Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Марта 2012 в 16:34, курсовая работа
Диплом жұмысының көкейтестілігі Малайзиядағы ХҮ-ХІХ ғғ аралығындағы елдің саяси дамуы туралы обьективтік білімдерді біртұтас жинақтауға ынталануын көрсетеді.
Хронологиялық жағынан біз ХҮ –ХІХ ғ аралығын, яғни Малайзияда сұлтанаттардың қалыптасу кезеңінен бастап, капиталистік қатынастарға өту кезеңіне дейінгі уақытты қамтыдық.
Кіріспе ………………………………………………………………………. 3-4
І Тарау: Малаккка сұлтанаты /1400-1511жж/
1.1.Малакка сұлтанатының саяси дамуы.......................................................5-6
1.2.Сыртқы қатынастары және Ислам дінінің енуі...................................7-11.
1.3.Қоғамдық және мемлекеттік құрылымы.............................................12-17
ІІ Тарау: ХҮІ-ХҮІІІ ғ Малайя
2.1.Малайяға Европа державаларының енуі............................................18-19
2.2.Джохор –Португал соғысы...................................................................20-24
2.3.Малайяны Ачеліктердің жаулап алуы................................................25-29
Түбекте басқа княздік вассалдықтар 1478 жылы Малакка билігін мойындаған Тренгану, сонымен қатар Пахангқа басып кірген Сиам әскеріне 1500 жылы Малакка берген тойтарыстан кейін Сиаммен вассалдық қатынасты үзген Кедах, Келантан және Патани болды.
Малая мәдениетінің қалыптасуында Малакка сұлтанаты өте маңызды кезеңді құрады.
Малакка мәдениеті түбек пен архипелагта буддизм мен индуизмнің орнына келген исламның орнығуымен тығыз байланысты. Малакка сұлтанаты Оңтүстік-Шығыс Азияға жаңа дінді тарату орталығы болды. ХV ғасырдың екінші жартысында ислам Малакканың түбектегі вассалдық иеліктеріне – Паханг, Кедах, Патани, сонымен қатар Шығыс Суматраға тарады. Малаккамен тығыз байланысты және маджапахит билігіне қарсы күресуші Яваның солтүстік жағалауындағы қала мемлекеттер ХV ғасырдың аяғында мұсылмандықты қабылдады. Индуизм мен буддизм сияқты ислам да әуелгіде малакка қоғамының тек жоғарғы табына ғана тиесілі болды. Тұрғындардың негізгі бөлігі бұрынғыша индуизм мен буддизм рәсімдерімен үйлесетін анимистикалық сенімде болды. Мысалы, Пахангта махаяндық және тантрилік сенімдер мен рәсімдер, индуистік құдай ана Калиге адамды құрбандыққа шалу ХVІІ ғасырдың басына дейін сақталды. Халық арасына ислам жүздеген жылдар өте енді. Түрлі халықтан құарлған Малаккадағы исламның басқа діндерге шыдамдылық танытуын атап өту керек.
ХVІІ ғасырға дейін малаяға өзіндік ерекшелігімен ерекшеленген үнді исламы шешуші ықпал жасады. Малая исламына сонымен қатар махаяналықтардың буддизмі мен ежелгі дін – анимизм мен ата-бабалар мәдениеті елеулі ықпал етті. Малаядағы исламның негізгі ерекшелігі махаянизм мен шивизм даярлаған мистицизм болды.
Ислам Малая қоғамына бейімделе отырып осы қоғамның өткені мен салт-дәстүріне сәйкес заңдарын өзгертті. Малаккада мұсылмандыққа дейінгі үйлену рәсімдері, қайтыс болғандардың денесін жағу дәстүрі және т.б. сақталды. Ұзақ уақытқа дейін малаяда мұсылмандыққа дейінгі заңдар әрекет етті. Малаяда әйел адам басқа мұсылман елдеріне қарағанда үлкен құқыққа ие болды. Мұрагерлік құқық исламдық емес, дәстүрлі күйінде қалды; жесір әйел дүние-мүліктің 1\8-ін емес одан көп бөлігін иеленді. Әйел адам өзінің мүлкін иеленуге, іс жүргізуге және т.б құқылы болды. Түра осылай мұсылмандық үйлену рәсімдері де біртіндеп ене бастады: ислам тарағаннан кейін де бірнеше ғасырлар бойы үйлену рәсімі ескі дәстүр мен канондар бойынша жүрді. Мұсылмандық құқық малая қоғамына өте аз дәрежеде әсер етті.
Ислам өткен кезеңнің ескерткіштерін жою арқылы Малаяның сәулет және мүсін өнеріне күйрете соққы берді. Мұсылман дініндегі адамды мүсіндеуге салынған тыйым үнді-малаялық өзіндік сипат алған мүсін өнерін жойды.
Басқа жағынан алғанда исламның арқасында малая араб-парсы өмірінің бай мәдениетімен танысуға мүмкіндік алды. Малая тілі Малакка кезеңінде мұсылман мәдениетінің негізгі тілдерінің бірі болды. Мұсылман аңыздары, араб және парсы әңгімелері малая тіліне аударылып малай әдебиетінің қорын толықтырды. Мұсылман догматтары мен заңдарын негіздеу үшін Малая тілі жаңа сөздермен толықты. Мұсылман өмірімен танысу малаялықтардың ой-өрісін кеңейтті.
Малакка сұлтанаты кезенінде және оның күйреуінен кейін де малая классикалық әдебиеті өзінің тамаша туындыларын қалыптастырды. Малаяның тамаша тарихи-әдеби ескерткішінің бірі «Седжерак Мелаю» (Малая шежірелері) болып табылады. Шығарманың авторы Малаккада португалдықтар басып алған кезеңге дейін және одан кейін өмір сүрген белгісіз адам болды. Бұл еңбекті жасаушы тарихшы, жазушы, ақын және философ болды. Оның білімі шындығында энциклопедиялық: ол үнді эпосымен, араб және парсы текстерімен, ява шығармаларымен таныс болды, санскритті, араб, парсы және тамиль тілдерін білді, қытай, тай және португал тілдерімен таныс болды. «Седжерах Мелаю» - автордың ерте тарихы айтылған тұсындағы мифтік, аңыздық сипатта болғанына қарамастан ХV ғасырдағы Малая тарихы мен өмірінің нағыз энциклопедиясы. /24/
Малакка кезеңінде малаялық рыцарлық оқиғалы романдардың дамуы қарқынды жүрді. Мұндай сипаттағы елеулі шығарма «Хикаят Ханг Туах» (Ханг Туах туралы повесть) болды. Онда прототипі ХVғасырдың екінші жартысында малакка сарайында қызмет еткен лаксман Ханг Туах болған, аңызға айналған малая батырының тарихы баяндалған.
Бұл кезеңде малай тіліне Александр Македонский («Хикаят Искандар Зулкарнайн»), парсы жаулуашылықтары («Хикаят Амир Хамза»), Мұхаммед пайғамбардың серіктері (Хикаят Мухаммед Хакафия), туралы мұсылман романдары, сонымен қатар парсы және үнді патшалары « Тути – наме », « Камила және Димна », « Панчатантра » аударылды.
ХV ғасырда Малая поэзиясының даму қарқыны күшейді. Малая оқиғалы романдарына ұқсас, шаир атты ұйқасты поэмалар пайда болды.
«Малая шежірелерінде » пантундар – Малая паэзиясының көркемдік жағынан қызықты және тамаша халықтық жұибаққа кемелденген шумақты өлеңдер туындады.
Портты қаланың тамаша гүлденуі, сарай салтанаты мен мәдениеті мен талғампаздығы – мұның бәрі толқымалы негізде болды. Малакка сұлтанатын шиеленістер шайқалтты (ыдыратты). Феодалдар мен бай көпестердің шағын бөлігі халық тығыз орналасқан қалалар мен оның айналасындағы шаруалар, құлдар, қолөнершілер мен ұсақ саудагерлер есебінен өмір сүрді. Орталық билік пен вассалдар арасында елеулі қарсылықтар болды. 1500 жылы Пахангқа шабуыл жасаған Сиам қауіп төндірген сұлтанаттың сыртқы саяси жағдайы да қиын болды.
Сарайдағы феодал – көпестердің бақталас топтардың арасында да қарсылық туды. Осы уақытта екі фракция арасында ерекшелік мүлде болмады, бірақ та ескі бақталастық сақталды. Сарай күресіне сұлтан Махмұтта кіріктірілді – ол Малакка тағында ерекше тұлға болды. Ол білімді, дін мәселелерімен қызығушы, өжет мінезді, өте атақ құмар және кекшіл адам болды.
1498 ж. өлген Тун Перактың орнын бендахара ретінде оның ағасы Тун Путех иеленді. 1500 ж. соңғының өлімінен кейін сарай шиеленісінің нәтижесінде бендахара болып Тун Перактың баласы емес, Ұлы бендахараның бақталасы Тун Алидің баласы болды. Жаңа бендахара Тун Мутахир, дөрекі және мақтаншақ адам болып, Малакка қоғамынынң барлық сатысына тез таныла қоймады. Текті шонжарлар қызметтер мен биліктен ығыстырылған Тун Перак кланы – тексіз тамиль саудагерлерінен шыққан есерсоқты жеккөрді ; әсіресе шетелдік көпестер Тун Мутахирдің пайдалы сауда монополизациясын жүргізуге құлшынысына қанағаттанбады ( бендахара Малаккадағы ірі саудагер болды ); қаланың қарапайым халқы жауапсыз жүрген оның қолшоқпаларының бұзақылығынан зардап шекті. /18/
Бұл уақытта Үндістан мен Оңтүстік-Шығыс Азияда жаңа күш – португалдықтар пайда болды ХV ғ – ң аяғында Үндістанға теңіз жолын ашқан португалдықтар 1509 ж. Диу түбінде үнді мемлекеттерімен Египеттің біріккен флотын жеңіп, Үнді мұхитының иелері болды.
Малакка – дәмдеуіштер аралына баратын сауда жолындағы негізгі бай порт – португалдық экспасияның алғашқы объектілерінің бірі болды.
Португалдық эскадраның бірінші басқарушысы, 1509 ж. Малаккаға келген Диогу Лопши ди Сикейра дәмдеуіштер мен тағы басқа қалаларды сатып алып, кейін Малаккада португалдық форт салуға рұқсат беруді талап етті. Португалиялықтардың Үндістандағы хайуандығын және олардың теңіз саудасын монополизациялауға ұмтылғанын үнді - мұсылмандардың көптеген колониясы келімсектердің келуіне қарсы болды. Үнді көпестерімен байланысты бендахара Тун Мутахир португалиялықтарға шабуыл ұйымдастырып, ди Сикейра Малакканы тастап кетуге мәжбүр болды. Португалиялықтардың жартсы тұтқынға түсті.
1510 ж. бақталастарының тақты жаулап алу мақсатында жала жабуынан Сұлтан Махмұт бендахара Тун Мутахирді және сонымен қатар оның жанұясындағы еркек тектінің барлығын асуға бұйрық берді. Малакканың 8 – ші және соңғы бендахарасы Тун Перактың қартайған ұлы – Падика Туан болды. Шешуші кезеңдегі португалиялықтардың шабуылы қарсаңында сарайды қайшылықтар ыдыратты. Явалық, қытайлық және үнді көпестерінің бір бөлігінің көпестері сұлтанға наразы болды. Малакканың мұсылман емес көпестерін басқарған үнділік Нипачату, мұсылман саудагерлерін басқарған Утимути раджамен жауласып португалиялықтарды жақтауға дайын еді. Жалдамалы явандықтарға сұлтанаттың негізгі әскери күшіне бірнеше ай жалақы төленбеді.
1511 ж. сәуірде Үнді губернаторы Афонсут д’Албукеркидің басқаруымен Малакканы жаулап алу үшін Гоадан португалиялық флот шықты. Португалиялық колонизаторлар дәмдеуіштер мен Үндістаннан шығысқа қарайғы бақылауға қол жеткізу үшін, Оңтүстік-Шығыс Азияның негізгі сауда артериясына бекініп алмақшы болды Афонсут д’Албукерки Махмұт сұлтаннан Диогу Лопши ди Сикейра эскадрасының тұтқындарын босатуды және қалада португалиялық форт салуды талап етті. Махмұт сұлтан тұтқын португалдықтарды босатқанымен, екінші талапты орындауға асықпады. 25 шілдеде Афонсут д’Албукерки қалаға шабуыл жасады. Бұл жолы Афонсут д’Албукерки қаланы негізгі кілті болған - өзен көпірі арқылы алған. 24 тамызда португалиялық әскер қалаға басып кіріп жынысы мен жасына қарамай мұсылман тұрғындарды өлтірді. Малакка тоналып, португалиялықтар бай олжаға кеңелді. Пегулық, Явалық көпестер кешірілді, бірақ өздерінің дүние - мүліктерінің елеулі бөлігін жоғалтты. Ал Махмұт сұлтан мен оның баласы Алауддин елдің ішкі бөлігіне қашты. Біраз уақыт малаялықтар португалиялықтарға бекініс соғуға кедергі жасап, қала айналасында күрес жүргізуді жалғастырды.
Осылайша Ортағасырлық Малая тарихындағы тамаша кезең аяқталып, келер ұрпақтың есінде саяси күштілігімен, сауданың жоғары өрлеуімен және мәдениеттің гүлденуімен сақталды.
2 Тарау: Малайя XVI-XVIII ғғ.
2.1 Малайяға Европа державаларының енуі,
Малайя тарихы 1511 жылдан бастап Оңтүстік Шығыс Азиядағы отарлау саясатының европалық тарихымен байланысты. Бірақ XVIII ғ аяғына дейін отарлық тек Малаккамен шектелді. Олар Малай мемлекеттерінің дамуына, экономикалық өсуіне, Оңтүстік Шығыс Азияның осы бөлігіндегі саяси қарым-қатынасы жүйесіне әсер етті. /25/
Малайяны ең алғаш отарлаушылар португалдықтар болды. Малакка португалдық отарлау империясының Шығыстағы Гао, Даман, Диу, Ормуз, Сокотра елдерімен қатар ірі базалардың біріне айналды. Қала мықты қорғанға айналды. Фамоза форты және басқа да португалдардың соққан ғимараттары бастинмен соғылған тас қабырғалармен қоршалды. Онда португалдық чиновниктер тұрды және әскери горнизон орналасты. Қыратта орналасқан қалаға (әсіресе теңіз жақтан мықталған) жергілікті тұрғындар да кіре алмаған. Малакка құрғақ жер жағынан әлсіз қоршалған. Бірақ португалдықтар артиллерия жағынан жоғары дәрежеде болғандықтан, жарты ғасыр бойы бүкіл жауларынан басым түсіп отырды. Ахиллестік бестікте қала азық-түлікті қажет етті. Жаулап алу кезінде Малакка аштық өліміне жиі ұшырап отырды. Малаккадағы португалдықтардың жарты бөлігі қаладан тыс өмір сүрді. Қорғанның оңтүстігінде Илир (Бандар-Хилир) орналасты. Мұнда көбіне митистер тұрды. Яғни, жергілікті көрші әйелдермен тұрмыс құрған португалдықтардың ұрпақтары. Онда сонымен бірге имения, бау-бақша және көптеген какостық пальмалардың иелері тұрды. Бұл именияларда Африка құлдары немесе көрші тұрғындар жұмыс істеді. Қаланың Шығысында Малакка өзенінің жоғарғы ағысында кедей Собак қалашығы орналасқан. Мұнда балық кәсібімен айналысатын малайлықтар өмір сүрді. Ең үлкен және бай қалашықтардың бірі Упех болды. Ол қаланың солтүстігінде, өзеннің басқа жағында орналасты. Мұнда шетел саудагерлері тұрды. Міне осы жерде Малакканың басты орталық базары орналасқан. Упех 3 кварталдан тұрды. Мұнда: қытайлықтар, явандықтар, клингтер (үндістер) өмір сүрді.
XVI ғ. Малаккада қаланы көркейткен көптеген ғимараттар салынды. Д-Албукерки кезінде Успения Богородица церькові соғылды. 1557 жылдан бастап Малаккада епископтық дамыды, кафедралды соборлар орнатылды. 1570 жылы қыратта Благовещщение церкові салынып, Малаккадағы ең әдемі құрылыстардың біріне айналды. Оның маңына изуиттер өз ғимараттарын салды. Мұнда олардың штаб-пәтерлері мен мектептері орналасты. Малаккада португалдықтар иелік еткен кезде салынған басқа да ғимараттар бар. Олар: корольдік госпиталь, епископтық сарай, Мизерикордий (Милосердия) үйі-қалалық қорғау, қалалық кеңес ғимараты.
Малакканы басқару жүйесі былай ұйымдастырылған: Ең басты тұлға- Малакка қорғанының капитаны. Ол 1571 жылдан бастап “Оңтүстік губернаторы” титулын алып жүрді. Оны португалдық корольдің өзі 3-4 жылға бекіткен. Губернаторға қалалық кеңес көмектесті. Бұл кеңестің кейбір мүшелерін Гаоның вице-корольі бекітсе (бас судья-овидор, және хатшылар кеңесі), кейбіреулері сайланды (мэр-виадор және қаланың қаржы және сот ісін жүргізетін алты кеңесшісі), ал кейбіреулері міндеттемелеріне сәйкес кеңес мүшелері болды. Малакканың гарнизоны мен флотын генерал-капитан басқарды. Оны вице-король 3 жылға сайлады. Генерал-капитанға фейтор (фактор) бағынды. /12/ Оның міндетіне горнизон мен әскери кемелерді жабдықтау жүктелді.
Португалдықтар сұлтан әкімшілігінің кейбір дәрежелерін сақтаған. Бендахара “християн емес тұрғындар мен шет елдіктерді” бақылады. Теменгунг Малакки бекінісіндегі тұрғылықты тұрғындарды (малайлықтар және минангкабаулықтар) басқарды. Шахбандар азиялық кемелерден түсетін салықтарға, азиялық мемлекеттердің елшілерін қабылдауға жауап берді. Сонымен бірге қытай, яван, тамиль қоғамдастықтарының басында – капитан тұрды. Ол билік басындағылармен байланыста болды.
Отарлаушы португалдықтар үшін Малакканың басты құндылығы оның маңызды сауда порты болғанында еді. Бұл қала арқылы Үндістан товарлары архипелагтарга, Қытай мен Жапонияға, және кері бағытта тасымалданды. Португалдықтардың Оңтүстік теңіз мемлекеттері ішіндегі сауда монополисті болуына демеушілік жасаған бірден-бір негізгі теңіз бекінісі болды. 1524 жылдың өзінде-ақ вице-король да Гамма (Васко да Гамманың ұлы) Малакка үкіметінің рұқсатынсыз Малакка бұғазынан өткен кемелерді қатаң жазалаумен айналысты.
Португалдықтар жергілікті саудаға үлкен салықтар салды. Бұл жағдай сатушылардың Малаккадан кетуіне және сауда-саттықтарын Оңтүстік Малай, Солтүстік және Шығыс Суматра, Батыс Явада жүргізулеріне итермеледі.
Португалия басқармасы көп ұзамай Малаккадағы португал әкімшіліктерінің кемшіліктерін - коррупция, мемлекеттік сауда монополиясының бұзылғанын анықтады.