Тропикалық африка

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 21:01, реферат

Описание работы

Африка құрлығында 54 мемлекет бар. Олардың үшеуі монархия, біреуі Федеративті Республика. Негізінен олар Солтүстік, Батыс, Оңтүстік, Орталық, Шығыс Африка елдері болып бөлінеді. Африкада 1 млрд-қа жуық (985 млн) халық тұрады. Ол дүниежүзі халқының 13%-ын құрайды. Бірақ олардың құрылыққа таралуы біркелкі емес. Халықтың 70%-ы ауылдық елді-мекендерде қоныстанған және олардың 90%-ы ауыл шаруашылығында еңбекпен қамтылған. Орта есеппен әр шаршы шақырымға 22 адамға дейін орналасқан.

Работа содержит 1 файл

тропическая Африка.doc

— 157.00 Кб (Скачать)
 
Регион халқы христиандық ислам Дәстүрлі  діндер индуизм бахаи иудаизм буддизм[11] атеизм
Солтүстік Африка 209 948 396 9,0 % 87,6 % 2,2 % 0,0 % 0,0 % 0,0 % 0,0 % 0,1 %
Батыс Африка 274 271 145 35,3 % 46,8 % 17,4 % 0,0 % 0,1 % 0,0 % 0,0 % 0,0 %
Орталық Африка 118 735 099 81,3 % 9,6 % 8,0 % 0,1 % 0,4 % 0,0 % 0,0 % 0,0 %
Шығыс Африка 302 636 533 62,0 % 21,1 % 15,6 % 0,5 % 0,4 % 0,0 % 0,019 % 0,0 %
Оңтүстік Африка 50 619 998 82,0 % 2,2 % 9,7 % 2,1 % 0,7 % 0,1 % 0,035 % 0,3 %
 

4. Африка халықтарының шаруашылығы

     Тәуелсіздікті жеңіп алғаннан кейін Африка елдері ғасырлық мешеулікті жоюға күш-жігер жұмсай бастады. Табиғат байлығын мемлекет меншігіне айналдырудың, аграрлық реформаны жүзеге асырудың, экономикалық жоспарлаудың, ұлт кадрларын дайындаудың ерекше зор маңызы болды. Осының нәтижесінде даму қарқыны жеделдеді. Шаруашылықтың салалық және территориялық құрылымы қайта құрыла бастады.  
Бұл жолда тау – кен өнеркәсібінде зор табыстарға қол жетті. Қазір пайдалы қазбалардың көптеген түрлерін өңдіру жөнінен Африка шетелдік дүниеде маңызды, кейде ерекше орын алады. Өндірілетін отын мен шикізаттың негізгі бөлігі дүниежүзілік рынокқа шығарылатындықтан, нақ өндіруші өнеркәсіп ең алдымен Африканың халықаралық географиялық еңбек 6өлінісіндегі орнын айқындайды. 

     Африканың дүниежүзілік шаруашылықтағы opнын айқындайтын экономиканың екінші саласы – тропиктік және субтропиктік егіншілік. Оның да айқын байқалатын экспорттық бағыты бар.  
Бірақ, тұтас алғанда, Африка өзінің дамуында өте артта қалып келеді. Ол индустрияландыру деңгейі, аyылшaруашылық дақылдарының түсімі жөнінен дүние жүзі аймақтарының ішiнде coңғы орын алады.  
Елдердің көпшілігінде әлі күнге дейін шаруашылықтың салалық құрылымының отарлық түрі сақталуда. Оның айырым белгілері: 1) аз тауарлы, өнімділігі төмен ауыл шаруашылығының басым болуы, 2) өңдеyші өнеркәсіптің нашар дамуы, 3) көліктің өте артта қалуы, 4) өңдірістік емес саланың негізінен саудамен және қызмет көрсетумен шектелуі.  
Шаруашылықтың территориялық құрылымына өткен отарлық дәуірден сақталған жалпы артта қалушылық пен өте сәйкессіздік тән. Аймақтың экономикалық картасынан өнеркәсіп (негізінен астаналық аудандар) пен жоғары тауарлы ауыл шаруашылығының жекелеген ошақтары ғана көзге түседі. 

     80-жылдары Африканың әлеуметтік-экономикалық жағдайы ерекше нашарлап, терең дағдарысқа ұласты. Даму қарқыны баяулады. Азық-түлік өндіру (жылдық өсімі 2 % шамасында) мен халықтың тұтынуы (3 % -ке өскен) арасындағы алшақтық артты; осының нәтижесінде астық импорты өсті. Оның үстіне, Африканы бұрын болып көрмеген құрғақшылық жайлады, ол континент елдерінің жартысынан астамын қамтып, тікелей 200 млн. адамды шарпыды. Африка сондай-ақ Батыс елдеріне борышқорлық қыспағында қалды. Сондықтан оны барған сайын "апат континенті" деп атай бастады. 

     Африканың көптеген елдері экономикасының біржақты аграрлық–шикізаттық дамуы олардың көпшілігінің әлеуметтік-экономикалық артта қалушылығының басты себептерінің бірі болды. Көптеген елдерде бұл біржақтылық бір дақыл (монокультура) деңгейіне жетті. Бір дaқыл өндіруге (бір тауарға) мамандану дегеніміз - бұл елдегі шаруашылықтың бір, әдетте, негізінен экспортқа арналған шикізаттық немесе азық-түлік тауарын өндіруге бір жақты мамандануы.  
Бір дақыл дегеніміз - бұл табиғи ғана емес, сонымен бірге тарихи, әлеуметтік құбылыс. Ол Африка елдеріне отарлау кезеңінде-ақ таңылған болатын. Қазір де осындай бір жақты халықаралық маманданудың нәтижесінде ондаған елдердің бүкіл тіршілігі олар экспорттайтын бір-екі тауарға дуние–жүзілік сұранымға тәуелді болып қалуда. Бір дақылды елдер көп салалы экономика құруға тырысуда, бірақ әзірше бұл жолда аздаған елдер ғана табысқа жетті.  
Амазонкаға қарағанда Конго өзені суды мұхитқа бес есе кем жеткізгенімен, оның су энергетикалық қуаты едәуір жоғары. Бұл оның 32 сарқырама мен тік құздар кездесетін төменгі aғыcының 300 километрлік кесіндісінде өзеннің құламасы 275 м болатынына байланысты. Мұнда қуаты 80-90 млн. кВт су электр станциялары.

     Батыс Африка  (БенинБуркина ФасоКамерун,Кабо-ВердеКот-д'ИвуарГамбияГанаГвинея, Гвинея, БисауЛиберияНигерияСенегалСьерра-ЛеонеТого) Халық саны бойынша ең үлкен субрегион. Халқы 280 млн және құрамы полиэтникалық болып табылады. Негізгі этникалық топтары: вулоф, сере, манде, сонгай, хауса, фулани. Үш ірі тілдік топтарды қамтиды. Бұл аймақтағы тропиктік ылғалды ормандар егіншілік, жер өңдеумен айналысуға қолайлы. Негізгі пайдалы қазбалары мұнай, боксит, темір, марганец, алтын, алмаз, фосфат.

     Шығыс Африка  (БурундиДжибутиКения,Коморские островаМадагаскар и МаврикийМалави,МозамбикРуандаСейшелыСомалиТанзания,Уганда, ЭритреяЭфиопия) Негізгі шаруашылығы банту тілді халықтардың жер өңдеу кәсібі, нилот халқының мал шаруашылығы. Мысалы Мадагаскар эконосикасының басты саласы болып ауыл шаруашылығы, балық аулау, дәмдеуіштер өсіру болып табылады. Экспортқа кофэ, ваниль, какао, қант қызылшасы, күріш, тапиока,  банан мен арахис шығару көзделген. Экономикасының негізгі табыс көзі туризм, жеңіл өнеркәсіп, ауылшаруашылық өнімдері мен пайдалы қазбаларды экспорттау болып табылады.

     Орталық Африка  (АнголаГабон, ОАР,  Конго Демократиялық  Республикасы , Экваториалдық  ГвинеяРеспублика КонгоСан-Томе и ПринсипиЗамбия) Халқының этникалық құрамы жағынан біртектес, басым бөлігі банту халықтары. Бұл регион гидроэнергетикалық ресурстар, орман ресурстарына бай. Ішкі жалпы өнімге түсетін табыстың басым бөлігін ауыл шаруашылығы мен пайдалы қазбаларды (мыс рудалары, кобальт) өндіруші өнеркәсіптер құрайды.

               Оңтүстік   Африка  (БотсванаЛесотоНамибияЮАР,СвазилендЗимбабве)

Негізгі халық банту тілдес коса, тсонго, гереро, овамбо халықтары. Сонымен қатар қойсан тілдік бушмендер мен готтентоттар,  хиндустар, гуджараттар мекендейді. Банту тілдес халықтар қол егіншілігімен: жугеру, сорго, жеміс өсірумен шұғылданған. Намибия аймағында топтарнама этникалық тобы теңіз жануарларын аулаумен айналысады. Бушмендер дала кезіп аң аулаумен, терімшілікпен айналысқан. Бұл континет ойынша жалғыз ғана дамыған мемлекеті бар аймақ. Әлемде ІЖӨ бойынша 25 орында. Аумағының тек жартысы ғана ауыл шаруашылығына жарамды болғанымен, Оңтүстік Африка әлемдік нарыққа ауыл шаруашылық өнімдерін ұсынып тұратын алты елдің қатарында. Ауыл шаруашылығының негізгі салалары мал шаруашылығы және жер өңдеу. Негізгі дәнді дақылдар қант қызылшасы, жүгері, бидай, жемістер. Өндіруші өнеркәсіп Оңтүстік Африка Республикасының үлесінде:түсті металл, сурьма, хром, аллюмини, цинк, электоника құралдарын шығару, машина жасау. Пайдалы қазбаларды өндіруден ОАР көшбасшы. Дүниежүзінде алтын өндіруден 58%-ын, алмас өндіру 42%, бриллиант өндірісінің -64%, платинаның - 49%,  уран қорының- 79% үлесінде өндіріп отыр. 

Информация о работе Тропикалық африка