АКШ-тын курылу тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2012 в 20:32, реферат

Описание работы

ХVІІІғ. орта тұсында колонияда шаруашылық жағдайларымен, ішкі сауда анағұрылым өсті. Плантаторлар өз өнімдерін сыртқа шығара бастады, портты қалалары болғандықтын метрополияға тәуелді болмады. Тұрғылықты халықтың саны күнен-күнге өсе түсті. Колониялардың әлеуметтік-экономикалық дамуын, ішкі және сыртқы сауда порты қалалар – Бостон, Нью-Иорк, Филадельфия, Балтимор, Чарлстон т.б. көбеюімен ерекшеленсе, мәдениет пен білімнің дамуы ХҮІІІғ басында колонияларда өз газеттері мен қоғамдық және жеке меншік мектептер, колледждердің пайда болуы, осылардың негізінде дүниежүзіне әйгілі америкалық университеттер Гарвард, Принстон, Колумбиялық, Иельский университеттері ашылғын.

Содержание

Кіріспе.
Негізгі бөлім.
I.Америкада отарлаудың қалыптасуы және тарихи даму ерекшеліктері
а.Франция,Нидерланды және Испанияның Солтүстік Америка континентіндегі орталық саясаттары және оның сәтсіздікке ұшырау себептері.
б.Солтүстік Американы ағылшын отарына айналдыру кезеңдері.
в.Отарлардың саяси құрлысы және тұрғындардың әлеуметтік құрамы.
II.XVII-XVIII ғ.бірінші жартысындағы Англияның Солтүстік Америка отарларының экономикалық дамуы.
III.Американ ұлтының қалыптасуының негізгі факторлары мен динамикасы.
IV.Американдық ағартушылық идеологиясының ерекшеліктері.Антиколониялық идеологияның қалыптасуы.
V.Революция қарсаңындағы ұлттық буржуазия қозғалысы.Колония мен метрополия арасындағы қатынастың шилене түсуі.
VI.І Континенттік конгресс,саяси ахуал,американ халқының тәуелсіздікке бет бұруы.Тәуелсіздік үшін соғыстың басталуы.
VII.II Континеттік конгресс,солтүстік штаттардың тәуелсіздігінің жариялануы.1775-1778 жж.соғыс қимылдары және республиканың халықаралық жағдайы.Тәуелсіздік деклорациясының қабылдануы.
VIII.Соғыстың соңғы кезеңі 1733 жылғы Париж бейбіт бітімі АҚШ-тың алғашқы ата занының қабылдануы.
IX.Республиканың алғашқы жылдары және Конституцияның қабылдануы.
а.Америка халықтарының демократиялық құқықтары үшін күресі.Федератшылдар мен Антифедератшылдар.
б.Заңдар мен түзетілімдердің қалыптасуы.
X.Американ буржуазиялық революциясының нәтижесі,сипаты және маңызы.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

АҚШ-тын курылу тарихы.docx

— 45.10 Кб (Скачать)

VIII.Соғыстың  соңғы кезеңі  1733 жылғы Париж  бейбіт бітімі АҚШ-тың алғашқы  ата занының қабылдануы.

Соғыстан кейінгі экономикалық және қаржы қиыншылықтары бар  ауырлығымен фермерлік кедейшілік мойнына түсті. Әскери жеңіліс тапқан Англия, өзінің бұрынғы отарларын  экономикалық жағынан тәуелді етуге  әрекеттер жасады. Ол ұзақ мерзімді несие шартымен, жергілікті мануфактуралар дамуына жол бермеу үшін  АҚШ рыногына демпинг бағаларымен тауарлар жіберді, АҚШ-тың Вест-Индиямен саудасына кедергі жасады. 1786 жылы бірқатар штаттардың, әсіресе Жаңа Англияның кедейшілігі қарыздардың алынуын, қарыз үшін қамауға алу жағдайының күшін жою, салықтардың төмендеуін талап етті. Бірқатар штаттар кейбір талаптарға көнуге дайындығын білдірді. 1786 жылғы сайлауда Нью-Йоркте, Нью-Джерсиде, Род-Айлендте, Пенсильванияда, Оңтүстік және Солтүстік Каролинада, Джорджияда жеңіске халыққа басқа да жеңілдіктер берудің жақтастары жетті.Жас республиканың сыртқы саясатындағы басты мәселе оның бұрынғы метрополиясы – Англиямен өзара қарым-қатынасы болды. Тәуелсіздік үшін соғыс ірі буржуазияның экономикалық қуатын  айтарлықтай күшейтті. Алғашқыда Англиядан әкелінген қару-жарақ пен бұйымдарды өндіруші өнеркәсіпшілер мемлекеттен төлемақы алып отырды. Көпестер мен өнеркәсіпшілердің арзан бағамен алынған тәркіленген тори жерлеріне капиталдарын тиімді орналастыруға мүмкіндігі болды. Алып-сатарлар жер иелену құқығының сертификаттарын әскерлерден сатып алып, өздерінің қолдарына ірі жер иеліктерін түсіріп отырады. Осындай жолмен пайда болған капиталдар бірқатар ірі иеліктердің негізін қалады. 1781 жылы Солтүстік американ банкінің құрылуы елдің капиталистік дамуына үлесін қосты. Американ көпестері Жерорта теңізінің, Скандинавияның, Ресейдің алыстатылған рыноктарына ене бастады. 1784 жылы ең алғаш американ кемесі Кантонда пайда болды.

IX.Республиканың  алғашқы жылдары және Конституцияның      қабылдануы.

    1789 жылы Конгресс сайланды. АҚШ-тың ең алғаш президенті Джордж Вашингтон болды. Конгресс 1791 жылы конституцияға ондаған түзетулер қосуға мәжбүр болды. Олар сөз, баспасөз бостандығын, жиналыс және петициялар құқығын, жеке меншік, тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты жариялады. Ортақ мемлекеттік діннің енгізілуіне тыйым салынды. Түзетулердің бірі халықтың қару ұстауға құқығын қарастырды. Қаруды қолдану ең алдымен негр құлдарға қарсы болды. 1791 жылы қабылданған 10 түзету үлкен маңызға ие болды. АҚШ тарихына бұл түзетулер «Құқықтар туралы Билль» деген атпен енді. Көп штаттар құқықтар туралы билльді енгізу шартымен конституцияны бекіткен болатын. Екінші конституцияның 1789 жылы күшіне енуі солтүстік-американ ұлтының дамуында аса маңызды кезеңдердің бірі болып табылды.{7,301 б}

      Шын мәнінде, АҚШ-тың  құрылуы революциялық сипатта  болды. АҚШ жаңа замандағы алғашқы  демократиялық республика болып  табылды. Ол Еуропадағы ағартушылық  кезеңіндегі дүниеге келген саяси  идеяларды шынайы қолданысқа  енгізді. Құлдықтың бірқатар аумақтарда  сақталуы, жергілікті басқару институтының  қалдықтары болып есептелді. 

      XVIII ғасырдағы Американ  революциясының маңызды сипаты  – оның барысындағы террордың  болмауымен де ерекше. Бірде-бір  король губернаторы жазаланбады,  лоялистер АҚШ-тан өздігінен кетуге  мәжбүр болды. Тәуелсіздік және  республика құру үшін болған  күрес әрекеттері еуропалық монархтарға  қорқыныш тудырған жоқ. Ұлыбританиядан  тыс жерлерде американдықтарға  жақсы ниет көрсетілді. Француздар  мен орыстар американдықтармен  алғашқы болып сауда қатынастарын  жүргізді. Жаңа дәуірде пайда  болған тәуелсіз республика, феодалдық  монархиялық Еуропаға ешбір революциялық  сілкініс қауіпін төндірмеді. Штаттар  мүддесіндегі дамудың барлық  амалдарын жүзеге асыруы міндетті  болған жаңа мемлекет үшін  ұстаным діңгегі мықты болуы  тиісті еді. 

X.Американ  буржуазиялық революциясының нәтижесі,сипаты  және маңызы.

       Американ революциясы  тамаша нәтижелі революция болды.  Әсіресе бұл оның аграрлық  мәселені біршама демократиялық  сипатта шешуінен байқалды. «Жалған»  рента төлеу тоқтатылды, жер ұсақ  бөліктермен сатылатын болды.  Бұл сату ұсақ жер иеліктерін  көбейтті. Бұл операцияда жермен  алып-сатарлар пайда болды, олар  ірі жерлерді сатып алып, кейін  оны ұсақ бөліністермен сатып  пайда тапты. Ауыл шаруашылығында  капитализмнің дамуының американдық  жолы немесе фермерлік жолы  қалыптасты. Бұл – революцияның  түпкі мақсаты капитализмді қарыштата  дамытуға қажетті ең негізіг фактор еді. 1784-1787 жылдары АҚШ конгресі батыс жерлерін мемлекеттік жер деп жариялады, сауда-өнеркәсіптің дамуына бөгет болып келген ескі тәртіптер жойылды. Кедергілерден құтылған соң, капиталистік даму тездей түсті.

     Революцияның ең басты  мәселесі – құлдық шешілмеді.  Солтүстік штаттарда 1787 жылдан  бастап қысқартылды, ал Оңтүстікте  сақталды. Оны жою тек екінші  азамат соғысы кезінде ғана  жүзеге асты. Бұл революцияны  марксизм-ленинизм классиктері өте жоғары бағалады.   К.Маркс: «Еуропа буржуазиясы үшін соғылған дабыл қоңырауы»,- десе,  В.Ленин бұл революцияны былайша бағалады: «Ең жаңа, өркениетті Американың тарихы корольдің, помещиктердің, капиталистердің жаулап алынған жерлерді немесе тонап алынған пайдаларды бөлісу үшін төбелесуінен туған, қазіргі империалистік соғыс сияқты, орасан көп соғыстардың ішінде соншама аз кездесетін нағыз ұлттық, нағыз революциялық ұлы соғыстардың бірінен басталады. Бұл соғыс Американы езген және отарлық құлдықта ұстаған ағылшын қарақшыларына қарсы американ халқының соғысы болды» Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі және Федералды Конституцияның қабылдануынан соң, Құрама Штаттардың дамуына ешқандай кедергілер тумады. АҚШ-тың алғашқы президенті Джордж Вашингтонның (1789-1797) тұсында елдің қаржылық жағдайы нығайып, ұлттық банк құрылды, ортақ ақша бірлігі – доллар айналысқа енеді, осылайша жаңа құрлықтағы тұңғыш тәуелсіз мемлекет бүгінгі дәрежесін қалау жолына қадам басады. Осылайша дүниежүзі саяси картасында жаңа мемлекет Америка Құрама Штаттары пайда болды. {8,315 б}                   

 

                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     Қорытынды

   АҚШ империализмінің саяси, экономикалық және идеологиялық кысымына қарсы қимылдай отырып, әлеуметтік құрылысы әр түрлі мемлекеттердің арасындағы қатынастардың бейбіт қатар өмір сүру шеңберінен шығып кетпеуіне ұмтылып, ұлт-азаттығы, бейбітшілік пен прогрессс күштері оның тарапынан туып отырған соғыс қатерін бір сәтке де естен шығармайды.Американ қоғамы мен саясатында агрессиялық-реакциялық сипат теңденция қаншалықты күшті болса да, елге қандай соғыс құмар авантиюристік топтар басшылық етіп отырса да олар қандай әскери күшті құрып, пайдалануға тырысса да, олардың қоғам дамуының объективті заңдылықтарына кедергі жасай алмағанын және жасай алмайтыйын, адамзаттың баянды бейбітшілікке, прогресс пен әлеуметтік әділдік шыңдарына ұмтылған қозғалысын тоқтата алмайтынын тарихи тәжірибе мен қазіргі заман дәлелдеп отыр. Қорытындылай келе,қазіргі таңда АҚШ үкіметінің басты мақсаты жаһандағы көшбасшылык жағдайын ұстап қалудың жолдарын іздестіріп, «үшінші дәрежелі» елдерге жаңа отаршылдық позициялары мен американ монополияларының мүдделері құтқарудың мәселелерін қарастыруда. АҚШ-тың үстемдік етуші топтары шектеус із жанталаса қарулануды монополиялардың үстеме пайдасының көзі және қалған мемлекеттерге ықпал етудің «көзір картасы» деп санайды. Олар жанталаса қарулануға, бір жағынан, американ экономикасының, ғылыми мен техникасының " дем берушісі", екінші жағынан, өз қарсыластарын «қалжыратудың» құралы ретінде үміт артады

   

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.  «Новая история стран Европы и Америки» Первый период Под ред. Юровской Е.Е., Кривогуза И.М. – М.,1998. 415 б.

2.  Ізтлеуов Қ. «Жаңа заман тарихы» – Алматы, 2000. 132 б.

3.  «Новая история» Первый период Под ред. Юровской Е.Е., Полтавского М.А., Застенкера Н.Е.– М.,1972. 776 б.

4. «История международных отношений в новое время (1640-1918)» I часть Под ред. Байзаковой К.Н.- Алматы, 2006 ж. 414 б.

5. «Новая история»Первый период. Под ред. Юровской Е.Е., Кривогуза И.М., Полтавского М.А. – М.,1983. 399 б.

6. www. istorya. ru

7. Сироткина В.Г. «Сборник документов по истории нового времени» – М., 1990ж.301 б.

8. Исова Л. «Жаңа заман тарихы.» – Алматы, 2001ж.315 б.

                                                                           


Информация о работе АКШ-тын курылу тарихы