ХҮІ-ХҮІІІ ғ Малайя

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Марта 2012 в 16:34, курсовая работа

Описание работы

Диплом жұмысының көкейтестілігі Малайзиядағы ХҮ-ХІХ ғғ аралығындағы елдің саяси дамуы туралы обьективтік білімдерді біртұтас жинақтауға ынталануын көрсетеді.
Хронологиялық жағынан біз ХҮ –ХІХ ғ аралығын, яғни Малайзияда сұлтанаттардың қалыптасу кезеңінен бастап, капиталистік қатынастарға өту кезеңіне дейінгі уақытты қамтыдық.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………. 3-4

І Тарау: Малаккка сұлтанаты /1400-1511жж/

1.1.Малакка сұлтанатының саяси дамуы.......................................................5-6

1.2.Сыртқы қатынастары және Ислам дінінің енуі...................................7-11.

1.3.Қоғамдық және мемлекеттік құрылымы.............................................12-17


ІІ Тарау: ХҮІ-ХҮІІІ ғ Малайя

2.1.Малайяға Европа державаларының енуі............................................18-19

2.2.Джохор –Португал соғысы...................................................................20-24

2.3.Малайяны Ачеліктердің жаулап алуы................................................25-29

Работа содержит 1 файл

Малазия 1.doc

— 145.50 Кб (Скачать)

Аютия әу бастан Малакканың өрлеуіне наразылықпен қарады. ХV ғасырдың бірінші жартысында Малакканың билеушілеріне Сиамның басқыншылық әрекетін тоқтату үшін Қытайдың қолдауына бірнеше рет жүгінуге тура келді. 1445 жылы Сиам өз әскерлерін Малаккаға бағыттайды. Сиам әскерлері түбек арқылы өтіп, Малакканың түбіне келді. Бірнеше шайқастың өзінде малаккалықтар жауына қарсы жойқын соққы берді. Сиамдықтар кері шегінуге мәжбүр болды.

Сиаммен жүргізілген соғыстар елдің ішінде өзара жауласып жүрген екі билеуші топтардың – жаңа және ескі ақсүйектердің тілтабысуына әсерін тигізді. Мұзаффар-шах сиамдықтармен шайқаста көзге түскен Тун Перакқа бендахара атағын сыйға тартты. Ал бендахара лауазымынан айырылған ағасы Тун Алиға өз әйелін Тун Перактың қарындасын берді. Осы уақыттан бастап екі топ феодалдық ақсүйектер тобына бірігіп, мұсылман көпестерімен одақ құрып, сауда қатынастарын дамыту мақсатын ұстанды. 1456 жылы сиамдық әскер түбекке қайта басып кіріп, Малакканы аз ғана уақытта ұстап тұрды. Алайда сол жылы Тун Перак Бату-Пахат өзенінің бойында сиамдық флотты талқандап, елдің тәуелсіздігін сақтап қалды.

Малакканың билеушісі шын мәнісінде 1456 жылдан бастап 1498 жылға дейін бендахара Тун Перак болды. Ол сұлтандарды өз қалауынша өзгертіп отырды. /17/

Тун Перак ауқымды жаулап алу саясатын жүргізді. Малакканың Қытай империясына вассалды тәуелділігі бос сөзге айналды, дегенмен Тун Перак алғашқы билік құрған жылдарында елін Сиамның басқыншылық әрекетінен қорғау мақсатында Мин әулетінің көмегіне сүйеніп отырды. 1456 жылы Аютиге тойтарыс берген Малакканың өзі неді басқыншылық әрекетіне көшті. Мұзаффар-шахтың тұсында Малаккаға Минджан (Дандинг архепилагы) және Селенгор қалайыға бай аймақтар қосылған еді; сұлтанат сонымен бірге түбектің оңтүстік бөлігінде орналасқан Сингапур мен Бинтангқа бақылау жасап отырды. Мансур-шахтың тұсында (1459-1477жж) Тун Перактүбектің шығыс жағалауындағы Пахангты, және де Кедах пен Тренгануды жаулап алып, Малакканың билігін қазіргі Малайзияның солтүстік шекарасына дейін жеткізді. Бендахар сонымен қатар Джохорды, Муар мен түбектің оңтүстік жағалауына жақын жатқан аралдарды басып алды. Тун Перак түбекте түбегейлі билік орнатқан соң Малакка бұғазына толық бақылау орнату үшін Суматраның шығыс бөлігінде жаулап алу процесіне көшті. Мансур-шахтың және келесі сұлтан І Алауддин Риаят-шахтың (1477-1488 жж) тұсында Шығыс Суматрада орналасқан Сиак, Кампар, Рокан және Гинрагири Малакканың сюзеренитетін мойындады. Пасейді өзіне қарату әрекеті сәтсіздікке ұшырады.

Тун Перак 1498 жылы қайтыс болады. Ол елде барлық мәселерге араласып, осы позицияны таққа өзі отырғызған Малакканың соңғы сұлтаны І Махмуд-шахтың кезінде де сақтап қалды (1488-1511жж). Тун Перактың ізбасарлары - Тун Петах (Тун Перактың ағасы) және Тун Мутахир (Тун Алидің ұлы және Тун Перактың жиені) – ұлы бендахардың жаулап алу саясатын одан әрі жалғастырды. Малакка түбектің батыс жағалауындағы Бруса пен шығыс бөлігіндегі Аютиямен орын алған жаңа қақтығыста сұлтанат жеңіске жетті. Сиамдық әскерлер құрлықта да, теңізде де жеңіліп, Сиамның түбектегі вассалдары Малакканың сюзеринетін мойындады.

Малакканың күшейіп, Оңтүстік теңіз елдеріне экспедиция жасақтаудан бас тартқан Мин әулетінің сыртқы саяси бағытының өзгеруі Малакканың Қытаймен арадағы вассалдық қатынастарын күйрете бастады. ХV ғасырдың соңында Малакка елшілігін Қытайға жіберу процесі тоқтатылды. Ал  Малакка Қытай елшілігін басқа елдердің өкілдермен бірдей дәрежеде қарсы алды.

ХVІ ғасырдың басында Малакка сұлтанаты өз билігін Малакка түбегінің басым бөлігіне және Шығыс Суматраға да орнатқан Оңтүстік-Шығыс Азияның қуатты мемлекеттерінің бірі болды. Малакка қаласы сол кездегі ең әйгілі және ең ірі порттардың біріне айналды.

Португалдық Дуарти  Барбоша ХVІ басында былай беп жазды: «Малакка ең бай теңіз порты, мұндағы сансыз саудагерлер мен кемелерді дүниенің өзге бөлігінен кездестіре алмаймыз». Тағы бір португалдық Томе Пириш былай деді: «Малакканың гүлденгені соншалықты, мен оны әлемнің өзге қалаларымен салыстыра алмаймын. Бұл таза сауда үшін жаралған қала. Мұнда пияздың бағасы бағалы заттарға қарағанда әлдеқайда жоғары»./5/

Малакка ХV ғасырдың соңы мен ХVІ ғасырдың басында әлемдік сауданың ірі орталығына айналды.

Мемлекет сауданың көмегімен өмір сүрді. Оның негізін архепилагтың тауарларын үндіс тауырларына айырбастау құрады.                                                                   

Малуккаға архепилагтан дәмдегіштер артылған кемелер келіп отырды. Малакка жыл сайын үндіс маталарын гвоздикаға айырбастайтын сегіз кемені жабдықтады. Одан басқа үндіс көпестері Малаккадан камффора, бағалы ағаштарды, батик маталарды, явалық қанжарлар – кристер алып отырды. Малаядан сыртқа шығарылатын ең маңызды өнімнің бірі – қалайы болды.

Батыста Малакканың сауда қатынастарын жүргізген басты қаласы Үндістанның солтүстік-батысында орналасқан Камбей болды. «Малакка деп жазды Томе Пириш, - Камбейсіз, ал Камбей Малаккасыз өмір сүре алмайды». Леванта, Кіші Азия, Шығыс Африка, Аравия және Египеттен көпестер көптеген бағалы тауарларымен Камбейге келіп жатты. Камбейден үндіс көпестеріне қосылып Малаккаға жүзді. Үндістер сонымен бірге Малаккаға Бенгал, Коромандель және Малабар жағалауларынан да жүзіп отырды. Олар Малаккаға тоқыма өнімдерін әкелді.

Малакка үшін Қытай саудасы да маңызды орын алды. Қытайдан әр жыл сайын жібек маталармен, селитрамен, камфора, мыс және темір ыдыс-аяқтармен толтырылған ондаған джонкалар келіп жатты. Малакка, Сиам, Пегу, Тямпамен де қызу сауда қатынастарын жүргізді. Сиамнан жыл сайын отыз теңіз кемесі бағалы ағаш, мыстан жасалған ыдыс-аяқ, піл сүйегі, бағалы тастар мен металдарды әкелсе, Пегу он бес кемесімен Малаккаға күріш және өзге азық-түліктің түрлерін, бағалы заттарды жеткізіп отырды. Палембанг, Ява, Калимантан, Сулавеси, Филиппиннен келетін кемелердің саны одан да көп болды.

Каир, Мекке, Аден арабтары, Гуджарат, Малабар және Коромандель үндістері, Сиам, Аракана, Пегу, Камбоджа, Тямпа, Қытай саудагерлері, Ява, Малукка, Банда және өзге арзепилагтың тұрғындары осылардың барлығы Малаккада болды, Пириштің айтуынша мұнда сексен төрт тілдер тоғысып отырды. Малаккаға Венециядан – қару, тоқыма киімдер мен түсті әйнектер, Меккеден – апиын, Камбей мен Аденнен – мата мен киім, Пегуден – күміс, Қытайдан – фарфор мен жібек, Суматрадан – алтын мен бұрыш, Явадан – күріш, ет, көкөніс және қару, Малукка мен Банда аралдарынан дәмдеуіштер үздіксіз ағылып жатты.

Малаккада тауарға салынатын баж салығы қалыпты болды, және шетел көпестеріне жеңілдіктер жасалды. Әр ұлттың көпестері қаланың жеке кварталдарында, порттың шенеунігі – шахбандардың қадағалауында тұрды. Малаккада төрт шахбандар болды: біріншісі – гуджараттықтар үшін, екіншісі – тамилдер, бенгалдықтар, Пагу мен Пасей тұрғындары үшін, үшіншісі – архепилаг тұрғындары үшін, төртіншісі – Қытайлықтар мен Үндіқытай тұрғындары үшін сайланды. Шахбандарлар баж салығын жинап, жүктің бағасын анықтап, көпестердің арасында туындаған қырқыстарды шешіп отырды. Тұрғындардың басым бөлігін өзге елдің саудагерлері құрады (португалдардың басып алуына дейін Малаккада 40 мың адам тұрды): 1509 жылы олардың саны 4 мың болды, 1\4 бөлігін гуджараттықтар құрады.

Түбекте қалыптасқан феодалдық қатынастар Малакка сұлтанатының тұсында одан әрі дами түседі. Алайда Малакканың қоғамдық құрылысы бұрынғы қала-мемлекеттердің белгілерін сақтап қалды. Малакка өзінің алдындағы қалалар секілді ең алдымен сауда орталығы болып табылды. Билеуші тап табыстың негізгі көзін саудадан алып отырды. Әдетте шетел көпестері алты пайыздық салықты төлесе, жергілікті көпестер үш пайыздық салықты төлеп отырды. Қытайдың, Ява мен Малукка аралдарының тұрғындары салықты үнемі төлеп отырмаса да, сұлтанға  сыйлықтар беріп отырды. Мемлекет салықты қала маңындағы елді мекендерден келетін шаруа саудагерлерінен де алып отырды. Сұлтан мен жоғары дәрежелі адамдардың өздері де сауда қатынастарына қатысып отырды. Олар кемені соғып, сатып алып, көпестермен бірге тауарларын жөнелтіп отырды. Әсіресе Қытай саудасында сұлтандардың үлесі маңызды болды.

Малакканың иеліктері оның вассалдары болды. Әдетте бұл иеліктердің билеушілері өз орындарын сақтап қалды.  Олар салық төлеп, қажет болған жағдайда әскері мен флотын беріп тұрды. Кампара мен Индрагирдің билеушілері (Шығыс Суматра) жыл сайын бір бүтін үштен бір фунт алтын (1,33) төлеп отырса, Паханга сұлтаны 5,33 фунтқа дейін төлеп отырды. Түбектің солтүстік бөлігінде роналасқан вассалдар салықты қалайымен төледі. Суматра аралында орналасқан Рокан, Сиак, Рупат, Тунгкал вассалдары салық төлемеді, бірақ соғыс бола қалған жағдайда әскерін беріп отырды.

Малакка сұлтанаты тұсында феодалдық жер иелену жеке меншігі дамыды. Қала-мемлекеттердің тұсында мүлдем игерілмеген аймақтарда енді біртіндеп қоныстану процесі жүргізіле бастады. Шаруа қауымдары орманды тазалап, түбектің ішкі аймағына тереңдей ене бастады. Малакка сұлтандары ХV ғасыр мен ХVІ ғасырдың басында үнемі феодалдарға жерді сыйға бере бастады. Феодалдар жерге салынатын ондық салығын жинауға, және шаруалардың еңбегін пайдалану құқығына иеленді. Малакка кодексінде шаруалардың еңбек еткен жерінің иегеріне бағыныштылығы ерекше айтылып өтілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Қоғамдық және мемлекеттік құрылымы

 

Феодалдық жеке меншіктің қалыптасу процесі бірқалыпты өтпеді. Бұл процесс әуелі халқы тығыз қоныстанған және жері игерілген аймақтарда, әсіресе Малакканың өзінде қызу жүріп отыпды. Малакка ақсүйектерінде қала сыртында су қоймалары мен бау-бақшалары орналасқан жерлері болды. Кейбір жерлерді күріш алқаптары қоршап жатты. Малакканың қоғамдық құрылысында құлиеленушілік маңызды орын алды. Феодалдардың қоластында еңбек еткен құлдардың мөлшері байлық пен беделдің белгісі болып саналды. Құлдар көбінесе үй шаруашылығында пайдаланылды, дегенмен олардың бір бөлігі егін алқаптарында да еңбек етті.

Мемлекет басында билеуші тұрды. Ол бастапқыда раджа немесе янг ди пертуан деп аталды, ал ислам дінінің жеңісінен кейін сұлтан деп атала бастады. Ислам дінін қабылдағанымен Малакка сұлтандары бұрынғы мемлекеттің билеушілерінің көптеген белгілерін сақтап қалды. Сарайлық әдепте, дәстүрде (әсіресе таққа отырғызу), түрлі киім мен қаруға қатысты ережелерде алдыңғы дәуірдегі мәдениет сақталды. Сұлтаннан басқа ешкім ақ қолшатыр ұстауға және сары киім киюге құқылы болмады, оның алдында ешкім паланкин қолдана алмады немесе крис алып жүре алмады. Билеушіге қатысты қылмыстар немесе оның иелігіне нұқсан келтірушілер қатал жазаланды.Мемлекеттік құрылыс та өткен дәуірлік сипатты сақтады.

Сұлтанат шонжарлары бірнеше топтарға бөлінді: «төрт», падука титулын иеленуші, «сегіз» - сри (санскр. шри), «он алты» - раджа және «отыз екі». Бұл жіктелу өз бастауын үнді мәдениетінен алып бүкіл Оңтүстік-Шығыс Азияға тарады. Малакканың жоғары «төрттігін» бендахара – бірінші министр басқарды және ол – қазынашы, әскербасы мен жоғарғы сот қызметін атқарды. «Төрттіктің басқа бір мүшесі томенгунг кәдімгі бендахара жанұясынан шыққан адам болды. Орта ғасырлық Малаккада томенгунг полиция басшысы болды және де ол таразыны қадағалап, ішкі сауда салығын жинады. Олардың қатарына бендахарилер (сри нарадираджа) де – қазынашы және падука туан мантри – сот кірді. «Сегіздік» ішінде жоғарғы рөлді флот басқарушы - лаксманалар және шетелдіктермен сауда жүргізушілер – шахбандар мен олардан салық жинаушылар иеленді. Қалғандары сарйдағы түрлі қызметтерді иеленді және облыс мұрагерлері – мандулактар, сұлтанаттың ядросын құраушылар болды.

Соңғы Махмуд сұлтанның кезінде негізінен мұсылмандық кезеңге дейінгі, бірақ исламның кейбір ықпалы тиген деректерге негізделіп «заңдар жинағы» жасалды. «Құдай соты» (өткен дәуірдегі үнділенген мемлекеттердегі сияқты) сақталды және өлім жазасы берілетін он қылмыстың тізімі сақталды. Билеуші жіктің өкілеттілігінің иелігіне және өміріне қастандық жасаушыларға жазалау жүйесі, түрлі сипаттағы тыйымдар мен шектеулер сұлтанат шаруалары мен қолөнерші-саудагерлер үстінен үстемдік етуші феодалдардың мүддесін қорғады /23/

Бай, әрі халқы көп қала түбектегі өзінің жанданған саудасы мен сарай өмірінің тамаша мәдениетімен васалдары және мұрагерліктерімен салыстырғанда ерекшеленді. Бірақ Малакка сұлтанатының кезеңінде түбектің ішкі аудандарына халық біртіндеп қоныстанды және жағалаудағы бірнеше қоныстар дамыды, бірақ та түбек аз қоныстанған және экономикасы аз дамыған күйде қалды. Малакканың байлығы мен билігі оның малай иеліктері мен вассалдарының  ішкі ресурстарына емес, феодалдық саудаға негізделді.

Малакадан оңтүстікке қарай түбектің оңтүстік шетіне дейін екі ірі қоныс болды: бірі 2000 адам тұратын Муар өзенінің сағасында, екіншісі оңтүстікке таман Сунгей-Уджонг, Кианг, Селангор, Перак, Бернам, Минджан (Диндинг), Бруас қоныстары орналасты. Қоныстанушылар балық аулаумен және күріш өсірумен айналысты, сұлтан мұрагерлері – мандуликтердің билігінде болды. Мұрагерлер негізінен бендахара жанұясының мүшелері немесе басқа ақсүйек тұлғалардан болды. Бұл мұрагерлік теңізге құятын өзеннің сағасында орналасқан бір-екі аралдардан тұрды; халық саны 200-500 адамнан аспады. Мұрагерлер сұлтанға алтынмен немесе қалайымен төледі.  Мандулактар мен олардың адамдары өзеннің құяр жеріне бекет орнатып иеліктердің орталығына сауда жасау үшін бара жатқан қайықтардан салық жианды.

Малакканың түбектегі ең ірі вассалы Шривиджай кезеңінен белгілі болған Паханг болды. Ол шығыс жағалаудың үлкен бөлігін, Тренгану мен қазіргі Джохор арасында және ішкі аудандарда Малакка маңайына дейін алып жатты. ХІV – ХV ғасырлардың бірінші жартысында Паханг Сиам вассалы болды. 1456 жылы Бату-Пахатта сиамдықтар жеңіліс тапқан соң Мансур-шах Пахангты басып алып оның раджасының қызына үйленді. ХV ғасырда Паханг гүлденген бай сұлтанат болды. Португалдық де Ередиа былай деп жазды: «Оның портына (Пекан, астанасы да болды) алтын үшін көпестер келді; оның алтын найзалары бүкіл түбектегі жақсы және өте байлардың қатарына жатты». Пахангта сонымен бірге қалайы мен темір рудалары болды және оның тұрғындары суармалы егіншілікпен айналысты.

1470 жылы Паханг сұлтаны болып – Мансур-шахтың үлкен ұлы –мұхаммед-шах сайланды. 1475 жылы Мұхаммедтің өлімінен кейін Пахаг тағы оның үлкен ағасы  Ахметтің қолына көшіп, Малаккамен соғыс тұтана жаздады. Тун Перактың Малакка тағына Мансур-шахтың кіші баласы Алауддинді отырғызғанына наразылық танытқан Ахмет-шах 1478 жылы Малакканың вассалдық тәуелділігін мойындаған Тренгану билеушісін өлтірді. Осыған жауап ретінде Малакка сарайында қызмет ететін Ханг Туах батыр Ахметтің көзінше оның бендахарасының жақын туысын өлтіреді, осылайшы малакка сарйы ахметті кемсіту арқылы рухани рахатқа бөленеді.1488 жылы Ахметтің қастандығымен Алауддин у беріп өлтіріледі. Алауддин мирасқоры Махмуд, 1494 жылы Ахметті паханг тағынан тайдырады /8/. Бұл Пахангты екіге бөлуге әкелді: Ахметті тайдарған Махмудтың ұлы Мансур мен Махмудтың күйеу баласы Абдул Джалил арасында.

Информация о работе ХҮІ-ХҮІІІ ғ Малайя