жандар.

* * *

Шешен - қызыл тілдің шебер ұстасы, зергері, сөз өнерінің жүйрігі. Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешетін шешендердің өзі де, сөзі де тым жоғары тұрады. Билер мен қазылар әдетте осы шешендік өнерді жетік меңгерген шешендерден сайланған және бұл да олардың тегіне, әлеуметтік жайы мен тұрмысына, бай ма кедей ме, оған қарамаған. Демек, шешендер өз басының жеке өнері, өнегесі арқылы дара көрінген.

Шешендік шыңының басында қазақтың әйгілі үш биі Төле, Қазыбек, Әйтеке тұр. Бұл өнер қазаққа туа біткен қасиет. Оның бірнеше себептері бар. Біріншіден, қазақ халқы «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп, тіл өнерін өте жоғары бағалаған. Екіншіден, «аталы сөзге арсыз да тоқтайды» деп, орынды сөзге жығылған.

Атығай Құрмысы шешен  кедей екен. Оған ағайындары мал  жинап береді. Бірде шешеннің малы атақты Зілқара бидің шабындығына  түсіп кетеді. Оны байқаған би ашуланып атпен шауып келгенде шешен:

Зілғара-жан, ағаң қалып еді  суалып,

Қонақ келсе сасып қалушы еді ұялып.

Біраз ғана қой жиып беріп  едіңдер,

Кісі келгенде отырсын  деп жұбанып.

Ағаңа да мал бітті деп,

Шауып келесің бе қуанып? – дегенде би «тілің кесілсін»  деп, ат басын бұрып алып жүріп  кетіпті. (Н.Төреқұловтан).

Шешендік өнерді көп зерттеген белгілі ғалым Серік Негимов былай деп анықтама береді: «Шынайы шешен – жарқын тұлға. Оның ойлау, сөйлеу мәнері, кескін-келбеті, рухы, тәжірибесі, ішкі мәдениеті, білім өресі, дүниетанымы, талант табиғаты, жан мен тән қуаты, мінбедегі тәртібі, ым-ишараттары, дауыс ырғағы қызықтырмай қоймайды.

Информация о работе Қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік құрылымы