Орталық қазақстан экономикалық ауданы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 19:34, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық – географиялық жағынан Орталық Қазақстан басқа аудандардан оқшау болып, ХХ ғасырдың 30 –жылдарына дейін темір жол болмай, тіпті Ұлы Сібір магистралімен байланыспады да. Бірақ ертеде, яғни ХҮІІІ ғасырда Орта Азия, Оңтүстік Қазақстаннан Солтүстік Қазақстан, Батыс Сібір крепостниктік қалалары, не керісінше Петропавл, Ташкент, Жамбылға керуен жолдары өтті.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3

1. Орталық Қазақстан экономикалық ауданына жалпы сипаттама...................6

1.1. Халқы ..............................................................................................................6

1.2. Экономикасы ..................................................................................................8

2. Шаруашылығы.................................................................................................10

2.1. Өнеркәсібі......................................................................................................10

2.2. Ауыл шаруашылығы және ондағы жайылымдық жерлердің экологиялық мәселелері.............................................................................................................14

3. Орталық Қазақстанның ірі қалалары.............................................................16

3.1. Қарағанды қаласы.........................................................................................16

3.2. Теміртау, Жезқазған қалалары.....................................................................18

Қорытынды...........................................................................................................19

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................20

Қосымша...............................................................................................................21

Работа содержит 1 файл

Орталык Казахстан.doc

— 147.00 Кб (Скачать)

Қостанай  Мемлекеттік Педагогикалық Институты

Жаратылыстану ғылымдары факультеті

Биология  және география кафедрасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Салауатов Аслан Нағашыбайұлы 

Курстық жұмыс 

Орталық Қазақстан экономикалық ауданы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Тексерген: Баймағанбетова Қ.Т.

                                                                                            Аға оқытушы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қостанай  2009

Мазмұны

Кіріспе.....................................................................................................................3

1. Орталық Қазақстан экономикалық ауданына жалпы сипаттама...................6

1.1. Халқы ..............................................................................................................6

1.2. Экономикасы  ..................................................................................................8

2. Шаруашылығы.................................................................................................10

2.1. Өнеркәсібі......................................................................................................10

2.2. Ауыл шаруашылығы және ондағы жайылымдық жерлердің экологиялық     мәселелері.............................................................................................................14

3. Орталық  Қазақстанның ірі қалалары.............................................................16

3.1. Қарағанды қаласы.........................................................................................16

3.2. Теміртау, Жезқазған қалалары.....................................................................18

Қорытынды...........................................................................................................19

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................20

Қосымша...............................................................................................................21 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

Экономикалық  – географиялық жағынан Орталық  Қазақстан басқа аудандардан  оқшау болып, ХХ ғасырдың 30 –жылдарына дейін темір жол болмай, тіпті Ұлы Сібір магистралімен байланыспады да. Бірақ ертеде, яғни ХҮІІІ ғасырда Орта Азия, Оңтүстік Қазақстаннан Солтүстік Қазақстан, Батыс Сібір крепостниктік қалалары, не керісінше Петропавл, Ташкент, Жамбылға керуен жолдары өтті.

     Орталық Қазақстанның экономикалық – географиялық жағдайы революциядан соң, яғни Орал – Кузнецк металлургиялық комбинатының  салынуымен, темір жолының құрылысының жүруімен байланысты жақсара түсті. Аудан аумағы арқылы Трансқазақстан темір жолы өтіп, аудан ішілік байланысты қамтамасыз етумен қатар, оның Орал, Батыс Сібір және Орта Азия экономикалық аудандарымен экономикалық байланыстары жақсарды.

     Қазіргі Орталық Қазақстан – индустриалды, республика өнеркәсіп өнімінің 20 пайызын беретін аудан. Мұнда өте бай табиғат ресурстарын  игере отырып, көмір өндіру, түсті және қара металлургия, соның нәтижесінде металды көп қажет ететін машина жасау өнеркәсібі дамыған.

     Орталық Қазақстан Ресейдің өнеркәсіпті  дамыған Орал экономикалық ауданына жақын жатыр. Бұл өзінің кокстелетін көмірін Оралдың орта және оңтүстік бөліктеріндегі металлургиялық комбинаттарын қаматамсыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстанның континенталдық орталық бөлігіндегі жағдайы – климатының қуаңшылығы, тұщы судың жалпы жетіспеушілігі, шаруашылық салаларының дамуын тежеуші фактор.

     Ол  жылы теңіз, мұхиттардан өте алыстығына байланысты. Сонымен бірге оның аумағында  жыл бойы жоғары қысым облысы болады. Қыста оған Сібір антициклон тармағы  еніп, ал жазда ол Азор максимумының шығыс тармағы әсерінен  бұзылып, тарап кетеді. Сондықтан жыл бойы барлық жерде ашық ауа райы, яғни аязды қыс, ыстық жаз болады.

     Орталық Қазақстанның табиғат жағдайы егіншілікті  дамытуға онша қолайлы емес. Жыртуға  жарамды жердің көлемі 2,5 млн.га. Оның біразы эрозияға, сортаңға қарсы шараларды қажететеді. Ал мал шаруашылығы үшін ауданның табиғат жағдайы қолайлы. Шөлейт зонасы көктем, күзгі, ал биіктеу аймағы – жақсы жазғы мал жайылымы.

     Орталық Қазақстан жер бетінің құрылысы жөнінен аз тілімденген жазықты  аймақ, басым бөлігін Қазақтың қатпарлы өлкесі – Сарыарқа алып жатыр. Бұл палеозойда пайда болған таулы аймақтың қалдығы, теңіз деңгейінен орташа биіктігі 1000-1500 м аймақта кездеседі, оған шығысындағы  биік нүктесі Қызылрай (1559 м) деп аталатын Қарқаралы тауы, батысында Ұлытау (1135 м) жатып, одан солтүстік оңтүстікке аласарады және тегістеледі. Оңтүстігінде ол сазды шөлді Бетпақдалаға айналып, батысында Тұран ойпатына жалғасады.

     Ауданның  климаты шұғыл континенталды  болып келеді. Орталық Қазақстанның солтүстік жиегі арқылы Қарағанды қаласынан солтүстікке қарай қара және қошқыл каштан топырақты құрғақ дала зонасы өтіп, мұнда түсетін  300 мм жауын шашын суарусыз егіншілікке қолайлы болып келеді. Бүкіл орталық бөлігін ашық-каштан топырақты шөлейтті- дала зонасы алып, егіншілік тек суармалы жағдайда  ғана мүмкін. Ауданның оңтүстік бөліктері  жусанды – күйреуікті шөлге еніп, басым түрде мал жайылымы ретінде пайдаланылады.

     Орталық Қазақстанда өзендер де аз. Оңтүстігі мен батысында, әсіресе Бетпақдалада ағын су болмайды да. Бұл аудандардың көпшілігінде ағын тек қар еріген кезде ғана пайда болып, көктемгі 20-40 күнде ол жылдық ағынның  90 пайызын шығындайды. Ең ірі өзендері Шерубайнұра саласымен Нұра, ал кеңгірмен бірге Сарысу, ағысы да тұрақсыз. Жылдық ағынның 70-90 пайызы көктемгі қар еру кезіне келіп, жазда аз сулы, кейде құрғапта қалады. Сондықтан олардың суын сақтау үшін, ол өзендерде ағынды реттейтін су қоймалары салынған.

     Ауданның  оңтүстік және батыс бөліктерінің басымында  ағын сулар болмай, сондықтан Орталық  Қазақстанды сумен қамтамасыз ету аса маңызды шаруашылық проблемасына  айналып отыр. Сумен қамтамсыз етуді жақсарту тұрғысында  кейбір өзендерінде  Нұра, Қарсақпай, Жезқазған су қоймалары жасалынып, Ертіс – Қарағанды каналы тартылған. Мұның барлығы ауданның табиғат жағдайының ауыл шаруашылығын дамытуға, әсіресе егіншілікке онша қолайлы еместігін көрсетеді.

     Курстық жұмыстың мақсаты және міндеттері: Орталық Қазақстан экономикалық ауданына жалпы сипаттама беру. Орталық  Қазақстанның  халқы мен экономикасына  сипаттама жасау, шаруашылық, яғни өнеркәсіп, ауылшаруашылығы салаларымен танысу және ірі қалаларына тоқталу.

       Осы мақсаттарды жүзеге асыру  үшін алдыма мынадай міндеттер  қойдым:

  • Орталық Қазақстан экономикалық ауданына жалпы сипаттама жасау;
  • Орталық Қазақстан экономикалық ауданының халқының орналасуын, тығыздығын анықтау;
  • Орталық Қазақстан экономикалық ауданының экономикасына тоқталу;
  • Орталық Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылық салаларымен танысу;
  • Орталық Қазақстан экономикалық ауданының ірі қалаларын анықтау және сипаттама бер.

     Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстанның аудандатырылуына  кіретін Орталық Қазақстан экономикалық ауданы  туралы мәлімет беру үшін, оны үш бөлім негізінде қарастырдым: бірінші, Орталық Қазақстан экономикалық ауданына және оның халқы мен экономикасына жалпы сипаттама; екінші, Орталық Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылығы; үшінші, Орталық Қазақстан экономикалық ауданының ірі қалалары.

     Орталық Қазақстан экономикалық ауданына және оның халқы мен экономикасына, шаруашылығына  оның ішінде өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығына, сонымен қатар ірі қалаларына сипаттама беруге, олар жөніндегі мәліметтерді анықтап, таныстыруға тырыстым. 

       Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық  жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім,  яғни негізгі мәселелерді қамтитын  ІІІ тарау, қорытындыдан,  пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

     Теориялық негізі: Осы курстық жұмысымды  бірнеше әдебиеттерді басшылыққа ала  отырып жаздым. Оның ішінде негізінен:

Е.А.Ахметов  «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы пәнінен дәрістік курсы»,  К.Б.Ахметова «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік георафиясы», Қазақстан.Энциклопедия және т.б. әдебиеттерді пайдалана отырып, Орталық Қазақстан экономикалық ауданына экономикалық - географиялық тұрғыдан толық сипаттама бердім. 
 

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1. Орталық Қазақстан экономикалық ауданына жалпы сипаттама

1.1. Халқы 

       Орталық Қазақстан – экономикалық  – географиялық тұрғыдан алғанда  атына сай республиканың орталығында  орналасқан аудан. Оның жер  көлемі 428 мың шаршы шақырым, Қазақстан аумағының  15,7 пайызын алады. Халқы 1,7 млн. адам, бұл республика халқының 10,8 пайызы. Ауданның құрамына бір ғана Қарағанды облысы жатады.

     Орталық Қазақстан Қазақстанның орталық  бөлігінде Нұра,  Сарысу өзендері бассейнінде Орал және Кузбастан бірдей қашықтықта жатқан аудан. Батыстан шығысқа  1060, ал солтүстіктен оңтүстікке  600 км созылып жатыр. Аудан аумағында күшті мұжылған Сарыарқа ескі тау жүйесі орналасып, ол рудалы және рудасыз қазбаларға мол болып келеді.

     Орталық Қазақстан халқының саны жөнінен  республикадағы бес экономикалық ауданның ішінде  төртінші орын алады. Мұнда Қазақстан халқының 11%-дан тұрады. Халқының орташа тығыздығы 1 шаршы шақырымға 3,6 адамнан келеді. Ауданның солтүстік бөлігінде және Нұра өзенінің аалбы мен Қарағанды – Астана темір жолының бойындағы алқапта халық тығыз орналасқан. Қарағандыдан  шығысқа қарай, әсіресе оңтүстік  пен оңтүстік пен оңтүстік батысқа қарай халықтың орналасу тығыздығы күрт кемиді. Балқашқа, Жезқазғанға, Қарсақпайға, Қарқаралы мен басқа да өнеркәсіп орталықтарына жанасып жатқан жерде халық едәуір жиі қоныстанған.

     Тұрғындарының орташа тығыздығы 1км2-ге 3,1 адамнан келеді. Егіншілікке қолайлы табиғи жағдайлары бар солтүстіктегі үш ауданда (Абай, Бұқар жырау, Осакаровка) тұрғындар жиі қоныстанған (1км2-ге 3,5-8,9 адамнан). Қалған аудандарда  0,1 адамнан (Ұлытау ауданы), 1,4 адамға (Қарқаралы ауданы) дейін ғана. Тұрғындар жиі қоныстанған аймақтарға үлкен қалалардың төңірегі, Нұра өзенінің аңғары жатады. Ал облыстың оңтүстігінде халық өте сирек. Орталық Қазақстан экономикалық ауданының қала халқы 2003 жылы  1106,3 мыңға жетіп, оның үлесі 83%-ды құрады. Бұл жөнінен Орталық Қазақстан экономикалық ауданы республикада бірінші орын алады. Қалалары: Қарағанды, Абай, Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Қарқаралы, Приозерск, Саран, Сәтбаев, Теміртау, Шахтинск. Орталық Қазақстан экономикалық ауданында қазақтардан (37,6%) басқа көптеген ұлт өкілдері мекендейді: орыстар (43,6%), украиндар (5,6%), беларустар (1,5%), немістер (4,0%), өзбектер (0,2%), басқалары (7,5%)  (2003).[2.7.10] 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2. Орталық  Қазақстан экономикалық ауданының экономикасы 

     Кеңес өкіметі жылдары облыста жергілікті кен байлықтары мен ауыл шаруашылығы  шикізатының негізінде көмір  өндіру, энергетика, қара және түсті  металлургия, химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу, құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамып, облыс экономикасының негізгі салаларына айналды.

      Орталық Қазақстан экономикалық ауданының  жалпы ішкі өнімнің  10,1%%-ын  (290,6 млрд. теңге) берді. Облыстың энергетикасы жергілікті көмірге негізделген. Ірі аудандары мен жылу электр станциялары Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Тнетек, Топар, Қаражал елді мекендерінде, ұсақтары Қарсақбай, атасу, Жамбыл, Мойынты, Сарышағанда орналасқан. Олар 2001 жылы  10,8 млрд. кВт/сағ электр энергиясын               (республика энергиясының 19,5%-ы), 15,2 млн. гкал жылу энергиясын (республика жылу энергиясының  19,9%-ы), 536,4 млн. куб. м табиғи су   (24,0%-ы) берді.

Өнеркәсіптің  басты салаларының бірі – көмір  өндіру, кокс шығару.   2001 жылы Қарағанды, Шахтинск, Абай, Саран, Тентек шахталары, Шұбаркөл,  Қушоқы қималары  21,8 млн. тонна көмір өндіріп (республика көмірінің 27,5%-ы),  2,6 млн. тонна кокс (100%) берді. Саранда «Сабырхан» көмір байыту фабрикасы жұмыс істейді. Қара металлургиясы Қаражал, Кентөбе, Соколов – Сарыбайдың темір, жез, марганец кентастарына, Топардың әктасына негізделген «Испат Кармет» ААҚ-ы (Теміртау) комбинатынан тұрады. Оның кәсіпорындары  2001 жылы  1,84 млн. тонна мтемір ( республика өнімінің  11,6%-ы),  1,39 млн. тонна марганец (100%) кентасын өндіріп, 3,9 млн. тонна шойын,  4,664 млн. тонна болат,  3,89 млн. тонна қақтау,  216,4 мың тонна ақ қаңылтыр, 1782 тонна ферроқорытпалар,  1782 тонна ферросиликомарганец шығарады. Түсті металлургия мыс кентастарын шығару мен байыту салаларынан тұрады. Облыста мыс өнеркәсібі екі орталықта дамыған. Оның біріншісі «Қазақмыс» корпорациясына қарайтын Жезқазған кен – металлургия комбинаты. Оның құрамында Жезқазған кентінде, Сәтбаев қаласында 10-ға жуық түгелдей механикаландырылған шахталар, екі карьер, екі кен байыту  фабрикасы, мыс қорыту зауыттары бар. Екіншісі – «Балқашмыс» кен – металлургия комбинаты. Оның құрамында Қоңырат, Саяқ, Шатыркөл карьерлері, байыту фабрикасы, мыс қорыту, қақтау зауыттары бар. Жезқазған, Балқаш кен-металлургия комбинаттары мыс балқытумен  қатар таза алтын, күміс, т.б сирек металдар алумен шұғылданады. Олар 2001 жылы 34,6 млн. тонна мыс кентасын өндірді,  418,4 мың тонна таза мыс, 401,7 мың тонна тазартылмаған мыс, 5581 кг тазартылған алтын,  654,2 тонна күміс шығарады, 248,3 мың тонна күкір қышқылын алады. Полиметалл мен сирек кездесетін металдарды өндіру өнеркәсібі дамып келеді. Оның ірі орталықтары Ақжол (қорғасын, мырыш), Ақшатау, Жамбыл (Вольфрам, молибден), Қарағайлы, Жоғарғы Қайрақты (полиметалл, сирек металдар). Олар  2001 жылы 871,0 мың тонна қорғасын – мырыш кентасын өндіріп, Өскемен, Шымкент зауыттарына жіберді. Облыста Жезқазған, Теміртау зауыттарынан шығатын газ, әктас, минералды тұз кендерінің негізінде химия өнеркәсібі дамып келеді. Химия кәсіпорындарынан Теміртауда химия – металлургия зауыты, «Қарағанды химия өнеркәсібі» ЖШС – і, Саранда екі шина  жөндеу зауыттары бар. Металлургия зауыттар ықосымша өнім ретінде 21,1 мың тонна минералдық тыңайтқыш шығарады. Машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындары негізінен Қарағанды қаласында орналасқан. Мұнда құю – машина жасау зауыты, «Қарағанды кен – машина ИТЭКС» ААҚ, Энергия, сауда – техника комбинаттары, турбо – механикалық, Пархоменко атындағы машина жасау, көмір машинасын жасау, №1 машина жасау, тұрмыстық техника зауыттары, Теміртауда «Шығысэнергия жөндеу - SEE», «Энергия жөндеу - Т» ЖШС- тері, «Энергоприбор» өндірістік кооперативі, Жезқазғанда «Салааралық өндіріс - өндіру фирмасы» өндіріс кооперативі жұмыс істейді. Бұлардан басқа шахта, кеніш жабдықтарын, энергетика, көлік және ауыл шаруашылығы машиналарын жөндейтін ондаған зауыттар мен шеберханалар бар. Қарағанды, Теміртау, Жезқазған,Балқаш, Шхтинск, Абай, Саран, Қаражал, т.б. қалалар мен кенттерде темір-бетон бұйымдары мен құралымдарын, қабырғалық материалдар мен құрылыс бөлшектерін, әк, гипс, кірпіш, жылу өткізбейтін материалдар, ағаш өңдейтін, жиһаз жасайтын ондаған құрылыс өндірісінің зауыттары мен комбинаттары жұмыс істейді. Бұлар 2001 жылы 145 теңге бояу мен лак, 472,1 мың тонна әк, 16,2 мың тонна бетоннан жасалған құрамды құрылыс құралымдарын, 453,8 мың м2 шифер, Ақтау кентіндегі цемент зауыты мен Теміртаудағы «Central Asia cement» ААҚ 529,8 мың тонна цемент өндіреді. Сырттан тасылатын шикізаттар негізінде Қарағанды, Жезқазған, Балқаш қалаларында ағаш өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді.[5.9.10] 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Орталық қазақстан экономикалық ауданы