Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 21:01, реферат
Африка құрлығында 54 мемлекет бар. Олардың үшеуі монархия, біреуі Федеративті Республика. Негізінен олар Солтүстік, Батыс, Оңтүстік, Орталық, Шығыс Африка елдері болып бөлінеді. Африкада 1 млрд-қа жуық (985 млн) халық тұрады. Ол дүниежүзі халқының 13%-ын құрайды. Бірақ олардың құрылыққа таралуы біркелкі емес. Халықтың 70%-ы ауылдық елді-мекендерде қоныстанған және олардың 90%-ы ауыл шаруашылығында еңбекпен қамтылған. Орта есеппен әр шаршы шақырымға 22 адамға дейін орналасқан.
Біз
жалпы Африка халықтарының негізгі
шаруашылығына, қоғамдық құрылысына тоқталып
өттік. Олардың қоғамдық қарым-қатынасына,
мәдениетіне, ауыл шаруашылығына отаршылық
саясаты көптеп әсер етті. Оның өзі көптеген
қиындыққа әкеліп соқты. Африка халқы
соған қарамай өздерінің мәдени дәстүрін
әлі де сақтап отыр. Олардың отаршылармен
үздіксіз күресінің нәтижесінде өздерінің
дербес болуларына қолдары жетті.
2. Тропиктік Африка халқына еуропалықтардың отарлау саясатының әсері
Ерте заманнан бері Африка құрлығы мәдениеттің ошағы болған. Бұл алғашқы адамдардың дамып, өздеріне тән мәдениетін өрістеткенмен, кейінгі кездерде өздерінің дамуы жөнінен артта қалған. Африка халықтарының көпшілігі еуропалық державалардың отарында болады. Еуропалықтардың африка жерлерін басып алуы мен халықтарын аяусыз құл ретінде пайдалануы халық дамуын тежеген тағы бір себеп. Құл саудасы ХV ғасырдың ортасына дейін Португалия, Англия, Голландия, Франция мемлекеттерінде жүрген болатын. Бұл африкалықтар тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі болды. Осы оқиғалар Африка халқының аоға қарай жылжуына кедергі болды. Құл саудасы кезінде жүз млн-дай африкалықтарды Америкаға апарып, құл ретінде сатты, кейбіреулері жолда өліп кетті. Міне, осындай географиялық және сыртқы күштер аборигендерді артта қалдырды.
Африка құрлығы Еуропа мемлекеттері үшін алтын, піл сүйегі, қызыл ағаш, кейіннен құлдар мен пайдалы қазбаларды өндіріп алу ошағы ретінде болып келді. ХХІ ғасырдан бастап европалықтар Африка жерлерін өзара бөлісіп, жаулап алынған жерлер есебінен байып отырды. Аумақтың басым бөлігін Ұлыбритания мен Франция жаулап алды. Отаршылдық саясатты жүргізушілер арахис, какао, мақта плантацияларында жұмыс үшін африкандықтардың арзан еңбек күшін пайдаланатын болды. ХХ ғасырдың ортасында Африканың саяси картасында тек төрт тәуелсіз мемлекет болды: Египет, Эфиопия, Либерия және қазіргі Оңтүстік Африка Республикасы. Отаршылдық езгінің әсері құрлық мемлекеттерінің барлық салаларының дамуын тежеді. ХІХ ғасырдағы Африкадағы ең үлкен отарлар Ұлыбританияның иелігінде болды, олар: континенттің оңтүстігі мен орталық бөлігінде: Ботсвана, Лесото, Зимбабве, Замбия. Ал шығысында Кения, Уганда, Занзибар, Британское Сомали. Сотүстік-шығысында: ағылшын-Египеттік Судан, батысында: Нигерия, Сьерра-Леоне, Гамбия и Золотой Берег. Үнді мұхитында - Маврикий и Сейшель аралдары .
Францияның иеліктеріне Батыс және Экваториялдық Африка аумағында: қазіргі Гвиней Республикасы, Мавритания, Нигер, Сенегал, Франциялық Судан (Мали), Габон, Чад, Среднее Конго (Республика Конго), Убанги-Шари (Орталық Африка Республикасы), Сомали (Джибути), Мадагаскар, Комор аралдары, Реюньон енді. Ал Португалия Ангола, Мозамбик, Гвинея-Бисау,), Сан-Томе және Принсипи аймақтарын өз отарына айналдырған еді. Германия Камерун, Того және Оңтүстік-Батыс Африка (Намибия).
ІІ-дүние
жүзілік соғыстан кейінгі жылдары ұлт-азаттық
күрестің өсуі нәтижесінде Африка құрлығындағ
Негізінен Африкада 32 автохтондық тілдік семья бар, оның ішінде 7 оқшауланған, 9 топтастырылмаған тілдер бар. Африка тілдерінің көпшілігі ұлттық тілге айналған болса, кейбірі жекелеген тайпалар тілі деңгейінде қалған. Африка халықтарының тілдерін ерекшеліктеріне қарай ірі бес тілдік топқа біріктіруге болады: 1) семит-хамит немесе афроазиялық тобындағы тілдер; 2) судан тілі; 3) банту тілі 4) қойсан бөліміне жататын тілдер; 5) мальгаш тілі.
Берберлік
тіл тобында Солтүстік-Батыс
Кушит тілдерінде Солтүстік-Шығыс Африканың тұрғындары сөйлейді. Эфиопияның оңтүстігі мен Сомали елдерінде тараған. Кушит тілдерінде сомали, галла, беджа, ираку, каффа, агау халықтары сөйлейді.
Чад тілдер тобы Нигерияны солтүстігі, Чад Республикасы, Камерун мемлекеттерінде таралған. Осы топтың тілдері ішінде хауса тобында Солтүстік Нигерия халқының көп бөлігі сөйлейді. Чад тобына: мандара, бадэ, ангас, анкве, тангале, бура, муби тілдері жатады.
Эфиопия мен Сомали халықтары тарихи жағынан тығыз байланыста және де төркіндес бір тілде - семит-хамит тіл семьясында сөйлейді. Ал бұл халықтарда ұлттардың қалыптасу процесі жүруде, солардың бірі эфиоптық ұлт. Ол амхараменс семиттік халықтар тигре-тиграл, сонымен қатар кушит тілінде сөйлейтін галла және сидамо тайпаларының негізінде құрылған.
Тропиктік
Африка халқының ¾ бөлігі нигер-конголық
тілде сөйлейді. Оның ішінде Орталық,
Шығыс және Оңтүстік Африка халықтарының
көпшілігі сөйлейтін банту
Тұтастай алғанда, Тропиктік Африка, Эфиопия, Орталық және Шығыс Судан халқының 15%-ы афразиялық тілдерде, 6%-ы ніл-сахара тілдік тобында сөйлейтді. Олар: сонгай, канури, канембу, загава, нилот, мурле, берта, гумуз халықтары сөйлейді.
Қойсан тілдерінде Оңтүстік Африканы мекендейтін бушмендер мен готттентот және Африканың шығыс бөлігіндегі сандаве мен хадза халықтар сөйлейді. Африканың басым бөлігін үндіеуропалық тілдерде сөйлейтін ағылшын, неміс, француз, испандықтар, гректер мен армяндар еуропалық халық өкілдері құрайды.Оңтүстік Африка аумағында дравидтік тілде сөйлейтін Оңтүстік Үндістан халықтары да кездеседі. Африка территориясында африкандық және еуропалық халықтардың араласуы нәтижесінде креоль халықтары: маврикийлер, реюньондіктер, сейшельдіктер, фернандино, гвинейліктер, криол, либерлержәне т.б. қалыптасты. Оңтүстік Африка Республикасында герман тілдер тобында сөйлейтін африкандықтар мен африканерлер халқы пайда болды. Мадагаскар аралдарының тұрғындары малагиліктер мальгаш тілінде сөйледі.
Қазіргі таңда Африка
Ислам діні –VII ғасырдағы Арабтардың Солтүстік Африка субрегионын жаулап алуы кезеңінен тарала бастады. Алғашында басқыншылар ислам діні таратуды әкімшілік-экономикалық шараларды қолдану арқылы жүзеге асырыды: исламды қабылдағандарауыр езгіден босатылып, өзге араб-мұсылмандар секілді құқықтарға ие болатын. Магриб елдерінің толық исламдануы XII ғасырда аяқталады. Кейін ислам діні IX-XI ғасырларда Судан елдеріне тарала бастады. Батыс Африкаға ислам дінін Азия елдерінен қоныс аударған мұсылман саудагерлері әкелген. ХVIII ғасырға дейін ислам діні Тропикалық Африка, Мадагаскар аралдары, Африканың солтүстік-батысына толығымен таралады.
Қазіргі Африканың мұсылман халықтары арасында исламның сунидтік бағыты басым. Мұнда суннизм барлық төрт мазхабымен таралған: маликит, шафиит, ханбалит және ханифиттік. Солтүстік және Батыс Африканың мұсылмадары маликиттік мазхабты ұстанушылар; Египет пен Шығыс Африка мұсылмандары шафииттік бағытты ұстанушылар ; Оңтүстік Африка Республикасындағы мұсылман халық ханифиттік бағытты ұстанушылар болып табылады. Африка халқының 41%-ы ислам дінін ұстанады. Ислам дінін ұстанушылардың жартысынан көбі - 47,2%-ы Солтүстік Африка халықтары, әсіресе Египетте африкалық мұсылмандардың 1/5 бөлігі шоғырланған. Батыс Африкада мұсылмандар жалпы халықтың 33%-ын, басым бөлігі Нигерияда. Ал Шығыс Африкада тұрғындардың 31%-ы мұсылмандар. Ислам дінін ұстанушылар Египет, Ливия, Тунис, Алжир, Марокко, Мавритания, Джибути, Сомалиде көптеп кездеседі.
Христиан діні бастапқыда ІІ ғасырдан бастап Египет пен Эфиопияда, Солтүстік Африка жағалауларында тарала бастады. Солтүстік Африкада VII ғасырдан бастап христиан дінін ислам ығыстыра бастады. Қазіргі таңда христиан діні Эфиопия халықтарының басым бөлігінде, Судан халқының кішігірім топтарында сақталған. Христиан дінінің екінші таралу кезеңі Африкаға португалдық жаулап алушылардың келуі тұсында болды. Осы кезде католиктік миссионерлердің Конго, Гвинея жағалауындағы әрекеттері нәтиже бермеді. -----
Қазір христиан дінін ұстанушылар саны 330 млн-нан асады. Олардың 8 млн Европа елдерінен келгендер мен олардың ұрпақтары. Христиандықтың жекелей бағыттарын ұстанғандар келесі: католиктер - 38%-дан астам (33млн), протестанттар - 37% шамасында (31 млн), монофизиты- 24% (20 млн), қалған бөлігі православие мен униаттар. Христиандардың басым бөлігі – Шығыс және Батыс Африка елдерінде (халықтың 35%-ы) шоғырланған. Ал Оңтүстік Африкада христиандар халықтың ¼ бөлігін құрайды. Әсіресе көп елдерде католиктердің саны протестанттардан асып түседі. Африка католиктерінің көпшілігі Заир, Нигерия, Уганда, Танзания, Бурунди да тұрады. Сонымен қатар Экваториялдық Гвинея, Сан-Томе, Лесото, Реюньон, Сейшель аралдарында католиктер тұрақтанған.
Индиузмді Африкада Индостан түбегінен шыққан халықтар мен олардың ұрпақтары ұстанады. Олар біркелкі орналаспаған. Халықтың жартысынан көбі индустер құрайтын Маврикий аралында, ОАР, Кенияның бір бөлігінде, Шығыс Африка елдерінде индуизм діні таралған.
Ал
иудаизмді Африка 270 мыңдай тұрғыны
ұстанады. Соның ішінде мистра –
Солтүстік Африка еврейлері (100мыңнан
астам), ашкенази - Оңтүстік Африкада
тұратын европалықтар (120 мыңдай), фалаша
- Эфиопияның аборигендік халықтарының
өкілдері (30 мыңдай).