Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 19:34, курсовая работа
Экономикалық – географиялық жағынан Орталық Қазақстан басқа аудандардан оқшау болып, ХХ ғасырдың 30 –жылдарына дейін темір жол болмай, тіпті Ұлы Сібір магистралімен байланыспады да. Бірақ ертеде, яғни ХҮІІІ ғасырда Орта Азия, Оңтүстік Қазақстаннан Солтүстік Қазақстан, Батыс Сібір крепостниктік қалалары, не керісінше Петропавл, Ташкент, Жамбылға керуен жолдары өтті.
Кіріспе.....................................................................................................................3
1. Орталық Қазақстан экономикалық ауданына жалпы сипаттама...................6
1.1. Халқы ..............................................................................................................6
1.2. Экономикасы ..................................................................................................8
2. Шаруашылығы.................................................................................................10
2.1. Өнеркәсібі......................................................................................................10
2.2. Ауыл шаруашылығы және ондағы жайылымдық жерлердің экологиялық мәселелері.............................................................................................................14
3. Орталық Қазақстанның ірі қалалары.............................................................16
3.1. Қарағанды қаласы.........................................................................................16
3.2. Теміртау, Жезқазған қалалары.....................................................................18
Қорытынды...........................................................................................................19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................20
Қосымша...............................................................................................................21
2. Орталық Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылығы
2.1.
Өнеркәсібі
Орталық Қазақстан ауыр өнеркәсібі дамыған аумақтық - өндірістік кешен болып табылады. Бұл республиканың мемлекетаралық маңызы бар көмір – металлургия және химия – машина жасайтын ауданы. Ауыр өнеркәсіптің барлық аса маңызды салалары, ең алдымен, көмір, түсті, қара және сирек кездесетін мееталдар, шикізаттың металлургияға қажетті қосымша түрлерін шығарумен байланысты. Қазақстанда кокстелетін тас көмір толығымен осында өндірілп, барлық шойын мен болат, көп мөлшерде мыс пен басқа да түсті металдар осында балқытылады. Машина жасау зауыттары кен – шахта және металлургия жабдықтарын, ал химия өнеркәсібі – синтетикалық каучук, резина – техникалық бұйымдар, күкірт қышқылын, азотты тыңайтқыштар шығарады. Ауыр өнеркәсіп салаларының кешені жергілікті және сырттан әкелінентін шикізатпен жұмыс істейтін, негізінен алғанда, жергілікті жердің мұқтаждығын қанағаттандыруға арналған өнімдер шығаратын, көбінесе әйелдер еңбек ететін жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсібі орындарымен толықтырылады. Қарағандының кокстелмейтін көмір пайдаланатын қуатты жылу электр станциялары ауданның бүкіл өнеркәсібінің энергетикалық негізін құрайды.
Қара металлургия. Теміртау қаласында Қарағандының толық циклді қара металлургия комбинаты орналасқан, оны «Миттал Стил Теміртау» дейді. Мұнда өндірістің шоғырлану дәрежесі өте жоғары.
Қарағанды металлургия комбинаты машина жасау зауыттарына шойын, болат, прокат, ал ауыр өнеркәсіп салаларына сортты табақ прокат, домна пештеріне кокс пен агломерат, әр түрлі химиялық өнімдер домна шлагі, рельс, құбыр және басқа да көптеген өнімдер шығарады. Республика индустриясының флагманы (алабы) «Миттал Стил Теміртау» болып табылады. Бұл комбинаттың толық металлургиялық металы ТМД елдері және алыс шетелдерге экспортталады.
Сондай – ақ Теміртау қаласында еліміз металл сынығында жұмыс істейтін қацйта қорыту комбинаты да орналасқан. Бұл кәсірорын металл сынығын балқытып болат пен прокат өнімдерін шығарады. Қайта қорытудың толық циклдіден айырмашылығы мұнда рудадан шойын алу процесінің болмауында, қайта қорыту толық циклді комбинатқа бағдарланып орналасады.
Түсті металлургия. Түсті металлургияның басты саласы мыс өнеркәсібі Орталық Қазақстанда дамыған. Оның кен орындары Жезқазған, Қарсақпай, Жыланды, Ұлытау жері, Балқаш маңындағы Қоңырат, Шығыс Қоңырат, Саяқ, Кенді Алтайдағы Николаев т.б.
Жезқазған аймағының байлығын зерттеуде академик Қ.И.Сәтбаевтың алатын орны ерекше. Орталық Қазақстанның мыс рудалары негізінде мұнда Қарсақпай, Жезқазған, Балқаш мыс балқыту зауыттары жұмыс істейді. Балқаш пен Жезқазған кәсіпорындары ТМД – дағы ең ірілері болып, олардың шығарған мысы Лондон биржасында әлемдік стандарттың мысалы болып табылады. Қазақстан мысын негізгі импорттаушылар Италия, Германия және басқа елдер. Жезқазған кен-байыту комбинаты және «Жехқазған» мыс кен орны «Жезқазған түсті металл» бірлестігі құрамына кіріп, қорғасын және мырыш, кадмий, күміс, никель, висмут және рений шығарып алады. Өтпелі кезеңдегі экономикалық қиындықтармен байланысты «Жезқазған түсті металлургиясы» үкімет шешімімен 1995 жылғы маусымынан бастап Оңтүстік Кореяның «Самсунг» корпорациясы басқаруына берілді, қазір ол «Қазақмыс» бірлестігіне қарайды.
Машина жасау. Машина жасау зауыттары кен – шахта және металлургия жабдықтарын жасап шығарады.
Қарағанды машина жасау зауыты, Пархоменко атындағы - өңдеуші өнеркәсіп орны. 1942 жылы құрылған. Қарағанды машина жасау зауыты өндірісітің толық циклімен жұмыс істейді, олар: дайындау циклі, құю циклі, механикалық өңдеу циклі, термиялық өңдеу цмклі, металл конструкцияларын құрастыру циклі. Зауыт өнеркәсіптің кен қазу, көлік, металлургия, ауыл шаруашылығы, т.б. салаларына арналған бөлшектер мен жабдықтар шығаруға мамандандырылған. Зауытта құю өндірісінде пайдаланылатын қыртысты қалыптар өндіретін желілер іске қосылды. Мұның өзі шойыннан құйылатын жылыту радиаторларын және құйма бйымдардың басқа да түрлерін жаңа технологиямен өндіруге мүмкіндік берді.
Қарағанды құю – машина жасау зауыты - өңдеуші өнеркәсіп орны. 1941 жылдан жұмыс істеп келе жатқан «Кен – шахта құрал – саймандарын жөндеу зауыты негізінде 1997 жылы жеке меншік нысандағы акционерлік қоғам ретінде құрылған. 2000 жылы қазан айынан «Қазақмыс» корпорациясының бөлімшесі. Бұл кен – кентас техникасы мен БелАЗ автомашиналарына, кен – кентас құрал – жабдығына, металл құрастырғыштарға, жылытпалы қабырға панельдеріне қосалқы бөлшектер шығару; болат шарлар, ЦНС сораптарының жұмыс доңғалақтары мен корпустарын, т.б. кен-кентас техникасының қосалқы бөлшектерін құю; өздігінен жүретін кен-кентас техникасын жасау және күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарымен айналысады.
Электр –энергетика жүйесі. Қарағанды энергетика жүйесі – Қарғандының барлық өнеркәсіп орындарын, әлеуметтік – мәдени және тұрмыстық қызмет мекемелерін, халықтың тұрмыстық қажетін энегия және жылу қуатымен қаматамсыз ететін энергия көздерінің және оны беру мен бөлу қондырғыларының торабы. Қарағанды энергетика жүйесі Қарағанды орталық элетр станциясын пайдалануға берілген 1931 жылдан бері жұмыс істейді. 1942 жылы 1-Қарағанды мемлекеттік аймақтық электр станциясы салынды. Осы станция мен жергілікті электр желілері негізінде 1943 жылы Қарағанды энергетикалық комбинаты құрылды. 1945 жылы комбинат «Қарағандыэнерго» аймақтық энергетикалық басқармасы болып қайта құрылып, Ақмола, павлодар, Екібастұз, Қостанай және Алтай энергетикалық жүйелерімен бірге Солтүстік Қазақстан біріккен энергетикалық жүйесіне енді. Желі құрамында 2-Қарағанды мемлекеттік аймақтық электр станциясы (1962-68), 1-Қарағанды ЖЭО (1960-69) және 3-Қарағанды ЖЭО (1977-80), Қаражал ЖЭО (1960-63), Тнетек ЖЭО (1964-65) салынды, сондай-ақ, ЖЭО-ПВС (1960 -72), 2-ЖЭО (1973-82) пайдалануға берілді. Энергетикалық жүйесіне «Орталыққазэнергожөндеу», «Қарағандыэнергожөндеу» кәсіпорындары, энергетикалық бақылау мекемелері, оқу – курс комбинаттары енеді. Оған кіретін электр станцияларының қуаты 1643 мың кВт. Кернеуі 220-500 кВ электр беретін желілердің жалпы ұзындығы 3,5 мың км шамасында, ал кернеулі электр желілердің жалпы ұзындығы 33 мың км-ден астам.
Көмір өнеркәсібі. Қарағанды көмір алабы – бұрынғы кеңес одағындағы үшінші, Тәуелсіз Қазақстанның негізгі көмір базасы. Көмірді 1831 жылы қойшы бала Апақ Байжанов тапқан болатын. Еліміздегі аса мол ең жоғары сапалы кокстелетін және энергетикалық көмір беретін Қарағанды бассейнінің жалпы геологиялық қоры 51 млрд. тонна. Бассейнінің ауданы 3 мың шаршы километр, тереңдігі 50-300 м. Көмірідің қалыңдығы 1,5-15м, құрамында күкірт пен фосфор аз, республикадағы кокстелетін көмірдің 100% береді. Қарағанды бассейнінде Жезді мен Атасудың темір және марганец шығаратын кен орындарының, Топар әгі мен Байқоңырдың доломитінің жақын болуы Орталық Қазақстанда көмір өнеркәсібінің жедел дамуына мүмкіндік туғызды. Қарағанды бассейніне Абай, Шахта,Шахан, Қушоқы, бөрілі т.б. көмір кен орындары кіреді.
Отан соғысы жылдарында Донбасты уақытша жау басып алған кезде Кеңес Одағының өнеркәсіп орындары мен көлік қажетін көмірмен қаматамасыз ететін негізгі бассейн. Көмір негізінде шахталық, ал Михайлов кен орнында ашық әдіспен өндіріледі.
1931 жылдан бастап Орал – Кузнецк металлургиялық комбинатының жасалынуы және үкіметтің «Елде көмір және кокс байлықтарын арттыру» қаулысына байланысты Қарағанды бассейні Оңтүстік және Орталық Оралдың металлургиялық зауыттарына негізгі көмір беретін бассейн ретінде қаралудан оның рөлі арта түсті.
Қарағанды көмір алабы өте жоғары механикаландырылған. Бұл бассейн еліміздегі көмір өндіру көлемінің қазір 45% береді. Өндірілген көмірдің 50% өзінде, яғни Қарағанды металлургиялық комбинатында, көлік, коммуналдық шаруашылық, жылу электр станцияларында пайдаланылуда. Ал көмірдің қалған Ресейдің Орал, Поволжье аудандарына және Орталық Азия елдеріне шығарылады.
Қарағанды көмір бассейні соңғы жылдары нарықтың қиындығына байланысты ірілендіріліп бес шахта жабылып, оның құрал жабдықтары қосылған шахталарға, ал Қарағанды көмір комбинатының әлеуметтік – мәдени орындары Қарағанды қаласына берілді. Қарағанды бассейнінің бүгінгісі осылай десек, оның болашағы одан да зор. Қарағанды шахтерлері жылына 50 млн. тонна көмір өндіріп отырғанның өзінде бассейнінің қоры екі ғасырға жететін болады.
Химия өнеркәсібі - синтетикалық каучук, резина – техникалық бұйымдар, күкірт қышқылын, азотты тыңайтқыштар шығарады. Теміртауда Қарағанды көмірін кокстеуден шығатын қалдықтарды пайдаланып, амоний сульфаты өндіріледі. Теміртаудағы Қарағанды синтетикалық каучук зауытында , Қарағанды металлургия зауытында кокс – химия және смола айдайтын цехтар жұмыс істейді. «Испат – Кармет» АҚ коксхимия өндірісінің газы негізінде ғана аздап азот тыңайтқышын шығарады. Соңғы жылдары «Саранрезинатехника» және «Қарағандырезинтехника» ЖШШ дағдарыстан шығып, өнімдер шығаруда.
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі. Қарағанды аяқ киім фабрикасы, жиһаз фабрикасы, сыртқы трикотаж, тігін және шұлық бұйымдары кәсіпорындары бар.
Қарағанды ет комбинаты, диірмен комбинаты, Қарағанды кондитер фабрикасы, Балқаш балық зауыты бар.
«Қарағанды конфеттері» – кондитер өнімдерін шығаратын кәсіпорын. 1996 жылы ағылшын фирмасы сатып алған «Жанар» ААҚ-ның негізінде жеке меншік нысандағы акционерлік қоғам ретінде құрылған. Кәсіпорын өнімдері ел ішінде, алыс және жақын шет ел рыноктарында сатылады. 2002 жылы 7,1 мың тоннадай дайын кондитер өнімдері шығарылады.
«Қарағанды - нан» - тамақ кәсіпорны. 1995
жылы 28 ақпанда жеке меншік нысандағы
акционерлік қоғам ретінде тіркелген.
Кондитерлік нан – тоқаш өнімдерін және
сусын, жартылай дайындалған тағамдар,
шұжық, жұмыртқа және құс етін, ұн және
жақылдардан жасалатын тағамдар шығарады.
Кәсіпорын өнімдері ел ішінде және ТМД
елдерінде өткізіледі. 2002 жылы 61,4 мың
тонна дайын нан, жаңа жасалған кондитерлік
тағамдар, ұн шығарылады.[7.8.6]
2.2.
Орталық Қазақстан экономикалық
ауданының ауыл
шаруашылығы және ондағы
жайылымдардың экологилық
мәселелері
Орталық Қазақстанда аграрлық - өнеркәсіптік кешен өнеркәсіпке қараағанда нашар дамыған, шаруашылықтың қосалқы саласы болып есептеледі. Орталық Қазақстанға республика егіс көлемінің 6 пайызы келеді. Солтүстік бөлігіндегі құрғақ дала зонасында жаздық бидай өсіріліп, сүт-ет бағытындағы ірі қара шаруашылығы дамыған. Шошқа шаруашылығының маңызы зор. Ауданның оңтүстік, оңтүстік – батысында қой шаруашылығы дамыған.
Әр түрлі табиғат жағдайына байланысты ауыл шаруашылығын ұштастыруға қарай Орталық Қазақстан үш аудан тармағына бөлуге болады:
1. Солтүстік – дәнді – мал шаруашылықты зона. Оған бүкіл орталық аудан аумағының 11,5 пайызы, егіс көлемінің 66 пайызы, дәнді дақылдар өнімінің 70 пайызы (жаздық бидай, арпа, тары) келіп, барлық техникалық дақылдардың егісі, картоп және көкөніс орналасқан. Мал шаруашылығы сүтті – етті бағыттағы ірі қараның басымынан көрінеді.
2. Солтүстік – шығыс – мал – астықты ұсақ шоқылы зона ауданы. Оған мал жайылымының 86 пайызы келеді. Ал егіс шоқының, не тұзды массивтің арасында әр жерде жаздық бидай, тары және мал азықтық дақылдар егіледі. Табиғат жағдайы қой, жылқы шаруашылығын дамытуға қолайлы. Қой тауарлары мал өнімінің 60 пайызын береді.
3. Орталық, оңтүстік – шөл, шөлейтті мал шаруашылықты аудан. Ең үлкен, Орталық Қазақстан аумағының 70 пайызы келетін аудан. Негізгі мамандануы – ет, құйрық бағытындағы қой шаруашылығы, бүкіл Орталық Қазақстан қой санының 60 пайызы келеді. Мүйізді ірі қарадан қазақтың ет бағытындағы ақ бас сиыры ғана басым. Жыртылған жері өте аз – ол Сарысудың жоғары ағысы, шоқы арасында, өнеркәсіп орталықтары маңында ол жергілікті тұтынуды қамтамасыз етуде ғана маңызды.
Орталық
Қазақстан экономикалық ауданында
жайылымның тозу мәселелері пайда болуда,
олар табиғи және экологиялық жағдаймен
байланысты. Антропогендік кері іс - әрекетке
байланысты шөлдену мен жайылымның тозуының
кеңею процестері табиғи және антропогендік
әсер немесе себептермен түсіндіріледі.
Табиғи факторлар облыстың табиғи жайыылмдары
аридті зонада орналасуымен, ылғалдың
аз түсуімен, булану мөлшерінің жоғарылығы
және жер бедерінің ерекшеліктері бойынша
бағаланады. Шөленудің негізгі катализаторы
климаттың қуаңшылығы және құғақшылығы
болып табылады. Мұндай құбылыс, әсіресе,
облыстың аридтік зонасы үшін тіпті жоғары.
Онда жылына 100-120 мм жауын шашын түсіп,
осы мөлшері булануға кетеді. Облыстың
оңтүстік бөлігінде (солтүстік Балқаш
маңы, Бетпақдала, Ұлытау ауданының оңтүстігі)
құрғақшылық жылына 40-60 күнге созылады.
Аймақтың күнделікті температура – ылғалдылық
қалпының нашарлауы шөлденудің жоғарылығын
сипаттайды. Атмосфералық жауын шашын
(100 жыл ішінде) жылдық температураның
өсуі облыста ғана емес, сонымен бірге,
Қазақстанның барлық аумағында 10 жыл сайын
0,2º С, орташа жылдық және маусымдық температурасы
100 жылда 1º С өсті, бұл орташа ғаламдық
деңгейден 2 есе жоғары. Сонымен бірге,
ақырғы 10 жыл ішінде ауа температурасының
орташа деңгейінің өсуі байқалады. Орталық
Қазақстанның дала зонасында жыл сайын
шаңды дауыл 10-20 күн, шөлде 30-50 күнге
созылатыны байқалып отыр. Облыстың климаттық
геоэкожүйесі мезгілді қуаңшылыққа бейімделген.
Бірақ, антропогендік факторлар осы процестерді
өткірлей түседі. Антропогендік шөлдену
және жайылымның тозу факторлары адамның
көптүрлі әрекетімен байланыстырылады.
Негізгі факторлары мал жайылымы, егін
шаруашылығы, су ағысының реттелуі, т.б.
болып табылады. Орталық Қазақстанда жайылымға
шамадан тыс артық салмақ түсіру оның
ресурстарының тепе – теңдігінің бұзылуымен,
жайылымды тиімсіз пайдаланудағы салаларымен
анықталады.[5.7.9]