Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 18:29, автореферат
Диссертациялық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан өнеркәсібі дамуының басты бағыты – кен байлықтарымызды игеру, оның ішінде айрықша басымдылық мұнай мен газға берілген. Пайдасы мен бірге мұнай және газ өндірудің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлері де аз емес. Мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу көлемдерінің үздіксіз дамуынан Жаңажол кен орыны және тағы басқа мұнай газ кен орындарын игеретін Ақтөбе облысының экологиялық жағдайының нашарлауы белең алуда. Жерге төгілген мұнай қалдықтары мен алаулы оттықтар төңірегіндегі топырақты барынша ластауда, ол өз кезегінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне ғана емес, адамдардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіруде.
kz ru
Book search
Search field:
Search
Messenger KazNTU
advansed search
Login to library
Username: *
Password: *
Login
Statistics
Books: 1828
Articles: 1187
Home
Автореферат Алматовой
ӘОК
691.666. 973. 2
Алматова Баян Ғазизқызы
МҰНАЙ – ГАЗ КЕШЕНІ ҚОРШАҒАН ОРТАСЫН
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ
(Жаңажол кен орны жағдайында)
25.00.36 – Геоэкология
Техника ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
авторефераты
Диссертациялық
жұмыс Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ
ұлттық техникалық
Ғылыми
жетекші:
Ресми
оппоненттері:
Жетекші
ұйым:
Диссертация «___»____________ 2007 жылы сағат _______ Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіндегі Д 14.15.07 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады. Мекен-жайы: 050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, МҒ, конференц зал.
Диссертациямен Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ кітапханасында танысуға болады.
Автореферат «___»____________ 2007 жылы таратылды.
Диссертациялық кеңестің
Ғалым
хатшысы, т.ғ.к., доцент
Диссертациялық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан өнеркәсібі дамуының басты бағыты – кен байлықтарымызды игеру, оның ішінде айрықша басымдылық мұнай мен газға берілген. Пайдасы мен бірге мұнай және газ өндірудің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлері де аз емес. Мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу көлемдерінің үздіксіз дамуынан Жаңажол кен орыны және тағы басқа мұнай газ кен орындарын игеретін Ақтөбе облысының экологиялық жағдайының нашарлауы белең алуда. Жерге төгілген мұнай қалдықтары мен алаулы оттықтар төңірегіндегі топырақты барынша ластауда, ол өз кезегінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне ғана емес, адамдардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіруде.
Мұнай-газ өдіруде баю мен пайда табу көзі ретінде қарамай, шамалы табысқа бола оларды жыртқыштықпен жұмсап, табиғи ортаны адамдар мен барлық тіршілік үшін зиянды қалдықтармен ластауға болмайтынына бүгінде көз жетті. Осыған орай, соңғы жылдары Республикамызда, жақын және алыс шетелдерде қоршаған ортаны қорғау мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Казіргі кезде шектен тыс ластанған аймақтардың жағдайын бақылау, қоршаған орта сапасына баға беру, келешегіне болжам жасау және табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Сонымен
қатар, қазір күн тәртібінде Қазақстанның
әлемдегі бәсекеге
қабілетті 50 елдің қатарына кіру мәселесі
тұр. «Ол үшін Қазақстанның энергия ресурстарын
әлемдік рынокқа жеткізу, мұнай-газ кешендерін
осы заманғы инженерлік және бағдарламалық
қамтамасыз етумен қатар, халықаралық
стандарттарға сай қоршаған ортаны қорғау
қажет» - делінген Қазақстан Республикасы
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылғы
халыққа Жолдауында. Демек, мұнай-газ өндірудің
табиғи ортаға тигізетін зиянды әсерлерін
азайту, бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты.Геоақпараттық жүйені қолдану негізінде аймақты геоэкологиялық аудандау және табиғатты қорғау шараларын жетілдіру жолымен мұнай-газ өндірудің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлерін азайту.
Жұмыстың идеясы. Мұнай-газ өндірудің зиянды әсерлерін төмендетуді Жаңажол кәсіпшілігіндегі әртүрлі технологиялық үрдістерден қоршаған ортаның ластану заңдылықтарын анықтау және алынған мәліметтерді геоақпараттық өңдеу арқылы жүзеге асыру.
Диссертациялық жұмыста қойылған мақсат пен оның идеясына байланысты мына төмендегідей жұмыстар жүргізілді:
-
мұнай -газ кен орындарын
- экологиялық мониторинг жүргізудің автоматтандырылған геоақпарат-тық жүйесін жасау және оны жүзеге асыру;
- Жаңажол
кен орны аймағында
-
Жаңажол кен орнына арналған
табиғатты қорғау шараларын
Зерттеу әдістері. Диссертациялық жұмысты жүргізу барысында зерттеудің кешенді әдістері: экологиялық мониторинг жүргізудегі, қоршаған орта сапасына баға беру мен аймақты геоэкологиялық аудандауда ГАЖ-ды пайдаланудағы және табиғатты қорғау шараларын жетілдірудегі тәжрибелер, зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеу мен модельдеудің әдістері пайдаланылды.
Диссертацияда қорғалынатын ғылыми қағидалар:
-
Жаңажол кен орнындағы
-
табиғатты қорғау
Диссертацияның ғылыми жаңалықтары:
-
алғаш рет геоақпараттық
-
мұнай-газ игеретін маңайдағы
экологиялық тепе-теңдікті
Жұмыстың ғылыми маңыздылығы мұнай-газ кен орындарын игерудегі экологиялық жағдайды бағалау және есепке алу әдістемесін одан әрі дамытудан, ақпараттық технологияны қолдану арқылы қоршаған ортаға келетін кері әсерлерді азайтудың оңтайлығы шараларын жасаудан тұрады.
Жұмыстың тәжрибелік мәні. Жаңажол кен орны жағдайына негізделген қоршаған ортаны қорғаудың кешенді шараларының нормалық құжаты жасалынып өндіріске және оқу үрдісіне енгізілгендігінде.
Ғылыми қағидалардың қорытындылары мен ұсыныстардың негізделгендігі мен сенімділігікәсіпшіліктегі тәжірибе жұмыстарының мейлінше көлемімен, олардың метематикалық өңделуімен, қоршаған ортаны қорғау шараларының Жаңажол кен орнында қолданыс табуымен және нормалық құжатты оқу үрдісіне енгізудің оң нәтижелігімен расталады.
Автордың ғылымға қосқан жеке үлесі.
-
жұмысты орындауда мақсат
-
Жаңажол кен орнында Жанажол
газ өңдеу зауытының (ЖГӨЗ)
- тәжірибе жұмыстарын жүргізіп, нәтижелерін компьютерде өңдеуі;
-
экологиялық-экономикалық
Жұмыстың жариялылығы. Диссертациялық жұмыстың негізгі ғылыми қағидалары мен нәтижелері, «Проблемы освоения природных ресурсов Заподного Казахстана и южного Урала» атты ғылыми-техникалық тәжрибелік конференцияда (Ақтөбе, 2003ж), «Проблемы освоения недр в ХХI веке глазами молодых» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясында (Мәскеу, 2005), «Қоршаған ортаны қорғау мәселелері» атты Қаз.БСҚА-ның 25-жылдық мерейтойына арналған ғылыми-тәжрибелік конференцияда (Алматы, 2005 ж), Қазақстан маркшейдериясы: бүгінгі күні және болашағы» атты А.Ж.Машановтың туғанының 100-жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында (Алматы, 2006 ж) баяндалып, әр кезеңдеғі кафедра семинарларында талқыланды.
Жұмыс нәтижелерінің басылымдарда жарық көруі.Диссертацияның негізгі мазмұны бойынша 11 ғылыми жұмыс әртүрлі басылымдарда жарияланды, оның ішінде үшеуі Комитет ұсынған басылымдарда және бір нормалық құжат бар.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, төрт бөлімнен, тұжырым мен пайдаланылған 120 әдебиетттер тізімінен және қосымшалардан тұратын компьютерде терілген 115 бетте баяндалған. Жұмыста 15 – кесте, 24 -сурет келтірілген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Мұнай-газ
өндіретін аймақтардың осы
Қазіргі кезде, экологиялық қауіпсіздік жалғыз біздің Республикамыз үшін емес дүние жүзі жұртшылығының назарын аударып отырған ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Табиғи ортада экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері белең алған: кейбір аймақтарда топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, ластануы, техногендік шөлейттену, тірі табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қауіпті улы қалдықтардың қордалануы. Еліміздегі осындай экологиялық дағдарысқа химия, мұнай, металлургия, отын өнеркәсіптерінің жедел және мөлшерден тыс дамуы үлкен әсерін тигізуде.
Жалпы кен орындарын игеру, оның ішінде мұнай - газ өндіру Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының қайнар көзі. Соңғы 40 жыл ішінде адамзаттың энергия пайдалануы 2,5 есе өсіп отыр. 2025 – 2050 жылдары аралығында халық санының өсуі болжамына қарасақ, энергия пайдалану ең кем дегенде екі есе өсуі мүмкін.
Информация о работе Қоршаған ортаға мұнай газ қалдықтарының әсері