АКШ-тын курылу тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2012 в 20:32, реферат

Описание работы

ХVІІІғ. орта тұсында колонияда шаруашылық жағдайларымен, ішкі сауда анағұрылым өсті. Плантаторлар өз өнімдерін сыртқа шығара бастады, портты қалалары болғандықтын метрополияға тәуелді болмады. Тұрғылықты халықтың саны күнен-күнге өсе түсті. Колониялардың әлеуметтік-экономикалық дамуын, ішкі және сыртқы сауда порты қалалар – Бостон, Нью-Иорк, Филадельфия, Балтимор, Чарлстон т.б. көбеюімен ерекшеленсе, мәдениет пен білімнің дамуы ХҮІІІғ басында колонияларда өз газеттері мен қоғамдық және жеке меншік мектептер, колледждердің пайда болуы, осылардың негізінде дүниежүзіне әйгілі америкалық университеттер Гарвард, Принстон, Колумбиялық, Иельский университеттері ашылғын.

Содержание

Кіріспе.
Негізгі бөлім.
I.Америкада отарлаудың қалыптасуы және тарихи даму ерекшеліктері
а.Франция,Нидерланды және Испанияның Солтүстік Америка континентіндегі орталық саясаттары және оның сәтсіздікке ұшырау себептері.
б.Солтүстік Американы ағылшын отарына айналдыру кезеңдері.
в.Отарлардың саяси құрлысы және тұрғындардың әлеуметтік құрамы.
II.XVII-XVIII ғ.бірінші жартысындағы Англияның Солтүстік Америка отарларының экономикалық дамуы.
III.Американ ұлтының қалыптасуының негізгі факторлары мен динамикасы.
IV.Американдық ағартушылық идеологиясының ерекшеліктері.Антиколониялық идеологияның қалыптасуы.
V.Революция қарсаңындағы ұлттық буржуазия қозғалысы.Колония мен метрополия арасындағы қатынастың шилене түсуі.
VI.І Континенттік конгресс,саяси ахуал,американ халқының тәуелсіздікке бет бұруы.Тәуелсіздік үшін соғыстың басталуы.
VII.II Континеттік конгресс,солтүстік штаттардың тәуелсіздігінің жариялануы.1775-1778 жж.соғыс қимылдары және республиканың халықаралық жағдайы.Тәуелсіздік деклорациясының қабылдануы.
VIII.Соғыстың соңғы кезеңі 1733 жылғы Париж бейбіт бітімі АҚШ-тың алғашқы ата занының қабылдануы.
IX.Республиканың алғашқы жылдары және Конституцияның қабылдануы.
а.Америка халықтарының демократиялық құқықтары үшін күресі.Федератшылдар мен Антифедератшылдар.
б.Заңдар мен түзетілімдердің қалыптасуы.
X.Американ буржуазиялық революциясының нәтижесі,сипаты және маңызы.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

АҚШ-тын курылу тарихы.docx

— 45.10 Кб (Скачать)

 

VI.I Континеттік конгресс,саяси ахуал,американ  халқының тәуелсіздікке бет бұруы.Тәуелсіздік  үшін соғыстың басталуы.

    1775 жылы 29 қарашада құпия комитет құрылды. Алғаш ағылшын-француз бәсекелестігін, сондай-ақ жалпыға мәлім Францияның Англияға деген жауластығын пайдаланып, американдықтар француздармен АҚШ-қа қару-жарақ әкеліп түсіру жөнінде құпия келіссөздер жүргізуге кірісті. 1776 жылы 3 наурызда құпия комитет Континентальды конгресс мүшесі Сайлас Динді өзінің құпия өкілі ретінде Францияға жіберді. С. Дин Парижге жергілікті көпес ретінде келді. Оған Франциядан әрі қарай көмек алуға қол жеткізу жүктелді. Ол ресми түрде француз үкіметінен Францияның өзінен не болмаса, басқа да Еуропа державасынан конгреске қару-жарақ мәселесі бойынша көмек көрсетуді сұранды. Өзінің Франциядағы миссиясын орындап болғаннан кейін, ол осыған ұқсас тапсырмамен Голландияға жіберілу керек еді.

         Тәуелсіздік  үшін соғыс ірі буржуазияның  экономикалық қуатын  айтарлықтай  күшейтті. Алғашқыда Англиядан әкелінген  қару-жарақ пен бұйымдарды өндіруші  өнеркәсіпшілер мемлекеттен төлемақы  алып отырды. Көпестер мен өнеркәсіпшілердің  арзан бағамен алынған тәркіленген  тори жерлеріне капиталдарын  тиімді орналастыруға мүмкіндігі  болды. Алып-сатарлар жер иелену  құқығының сертификаттарын әскерлерден  сатып алып, өздерінің қолдарына  ірі жер иеліктерін түсіріп  отырады. Осындай жолмен пайда  болған капиталдар бірқатар ірі  иеліктердің негізін қалады. 1781 жылы  Солтүстік американ банкінің  құрылуы елдің капиталистік дамуына  үлесін қосты. Американ көпестері  Жерорта теңізінің, Скандинавияның, Ресейдің алыстатылған рыноктарына  ене бастады. 1784 жылы ең алғаш  американ кемесі Кантонда пайда  болды.

Король үкіметінің сыртқы істер  министрі граф Верженн Франция атынан жас Американ республикасына әскери көмек көрсетті. Шарль де Верженн  ескі мектеп дипломаты болды. Ол атақты Н. Макиавеллинің «мақсатқа жетуде барлық әдіс-амалдар жақсы» ережесін ұстанды. Ол Ұлыбританияның әлсіреуі үшін жас Американ республикасына көмек  көрсетуді жөн көрді. Осының арқасында  ол Еуропада Франция үстемдігін орнатуға ұмтылды. 1775 жылдан Америкадағы көтерілген ағылшын отарларына құпия көмек  көрсетуді бастаған Ш. де Верженн  Францияның Англияға қарсы тікелей  соғысқа араласуын көздемеді. Ол екі жақтың бір-бірін толығымен  әлсіреткенін күтті. Сонда да АҚШ  тәуелсіздігін қолдап, жас республикаға түрлі көмек көрсеткендер де болды. Мәселен, маркиз Лафайет және «Севильский  цирюльник», «Женитьба Фигаро» еңбектерінің авторы Бомарше. Отарларға көмек  көрсету мақсатында Бомарше 1775 жылдың өзінде-ақ «Родриго Горталес және К» деп  аталатын сауда үйін құрды. Бомаршенің көмегімен Сайлас Дин Франциядан АҚШ-қа қару-жарақ,офицерлерді өткізді. Жас француз офицері маркиз Лафайет  корольдің тыйымына қарамастан, өзінің қаржысына кеме жабдықтап, 1777 жылы Америкаға  бет алды. Сондай-ақ Бомарше де американдықтармен  қатынастар жүргізу миссиясын атқаратын  Францияның ресми емес өкілі болып  тағайындалады.

1776 жылы 15 желтоқсанда Парижге Франциядағы  АҚШ-тың ең алғаш ресми елшісі Бенжамин Франклин келеді.{4,314 б}      

     1774-1775 жж. қыста отарларда  стихиялы түрде қарулы отрядтар  пайда бола бастады. Оған қатысушылар  өздерін «бостандық ұлдары» деп  атады. Олар өздерінің ортасынан  қолбасшыларды сайлады, қару-жарақ  алды, сондай-ақ британ әскерлерінің  әрекеттеріне қатаң бақылау жүргізді.1775 жылы 19 сәуірдегі Лексингтон және  Конкордтағы алғашқы шайқаста  ағылшындар әскерінің  1/3 бөлігінен  айырылды. Британияға қарсы көтеріліс  басталды. 1775 жылы 10 мамырда екінші  континентальді конгресс  жиналды.  Ол үзілістермен 1781 жылдың 2 наурызына  дейін созылды

     15 маусымда армияны  құру, ұйымдастыру туралы шешім  қабылданды. Оны виргиниялық бай  плантатор Джордж Вашингтон басқарды. Конгресс тез өтіп жатқан оқиғаларға  үлгеріп үйлесе алмады. Бұл кезде  «минута адамдары» және өзін  «бостандық лагері» деп атаған  отарлық милицияның 20-мыңдық армиясы  Бостонды қоршауға алды. Бэнкерсхиллді  жаулап алып, американдықтар бір  күн ішінде 17 маусымда қарсыластардың  үш қатыгез шабуылдарына жауап  қайтарды. 450 қаза тапқан және  жарақатталған жоғалтулармен олар  Бэнкерсхиллден кетті. 

Британдықтар мыңдаған әскері мен  офицерлерінен айырылды. 1775 жылы шілдеде  Лексингтон мен Бенкерсхиллден кейін  Джон Диккинс басқаруындағы конгресс мүшелері корольға петиция жіберіп, достасудың жаңа жолын іздеді. Георг III үкіметі көтерілісшілерді қарумен  басатындығын айтты. Британ флоты Фольмаус (Портленд) қаласын жақты және 1776 жылы қаңтарда Вирджиния жағалаулары  тоналды. Отарларда қолданылған  репрессиялар мен қатыгездіктер  халық арасында тек антибритандық  емес, сондай-ақ антимонархиялық наразылықтардың  күшеюіне әкеп соқты.

1776 жылы көктемде буржуазияның  революционндық қанаты конгресте  жеңіске жетті. Көптеген іс-шаралар  жүргізілді. Конгресс сыртқы қатынастардың  құпия комитетін құрды. Бұл  комитет өзінің жұмысын Еуропада  Англияның қарсыластары арасында  өздеріне одақтастар іздеумен  бастады. 1776 жылы 10 мамырда конгресс  барлық отарларға корольдік шенеуніктердің  орнына жаңа үкіметтер құруды  ұсынды. Барлық жерде тәуелсіз  республикалар – штаттар жарияланды, конституцияның үлгілері жасалды.

Буржуазиялық революцияның маңызды  шарасының бірі конгрестің лоялистерді  қарусыздандыру және олардың иеліктерін тәркілеу туралы шешімі болды. Мәселен, Пенсильваниядағы Вильям Пенн, Мэрилендтегі лорд Балтимордың иеліктері тәркілеуге ұшырады. Виргинияда 6 млн. акрге жеткен лорд Ферфакс иелігі, Нью-Йоркте 3 млн. доллар көлеміндегі 59 жеке меншік жерлері, Массачусетсте 300 аристократия отбасыларының жеке меншіктері тәркіленді.

     Алғашқы үш жыл  бойы әскери қимылдардың басты  аймағы солтүстік және орталық  штаттар болды. Британ стратегиялық  жоспары Нью-Йорк пен Гудзон  өзенін жаулап алу арқылы Жаңа  Англияны қалған ресурстарға  бай штаттардан оқшаулауды көздеді.  Американ әскері қорғаныс тактикасын  ұстануға мәжбүр болды. Ол тек  британдық Канада шекарасында  бір ғана шабуылдау операциясын  қолданды. Қарсыластарының Гудзон  өзені жағалауын жаулап алуына  қарсы тұру мақсатымен қатар,  Канаданы антибритандық көтеріліс  жағына қосуға қол жеткізгісі  келді. I және II конгрестердің континентальді  деп аталуы да жай емес, себебі  бұл жерде Англияға қарсы солтүстік  американ континентіндегі барлық  отарлардың  бірігуі көзделді.

    1776 ж. тамыз айының  соңында Вашингтон басқаруындағы  американ армиясы Нью-Йоркті қорғауда  жеңіліс тапты. Осындай қиын  жағдайда генерал Чарльз Ли  өзінің армиясымен ағылшындарға  берілді. Кейінірек ол тұтқыннан  жіберіліп, Вашингтоннан кейінгі  басқарудағы екінші тұлғаға айналады. Оның сатқындығы туралы ешкім  білген жоқ, бұл мәлімет 80 жылдан  соң белгілі болады. 1776-1777 жж. конгресс  армиясы  қару - жарақ мәселесінде  түрлі қиындықтарды бастан кешірді.  Бірінен соң бірі болып жатқан  жеңілістердің нәтижесінде армия  әскери рухын жоғалтты. Ол 34 мыңнан 4 мың адамға дейін қысқартылды.  Осы тұста Томас Пейн өзінің  «Американ дағдарысы» деп аталатын  журналын шығара бастады. 1776 жылы  Вашингтон Трентондағы британ  лагеріне басып кіріп, мыңдаған  ағылшындарды тұтқынға алды. 1777 жылы  қаңтарда ол Принстонда ағылшындарға қарсы жаңа тойтарыс береді.

Канада шекарасынан жылжитын Бургойн  армиясы, Онтарио көлінен шабуылдайтын Сен-Лежер армиясы, оның құрамында  көптеген американдық торилер мен  индеецтер болды, Гудзон өзені бойындағы  ауданда соғыс қимылдарын жүргізетін Клинтон армиясы. Соғыс қимылдары  ағылшындар үшін сәтсіз жүргізілді. Жаңа Англия штаттарының барлық тұрғындары оларға қарсы шықты. 1777 жылы 19 қазанда  Бургойн армиясы  Саратога түбінде  қоршауға алынды. Олар Гейтс басқаруындағы  американ армиясына берілуге мәжбүр болды. Мұны естіген Сен-Лежер армиясының торилері қашып кетті, ал индеецтер қаруды ағылшындарға қарсы бұрды.

   Енді американдарға қарсы  соғыспау шартымен жеңімпаздар  әскери тұтқындарға Англияға  қайтуына рұқсат берді. Саратога  түбіндегі жеңіс британ басқаруының  стратегиялық жоспарының құлауын  білдірді. Ол американ халқының  ұлттық тәуелсіздігін алуында  айтарлықтай маңызға ие болды.  Англияға қарсы отарлардың әскери  қимылдарының басында Франция  өзінің бейтараптылығын жариялады.                            

VII.II Континеттік конгресс,солтүстік  штаттардың тәуелсіздігінің жариялануы.1775-1778 жж.соғыс қимылдары және республиканың  халықаралық жағдайы.Тәуелсіздік  деклорациясының қабылдануы.

     Тәуелсіздік декларациясы 1776 жылы 4 шілде күні қабылданды. Жаңа мемлекет – Америка Құрама Штаттары өзінің дербес өмір сүруін бастады. Тәуелсіздік декларациясын дайындау үшін Томас Джефферсон, Бенджамин Франк¬лин, Джон Адамс, Роджер Шерман, Роберт Ливингстон кірген  комиссия құрылды .Бұл күн бүгінге шейін Америка Құрама Штаттарының Ұлттық мейрамы. Декларация үлкен өрлеу үстінде қабылданды. Шіркеулерде дұға оқылды, штаттарда салюттер берілді. Декларацияның мазмұны британ отаршыларымен байланысты ескі тәртіпке қарсы күресіп отырған буржуазия мен оның кейбір плантатор одақтастарының мүддесіне сай келді. Оған бұл құжатты қабылдауға қол қойған депутаттардың құрамы куә. Қойылған 56 қол иелерінің 13-і көпес, 8-і плантатор, 28-і адвокаттар, 7-і еркін мамандық иелері. Бұл құжаттың тарихи маңызы зор. Солай бола тұра кемшіліксіз де емес. Құлдықты сол күйінде қалдырды, үндістерге ештеңе берген жоқ. Әйелдерге теңдік бермеді. Декларация нәтижесінде Америкада үкімет билігі ұлттық буржуазиямен плантаторлар блогының қолына өтті.

     Саратога түбіндегі  жеңіс француз үкіметін американдықтармен  одақ және сауда туралы келісімге  келуіне итермеледі. Бұл келісім  1778 жылы 6 ақпанда Парижде бекітілді.  Осыдан кейін ағылшын үкіметі  көтерілісшілерге бейбіт ұсыныстармен  келеді. Олар американдықтардың  Франциямен одақтасуынан бас  тартуды  және өздерімен одақты  қайта құруды сұрайды. Бірақ  конгресс ГеоргIII-нің ұсыныстарын  қараудан бас тартты. Конгресс  отарлардың толық тәуелсіздігін  мойындауды және британ армиясы  мен флотының шығарылуын талап  етті.

     Ал Франция Англияға  қарсы соғысқа шықты. Ол сондай-ақ  Испанияны соғысқа кіргізу үшін  өзінің дипломатиялық ықпалын  қолданды. Испания азаттық соғыстың  өзінің Америкадағы отарларына  таралуынан қорықты, алайда ол  Еуропадағы Гибралтардың қайтарылуы  туралы уәдеге қарсы тұра алмайды  да, 1779 жылы Англияға қарсы соғысқа  енеді.

     Англияға тиімсіз  қалыптасып жатқан күрделі халықаралық  жағдай, ағылшын монархі Георг  III-ні орыс императрицасы Екатерина  II-ден көмек сұрауға мәжбүр  етті. Англия басшысы орыс императрицасынан  Еуропада тыныштық пен тұрақтылықты  қайта орнату үшін тым болмаса,  теңіз күштерінің жартылай демонстрациясын  сұрады. Басқаша айтқанда, Георг  III Ресейден әскери теңіз көмегін  сұрады. Англияға қарсы соғыстағы  отарлардың  жеңісіне Ресей жанама  түрде үлесін қосты. Бейтарап  державалар саудасына қарсы ағылшын  флотының жауластық  әрекеттеріне  жауап ретінде орыс үкіметі  1780 жылы бейтарап елдер Лигасын  басқарды. Ол қарулы нейтралитет  саясатын жариялады, оған көптеген  Еуропа мемлекеттері қосылды.  Бейтарап державалардың қарулы  эскадралары өздерінің сауда  жолдарын қорғай бастады. Қарулы  нейтралитет келесі негізгі бастамалардың  қорғалуын жариялады:

   1) Бейтарап державалардың  соғысушы мемлекеттер порттарымен  еркін   саудасы;

   2) Қару-жарақтан бөлек, кез  келген жүктердің бейтарап кемелерде  еркін                       өткізілуі;

   3) Нақты белгілі бір себептерсіз,  бейтарап кемелердің британ флоты  жағынан теңізде тоқтатылуына  және тексерілуіне тыйым салынды.

     Осы негізгі қағидаларды  Екатерина бейтарап державаларға  өздерінің флотының күштерімен  қорғауды ұсынды. Қарулы нейтралитеттің  жариялануы Англияның толығымен  оқшаулануына алып келді. Енді  солтүстік елдердің барлығы Англия  олардың саудасын бұзатын болса,  оған қарсы шығуға дайын еді.  Бастапқыда Ресейдің қарулы нейтралитет  ұсынысын Швеция, Дания және Голландия  қабылдады. 1781 жылы оларға Пруссия  және Австрия қосылды. 1782 жылы  – Португалия, 1783 жылы екі Сицилия  корольдігі де қосылды. Осылайша, Ресей Англияға қарсы күресте  АҚШ-қа қолдау көрсетті. Алайда  айта кетерлік жайт, Ресей мен  жас американ мемлекетінің арасындағы  дипломатиялық қатынастар аса  қиындықпен қалыптаса бастады. Ресей дипломаттары АҚШ-тың бар екендігін мойындады, бірақ олар бұл мемлекеттің ресми тәуелсіздігін мойындаудан бас тартты. 1780 жылы қазанда қарулы нейтралитет қағидасына АҚШ қосылды.

  1783 жылы 4 наурызда Англия соғыс  қимылын тоқтатқанын хабарлады. 1783 жылы 3 қыркүйекте Версальда Англия  мен АҚШ арасында бейбіт келісімге  қол қойылды. Ол 1784 жылы 4 қаңтарда  түпкілікті бекітілді. Сөйтіп  сегіз жылға созылған тәуелсіздік  жолындағы соғыс Америка Құрама  Штаттарының тәуелсіздігін толық  мойындаумен аяқталды. Англия келісім  бойынша Батыстағы Аллеган таулары  мен Миссисипи өзені арасындағы  жерлерді берді. Ал конгресс  өз жағынан ағылшын көпестеріне  соғысқа дейінгі қарыздарды  және  тәркіленген тори жеке меншігіне  өтемақы төлеуге міндеттенді. 1783 жылғы американ-ағылшын келісімі  тарихқа Версаль бейбіт келісімі  деген атпен енеді. Ол АҚШ-тың Англияны жеңуін бекітті.{6,www. istorya. ru

     Атқарушы билікті конституция президентке жүктеді.   Президент армия мен флоттың бас қолбасшысы болып табылды, сенаттың шешімімен Жоғарғы сот мүшелерін, сондай-ақ министрлер мен елшілерді тағайындады. Жоғарғы сот конституцияға қайшы келетін заңдарды алып тастауға құқылы болды. 1787 жылғы буржуазиялық конституция прогрессивті болды, бірақ ол демократиялық болған жоқ. Ол ең алдымен құл иеленушілер мен ірі буржуазияға тиімді жақтарды қарастырды. Негрлердің құлдығы заңды түрде бекітілді және 20 жыл алдын ала АҚШ-қа негр құлдардың енгізілуі рұқсат етілді. Қашқан құлдар өздерінің иелеріне қайтарылуға тиіс болды. Индеец тайпалары теңсіз жағдайда болды және олар АҚШ азаматтары болып саналмады. Әрбір штаттың конституцияларына сәйкес сайлау құқығы әртүрлі болды. Бірақ барлық штаттардағы ұсақ фермерлер, жұмысшылар, кедей қолөнершілер сайлау құқықтарынан айырылды. Әйелдер де ешқандай құқыққа ие болған жоқ. АҚШ-тың 3 млн. тұрғындарынан тек 120 мың адам ғана сайлау құқығына ие болды.

Информация о работе АКШ-тын курылу тарихы