Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 18:29, автореферат
Диссертациялық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан өнеркәсібі дамуының басты бағыты – кен байлықтарымызды игеру, оның ішінде айрықша басымдылық мұнай мен газға берілген. Пайдасы мен бірге мұнай және газ өндірудің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлері де аз емес. Мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу көлемдерінің үздіксіз дамуынан Жаңажол кен орыны және тағы басқа мұнай газ кен орындарын игеретін Ақтөбе облысының экологиялық жағдайының нашарлауы белең алуда. Жерге төгілген мұнай қалдықтары мен алаулы оттықтар төңірегіндегі топырақты барынша ластауда, ол өз кезегінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне ғана емес, адамдардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіруде.
Мұнай-газ өндірудің 130 жылғы тарихында дүние жүзілік қордың 1/3 бөлігі игерілген, ол оның 1/3 бөлігі тек соңғы 10 жыл ішінде өндірілген. Егер энергия пайдалану жақын арада 2 есе артады десек, онда мұнай өндіру 2010-2020 жж аралығында, ал газ өндіру 2030-2040 жж аралығында биік шыңдарына жетпек.
Қазақстан мұнай қоры жағынан әлемдегі ең ірі мемлекеттердің алғашқы ондығына кіріп отыр. Мемлекетіміздің Республикалық балансында 212 көмірсутекті кен орындары бар. Мұнайдың қоры жағынан қарасақ, территориямыздың 62% жерінде мұнай кен орындары орналасқан. Тек қана Каспий теңізі қайраңындағы мұнай қоры 13 млрд.т. Ал, Ақтөбе облысында жылына 4,5 млн.т.мұнай өндіріледі.
Қазір Қазақстан Республикасы жылына 60 млн.т. мұнай өндіреді. Қазақстан дамуының стратегиялық жоспарына сәйкес мұнай өндіру дәрежесі 2010 жылы 100 млн.тоннадан аспақ.
Мұнай - газ кен орындарын өндіру, өңдеу және тасымалдауда жер қойнауынан алынатын шикізаттың көбі әртүрлі қалдықтар түрінде жоғалады және қоршаған ортаны ластайды. Табиғатты ластау өнеркәсіптің барлық сатыларында, яғни геологиялық барлаудан бастап ең соңғы пайдалануға дейінгі кезеңдерде жүріп жатады.
Осындай атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан мұнай – газ кешендерінде, оның ішінде Ақтөбе облысындағы Жаңажол кен орны аймағында табиғи ортаның жай-күйі сын көтермейді, әсіресе экологиялық мониторинг жүргізу, оның нәтижелерін жылдам өңдеу және дер кезінде табиғатты қорғау шаралары осы күнгі талаптарға сай жүргізілмей отыр. Осыған орай, мұнай - газ кәсіпшіліктерінің қоршаған ортаға тигізіп отырған техногендік әсерлерін азайту үшін зерттеулер жүргізу қажеттігі айқындалды және Жаңажол кен орнында автоматтандырылған геоақпараттық жүйе (АГАЖ) құрылып, ол кен орны территориясында оңтайландырылып орналастырылды.
|
1-сурет
– Автоматтандырылған
Осы сұлбаның
негізінде диссертациялық жұмыстың
мақсаты мен идеясы, зерттеу міндеттері
және құрылымы айқындалды.Қоршаған ортаға
экологиялық баға беру және табиғатты
пайдалануды басқарудың әдістемелік
негіздері.Қазақстан
Сондықтан
да,қазіргі кездегі ең бір басты
міндет – ластанудың қоршаған ортаға
таралуын модельдеу. Көптеген зерттеушілердің
еңбектерінде экологиялық мониторинг
жүргізуде әртүрлі
Мәселен,
шығарындының, қоспалардың тұну мөлшерлерін
бейнелейтін көптеген шағын модельдер
баршылық. Олар ластағыш заттардың
сол модельдеу кезіндегі
Бұл мәліметтерге сүйеніп, оларға талдау жасау, модель нәтижесін әртүрлі географиялық және уақыттың жағдайларға байланысты салыстыру және де шешім қабылдау өте қиынға түседі. Сондықтан да, экологиялық мониторинг жүргізуде экожүйенің бөліктерін (жер атмосферасы, жер беті мен жерасты сулары, топырақтар, жер қойнауы) жекелеп қарамай, бір тұтас кеңістік жүйесі ретінде қарап, яғни қызметінің әсерінен осы геожүйенің өзгерісін зерттеу арнайы автоматтандырылған ақпараттық жүйе жасауды талап етеді.
2-суретте
ұсынылып отырған экологиялық
мониторинг жүргізудің
Автоматтандырылған бұл жүйе өнеркәсіп төңірегіндегі экологиялық ахуалды үздіксіз бақылап тұру және табиғи орта сапасын басқарып тұру үшін оңтайлы шешім қабылдауға арналған. Автоматтандырылған әрбір стансада мәліметтердің қай мезгілде, қай мөлшерде, алынғандығы компьютер мониторының экранына түсіп отырады және зиянды заттектердің мөлшері шектелген рауалы концентрациядан (ШРК) асып кеткен жағдайда белгі беріліп отырылады. Ал, орталық қызмет орны алынған мәліметтерді картографиялық өңдеп, әртүрлі экологиялық мәлімет алатын мекемелерге, басшылық органдарға, ғылыми-зерттеу ақпараттарды дер кезінде беріп отырады.
«Ақтөбемұнайгаз» ААҚ Қазақстан бойынша 4-орында тұрған мұнай газ өндіретін ірі өндірістердің бірі және ол шығарындылардың көлемін автоматты түрде өлшеуде қолданылатын жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Қазақстанның
кең байтақ территориясянда өндірісі
дамыған аумақтарындағы экологиялық,
экономикалық және әлеуметтік жағдайлар
ешкімді де жайбарақат қалдыра алмайды.
Шикізат ресурстарын игеруден көптеген
орталықтар экологиялық зардапқа ұшырап
отырғанын, экологиялық жүктеменің
де әр жерде әртүрлі екендігі белгілі
болды. Жаңажол кен орнында
Мониторинг Жаңажол кенорнын жан-жақты қамтитын арнайы белгіленген 23 пунктен тұратын тұрақты стансасында, тереңдіктері 0-5 см және 5-20 см-лік екі топырақ қабатында және суда жүргізілді, сонымен қатар, бұрғылау ұңғымалары мен алаулы оттықтар айналасында (радиусы 50 м-ге дейінгі алаңда) топырақ қабатының ластануы әртүрлі тереңдікте тексерілді. Сынама алу 26423-85 және 26428-85 мемлекеттік стандарттағы әдістеме бойынша жүргізілді. Барлығы химиялық көрсеткіштерге: топырақтан – 68, судан – 23; ауыр металдарға: топырақтан – 18, судан – 15; мұнай өнімдеріне: топырақтан – 25, судан – 15 сынақ алынды. Өсімдіктерде түрінің ішіндегі мұнай өнімдері мен ауыр металдар бар екендігі байқалды. Жаңажол кенорнын игеру және пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зиянын бағалау мақсатымен ластағыш заттардың құрамы, мыстың, азот оксиді, күкірттің қос тотығы, көміртектің бензонпирин, мұнайлы бензин, органикалық емес шаң-тозаң, улы тұмшалар т.б. жер бетіне жақын ең көп шоғырлауының изосызықтық карталары жасалынды. Жаңажол кенорнының барлық негізгі нүктелерін қамтитын (ұңғы, алаң бұзылған құрылымдар т.б.) арнайы белгіленген 23 станцияларға 2003 жылы зерттеу жұмыстары жүргізілді. 2004 жылдың көктем мезгілінде жер қабығы топырақ пен судың химиялық көрсеткіштері алынып, талдау жасалынды, өсімдік жиынтығының түлері қаралды; оның ішінде ауыр металдар және мұнай өнімдері анықталды. Қоршаған ортаны ластағыш заттардың шоғырлану изосызықтарын алу бұрын маркшейдериядағы геометрлеу әдісімен жүргізілетін. Ал қазір, геоақпараттық жүйеде іс-әрекеттің барлығы автоматты түрде жүргізіледі.
Зерттеу нәтижелері бұл аумақта табиғи ортаны ластаушы заттардың ішіндегі ең көп шоғырланғандары: мұнайлы бензин-15,85 ШРК, күкіртті қос тотығы-11,74 ШРК және азот пен күкірт тотықтарының қосындылары-8,51 ШРК (3- сурет). Осы ластағыш заттардың көбі кенорындағы ұңғымалар мен алаулы оттық жүйелері орналасқан жерлерде шоғырланатындығы айқындалды.
Сонымен қатар, шығарылған ластағыш заттектердің мөлшерін ғана анықтау емес, оның қандай факторларға байланысты қоршаған ортаға әсер ететіндігі және таралуы айқындалды.
Алаулы оттық пен қоймалар шығарындыларының айналасындағы аумаққа әсері көптеген факторларға (желдің бағыты, соғу жылдамдығы, шығарынды кұрамының физикалық қасиеттеріне, ауаның ылғалдылығына, жыл мезгіліне және т.б.) тікелей байланысты.
Жоғарыда
көрсетілгендей ұңғымалар
мұнда R - ұңғыма сағасынан басталатын ластану радиусы, м; Н-ластанудың терендігі, м. Байланыс теңдеуінің жоғарғы дәрежелігін корреляция коэффициенті мен оның сенімділігінен көруге болады (r = 0.86; m = 30).
Жүргізілген мониторинг нәтижелері мен көмірсутегі ресурстарын игерудің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік зияндарына баға берудің осы күнгі әдістеріне талдау жасай отыра әрбір аумаққа дифференциалды түрде қарауға негізделген әдістемесі (4-сурет) ұсынылды.
Бұл
әдістемеде экологиялық факторды бағалап
есепке алудың бір-бірімен тығыз
байланысты дербес екі кезең қарастырылады:
аумаққа кешенді түрде
|
|
Екінші
сатыда облыс аумағын экологиялық
аудандарға бөлу. Аумақты экологиялық
аймаққа бөлу табиғи немесе шаруашылық
комплекстің сол аумақтағы
Аумақтағы
нақты антропогендік-
а>
мұндағы Эа – аумаққа түскен экологиялық фактордың шекті жүктемесі; Жа – табиғи комплекске түскен нақтылы антропогендік жүктеме; Жti – табиғи комплекске түскен нақтылы техногендік і-түріндегі жүктеме; ШРЖа – аумақтың шекті рауалы антропогендік жүктемесі; ШРЖti – аумақтың шекті рауалы і-түріндегі техногендік жүктемесі; n – техногендік жүктеменің жалпы саны. Сөйтіп, аймақтарға түскен нақтылы антропогендік жүктемені пайдалана отырып, қоршаған ортаның ластану дәрежесіне қарай аудандарды ерекшелеуге болады. Осы тұрғыда, ең бірінші орынға экологиялық өте қауіпті және жедел түрде мемлекеттік тұрғыдан қорғау қажет етілетін дағдарыс аймағына жатады. Екінші орынға – апатқа ұшырау мүмкіндігі бар – экологиялық қауіп – қатерлі аймақ, одан кейін экологиялық ережеге сай аймақтар шығады (5-сурет).
5-сурет – Аумақты аудандарға бөлу
Информация о работе Қоршаған ортаға мұнай газ қалдықтарының әсері