АКШ-тын курылу тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2012 в 20:32, реферат

Описание работы

ХVІІІғ. орта тұсында колонияда шаруашылық жағдайларымен, ішкі сауда анағұрылым өсті. Плантаторлар өз өнімдерін сыртқа шығара бастады, портты қалалары болғандықтын метрополияға тәуелді болмады. Тұрғылықты халықтың саны күнен-күнге өсе түсті. Колониялардың әлеуметтік-экономикалық дамуын, ішкі және сыртқы сауда порты қалалар – Бостон, Нью-Иорк, Филадельфия, Балтимор, Чарлстон т.б. көбеюімен ерекшеленсе, мәдениет пен білімнің дамуы ХҮІІІғ басында колонияларда өз газеттері мен қоғамдық және жеке меншік мектептер, колледждердің пайда болуы, осылардың негізінде дүниежүзіне әйгілі америкалық университеттер Гарвард, Принстон, Колумбиялық, Иельский университеттері ашылғын.

Содержание

Кіріспе.
Негізгі бөлім.
I.Америкада отарлаудың қалыптасуы және тарихи даму ерекшеліктері
а.Франция,Нидерланды және Испанияның Солтүстік Америка континентіндегі орталық саясаттары және оның сәтсіздікке ұшырау себептері.
б.Солтүстік Американы ағылшын отарына айналдыру кезеңдері.
в.Отарлардың саяси құрлысы және тұрғындардың әлеуметтік құрамы.
II.XVII-XVIII ғ.бірінші жартысындағы Англияның Солтүстік Америка отарларының экономикалық дамуы.
III.Американ ұлтының қалыптасуының негізгі факторлары мен динамикасы.
IV.Американдық ағартушылық идеологиясының ерекшеліктері.Антиколониялық идеологияның қалыптасуы.
V.Революция қарсаңындағы ұлттық буржуазия қозғалысы.Колония мен метрополия арасындағы қатынастың шилене түсуі.
VI.І Континенттік конгресс,саяси ахуал,американ халқының тәуелсіздікке бет бұруы.Тәуелсіздік үшін соғыстың басталуы.
VII.II Континеттік конгресс,солтүстік штаттардың тәуелсіздігінің жариялануы.1775-1778 жж.соғыс қимылдары және республиканың халықаралық жағдайы.Тәуелсіздік деклорациясының қабылдануы.
VIII.Соғыстың соңғы кезеңі 1733 жылғы Париж бейбіт бітімі АҚШ-тың алғашқы ата занының қабылдануы.
IX.Республиканың алғашқы жылдары және Конституцияның қабылдануы.
а.Америка халықтарының демократиялық құқықтары үшін күресі.Федератшылдар мен Антифедератшылдар.
б.Заңдар мен түзетілімдердің қалыптасуы.
X.Американ буржуазиялық революциясының нәтижесі,сипаты және маңызы.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

АҚШ-тын курылу тарихы.docx

— 45.10 Кб (Скачать)

                                           АҚШ-тың құрылу тарихы

                                                                 Жоспар

        Кіріспе.

        Негізгі бөлім.

     I.Америкада отарлаудың қалыптасуы және тарихи даму ерекшеліктері

   а.Франция,Нидерланды  және Испанияның  Солтүстік   Америка континентіндегі орталық  саясаттары және оның сәтсіздікке  ұшырау себептері.

   б.Солтүстік  Американы ағылшын отарына айналдыру  кезеңдері.

   в.Отарлардың саяси құрлысы және тұрғындардың әлеуметтік құрамы.

    II.XVII-XVIII ғ.бірінші жартысындағы Англияның Солтүстік Америка отарларының экономикалық дамуы.

    III.Американ ұлтының қалыптасуының негізгі факторлары мен динамикасы.

    IV.Американдық ағартушылық идеологиясының ерекшеліктері.Антиколониялық идеологияның қалыптасуы.

    V.Революция қарсаңындағы ұлттық буржуазия қозғалысы.Колония мен метрополия арасындағы қатынастың шилене түсуі.

    VI.І Континенттік конгресс,саяси ахуал,американ халқының тәуелсіздікке бет бұруы.Тәуелсіздік үшін соғыстың басталуы.

    VII.II Континеттік конгресс,солтүстік штаттардың тәуелсіздігінің жариялануы.1775-1778 жж.соғыс қимылдары және республиканың халықаралық жағдайы.Тәуелсіздік деклорациясының қабылдануы.

    VIII.Соғыстың соңғы кезеңі  1733 жылғы Париж бейбіт бітімі АҚШ-тың алғашқы ата занының қабылдануы.

     IX.Республиканың алғашқы жылдары және Конституцияның қабылдануы.

   а.Америка  халықтарының  демократиялық құқықтары  үшін күресі.Федератшылдар мен  Антифедератшылдар.

  б.Заңдар мен түзетілімдердің қалыптасуы.

     X.Американ буржуазиялық революциясының нәтижесі,сипаты және маңызы.

     Қорытынды.

    Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

                                                         Кіріспе

    ХVІІІғ. орта тұсында колонияда шаруашылық жағдайларымен, ішкі сауда анағұрылым өсті. Плантаторлар өз өнімдерін сыртқа шығара бастады, портты қалалары болғандықтын метрополияға тәуелді болмады. Тұрғылықты халықтың саны күнен-күнге өсе түсті. Колониялардың әлеуметтік-экономикалық дамуын, ішкі және сыртқы сауда порты қалалар – Бостон, Нью-Иорк, Филадельфия, Балтимор, Чарлстон т.б. көбеюімен ерекшеленсе, мәдениет пен білімнің дамуы ХҮІІІғ басында колонияларда өз газеттері мен қоғамдық және жеке меншік мектептер, колледждердің пайда болуы, осылардың негізінде дүниежүзіне әйгілі америкалық университеттер Гарвард, Принстон, Колумбиялық, Иельский университеттері ашылғын.

     Американың 1775-1783 жж. тәуелсіздік үшін соғысы Англия тарапынан жасалынып отырған әділетсіздіктер мен зорлық-зомбылықты дәріптеп, Солтүстік Американың наразылығы мен бөлінуге деген ұмтылысын күшейтті.

     Колониялық дәуірдің соңғы кезінде америкалық ағарту саласының саңлақтары, ойшылдары Бенжамин Франклин, Томас Джефферсон, ДЖон Адамс, Джеймс Мэдисон және де т.б ұрпақтар өсіп шықты. Мұның бәрі тек ұлттық тек материалдық жағынан ғана емес, сонымен қатар рухани байлықтың өскендігін, тәуелсіз ел боламын деген арманының тууына әкеліп тіреді.Солтүстік Американың тәуелсіздік алуы мен АҚШ-ның құрылу тарихы, оның жүріп өткен жолдары, жеткен жетістіктері, бүгінгі таңдағы даму жолдары мен бағытттары кімді болса да ойландырмай қоймайды. Сондықтанда студент біздер үшін Америка Құрама Штаттарының тарихын білу, оның тәуелсіздік жолындағы күресін оқып-үйрену, егеменді еліміз үшін АҚШ-мен дипломатиялық қарым-қатынастар орнату маңызды екендігін көреміз.

 

 

 

 

 

 

I.Америкада  отарлаудың қалыптасуы және тарихи  даму ерекшеліктері

  Атлант мұхитының жағалауларында Солтүстік Америкада 1607 жылы I Яков корольдің рұқсатымен тұңғыш рет отарларды негіздегендер Лондон және Плимут акционерлік компаниялары болды. Алғашқы Солтүстік Америка жағалауында орныққан тұрақты колония — Вирджиния. Ол бойдақ ханшайым Елизавета I-нің құрметіне аталды. Осыдан кейін тағы 12 ағылшын отарларының негізі қаланды. Олардың негiзгi қожайыны король болып есептелді, компаниялар ол жақта тапқан алтын мен күмістің бестен бip бөлігін беруге тиіс болды және адамдарды қоныстандыру мен берілетін жерді корольдің атынан жүргізуге міндеттенді. 1606 жылғы желтоқсанда жүзіп шыққан Лондон компаниясы кемелермен сол жаққа қоныстануға тілек білдіргендерді тиеп алып, 1607 ж. мамыр айында Джеймс өзенінде Джеймстаун фортын негіздеді. Ере келген адамдар ауасына, суына 6ipден көндікпеді, қыста жағдай ауыр болды, ашықты, әуелі Үндістер көмектесті, кейіннен келімсектердің зорлығын көрген соң көмек беруді тоқтатты. Жауласты. Көбі аштан өлді. Вирджинияға 1610 жылы 500 адам әкелінгенді, олардың тек 60-ы ғана аман қалды.

Отардың iciн жолға қою үшін король үкіметі губернатор тағайындады. Отарда бірінші күннен-ақ қоғамдық құрылым қалыптасты. Вирджинияның тұрғындарының ең жоғарғы тобы — губернатор бастаған отарлық әкімшіліктің мүшелерінен, орташа топ — саны аз ағылшын джентельмендерінен, компанияның акционерлерінен, Америкаға келердегі шығынды өзі төлеп келгендерден яғни фримен — еріктілерден, ал төменгі топ — Вирджинияға компания есебінен жөнетілген адамдардан яғни белгілі мерзімге жұмыс icтeyre келісім-шарт жасасқан — сервенттерден тұрды.

{1,415 б}

 Вирджиния жері тың, ну күйде болатын. Содан да оны тазартуға көп күш керек болды. Англиядан әкелінетін сервенттер өте қымбатқа түсті. Үндістерді құлдыққа айналдыру әрекеті онша  нәтиже  бермеді.  Отарға  әкеліне бастаған  қара  еріксіздер  негрлер  еңбегі  тіимді  болды, ceбe6i оларға ешқандай келісім-шарт керек емес, өмірлік құлдар еді. Тұңғыш рет негр — құлдарды   Вирджинияға 1619 ж. Голландия    кемесінің   капитаны   әкеліп сатты. Егер  1630 жылы Вирджинияда бар болғаны 50 негр болса,   1660   жылы   Солтүстік   Америкада 950 негр болды, 1700 жылы негрлердің саны —23118, 1780 жылы 220582-ге жетті. Қaзipгi АҚШ-тағы негрлердің тарихы осылай басталған. XVII—XVIII  ғасырлар барысында Атлант мұхиты жағалауында ағылшынның 13 отары құрылды. Жеке меншік отарларына Солтүстік және Оңтүстік Каролина, сондай-ақ Нью-Йорк провинциясы жатты. Жаңа Амстердам қаласының аты Нью-Йорк деп өзгертіледі де, бұл атау бүкіл отарға таралады. 1685 жылы оның иесі герцог Йоркский король Яков II болады, ал отар корольдікке айналады. Басқа иелерге берілген оның оңтүстік бөлігі Нью-Джерси деп аталынатын болды. Делавэр отары 1776 жылға дейін ресми түрде Пенсильвания құрамында болды.

Франция,Нидерланды және Испанияның  Солтүстік  Америка  континентіндегі орталық саясаттары және оның сәтсіздікке ұшырау себептері.

 Орталық    атлантикалық  отарлар Пенсильвания, Нью-Йорк,  Нью-Джерси — астық өңдеуге   маманданды  Солтүстік отарларда  — Жаңа Англия  (НьюГемпшир,  Коннектикут, Массачусетс, Род-Айленд)  қолөнер, мануфактура кең өpic алды. Фермерлік   шаруашылық жасалды. Оңтүстікте   Оңтүстік Каролина, Джорджия — құл еңбегіне негізделген плантациялык, шаруашылық негізделді. Онда   темекі,   индигофера,   күріш, мақта өсірілді. Олар жерді   өте  дөрекі  пайдаланды, 5—6 жылдан кейін жер тозды, жаңа жер алу керек болды. Бұлар өндірген аты аталған   өнімдерін   Англияның  фабрикаларына   өткізіп отырды. Сондықтан олар метрополиямен өте тығыз байланыста    болды.   Отарлардан   балық, құнды терілер, ағаш, темір жөнелтілді.

    Еуропада, әcipece, темекі өтімді болды. Егер 1666 жылы Америкадан 8 мың кг темекі сыртқа шығарылса, келеci жылы екі еселенді, он жылдан кейін 600 мың кг, 1690 жылы — 8 миллион кг, 1775 жылы — 40 миллион кг-ға жетті.Солтүстік және Орталық отарларда қолөнер мен мануфактура дамыды. 1631 жылы сыйымдылығы 60 тонна кеме жасалса, 1650 жылы сыйымдылығы 300 тонналық, 1725 жылы 700 тонналық кеме суға түсірілді. Францияға, Испанияға, Португалияға балық өнімдерін апарып сатты.Тоқыма өндірісі жасалды. Әуелі ол жергілікті сұранысты өтеді. Ал кейін рынок үшін өндіре бастады.Солтүстік және Орталық отарларда қолөнер мен ма¬нуфактура дамыды. 1631 жылы сыйымдылығы 60 тонна кеме жасалса, 1650 жылы сыйымдылығы 300 тонналық, 1725 жылы 700 тонналық кеме суға түсірілді. Францияға, Испанияға, Португалияға балық өнімдерін апарып сатты.

Тоқыма өндірісі жасалды. Әуелі  ол жергілікті сұранысты өтеді. Ал кейін рынок үшін өндіре бастады.

   Король үкіметтері (Анна (1702—1714), I Георг 1714 ж. таққа келді) әбден күшейіп, енді өзінің колонияларын пайда табудың көзіне айналдыруға қажетті мүмкіндіктерге ие бола бастады. Отарлар тек Англиямен ғана сауда жасады, басқа елдермен, өзі қалаған тауарлармен сауда жасау еркi болмады. Бұл отарларда қалыптасып отырған жергілікті үстем тап өкілдері — буржуазияның мүддесіне қайшы келді. 1699-1750 жылдар арасында жүн, қалпақ, тepi, темір т. б. өнімдер түpi туралы қабылдаған король үкіметінің актілері жергілікті өнеркәсіпті одан әрі дамуын тежеді. Ақша шығаруға  тыйым салды. Ағылшын кемелерін жасауға керек болады деп қоныс аударушыларға ағаштың тәуip түрлерін кесуге рұқсат бермеді. Батыстың  бос жатқан жерлерінен жер алуға тыйым салды. Метрополия өзіне тиімді, қажет өндіріс салаларын дамытуға күш салды (кеме жа¬сау, темекі, мақта өcipy).Англияның король үкіметі жүргізген бұл шектеулер отарларда буржуазиялық бағытта дамуға үлкен кедергіге айнала бастады, әрине, бұл жер¬де отарлардағы капиталистік даму тоқтап қалған екен деген ұғым тумасын, буржуазиялық бағыттағы даму одан әpi жалғаса берді.

Солтүстік Американы ағылшын отарына айналдыру  кезеңдері.

1765 жылы күзде 13 Солтүстік американ  отарларының өкілдерінің конгpeci шақырылды. Онда «Первая декларация  прав колонистов и причин их  неудовольст¬вия» деген құжат  қабылданып, отар тұрғындары өкіл-дерінің  Ұлыбританияның қауымдар палатасында  жоқ екені туралы, салықтардың  сырттан салынатындығының әділетсіз  екендігі туралы ашына айтып,  отарлар мен метрополия арасындағы  қатынасты екі жаққа да тиімді eтiп реттеп отыруға болатынын ұсынды. Ағылшын үкіметінің аграрлық саясаты да фермерлер мен жалгерлердің наразылығын күшейтті. «Қатаң рента» шартын енгізді. Астық шықса да, шықпай қалса да, су тасқыны, дауыл болып, 6ip сөзбен айтқанда табиғат құдіретінің кесірінен өнім болмай қалса да, жалгер жер иeciнe белгіленген мөлшердегі  берешегiн «жерден қазса» да тауып беруге тиіс болды.Бұның бәpi елде британ отаршыларына қарсы үлкен наразылықтың нeгiзi бар екенін көрсетті, ал екінші жа¬ғынан отар тұрғындарының өз  арасында да әлеуметтік қайшылық шиеленісе бастады. Оған  мысал тәуелсіздік жолындағы соғыстың   қарсаңында Солтүстік Америка отарлары үстем таптарының король үкіметіне деген көзқарасында тәуелсіздік төңірегіндегі ұстанған бағытынан  көруге болады.

Отарлардың  саяси құрлысы және тұрғындардың әлеуметтік құрамы.

Қалалар өсті. 1713 және 1763 жылдар аралығында отарлардағы қала тұрғындары үш есе, жалпы отар тұрғындары — 5 есе өсті.. Фермерлер, қолөнершілер, жұмысшылар, ұсақ саудагерлер — революцияшыл-демо¬кратиялық ағым ретінде тәуелсіздік сатысында батыл да шешуші қимыл жасауға бейім топ болды. Сондай-ақ тәуелсіздік соғысы кезінде негрлер үлкен үлес қосты.Революция басталған кезде негрлердің саны шамамен 600 мың яғни көтерілген отарлардың тұрғындарының 20 % болатын Оңтүстіктің плантаторлары да сауда және қаржы операциялары арқасында тез байи түсті. Бұл бағыт олардың да метрополияның отарлардың буржуазиялық дамуына жасап отырған шектеулеріне деген наразылығын  күшейтті.{2,132 б}

III.Американ  ұлтының қалыптасуының негізгі  факторлары мен динамикасы.

Американ ұлты қалыптаса бастады. Оның көрінісі Бенджамин Франклин 1727 жылы негіздеген Филадельфиялық хунта  болды. Бұған жергілікті баспагерлер, қолөнершілер, саудагерлер, клерктер, тағы басқалар білім алуға жұмылдырылып, отанының тағдыры үшін жаны ашығандар мүше болып бірікті. Американ халқының ұлттық санасын оятуда және дамытуда зор еңбек сіңіргендердің 6ipi жер аристократиясының ортасынан шыққан жан-жақты білімді адам Томас Джефферсон, ол ағарту ілімін уағыздады. Франк¬лин де, Джефферсон да француз және ағылшын ағартушыларының ілімдерінің ықпалында тәрбиеленген адамдар еді. Бұлардың еңбектерінен осы ықпал сезіліп тұрады.Территориялық жағынан тұтастығы, ортақ тiлiнiң қалыптасуы мен ортақ мәдениеттің жасалуы XVIII ғасырдың ортасында Англияның Солтүстік Америкадағы отар¬ларда жаңа ұлттың қалыптасқандығының сөзсіз белгісі eді. Осылайша Англиядан бөлінуге қажетті — дербес республика құруға керек шарттардың 6әpi Солтүстік Америка отарларында толық қалыптасып болды. Бұл айтылғандардың бәрі болайын деп тұрған Солтүстік Американың буржуазиялық революцияның алғышарты — себептері.Англия тарапынан жасалып отырған әділетсіздіктер мен зорлық-зомбылық Солтүстік Американ тұрғындарының жаппай наразылығы мен одан бөлінуге деген ұмтылысын күшейтті. Англияның тарапынан жасалған бұл сияқты зорлық-зомбылық сипатын «Практикум по новой истории» (1640—1870) деген кітаптың деректі мәліметтерін оқу арқылы жақсы түciнyre болады. Әcipece, Томас Пейннің «Здравый смысл» деген памфлетін оқу аса қажет. Бұнда автор корольді және оның үкіметін қатты сынады. Король тек соғысуды біледі, қызметтерді таратуды ғана біледі, ұлтты қайыршыландырып, оның арасында алауыздық туғызуды ғана біледі — деп жазды Т. Пейн. Сондай-ақ ол осы памфлетте Ұлыбританиямен байланысты әсірелеуші адамдарды әшкерелеп, Англиямен байланыста болғалы Американың тек күйзелістен басқа, дамуына келтірген кедергілерінен басқа ештеңе таппағанын айта келіп, ажырасатын уақыт келді— деп жар салды. Корольмен ымыраға келудің Америка үшін өліммен тең екенін айта келіп, «біздің күшіміз санда емес, бірлікте, енді біздің күшіміз жеткілікті»— деп сенім ұялатты.{3,776 б }XVIII ғасырдың 70 жылдарында Англия үкіметі тарапынан жасалып отырған сауда және өнеркәсіптегі шектеулерден құтылуға деген ұмтылыс күшейді. Корольдің тарапынан салынатын еркін салықтар да ығырын шығарды.

IV.Американдық  ағартушылық идеологиясының ерекшеліктері.Антиколониялық  идеологияның қалыптасуы.

1776 жылы 23 желтоқсанда Париждегі  Б.Франклин басқаруындағы американ  миссиясы Ш. де Верженнге АҚШ-тың  ең алғаш дипломатиялық нотасы  болып табылатын құжатты ұсынды. Бұл нотада американдықтар француздарға  одақ және сауда келісіміне  келуді сұранды. Граф де Верженн  қаржылай көмек көрсетуді жалғастыра  отырып, одақ туралы келісімді  қараудан бас тартты. Ол Американ  республикасына тек өзінің қарсыласы  Англияны әлсірету үшін ғана көмек көрсетті.  Американ-француз ресми одағы мәселесінің ұзаққа созылуы отарлардың жағдайын қиындатты. Олар Англиямен бейбітке келуге бет бұра бастады. Бұл 1777 жылы тамызда француз үкіметіне жіберілген Американ республикасының меморандумында айтылды. Англия мен отарлар арасында келіссөздер басталды, ал граф де Верженн американдықтармен одақ құруға асықпады. Алайда ол отарларды қарумен қамтамасыз етті, ақшалай көмек көрсетті.

     Дипломатиялық қатынастар  орнату үшін Еуропа мемлекеттеріне  сәтті сапарлар жасалды. Б.  Франклин Францияға барған сапарында  қару-жарақ сатып алуға 2 млн. ливр ақша алуға қол жеткізді.Америкадағы жағдай көтерілгендер үшін қауіпті болды. Ағылшындар Филадельфияны басып алды, конгресс Йорктаунге көшуге мәжбүр болды.

V.Революция  қарсаңындағы ұлттық буржуазия  қозғалысы.Колония мен метрополия  арасындағы қатынастың шилене  түсуі.

   Американ буржуазиялық революциясының  негізгі мақсаттарына – тәуелсіздікті   орнату және жер иеленудегі  феодализм элементтерін жою, -  қол жеткізгеннен кейін АҚШ-та  таптық қарама-қайшылықтар шиеленісе  түсті. Офицерлер мен әскерлерге  конгрестің айлық бермеуіне байланысты  армияда аса қатты толқулар  өршіді. Ақын Френо былай жазған: Республика азаттық соғыс ардагерлеріне  тек «атақ пен аштық» әкелді.

     1783 жылы маусымда  Ланкестерде көтеріліске шыққан  әскери бөлімдер конгресті олардың  талаптарын орындату үшін Филадельфияға  жорыққа шықты. Вашингтон ақшаның  төленетіндігін уәде етіп, әскерлерді  тоқтата алды. Алайда конгресс  бұл қозғалыстың кеңеюінен және  оған жағдайлары нашар азаматтық  тұрғындардың қосылуынан қауіптеніп, армияны таратуды жөн көрді.  Армиядағы толқуларды монархиялық  көзқарастағы офицерлер пайдалануға  әрекеттер жасады. Олар Пруссия  бекзадасы Генрихке американ  тәжін ұсынды, алйда ол бұл  ұсыныстан  бас тартты. Офицерлердің  басқа тобы корольдік билікті  Вашингтонға ұсынды. Олар Вашингтонға  мемлекеттік төңкеріс өткізуде  армияның қолдау көрсететіндігін  уәде етті. Вашингтон бұл ұсынысты  қабылдамады. Ол әлемнің барлық  империясынан өзінің «фермасын»  қалайтындығын мәлімдеді.

Информация о работе АКШ-тын курылу тарихы