Рекриациялық аудандар

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 18:10, реферат

Описание работы

Сөз соңында айтарымыз, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру үшін экономикалық критерийге негізделген кешенді тәсіл қажет. Жердің сұлулығы мен байлығын қорғауды жан-тәнімен жақтайтын адамдар мен табиғатты кешенді пайдалану идеясын өмірге енгізу мен айналысатын мамандардың арасында жер мен көктей айырмашылық бар.

Содержание

КІРІСПЕ
І. Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи аймақтар түсінігі
1.1 Рекреациялық туризм және табиғатты қорғау түсінігі
1.2 Қорықты құрудың негізгі принциптері және Қазақстан Республикасының қорықтарына қысқаша сипаттама
II.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану және инфрақұрылымы мен қаржыландыруына сипаттама
ІІІ. Қазақстан Республикасындағы қорықтардың мәселелері мен болашағы және экологиясы
3.1 Қоршаған ортаның экологиялық мәселелері
3.2 Қорықтардың мәселелері мен болашақтағы дамуы, жаңа ұсыныстар
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

end.docx

— 142.41 Кб (Скачать)

 

Сонымен, 2008 жылдық Алматы қорығының  жылдық қаржылық жоспарының қорытындысын қарайтын болсақ, жылдық қаржылық жоспарының бекітілуі - 143453 мың теңге, Есептік  кезеңіндегі қаржылық жоспардың  бекітілуінің міндеттелген қаржылық жоспары  – 83238 мың теңгені, ал төлемдер - 68560 мың теңгені, жылдық келісім бойынша 83238 мың теңгені,  кассалық шығын -64601,7 мың теңгені және фактіге  негізделген шығындар - 64601,7 мың теңгені  құрады.

Кесте 2-2008 жылдық тауарды ұсынудан түскен пайда мен ақшалай шығынның жоспарлы орындалуы (жұмыс, қызмет)

Шығын мен кіріс мәнінің  аталуы

Жылдық жоспардың бекітілуі

Жылдың басында бекітілген жоспар

Фактіге негізделген шығындар

Кассалық шығын

1

2

3

4

5

Пайда

52352,4

28442,4

-

-

Жылдың басындағы құралдарының қалдықтары - барлығы

7180,6

7180,6

-

-

Соның ішінде ақшалай қалғаны

7180,6

7180,6

-

-

Ағымдағы жылдың түсімі

45171,8

21261,8

16915,3

739,7

Барлық пайда

52352,4

28442,4

16915,3

739,7

Шығын

       

Барлық шығындар

51664,8

25746,2

739,7

739,7

Ерекшелігіне байланысты

       

Азық – түлік өнімдерін  алу

886,3

200,0

-

-

Қалған тауарларды алу

1506,6

804,8

70,0

70,0

Байланыс қызметінің төлем  ақысы

284,0

142,0

-

-

Электр жарығының төлем  ақысы

2470,0

1235,0

146,5

146,5

Қосымша қызмет және жұмыс

28557,8

13708,0

-

-


Қорықтардың автивтері мен  пассивтерін анықтай отырып, жылдар бойынша капиталдың баланстық маңызының  өзгеруін келтіре аламыз: кесте 4

 

Кесте 3 - 2008 жылдың Актив баланстық маңызының өзгеруі (теңге)

 

Актив

Жылдық есебінің жыл басындағы  есебі

Есептік күніне арналған

1

2

3

Активтер 

   

Ақшалай қаражат, мекемелерге

   

Салынған капитал

 

23900,0

Тауарды өткізудегі қызмет көрсетулер

7469,0

16863,8

Қаржыландыру 

926,0

 

Шығындар 

 

116921,2

Тауарды –өткізудегі кеткен шығындар

 

753,2

Қарызға алынған капитал

 

26840,0

Баланс

8395,0

175278,2


 

Кесте 4- Пассив баланстық маңызының өзгеруі (теңге)

 

Пассив

Жылдық есебінің жыл басындағы  есебі

Есептік күніне арналған

Қаржыландыру

25347,2

205827,2

Мақсатты бағыттағы құралдар мен қорлар

84318,0

90653,8

Тауарды өткізу және пайда

7469,0

17617,0

Бюджетегі айналымдағы капиталды қаржыландыру

 

50740,0

Баланс 

117134,2

364838


Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды төмендегідей мақсаттарда  пайдаланады:

  1. ғылыми;
  2. мәдени-ағартушылық
  3. оқу;
  4. туристiк және рекреациялық
  5. шектеулi шаруашылық мақсаттарында пайдаланылуы мүмкiн.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылыми мақсаттарда пайдаланғанда мынадай  бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзiлуi мүмкiн:

  1. мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн түгендеу және зерделеу, оларды қорғау мен қалпына келтiру жөнiндегi ғылыми негiзделген шаралар әзiрлеу;
  2. табиғи процестердiң табиғи ағымын және қорғау режимдерiнiң экологиялық жүйелерге әсерiн зерделеу;
  3. мониторингтiң экологиялық және басқа түрлерi, "Табиғат жылнамасын" жүргiзу;
  4. қорық iсiнiң, қоршаған ортаны қорғаудың және табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу;
  5. жабайы жануарлар мен жабайы өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң көбеюiн қалпына келтiрудiң ғылыми негiздерiн әзiрлеу;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мынадай мәдени-ағартушылық мақсаттарда  пайдаланылуы мүмкiн:

    1. табиғи-ғылыми бiлiмдер мен қорық iсi, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану саласындағы жетiстiктердi насихаттау;
    2. өлi табиғат, өсiмдiктер мен жануарлар объектiлерiн, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн көрсету;
    3. табиғат қорғау мекемелерiнiң қызметiмен таныстыру.
    4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мәдени-ағарту шараларын өткiзу үшiн мұражайлар, лекторийлер, экспозициялар, көрсетiлетiн учаскелер және басқа да қажеттi объектiлер құрылуы мүмкiн.
    5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы тарихи және мәдени ескерткiштердi қорғау, сақтау және пайдалану Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар сондай-ақ, мынадай оқу мақсаттарында  пайдаланады:

    1. оқушылар мен студенттердiң оқу экскурсиялары мен сабақтарын, өндiрiстiк практикаларын өткiзу;
    2. қорық iсi, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану саласындағы ғылыми кадрларды даярлау, мамандарды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру мақсаттарында пайдаланылуы мүмкiн.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды туристiк және рекреациялық мақсаттарда  пайдалану дегеніміз:

    1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туристердi табиғи және тарихи-мәдени көрiктi орындармен таныстыру, халықтың белсендi демалысы үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
    2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туризм мен рекреация жүргiзу үшiн арнайы учаскелер бөлiнедi, оларда туристiк соқпақтар, шолу алаңқайлары, тынығып, дамылдайтын ашық алаңдар, көлiкке арналған тұрақтар, кемпингтер, шатыр тiгiлген лагерьлер, мейманханалар, мотельдер, туристiк базалар, қоғамдық тамақтандыру, сауда және басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектiлер болады.
    3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туристiк және рекреациялық қызмет оларды қорғау режимдерiн ескере отырып шектеледi және Қазақстан Республикасының туризм туралы заңдарына сәйкес реттеледi.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды шектеулi шаруашылық мақсаттарында  пайдалану:

    1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды шектеулi шаруашылық мақсаттарында пайдалануға заказник режимi бар және шаруашылық қызметiнiң режимiмен реттелетiн арнайы бөлiнген учаскелерде ғана жол берiлуi мүмкiн.
    2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттiк табиғи-қорық қорын шектеулi шаруашылық қызметке пайдалану Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiндегi рұқсаты бойынша ғана жүзеге асырылады.
    3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда белгiленген жағдайларда шектеулi және де шаруашылық қызметке ғана оған байланысты табиғат пайдалану түрлерiне, егер мемлекеттiк табиғи-қорық қорын сақтауға және молықтыруға қауiп төндiрмесе, майдагерлiк және халықтық кәсiпшiлiкке, қарамағында осы аумақтар бар атқарушы органдардың рұқсаты бойынша жол берiледi.

III.Қазақстан Республикасындағы қорықтардың мәселелері мен

         болашағы және экологиясы

3.1Қоршаған ортаның экологиялық мәселелері

Қоршаған ортаға өндіріс орындарынан бөлінген зиянды қалдықтар, олардың ластандыру дәрежесі мен адам денсаулығына әсері және санитарлық – гигиеналық маңызы көптеген ғылыми еңбектерде қарастырылған. Дегенмен, аймақ бойынша табиғи ландшафттардың динамикалық ерекшеліктерін кешендік тұрғыда зерттеген ғылыми жұмыстар жоқтың қасы. Қазақстан Республикасының көптеген облыстары мен өлкелерінің табиғаты  экологиялық апат аймағына айналып отырғаны белгілі, сол себепті қазіргі кезде дүние жүзінде де, Қазақстанда да табиғатты қорғау шаралары қолға алынуда. Сол шаралардың бір бөлшегі ретінде жоғарыда қарастырып өткен ерекше қорғалатын аймақтардың жұмыстарында айта кеткен жөн .

Сонымен, Қазақстан аймағының  да көптеген жерлері қорғауды қажет  етеді, сол табиғи табиғаттың бір бөлшегі және таза ауаның фабрикасы саналатын және қорықтың ең басты байлықтарының бірі болып саналатын,  ормандардың ауданы 3,8 % жерді алып жатыр. Бірақ болашақта, яғни «Қазақстан - 2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған, себебі біздің елде орман аз таралған.

Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған.

Өрт 4 млн. текше метрге жуық ағашты жойды. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болды.

50 мың гектар орман  алқабында зиянкестер мен ағаш аурулары анықталды. Ең ірі орманды аумақтар – Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында. 1997 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 500 іс тіркелді.

Соңғы жылдары орман шаруашылығын қаржыландырудың қысқаруынан, орманды  күтіп ұстаудың жағдайы күрт төмендеп кетті. 1997 жылдың 10-шы айында ірі өрттен 170 мың гектардан астам орман өртенді. Мысалы, Баянауыл ұлттық бағының ерекше қорғалатын аумағының 12,1 гектары өртеніп кеткен.

Бақылау қызметінің қысқаруынан  және қазіргі техниканың көптеген орман  қорғау кәсіпорындарында іс жүзінде  жоқтығынан зиянкестер ошағы мен  орман аурулары көбейіп барады.. Өзендердің реттеліп тежелуінен және өрттен тоғай қатты азып-тозып кетті. Оның ішінде сирек кездесетін биогеоценоз – тораңғы да таусылып бітті. Сондықтан Шардара ауданында соңғы онжылдықта осы тұқымның 30 %-ын маңызы шамалы шеңгел тобы ауыстырған. Жоғары табиғи таулы жердегі ерекшелігіне қарай тау орманы өрттен көп зардап шекті.

Республика ормандарында қалыптасқан экологиялық нашар  ахуал және тозу процестері орман  ресурстарын сақтап, ұтымды пайдалану  жөнінде шұғыл және кесімді шараларды  қаблдауды талап етеді.

1993 жылы қабылданған жаңа Орман кодексі Қазақстан Республикасының құқықтық және экологиялық жағынан орманды қорғауға, шаруашылықты ұтымды жүргізуге ынталандыруды белгілі шамада арттырды.

Солтүстік Қазақстан облысында ормандарды егістік жерлердің көлемінен 1,6 %-ға жеткізу, Павлодарда – 4,0 %, Ақмолада – 3,8 %, Ақтөбеде – 3,9 % жеткізу жобаланған.

Барлық нәрсенің өз орны болады: су көп жерлерде – орман мен шалғындық, құрғақ жерлерде – даланың шөптес өсімдіктері басым. Далалы жерлерде орман отырғызу тәжірибесі оның тиімсіз екенін көрсетті. Бұл ағаштар он бес – жиырма жасқа жеткенде өздігінен кеуіп кетеді. Олай болса, адам экология заңдарын танып білуі, дұрыс пайдалануы қажет. Өйткені ешкім бұл заңды өзгерте алмайды. Әлі де болса, Қазақстанның ормандарының экологиясы толық зерттелмеген. Болашақтағы орман өсіру мен қалпына келтіруді экологиялық тұрғыдан қарау керек.

Кейінгі кездерде біз тұрып  жатқан қалалардың кейбір көшелеріндегі жиырма – отыз жалдан бері жайқалып өсіп тұрған ағаштарымызды ортан белінен аралап кесіп, жапырақсыз қалдырып жатырмыз. Ол - өзімізге өзіміздің жасаған қиянаттың бірі. Отыз-қырық жыл бойы өскен бір түп ағаш он адамға бір жыл бойы дем алатын оттегін бөліп шығаратыны белгілі. Бір автокөлік бір мың шақырым жүріп өткенде бір адамның бір жыл бойы дем алатын оттегін жағатындығы анықталды. Сонда қаламыздың эстетикалық көркемдік жағын әсемдеумен қоса, жылдан-жылға көбейіп келе жатқан автокөліктерден бөлініп шыққан көмірқышқыл газын жұтып, оны оттегіне, яғни таза ауаға айналдырып отырған жайқалған желектердің көлденеңінен кесіліп қалған қысқа ғұмыры адамзат баласының қайсысын болсын толғандырады. Табиғатта бәрі бір-бірімен тығыз байланысты, біз қарастырып өткен орман шаруашылығының мәселелері мен қатар, ауаның, судың ластануы да болып жатыр. Өз кезегінде бұлардың бәрі бір – бірімен тығыз байланыста болғандықтан, сол ластанған аймақтың жан-жануарлар дүниесі мен өсімдіктер жабындысы да зардап шегеді. Адам саны көбейген сайын және олардың қажеттілігі өскен сайын, табиғатқа келтіретін зиянымызда көп, адам аяғы баспаған таза өз заңдылығымен дамитын табиғи ортаны табу өте қиын, сол себептен де адам аяғы көп баспайтын немесе ерекше табиғи ескерткіштер мен жойылып бара жатқан өсімдік түрлері мен жануарлар дүниесін, құстарды және басқа да табиғат туындыларын сақтап қалу үшін, ерекше қорғалатын аймақтар ұйымдастырылып, ол жерлерде табиғаттың өз бетінше дамуына мүмкіндік жасайды және үкіметтен қаржы бөлініп, ағаштар отырғызу, жануарларды өсіру, жерсіндіру сияқты жұмыстар жасалуда.  Бірақ- та барлық жұмыстар ойдағыдай жасалып жатыр деп айтуға болмайды.     

Аймақ бойынша орман-тоғай, көкмайса шабындықтарды қалпына  келтіру жағдайы әлі де болса  баяу жүріп жатыр. Табиғатты қорғау басшылықтары қоршаған ортаның ластануына мән бермейді. Қалаларымыздың орталық базарларындағы барлық қоқыстарды, қағаз қалдықтарын өртеу адам тынысын тарылтып, еркін дем алуына кедергі келтіріп отыр. Ондай көк түтін адамның тыныс органдарының ісік ауруына әкеліп соқтыруы да мүмкін.

Қала ішінің таза ауасы  мол болуы үшін қала көліктері  электр қуатымен жүретін трамвай  мен троллейбустарға көшірілсе, өте жақсы болар еді.

Қазақстанның кейбір облыс  орталығының әр аудан орталықтарымен жалғасатын күре жолдардының екі  жақ беткейі жаз бойы өртеніп, жосылған көк түтін мен қара күйеге малынып жатады. Оған тыйым салып, қалай өртеніп жатқанына көңіл бөлетін ешбір жан жоқ. Сонда осындай жайлардан кейін, облысымыздағы табиғат қорғаумен айналысатын адамдар қайда қарап отыр деген сұрақ туады.

Соңғы жылдары табиғат  қорғау органдарының бақылау жұмыстарының нәтижесінде және өндірістің құлдырауы  себептерімен қоршаған ортаға техногендік  әсерлер біршама азайды, бірақ  шаруашылық механизмі қызметінде жаңа әлеуметтік-экономикалық аспекті пайда  болды. Ол – меншік түрінің өзгеруіне, жекешелендіру процесінің қарқан алуына, оған шет елдік инвесторлардың барған сайын кеңінен қатысуына байланысты экологиялық жағдайға жауапкершілік  проблемасы күн тәртібіне өткір  қойылып отыр. Бюджеттік инвестиция ең төменгі мөлшерге дейін қысқарды, қаржы тапшылығына тап болған кәсіпорындар табиғат қорғау шараларына жұмсалуға тиісті шығын көлемін  кемітуге көшті. Ал шаруашылықты жүргізудің осындай жағдайында баяндалған экологиялық  проблемелар өз шешімін баяу табуда.

Информация о работе Рекриациялық аудандар