Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 18:10, реферат
Сөз соңында айтарымыз, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру үшін экономикалық критерийге негізделген кешенді тәсіл қажет. Жердің сұлулығы мен байлығын қорғауды жан-тәнімен жақтайтын адамдар мен табиғатты кешенді пайдалану идеясын өмірге енгізу мен айналысатын мамандардың арасында жер мен көктей айырмашылық бар.
КІРІСПЕ
І. Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи аймақтар түсінігі
1.1 Рекреациялық туризм және табиғатты қорғау түсінігі
1.2 Қорықты құрудың негізгі принциптері және Қазақстан Республикасының қорықтарына қысқаша сипаттама
II.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану және инфрақұрылымы мен қаржыландыруына сипаттама
ІІІ. Қазақстан Республикасындағы қорықтардың мәселелері мен болашағы және экологиясы
3.1 Қоршаған ортаның экологиялық мәселелері
3.2 Қорықтардың мәселелері мен болашақтағы дамуы, жаңа ұсыныстар
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Бірқатар орманды далалы жерлерде топырақтың эрозиясы байқалады. Шынымен адамның шаруашылық қызметінің әсері тимеген бірден бір ландшафт жоқ.
1.2 Қорықтың құрудың негізгі принциптері және Қазақстан
Республикасының қорықтарына
Адам қызметі Қазақстанның табиғи ландшафтарының көрінісі қатты өзгертті. Ерекше қатты өзгерістерге тірі табиғат ұшырады: өсімдіктердің сиреп кетуі, жануарлардың таралу аймағының қысқаруы, тіпті көптеген түрлерінің жойылып кетуі. Ормандар және бұталардың көлемі азайды. Бірқатар шөлейтті және таулы жерлерде табиғи жем шөпті пайдалы жерлердің өнімділігі азайды. Белсенді айналымға қолданылатын көп ғасырлық жер асты су қоймаларының күйзелісі байқалады, Қазақстанның өзен және көлдерінің өндірістік және тұрмыстық ағымдармен ластануы. Ланшафтар өндірістік қалдықтарымен ластануы, жер қыртысы бір тұтастығының бұзылу нәтижесіндегі шыққан шаңмен және т.б.
Бірқатар орманды далалы жерлерде топырақтың эрозиясы байқалады. Шынымен адамның шаруашылық қызметінің әснрі тимеген бірден бір ландшавт жоқ.
Бұндай ландшафтардың қорғалуы қажет. Табиғи ландшафтардың болашақтағы дамуын болжау өте маңызды, табиғи тепе –теңдіктің сақталуы және оны бұзылғаннан кейін қайта қалпына келтіру.
Осы мәселелерді зерттеу аяқ баспаған табиғат эталоны болып табылатын географиялық және биологиялық стационарларда, мемлекеттік қорықтарда жүргізіледі.
Қорықтар – бұл табиғи ландшафтары бар немесе ғасыр бойы шаруашылықтан қолданудан алшақтатылған сирек кездесер және құнды жануарлардың мекендейтін орындары бар жер тілімдері.
Қорықтардың басты мақсаты – табиғи ландшафтылар эталонын, мұндағы тіршілік ететін өсімдіктермен жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет.
Қорғау мен ғылыми функцияларын орындаумен бірге, қорықтар табиғи-танымдық және экологиялық туризм орталықтары болып табылады. Алайда, қорық шеңберіндегі барлық туристік желілер арнайы жабдықталған жол-соқпақтармен өтеді. Туристердің түнеуіне қорық аумағында тыйым салынады.
Біздің елде олар ғылыми зертемелік мекемелер болып табылады, олар табиғатта болып жатқан үдерістердің негізін зерттейді және сақталған жабайы табиғат эталондағы табиғи өзара байланыстарды анықтайды, табиғи ресурстардың кең молынан қолдану жолдарын табады.Бұндай ландшафтарды ғылыми зерттеу негізгі әдісі болып табылатын, ал қаоғалатын табиғат телімдерін қандайда бір адамның шаруашылық қызметінің әсері тиген сондай –ақ көршілес табиғатпен салыстыру. Қорықтардың жқмысында табиғатты қорғау жайлы насихат және популяция маңызды рөл атқарады. Қорықтарда барлдық табиғи үдерістер адам қызметінің араласпаусыз өткізіледі. Мұнда кез келген ресурс түрлерін қолдануға тиім салынады. Табиғаттың бір тұтастығын бұзатын қандайда бір биотехникалық іс-шаралардың өткізілуіне жол берілмейді. Қорықтар адам баласының қызметінің ықпалы тиетін табиғи табиғат процесін салыстыруға қажет. Қорықтарда эксперимент, ғылыми зерттеу жұмыстары фауна мен флораның өзгерту жағдайын зертеуге, пайдалы жануарлардың климатқа үйретуін орманды отырғызу мен шабуды, сол жерге лайықты өсімдіктерді отырғызуды көздейді.Қорықтардың іс тәжірбиедегі маңызды фазаның шынайы резерватор ретінде пайдаланады. Мұнда дала, шөл дала, таулы, орманды ландшафтар түзеледі, сонымен қатар сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдік пен жануарлар, балықтардың суда мекендейтін суда жүзуші құстардың қыстайтын және ұя салатын құстар күзетіледі. Алайда қорықтардың саны Республиканың табиғат жағдайының керемет түрлілігін бейнелейді. Жұмыс жасап тұрған қорықтардың әрқайсысының әр түрлі ерекшеліктері бар.
Алматы қорығы – Іле Алатауының орталық бөлігіндегі табиғат байлығын қорғау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1931 ж құрылған мемлекеттік қорық. Ауданы 15000 гектар. 1935 жылы оның ауданы 40 000 гектарға ұлғайтылды, содан кейін 856680 гектар болғанда ол Алма-Ата деп аталды. Оның аумағына Кіші Алматы бассейнінен басқа Жалаңаш және Сөгетін аңғарлары да кірді. Бірақ, 1939 жылы оның территориясының әртүрлі ұйымдарға бөлініп, таратылуы басталды, ал 1951 жылы қорық мүлдем жойылды.
1961 жылдың 31 шілдесінде ғана
Қазақ ССР Министрлері
Іле Алатау жотасы – қорықтың орналасу орны болып табылады, ол Тянь-Шань таулы жүйесінің солтүстігінде жатыр. Өзінің орталық бөлігінде Ол Талғау таулы торабын құрайды. Сонда оның биіктігі максимумға жетеді (Талғар шыңы – теңіз деңгейінен 4979 метр биіктікте). Қорғауға алынған территориясында негізгі Іле Алатау тізбегінен басқа бірнеші мықты сілемдер де көзге ілінеді, олар өзендердің негізгі айрығы. Суы мол өзендері – Оңтүстік-Шығыс, Сол, Ортанғы және Оң жақ Талғар мен Есік және Оңтүстік Есік. Су энергиясы соншалықты күшті болғандықтан, өзен жағаларындағы қатты, тұтас шыңдар желініп, қирап, құмға айналып жатады.
Ең ірі Мұзкөл өзені Есік өзенінің бастауында орналасқан (теңіз деңгейінен 3600км), оның ауданы 46300 м2құрайды, ал тереңдігі – 25,5 метр. Осы өзеннің бассейнінде опырмалы тектоникалық шығу тегі бар, Есік және Ақкөл екі көлдері бар. Есік әдемі көлі өзінің пайда болған қалпында 1963 жылға дейін пайда болған. Шілденің ыстық күндерінде болған селден кейін көркем табиғаты жер бетінен жойылды. Сол кезде сақталып қалған көлдің шығыс шығынағы қазіргі уақытта суға толып, ұлғайып келеді.
Қалқан тауларының арасында әйгілі «әуенді бархан» орналасқан, оның биіктігі 150 м, ал оның құзды бөктерімен қозғалыс кезінде дыбыс шығарады. Мұнда құландарды кездестіруге болады. Іле өзенінің бойындағы тоғайларда қырғауылдар көптеген кесірткелер және т.б. қорықта таулы және шөлейтті мекндерде өмір сүретін организмдердің өзара қатынастарын анықтау бойынша үлкен жұмыс жасалып жатыр. Қызықтыра түсетін жағдай, Тянь шандағы Қодас және т.б жануарларды аклиматациялау сынақтары және құнды қылқан жапырақты ормандары қайта қалпына келтіру жұмыстары.
Қорықта өсімдіктің 1300-ден аса түрі кездеседі, оның 112 түрі ағаштар мен бұталар. Алматы қорығы жануарлар дүниесіне де бай. Онда сүтқоректілердің 40 (барыс, қоңр аю, тас сусар, марал, таутеке, арқар, елік, суыр, тиін және т.б.), құстардың 200-дей түрі (самырсын құсы, шырша торғай, үкі,кептер,қара және сары шымшық, құр, ұлар, қозықұмай, ссушыл торғай, арша ементұмсығы және т.б.) бар. Бауырымен жорғалаушылардан: алай кесірткесі, қалқантұмсқты жылан; қосмекенділерден: көлбақа мен жасыл құрбақа кездеседі. Қорықта ғылыми жұмыстар жолға қойылған.
Қорық өсімдіктердің бағалы түрлерімен, әсіресе азықтықпен бай: вейник надземный, мятник, ежа сборная, пырей ползучий, клевер ползучий және т.б. Қорықта көптеген емдік шөптер (53 түрі) де бар: баярщмк, живокость, валериана, пижма және т.б., әр түрлі жәндіктерді еліктіретін бал тасушылар да кездеседі(40 түрден астам). Сирек болып 50 түрі есептелінеді, оның 26 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Қорықта 20 түрге жуық улы өсімдіктер бар, олардың әйгілісі жоңғарлық аконит. Ол шыршалы орман, ірі шөпті жайылым, өзен бойында кездеседі. Аконитті жас шағында марал, аю және т.б. жабайы жануарлар қорекетенеді.
Ясенец гүлдеген кезде таудың көркі болып саналады, бірақ адамға қауіпті, егер денеге тиігізілсе көпке созылатын күйік пайда болады.
Жапырақты орманда жабайы
алма, Шренктің жекелеген ағаш топтарын
кездестіруге болады. Ғалымдар орманның
қалыптастыру заңдылықтарын, жануарлар
мен өсімдіктер экологиясын және
олардың биологиялық
Қазақстан аймағында орналасқан 10 қорық, табиғат жағдайының әр түрлігін толықтай қамти алмайды. Сондықтан тағы бірнешеуін ұйымдастырған дұрыс болар еді. Бірінші кезекті оларды Орал өзенінің маңында, Торғай өзенінің төменгі бөлігінде, Солтүстік Қазақстанның орманды далалы аумағында, ТМД аймағында терең құйылым аумағында. Жоңғар Алатауында, Саур және Тарбағатай тауларында орталық Қазақстандағы Ермектау және Кент тауларының төменгі бөлігінде, Қаратау тауларында Қызылқұм құмды жерлерінде және бірқатар Қазақстандағы басқа ландшафтар аумағында ұйымдастыру.
II.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану және
инфрақұрылымы мен қаржыландыруына сипаттама
1.1Қорықтың инфрақұрылымын, материалдық - техникалық базасын
дамыту
Осы бағытта:
– қорықтағы объектілерді жаңарту мен салу үшін отандық және шет елдік инвестицияларды тарту жолымен Қорықтың материалдық-техникалык, базасын дамыту;
– көлік қызметін көтеру, автомобиль және басқа да көлік түрлерін одан әрі дамыту жөнінде шаралар қабылдау;
– Қазақстан Республикасының аумағына қорықтарды перспективалық орналастырудың және туристік инфрақұрылымды дамытудың схемаларын әзірлеу;
– Ерекше қорғалатын аймақтардағы жерді пайдалану және құрылыс ты, яғни зертханалар мен турбазаларды салудағы нормалардың қолданылуын бақылау;
– қорық кешенін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру, туристік кешендердің, этнографиялық мұражайлардың және демалыс аймақтарының желісін құру;
– ілеспе инфрақұрылымды: сумен, электрмен жабдықтау, қолданыстағы және әлеуметтік туристік аймақтарда телекоммуникацияны дамыту;
– шетел инвестициясын тарту жолымен жұйе құраушы ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды дамыту:
Ерекше қорғалатын аймақтарға баратын туристер мен экскурсанттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бағдарлама қорық саласындағы қауіпсіздіктің деңгейін көтерудің мынадай басым бағыттарын айқындайды:
– туристің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі;
– өрт қауіпсіздігі;
– туристердің таудағы орналасу қауіпсіздігі;
– көліктегі қауіпсіздік;
– жабайы аңдар мен жәндіктерден сақтану;
– Табиғи ортаны қорғау және сақтау;
– Қорғау және қауіпсіздік мәселелері жөнінде хабардар ету;
– Жергілікті халықты қорғаудың
және олардың қауіпсіздігін
Ерекше қорғалатын аймақтардағы инфрақұрылымды дамыту. Бұл бағытта төмендегідей жұмыстар жасалынуда:
– Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын аймақтардың, табиғи және мәдени – тарихи жерлерді неғұрлым тиімді пайдалану мақсатында интерактивті геоақпараттық жүйенің негізінде туристік рыноктың жай-күйіне және болжамды дамытуға кешенді талдау жүргізу;
– көлік жолдары, инженерлік және инфрақұрылымдық объектілерді бірге ала отырып, барлық аймақтар бойынша ерекше қорғалатын аймақтарды бөлудің моделін әзірлеу;
– Қорықмен сабақтас салалардың барлығына интерактивті геоақпараттық жүйені енгізу қажет.
Бағдарламаны іске асыруға қажетті техникалық және экономикалық шарттар. Осы бағдарламаны іске асыруға арналған техникалык,- экономикалық негізгі шарттар мыналар болып табылады:
– саладағы бірыңғай ақпараттық кеңістік жүйесін дамыту;
– ірі халықаралық туризмге және табиғатты қорғауға байланысты көрмелерге қатысу және жыл сайын қазақстандық халықаралық туризм мен экологияға байланысты көрме өткізу;
– көптеген халықаралық жобаларды әзірлеу және іске асыру:
Мүліктің құрылу тәртібі және Мекеме қызметін қаржыландыру:
I. Мекеме мүлкі оған
мемлекет тарабынан мүліктін
есебінен құралады, сонымен қатар
негізгі және айналым қаражаты,
құны Мекеменің дербес
II. Мекеменің мүлкі жедел
басқару құқығында оған
III. Мекемені қаржыландыру төмендегі есептік сипаттармен суреттеледі:
1) Республикалық бюджет қаржысынан;
2) Мекеме рәзімдерін пайдалануға рұқсат етуден түскен қаржыдан;
3) Ғылыми, мәдени – ағартушылық, оқып – тану және туристік қызметін жүзеген асыру нәтижесі мен жекеше және заңды тұлғаларға қызмет көрсетуден түсетін қаржылар;
4) Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өз еріктерімен жасаған қайырымдылық қаржылары;
5) Заңнамамен тиым жасалмайтын өзге де қаржыландыру деректемелерден.
IV. Мекемеде бухгалтерлік есеп жүргізіледі және заңнамаға сәйкес есептер беріледі.
V. Мекеменің қаржылық
– шаруашылық қызметінің
Қоршаған ортаның ресурстарын қорғау және оларды қаржыландыру үшін мекемеге мелекеттен белгілі бір қаржы бөлінеді. Қоршаған ортаны қорғау Бағдарламасын іске асыру үшін қажетті мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландыру сомасы 2005 жылға дейін 3 92148,5 мың. теңгені құрады. Қоса беріліп отырған іс-шаралар жоспарының жобасына сәйкес, осы Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен болжанатын шығындардың сомасы: 2003 жылы - 32604 мың. теңгені; 2004 жылы - 32604 мың. теңгені, 2005 жылы - 32604 мың. теңгені құрай-ды. Жергілікті бюджеттен 2003 жылы - 125 989,7 мың. теңге, 2004 жылы - 84 98,5 мың. теңге, 2005 жылы - 83 448,3 мың. теңге қажет.
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар тиісті жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде қаралатын қаражат есебінен және соның шегінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер арқылы жүзеге асырылады. Мысал ретінде Алматы қорығының қаржы есебіне тоқталып көрелік:
Кесте 1-2008 жылдық Алматы қорығының жылдық қаржылық жоспары, мың теңге
Шығын ерекшелігі-нің аталуы |
Жылдық қаржы-лық жоспа-рының бекітілуі |
Есептік кезеңін-дегі қаржылық жоспардың бекітілуі |
Жыл-дық келісім |
Касса-лық шығын |
Фактіге негіздел-ген шығын-дар
| |
Міндет- телген |
Төлем-дер | |||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Негізгі жалақы |
95305,0 |
47652,0 |
47652,0 |
47652,0 |
46793,7 |
46793,7 |
Қосымша ақшалай төлем |
||||||
Компенсациялық төлем |
11347,0 |
4699,0 |
6642,0 |
4699,0 |
4646,2 |
4646,2 |
Әлеуметтік салық |
9435,0 |
4716,0 |
4716,0 |
4716,0 |
4509,7 |
4509,7 |
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар |
2383,0 |
1188,0 |
1188,0 |
1188,0 |
770,4 |
770,4 |
Азық - түлік өнімін алу |
1747,0 |
1747,0 |
30,0 |
1747,0 |
30,0 |
30,0 |
Басқа да тауарларды алуы |
360,0 |
360,0 |
360,0 |
360,0 |
360,0 |
360,0 |
Байланыс қызметінің төлем ақысы |
925,0 |
925,0 |
462,0 |
925,0 |
371,1 |
371,1 |
Электр жарығының төлем ақысы |
849,0 |
849,0 |
420,0 |
849,0 |
420,0 |
420,0 |
Қосымша қызмет және жұмыс |
21102,0 |
21102,0 |
7090,0 |
21102,0 |
6700,6 |
6700,6 |
Барлығы |
143453 |
83238 |
68560 |
83238 |
64601,7 |
64601,7 |