Жоғары оқу орнында болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 15:11, автореферат

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Егемендік алған кез-келген елдің, халықтың ең басты міндеті – жас ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастырып, шыңдауға қызмет ететін білім жүйесін қалыптастыру. Білім берудің ұлттық жүйесін құру –ұлттық мәдениетті оқу-тәрбие процесінде пайдалану арқылы ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеу. Болашақ мұғалімдерді этнопедагогикалық біліммен қаруландыру мақсатында, халықтық дәстүрлердің тәрбиелік мүмкіндіктерін ашу - осы мәселені шешу жолдарының бірі.

Работа содержит 1 файл

Kadirbaeva_D_A.doc

— 266.50 Кб (Скачать)


ӘОЖ [371.13:37.013] : 378                                                  Қолжазба құқығында

 

 

 

 

 

 

 

 

КАДИРБАЕВА  ДИДАР АРТЫҚБАЙҚЫЗЫ

 

 

Жоғары оқу  орнында болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру

 

13.00.08 – Кәсіби білім  беру теориясы мен әдістемесі

 

 

 

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу  үшін дайындалған диссертацияның

авторефераты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қарағанды, 2008

Жұмыс Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде  орындалған

 

 

 

Ғылыми жетекшілер:                             педагогика ғылымдарының докторы,

                                                                 профессор Каргин С.Т.

 

                                                                  педагогика ғылымдарының кандидаты,

                                                                  доцент Сырымбетова Л.С.                

 

 

Ресми оппоненттер:                               педагогика ғылымдарының докторы,

                                                                 профессор Кенжебеков Б.Т.

 

                                                                 педагогика ғылымдарының 

                                                                 кандидаты, доцент Манабаева А.Ш.

 

 

Жетекші ұйым:                                      Евразия гуманитарлық институты

 

 

 

 

Диссертация 2009 жылы «___» ___________ сағ._____ Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіндегі педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін қорғау жөніндегі БД 14.50.05 диссертациялық Кеңесінің мәжілісінде қорғалады (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28, бас корпус, №1 кеңейтілген дәрісхана.

 

Диссертациямен Е.А.Бөкетов  атындағы Қарағанды мемлекеттік  университетінің кітапханасында танысуға болады.

 

Автореферат 2008 жылы _______________ таратылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Біріккен диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы                                                            Н.Ә.  Мыңжанов

Кіріспе

 

Зерттеудің өзектілігі. Егемендік алған кез-келген елдің, халықтың ең басты міндеті – жас ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастырып, шыңдауға қызмет ететін білім жүйесін қалыптастыру. Білім берудің ұлттық жүйесін құру –ұлттық мәдениетті оқу-тәрбие процесінде пайдалану арқылы ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеу. Болашақ мұғалімдерді этнопедагогикалық біліммен қаруландыру мақсатында, халықтық дәстүрлердің тәрбиелік мүмкіндіктерін ашу - осы мәселені шешу жолдарының бірі.

Қоғамның кезек күттірмейтін талаптарының бірі – кәсіби бейімделген  болашақ мамандарды даярлау. Болашақ  мұғалім – баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік-саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып, биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу – мұғалімнің басты міндеті.

Халық құндылықтарының  бірі – оның мекені, сол мекеннің географиялық ландшафтысы. Географиялық детерминизм бойынша адамның  өмір сүруі, шаруашылығы, оның психикасының қалыптасып дамуы, бет-бейнесіндегі ерекшеліктері, мінез-құлқы сол жердің географиялық ландшафтысына байланысты болады. Ұлттық тәрбие ана тілін, елінің тарихын, төл мәдениетін, туған жерін, халқының ертедегі тұрмыс-тіршілігін оқып, үйренуден басталады. Мектептің оқу-тәрбие процесінде халық педагогикасының тәрбиеде алатын орны мен маңыздылығын студенттерге үйретіп, болашақ мұғалімдерге география пәні арқылы этнопедагогикалық білім беріп, ұлттық тәрбие, ұлттық сана-сезімін қалыптастырып, ұлтжанды азамат тәрбиелеп шығаруға даярлаудың қажеттілігі туып отыр. Осы орайда, жоғары оқу орны жағдайында студенттердің қоршаған табиғи орта мен құбылыстары туралы түсініктерін дұрыс қалыптастыруда халықтық педагогика материалдарын ғылыми теориялық-әдістемелік қағидалармен ұштастыру көкейкесті мәселеге айналып отыр. Соның бірі, халықтық педагогика материалдарын география пәнімен байланыстыра отырып, болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдірудің объективті қажеттілігі артты. Қоршаған орта, ауа райының күйі, аспан әлемі, жер-су атаулары туралы географиялық білім беру арқылы болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық даярлығын қалыптастыру – тұтас педагогикалық процестің құрамдас бөлігі.

Жастарға білім беру, тәрбиелеу, табиғат пен адам өмірінің тіршілігін ажырамайтын, бөліп қарастыруға  келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырып, жастардың дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеуді қазақ халқының біртуар данышпандары А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов; ұлттық дәстүрлерді дәріптеуді қазақ халқының ағартушы-ғалымдары мен ақын-жазушылары Ж. Аймауытов, Ы. Алтынсарин, М. Әуезов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев өз еңбектерінің негізгі арқауы еткен. Ұлттық мәдениеттің негізгі көзі болып табылатын құндылықтарды белгілі ғалымдар Ж. Артықбаев, Х. Арғынбаев, Ә. Бірмағанбетов, А. Нысанбаев еңбектері этнопедагогиканың теориялық негіздерін анық, ұғымдық-терминологиялық аппаратын жасауға тікелей ықпалын тигізді және біздің зерттеу жұмысымыздың әдіснамалық негізін құрады.

Жоғары оқу орнында  болашақ педагогтарды даярлау мәселесін, оқу-тәрбие процесін жетілдіру, мектепке кәсіби білімі жоғары мамандарды даярлау мәселелері қазақстандық ғалымдар Қ.М. Арынғазинның, Ш.Ә. Әбдіраманның, Б. Әбдікәрімұлының, С.Т. Каргиннің, Ж.А. Караевтың, Қ.М. Кертаеваның, Р.М. Қоянбаевтың, Н.Ә. Мыңжановтың, Ж.Ы. Намазбаеваның, Н.Д. Хмельдің, Л.А. Шкутинаның еңбектерінде қарастырылған.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім мазмұнын жаңарту және оқыту мен тәрбиелеу сапасын жетілдіру, дамуы жоғары елдердің озық тәжірибесіне сәйкес мамандарды даярлау жөнінде шаралар қолдануды қажет екендігі аталған.

Этнопедагогикалық даярлау  мәселесін алғаш көтергендердің бірі - Г.Н. Волков. Оның пікірінше, тек  мұғалім ғана балаларды оқыту, тәрбиелеу  процесін нақты аймақтық жағдайда, халықтың көп ғасырлы мәдениеті негізінде ұлттық тәрбие, дәстүрмен тығыз байланыста ұйымдастыра алады.

 Жастарға этнопедагогикалық білім беру мәселелері Ж. Асанов, Қ. Бөлеев, Л.А. Бөлетова, Р.Қ. Дүйсенбінова, Қ. Жарықбаев, К.Ж. Қожахметова, С. Қалиев, Ж. Наурызбай, Ә. Табылдиев, С. Ұзақбаева; қолданбалы салалары Р.М. Айтжанова, С.Қ. Әбілдина, Ш.М. Мұхтарова, Қ.А. Сарбасова, Л.С. Сырымбетова, т.б. ғылыми зерттеулерінде қарастырылды.

Географиялық сауаттылық тек күнделікті өмірден ғана алынбайды, ол география мұғалімдерін кәсіби дайындаумен байланысты болады. Себебі кәсіби дайындығы жоғары маман ғана географиялық орта туралы сауатты білім бере алады. Сондықтан география мамандарын кәсіби дайындау процесіне көп көңіл бөліне бастады. Болашақ география мұғалімдерін даярлау мәселесін Ә.С. Бейсенова, Н.А. Бекенова, Ғ.Қ. Ділімбетова, Ж.Ж. Жатқанбаев, С.Қ. Қасенов, Г. Мұқышева, Р.Т. Төлегенова, Ж.К. Тілешова, С.Т. Шалғынбаев, Ж.Б. Шілдебаев,   А.В. Чигаркин және т.б. зерттеген.

Табиғатты қорғау мен  адамның қоршаған ортамен байланысы, экологиялық білім беру мен тәрбие беру мәселесін шешуде Н.А. Бәкірова, Ә.А. Саипов, К. Сарманова, Қ.Н. Сарыбеков, М.Н. Сарыбеков, А.Н. Захлебный,  И.Д. Зверев, И.П. Сафронов А.В. Миронов және т.б. ғалымдар еңбектерінде ғылыми-практикалық тұрғыда шешімін тапқан.

Жоғарыда аталған ғалымдардың  ғылыми жұмыстарында жоғары оқу орындарында  кәсіби бейімделген мамандарды дайындау, олардың кәсіби құзіреттілігін жоғарылату мәселесін қарастыра отырып, оларды шешудің тиімді жолдарын ұсынған және болашақ мұғалімдерді мәдениеттің ұлттық болмысын терең сезініп, әлемдік өркениетпен сабақтастыра дамытуға бағыттайды. Көптеген зерттеулерде этнопедагогикалық мәселенің өзектілігін, білім беру жағдайында ұлттық тәрбиенің ерекшеліктері мен бүгінгі тәрбие жағдайында озық педагогикалық дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығын атап көрсеткен, бұл біздің зерттеу жұмысымызға арқау болды.

Осы бағытта диссертациялық зерттеу жұмыстары болғанымен, ғылыми еңбектерде география мұғалімдерінің туған жер ландшафтысын тәлім-тәрбие беру бағытында пайдалануға жеткілікті көңіл бөлінбеген, қазақ халқының өткен тарихи-мәдени, рухани-мәдени әлемінен әлі де толық игерілмей жатқан байлық көзі – фольклорлық мұралар, этногеографиялық деректер, этнотопонимикалық атаулар туралы деректерді қамтуына назар аударудың қажеттілігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Философиялық және педагогикалық  әдебиеттердің, психологиялық-педагогикалық  зерттеулердің мазмұнын сараптау барысында  жоғары оқу орындарында география  пәні мұғалімдерін кәсіби даярлау процесінде:

  • қоғамда білім беруді этнопедагогикалық тұрғыдан іске асыруға дайын мұғалімге деген қажеттілік пен нақты қалыптасқан жағдай арасындағы;
  • этнопедагогикалық ғылымның дамуы мен жоғары оқу орындарындағы білім беру мазмұнында оны  жүзеге асырудың жеткіліксіздігі арасындағы;
  • болашақ география мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлығына педагогикалық практиканың қажеттілігі мен жоғары мектеп дидактикасында оның іске асырылуының жеткіліксіздігі арасындағы қайшылықтар бар екендігі анықталды.

Аталған қайшылықтардан жоғары оқу орнында болашақ география мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлығының мазмұны мен оны қалыптастыру мәселесінің туындап отырғаны біздің зерттеу тақырыбымызды «Жоғары оқу орнында болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру» деп алуымызға  негіз болды.

Зерттеудің  мақсаты: болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдірудің педагогикалық шарттарын анықтау, теориялық тұрғыдан негіздеу және эксперименталдық тексеру.     

Зерттеу нысаны: жоғары оқу орнының педагогикалық процесі.

Зерттеу пәні: болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдірудің педагогикалық шарттары.

Зерттеудің  ғылыми болжамы: егер болашақ география мұғалімдерін даярлауда олардың этнопедагогикалық даярлығын жетілдірудің арнайы шарттары анықталып, жүйелі түрде қолданылса, онда жалпы кәсіби даярлау процесінің тиімділігі арта түседі, өйткені студенттер аталмыш даярлыққа сәйкес іс-әрекетке бағытталады.

Зерттеудің  міндеттері:

1. Болашақ география мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлығының мәнін ашу;

2. Болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдірудің педагогикалық шарттарын анықтау;

3. Болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдірудің моделін құрастыру;

4. Болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдірудің әдістемесін жасау және оны эксперименттік тексеру.

Зерттеудің  жетекші идеясы: болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру географиялық білім беру процесінің этнопедагогика негізінде ұйымдастырылуынан тәуелді.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Жеке тұлғаның этнопедагогикалық даярлығын жетілдіруде ұлттық рухани-мәдени мұралары мен қазақтың табиғи ортаны танып білу білімдері мен «адам-қоғам-табиғат» жүйесінің жалпы заңдылықтары, өзара қарым-қатынас және тұлғаның қалыптасуы туралы ілімдер, қазақ халық педагогикасы мен этнопедагогика сабақтастығы туралы тұжырымдамалар, философиялық ілімдер, педагогикалық-психологиялық ой-пікірлер, ландшафт ерекшелігіне байланысты қалыптасқан мінез-құлық, ұлттық психикаға әсер еткен географиялық детерминизм туралы тұжырымдар мен тәрбие туралы тұжырымдамалар, тұлғалық-бағдарлық, жүйелілік тұғырлары.

       Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді тақырып бойынша теориялық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдау, диссертация тақырыбына байланысты материалдарды жинақтау, саралау, жүйелеу, эксперимент, бақылау, салыстырмалы талдау әдістері, білім беру саласындағы ресми құжаттарды талдау, географиялық білім беруде этнопедагогика материалдарын ендірудің әдістемелеріне сипаттама және сауалнама, бақылау жүргізу, тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесіне баға беру, зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеу әдістері.

 Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия, география ғылымдарының классиктерінің еңбектері, Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми құжаттары (заңдар, қаулылар, бағдарламалар, актілер, тұжырымдамалар, т.б.), жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары.

       Зерттеу кезеңдері:

бірінші кезең (2002-2004 жж): зерттеу тақырыбы бойынша тарихи-философиялық, психология-педагогикалық, этногеографиялық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды; зерттеудің ғылыми аппараты айқындалды; зерттеудiң теориялық және әдіснамалық негіздері анықталды, анықтауыш эксперимент жүргізілді.

екінші кезең (2004-2007 жж): зерттеу мәселесі бойынша жинақталған теориялық және этнопедагогикалық материалдарға талдау жалғастырылды. Тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырылып, жүргізілді.

үшінші кезең (2007-2008 жж): тәжірибелік жұмыстың қол жеткізген нәтижелері өңделініп, ғылыми жүйеге келтірілді. Негізгі теориялық қорытындылар мен ұсыныстар құрастырылып, ғылыми - әдістемелік қорытындылар жасалынды. Жинақталған материалдар мен тәжірибелік жұмыстың нәтижелері сарапталынып, диссертацияның редакциялық өңдеуі аяқталды. 

Информация о работе Жоғары оқу орнында болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру