Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 19:34, курсовая работа
Экономикалық – географиялық жағынан Орталық Қазақстан басқа аудандардан оқшау болып, ХХ ғасырдың 30 –жылдарына дейін темір жол болмай, тіпті Ұлы Сібір магистралімен байланыспады да. Бірақ ертеде, яғни ХҮІІІ ғасырда Орта Азия, Оңтүстік Қазақстаннан Солтүстік Қазақстан, Батыс Сібір крепостниктік қалалары, не керісінше Петропавл, Ташкент, Жамбылға керуен жолдары өтті.
Кіріспе.....................................................................................................................3
1. Орталық Қазақстан экономикалық ауданына жалпы сипаттама...................6
1.1. Халқы ..............................................................................................................6
1.2. Экономикасы ..................................................................................................8
2. Шаруашылығы.................................................................................................10
2.1. Өнеркәсібі......................................................................................................10
2.2. Ауыл шаруашылығы және ондағы жайылымдық жерлердің экологиялық мәселелері.............................................................................................................14
3. Орталық Қазақстанның ірі қалалары.............................................................16
3.1. Қарағанды қаласы.........................................................................................16
3.2. Теміртау, Жезқазған қалалары.....................................................................18
Қорытынды...........................................................................................................19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................20
Қосымша...............................................................................................................21
3. Орталық Қазақстан экономикалық ауданының ірі қалалары
3.1. Қарағанды қаласы
Қалалар әр уақытта түрліше жолмен пайда болған. Көліктің басты түрі су жолы болып, темір жолдар салынғанға дейін қалалар, негізінен, су жолдарының бойында, қолайлы теңіз немесе өзен айлақтарында, ірі өзендердің сағаларында немесе олаодың салалары қосылатын жерлерінде пайда болған. Темір жолдар салынғаннан кейін олардың бойында, өзара түйіскен жерлерінде немесе кеме қатынайтын өзендермен түйілісінде көптеген қалалар бой көтерген. Орталық Қазақстанда теңіз де, кеме жүзетін өзенде жоқ болғандықтан, ұзақ уақыт бойы мұнда темір жол да болмады, ал керуен жолдары тек басып өтетін сипатта еді, сондықтан бұрын мұнда қалалар пайда болатындай елеулі себептер де болмады. Осыған байланысты ауданда ұзақ уақыт бойы қалалар да болмады. Сол кезде жаңадан құрылған округтің әкімшілік орталығы ретінде 1824 жылы негізі қаланған шағын қала - Қарқаралы ғана болады.
Орталық Қазақстандағы осы заманғы қалалық елді мекендердің қалған қырықтан астамы Қазан революциясынан кейін ғана, соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі бесжылдықтарда пайда болды. Олар, негізінен алғанда, кен байлықтары кездесетін орындарда, салынып жатқан жаңа зауыттардың, фабрикалардың, электр станцияларының маңында немесе жаңа ғана салынған темір жолдардағы ірі станцияларда пайда болды. Оның үстіне, екінші дүниежүзілік соғысқа дейін қалалық елді мекендердің бәрі дерлік Қарағанды, балқаш, Жезқазған маңына шоғырланған еді. Соғыс жалдарында, әсіресе соғыстан кейін кен байлықтарының жаңа орындарын игеруге байланысты қалалық елді мекендер ауданның шалғай түкпірлерінде де пайда болды. Олар, Қаражал, Жәйрем, Қарағайлы, Қорғасын, Ақшатау, Жамбыл және басқалар, ал ірі қалалардың айналасында тұтас қалалық елді мекендер шоғыры – қала агломерациясы қалыптасты.
Қарағанды (614 мың тұрғыны бар) — Орталық Қазақстанның аса ірі өнеркәсіп орталығы және тұрғындарының саны жөнінен республикадағы Алматыдан кейінгі екінші қала. Ол 1931 жылы бұйратты кең жазықтағы тас көмір алабының орталығында пайда болған. Бірақ бұл кезде Қарағандыда темір жол да, үміт артар су көзі де болған жоқ, қала халқы суды тасып ішетін. Алайда көп кешікпей қалаға Астана жағынан темір жол жүргізілді, Нұра өзеніне бөген салынып, су құбыры тартылған соң Қарағанды тез дами бастады. Көмір өндірудің артуына байланысты оған Ресейдің және басқа республикалардың шартарабынан адамдардың ағылып келуі есебінен қала халқы тез өсіп, сегіз жылдан кейін 1939 жылы – 161 мың адамға жетті. Бұдан кейінгі жылдары да қаланың өсу қарқыны жоғары болды.
Қарағандының негізгі мамандануы – кокстелетін тас көмір өндіру, қаладағы ауыр өнеркәсіптің барлық салалары дерлік тас көмір өндірумен тығыз байланысты. Мәселен, кен байыту комбинаттары өндірілген көмірді қоспаларынан тазартып, сапасын жақсартады, машина жасау зауыттары шахталарға қажетті жабдықтар, оның ішінде көмір қазатын комбайндар шығарады. Қарағандының электр станциялары көмірдің қалдықтарын пайдаланып, өнеркәсіп орындары менқаланы электр энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жеңіл өнеркәсіптің кейбір салалары, мысалы, шахтерлерге керекті киім мен аяқ киім шығару да қаланың негізгі маманданған салалары. Қалада тігін және тоқыма өнеркәсібі, құрылыс материалдары, темір – бетон бұйымдары, ірі панельді үйлерге арналған блоктар, кірпіш, алебастр, әктас, шыны өндірісі дамыған. Ет комбинаты, ұн комбинаты , нан зауыттары мен кондитер фабрикасы қаладағы тамақ өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындары.
Қарағанды – Орталық Қазақстанның ірі көлік жолдар торабы. Темір жолдар Жезқағанмен, Балқашпен ғана емес, сондай-ақ Орал, Батыс Сібір, Оңтүстік Қазақстан және Орта Азиямен байланыстырады. Бұл жолдар арқылы көмір тасымалданады, ал Қарағандыға – машиналар мен жабдықтар, ағаш және азық- түлік, халық тұтынантын тауарлар жеткізіледі. Қалаға солтүстік пен оңтүстіктен – Астана мен Балқаш жағынан және шығыс пен батыстан – Қарқаралы және Жезқазған жағынан республикалық және облыстық маңызы бар бірқатар автомобиль жолдары келеді.
Қарағанды сонымен бірге республиканың ірі мәдени және ғылыми орталығы болып саналады. Мұнда гуманитарлық университет, техникалық және медициналық институттар, бірнеше арнаулы орта оқу орындары, драма театр, өлкетану мұражайы бар. Қалада сондай-ақ ғылыми – зерттеу және жобалау институттары бар.
Қарағанды өзіндік жоспарымен салынған қала, ол бір – бірінен едәуір қашықтықта орналасқан және 800 шаршы шақырымдай аумақты алып жатқан бірнеше ондаған тұрғын үй аудандарынан тұрады. Қаланың бұлайша әдеттен тыс шашыраңқы орналасуы оның жекелеген бөліктерінің түрлі мезгілде жаңадан игеріле бастаған көмір кен орындарының маңында пайда болғанына байланысты. Алайда осыған қарамастан, Қарағандының негізгі екі ауданы айқын байқалады. Ескі қала - өзара жалғасып кеткен көптеген көмір шахталары мен олардың төңірегіндегі елді мекендері бар Қарағандының аса өнеркәсіпті бөлігі және жаңа қала – Қарағандының әкімшілік – шаруашылық және мәдени орталығы, барлық облыстық және қалалық мекемелер, жоғары және арнаулы орта оқу орындары, театрлар, ірі дүкендер, кітапханалар, жобалау институттары осында орналасқан. Мұнда қала халқына қызмет көрсететін өнеркәсіп орындары ғана бар. Жаңа қала – Қарағандының кең әрі түзу көшелері, көп қабатты үйлері, саябақтары, саяжолдары, алаңдары бар ең әсем әрі көркейтілген бөлігі.
Өнеркәсіптің
дамуына байланысты Қарағандының төңірегінде
серіктес қалалар мен қала үлгісіндегі
қоныстар пайда болды. Қарғандының оңтүстік
– батысында, Саран көмір кен орнының
маңында – Саран қаласы, одан әріректе
– шахтинск және Абай қалалары, Новодолинка,
Долинка, Шахан және Топар қоныстары даөсіп
шықты. Олардың әрқайсысында дерлік көмір,
химия немесе құрылыс индустриясы кәсіпорындармен
қатар, жеңіл өнеркәсіп орындары, атап
айтқанда, тігін фабрикалары бар. Бұл халықтың
еңбек ресурстарын барынша ұтымды пайдалануға
мүмкіндік береді.
3.2.
Теміртау, Жезқазған
қалалары
Теміртау (212 мың тұрғыны бар). Қарағандыдан солтүстік – батысқа қарай жебедей түзу автомобиль магистралі салынған. Оның бастапқы бөлігінде екі жағын қуала қарағаш, үйеңкі және басқа сәндік ағаштар отырғызылған, алғашқы шоқыдан асқан соң бұл жол жақсы өңделген танаптарды кесіп өтеді. Келесі шоқыдан қарағанда алдымыздан кенет индустрия панорамасы ашылғандай түтін шығып тұрған мұржалар, домна, мартен пештері мен кокс батареяларының зәулім ғимараттары, электр станциялары, бөгенді жағалай салынған көп қабатты тұрғын үйлер көрінеді. Бұл – Қарағандының маңызды серіктес қалаларының бірі – Теміртау.
Теміртауда өнеркәсіптің жетекші саласы – қара металлургия. Қалада қайта балқытатын металлургия зауыты және толық циклді металлургия зауыты бар. Ол Қарағандының оңтүстік - батысындағы Атасу және Қаражал кеніштері, кокс батареялары, агломерация фабрикасы және электр станциясымен бірге шойын, болат және әр түрлі прокат бұйымдарын шығаратын Қарағанды металлургия комбинатын құрайды. Синтетикалық каучук, амоний сульфаты және химия өнеркәсібі өнімдерінің басқа да түрлерін өндіру қала өнеркәсібінде маңызды орын алады. Экономикалық жағдайдың қиыншылықтарына байланысты Қарағанды металлургия комбинаты «Юсстил» шетел компаниясына 10 жылға берілген.
Теміртауда электр станциялары үшін жабдықтар шығаратын құю – механика зауыты, жөндеу зауыты, тігін және тоқыма фабрикалары, ет комбинаттары сияқты жеңіл және тамақ өнеркәсіптің түрлері бар.
Теміртау қаласы Нұра өзенінің жағасында бой көтерді, мұнда 1934 жылы Қарағанды қаласының қажетіне арнап ұзындығы 20 шақырым, ені 4 шақырым бөген салынған болатын. Ол да Қарғанды сияқты, бірнеше өндірістік және тұрғын үй аудандарынан тұрады. Оның батыс бөлігінде қайта балқытатын металлургия және құю – механика зауыттарымен қатар, бір – екі қабатты үйлерден тұратын ескі қала орналасқан. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қаланың оңтүстік – шығысынан қалашық салынды, кейін оның шығысынан жаңа тұрғын үй ауданы пайда болды. Қазір бұл қаланың көп қабатты үйлері бар ең көрікті ауданы. Қаланың барлық бөліктерін автомобиль және трамвай жолдары өзара бацланыстырады.
Жезқазған
(109 мың тұрғыны бар). Қарағандыдан батысқа
қарай шалғайда, темір жол жоқ тұйыққа
тірелген жерде ірі мыс қорыту өнеркәсібінің
орталығы - Жезқазған қаласы орналасқан.
Қала 1938 жылы Кеңгір деген шағын дала өзенінің
жағасындағы осы аттас қоныстың орнында
пайда болған. Қоныспен бірге Кеңгір бөгенінің
құрылысы басталған, ол қазір қаланы солтүстік
– шығыстан айнала қошап, негізгі су кзі
болып отыр. Жезқазғандағы өнеркәсіп орындарынан
мыс қорыту зауытын, республика мен басқа
көршілес елдердің металлургия зауыттарына
мыс және қорғасын концентраттарын беретін
екі кен байыту фабрикасын бөліп көрсетуге
болады. Жезқазған мыс қорыту зауытын
үлкендігіне қарай халық түсті металлургияның
«Қазақстан магниткасы» деп құметпен
атайды. Қалада құрылыс өнеркәсібінің
кәсіпорындары салынған, тоқыма және тігін
фабрикалары, ет комбинаты, қуатты жылу
электр станциясы жұмыс істейді. Жезқазған
қаласының маңында серіктес Кенді Жезқазған
елді мекені мен негізінен кеншілер тұратын
Сәтбаев қаласы бар.[2,5,8]
Қорытынды.
Орталық
Қазақстан – экономикалық-
Орталық Қазақстанның табиғат жағдайлары ауыл шаруашылығын, әсіресе егіншілікті дамытуға онша қолайлы емес. Бұл жердің климаты Республиканың басқа аудандарының климатымен салыстырғанда неғұрлым континентті, жазы ыстық және құрғақ, ал қысы суық, қары аз, күшті жел соғып тұрады. Жауын-шашын аз жауады. Солтүстікте ғана, Қарағанды және Қарқаралы ауданында жауын-шашынның мөлшері 300 мм-ге дейін жетеді, бұл суармайтын егіншілікпен айналысуға мүмкіндік береді.
Жер суаруға қажетті өзендер өте аз, ал ауданның оңтүстігі мен батысында көптеген территорияларда ағын су мүлде жоқ. Сондықтан Орталық Қазақстанды скмен қамтамасыз ету мәселесінің орасан зор халық шаруашылық маңызы бар. Бұл ауданның өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын дамыту көп жағдайда осы мәселенің шешілуіне келіп тіреледі. Ауданды сумен жабдықтауды жақсарту үшін көптеген өзендерде бөгендер салынған.
Өндірістік
тұрғыдан алғанда, өзара тығыз байланысты
ірі кен өндіруші және өңдеуші
өнеркәсіптің дамуы Орталық Қазақстанда
бірыңғай территориялық-өндірістік кешеннің
қалыптасуына себепші болды. Оның негізін
үш торап – Қарағанды-Теміртау, Балқаш
және Жезқазған өнеркәсіп тораптары құрайды,
олар былайша айтқанда, өте үлкен ерекше
үщбұрыштың төбесіне орналасқан деуге
болады. Оларға жоғары вольтты электр
желілерінің бірыңғай жүйесі және түсті
металдар концентраттары, құрылыс материалдары,
машиналар мен жабдықтар, халық тұтынатын
заттар үздіксіз тасымалданатын біртұтас
темір жол қызмет етеді. Қазіргі кезде
ауданның темір жолдары арқылы жүк революцияға
дейінгі Қазақстанның барлық темір жолдары
тасыған жүктен әлденеше есе көп тасымалданады.
Темір жолды кеніштермен, кенді ашық әдіспен
өндіретін карьерлермен және жұмысшы
поселкелермен байланыстыратын автомобиль
көлігіне көп міндет жүктеледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі