ХҮІ-ХҮІІІ ғ Малайя

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Марта 2012 в 16:34, курсовая работа

Описание работы

Диплом жұмысының көкейтестілігі Малайзиядағы ХҮ-ХІХ ғғ аралығындағы елдің саяси дамуы туралы обьективтік білімдерді біртұтас жинақтауға ынталануын көрсетеді.
Хронологиялық жағынан біз ХҮ –ХІХ ғ аралығын, яғни Малайзияда сұлтанаттардың қалыптасу кезеңінен бастап, капиталистік қатынастарға өту кезеңіне дейінгі уақытты қамтыдық.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………. 3-4

І Тарау: Малаккка сұлтанаты /1400-1511жж/

1.1.Малакка сұлтанатының саяси дамуы.......................................................5-6

1.2.Сыртқы қатынастары және Ислам дінінің енуі...................................7-11.

1.3.Қоғамдық және мемлекеттік құрылымы.............................................12-17


ІІ Тарау: ХҮІ-ХҮІІІ ғ Малайя

2.1.Малайяға Европа державаларының енуі............................................18-19

2.2.Джохор –Португал соғысы...................................................................20-24

2.3.Малайяны Ачеліктердің жаулап алуы................................................25-29

Работа содержит 1 файл

Малазия 1.doc

— 145.50 Кб (Скачать)


Мазмұны:

 

 

 

Кіріспе ………………………………………………………………………. 3-4

 

І Тарау: Малаккка  сұлтанаты /1400-1511жж/

 

1.1.Малакка сұлтанатының саяси дамуы.......................................................5-6

 

1.2.Сыртқы қатынастары және Ислам дінінің енуі...................................7-11.

 

1.3.Қоғамдық және мемлекеттік құрылымы.............................................12-17

 

 

ІІ Тарау: ХҮІ-ХҮІІІ ғ Малайя

 

2.1.Малайяға Европа державаларының енуі............................................18-19

 

2.2.Джохор –Португал соғысы...................................................................20-24

 

2.3.Малайяны Ачеліктердің жаулап алуы................................................25-29

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе:

Зерттеудің көкейтестілігі. Дипломдық зерттеу  Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекеттердің бірі –Малайзия Федерациясының тарихына арналған. Ғылыми еңбекте   қазіргі Малайзия  териториялары , яғни Батыс /Малайя/, Шығыс /Солтүстік Калимантан/ және  отарлау дәуірі кезеңінде Сингапур Британдық Малайя бөлігін құрағандықтан Сингапур тарихтары қаралады.

Батыс Малайзия  Малакка жарты түбегінде ораналасқан. Он бір штаттан тұрады Пинанг, Малакка, Перлис, Кедах, Перак Келантан, Тренгану, Паханг, Селангор, Негри-Сембилон, Джохор. Шығыс Малайзия  Калимантан аралында орналасқан, екі штаттан тұрады: Сабах және Саравак.

   «Малайя»  тарихи-географиялық түсінігі әр дәуірдің даму кезеңіне байланысты қолданылады. Отарлау кезеңіне дейінгі тарихта  бұл атаумен Батыс Малайзия, Сингапур және Риву-Линг архипелагы, ал ағылшын жаулап алу дәуірінен бастап Малакка жарты түбегіндегі Британ иелігі және Сингапур , ал 1946 ж кейін   Батыс Малайзия территориялары аталады.

   Малайзия конституциялық монархия. Елдің басында жоғарғы билеуші /янг ди пертуан агонг/ отырады. Оны 9 малайя султаны 5 жылдық уақытқа сайлайды.

Жұмыста осы Малайзия территорияларындағы сұлтананаттардың ХҮ-ХІХ ғғ әлеуметтік-экономикалық жағдайы, саяси дамуы, ішкі сыртқы қатынастары, сауда мәселесі, европалық державалардың отарлау саясаты, отарлық жүйеге қарсы ұлт-азаттық қозғалыс мәселелері түбегейлі зерттелді.

                 Диплом жұмысының көкейтестілігі Малайзиядағы ХҮ-ХІХ ғғ аралығындағы  елдің саяси дамуы туралы обьективтік білімдерді біртұтас жинақтауға ынталануын көрсетеді.

                Хронологиялық жағынан  біз ХҮ –ХІХ ғ аралығын, яғни Малайзияда сұлтанаттардың қалыптасу кезеңінен бастап,  капиталистік қатынастарға өту кезеңіне дейінгі уақытты қамтыдық.

Бұл тақырыптың маңызды болатын жағы әлі күнге дейін қазақ тілінде осы Малайзия тарихына байланысты жазылған  ғылыми еңбек жотың қасы деп айтуымызға да болады. Осы себепті  таңдап алған тақырыптың көкейтестілігі одан әрі аса түседі.

Зерттеудің мақсаты. Малайзияның  көп ғасырлық тарихы туралы барлық мәліметтерді жинақтап, бір жүйеге келтіріп, зерттеу жұмысына айналдыру.

 

Зерттеудің міндеттері ХҮ-ХІХ ғғ аралығындағы Малайзия тарихи даму процессіне, менталитетіне, даму ерекшеліктеріне саяси ахуалына қазіргі көзқарас тарабынан  тарихи баға беру.

 

Зерттеудің дерек көздері Тақырыпты жан-жақты аша отырып, ғылыми тұжырымдар жасау мақсатын көздеп, біз интернет жүйесі арқылы Ресейдің , Қазақстан ұлттық кітапханасының, қорларын, Оңтүстік Қазақстан облыстық, М.Әуезов атындағы ОҚМУ кітапханаларының кітап қорлары мен  мерзімді баспасөз бетіндегі статьяларды пайдаландық. Сонымен қатар  хрестоматиялар, конференция материалдар беттеріндегі  келісімдер, саясат нәтижелері де еңбекте  көрініс тапты. Сонымен қатар Ресейлік, Совет Одағы кезеңіндегі тарихшылардың еңбектері мен мақалалары, ғылыми көпшілік және арнайы басылымдар, басқа да құжаттар пайдаланылды.

 

Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы Диплом жұмысының жаңашылдығы ол Оңтүстік-Шығыс Азия тарихына арналған қазақ тіліндегі таптырмас материалдар көзі ретіндегі. Диплом жұмысының негізі практикалық маңызы, оның ой-тұжырымдары, срапталған мәліметтері жаңаша көзқарастық түсініктердің қалыптасуына үлкен көмек береді деп және мектеп оқушылары мен студенттердің өзіндік  білімдік қажеттігін  одан әрі дамытуға үлесін қосады деп айтуға болады.  Сондай-ақ жұмыстағы ой-түйіндер , тарихи айғақтар мен пайымдаулар «Орта ғасырлар тарихы»,  «Жаңа замандағы Азия және Африка тарихы» пәндерін оқытуда студенттер үшін таптырмайтын дерек болып табылады.

Н. Хикмет айтқандай:

                                       Сен жанбасаң лапылдап

                                       Мен жанбасам лапылдап,

                                       Ол жанбаса лапылдап,

                                       Аспан қалай ашылмақ,

Дегендей  бұл ғылыми еңбектегі материалдарды жинақтап, баяндау барысында бұл да бір менің тарих ғылымына кішкентай да болса қосқан еңбегім деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

                                                          

 

 

 

1 Тарау: Малакка сұлтанаты (1400-1511жж. шамасында).

1.1   Малакка сұлтанатының саяси дамуы

 

              XVI ғасырдың екінші жартысында Сиам патшалығы Аютидің сюзеренитетін мойындаған «Бес аралдар» деп аталатын деревня Малакка түбегінің батыс жағалауындағы елді мекендердің арасында орналасты. Деревня тұрғындары (20-30 жанұя) балық шаруашылығымен, қарақшылықпен де шұғылданған секілді. Деревня өте ыңғайлы айлақтың маңында орналасқанымен, ло айтарлықтай елеулі сауда орны болған жоқ. Елдімекен түбек жағалауында орналасқан өзге ауылды аймақтардан ешбір өзгешелігі болмады.

XV ғасырдың тұсында бұл деревняның өмірі бір сәтте өзгеріске ұшырады. Парамесвара деген атпен белгілі Шривиджай махараджаларының тұқымы, Палембангтің билеушісі XIV ғасырдың 90 жылдарында Маджапахиттің әлсіреуін пайдаланып, оның билігінен құтылуға ұмтылды. Бұл әрекет сәтсіздікке ұшырап, Парамесвара Палембангтен Риау архепилагына қашуға мәжбүр болды. Бинтанг аралының көсемі (дато) Тун Перпатех Берджаярдың қолдауымен Парамесвара Тумасикада (Сингапур) орнықты. Жергілікті князді өлтіріп, аралды басқара бастады. Түбектің өкімет билігіне ұмтылған, Аютий билеушісінің вассалы Патани княздігінің әскерлері 1398 жылы Тумасиканың түбіне келді. Парамесвара өз халқының қолдауымен Тумасикадан қашып, түбектің оңтүстік-батыс жағалауында орналасқан Муар өзенінің маңына, қазіргі Джохорға орнықты. Осы оқиғадан кейін 1400ж. Парамесвара солтүстікке қарай өтіп, «Бес аралдар» атты балық шаруашылығымен шұғылданатын деревняға қоныстанды. Деревня кейін Малакка деп аталды./11/ Парамесвара өз билігін сол аймаққа жүргізіп, Аютидің жоғарғы билігін мойындап, оған салық төлеп отырды. Малакка шағын княздіктің орталығына айналды. Оның тұрғындары балық шаруашылығымен, қант құрағын, банан, өзге де жеміс-жидектерді өсірумен шұғылданып, жақын жерде аз ғана қалайы кендерін шығара бастады. Парамесвара қарақшылыққа тосқауыл қойып, өз иелігіне саудагерлерді тартуға тырысты. Екі жылдан кейін Малакка халқының саны 2000 адамға өсті. Дегенмен Парамесвараның алғашқы билік құрған жылдарында Малакка шағын қалашық болып қала берді. Оның алдағы уақытта Оңтүстік-Шығыс Азияның ірі сауда, мәдени орталығы болатындығын ешкім де болжай алмады.Қытаймен сауда қатынастарының қайта жаңғыруы мен қытайлықтардың теңіз жорықтары Малакканың өсіп өркендеуіне әсер еткен басты жағдайлардың бірі болды. Қытайда Мин әулетінің билік құрған жылдарынан бастап, XIV ғ. 60 ж. соңында  моңғолдар елден толық қуылып, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде Қытай елшіліктері пайда бола бастады./2/ Оңтүстік теңіздегі елдердің билеушілерімен дипломатиялық  қатынастарды орната отырып, Мин әулеті өзінің және империяның халқаралық беделін күшейтуді көздеді. Қытай дипломатиялық қатынастар орнатқан елдерді өз вассалдары деп қарауға тырысты, алайда бұл елдер Мин империясының құрамына енбей өз тәуелсіздігін жартылай сақтап қалды. Алайда ол елдер Қытаймен елшіліктер арқылы қарым-қатынасты күшейтуге тыпысып, сол арқылы сауда қатынастарын кеңейтуді көздеді. Жергілікті билеушілер Қытай сарайынан алған атақ шендері арқылы өз биліктерін күшейтіп, көрші елдермен қақтығыста Қытайдың қолдауына иек артуға тырысты.

ХV ғасырдың басында Қытай империясы барынша күшейіп, Оңтүстік теңіз елдеріне жүргізген экспансиясын ұлғайта бастады. Бұл елдерге империяның ықпалын нығайту мақсатында ірі әскери экспедициялар жүйелі түрде жіберіле бастады. ХV ғасырдың басындағы теңіз экспедициялары сыртқы сауда қатынастарын кеңейту мақсатын да көздеді, өйткені құрлық арқылы өткен сауда керуен жолдары сол кезде айтарлықтай қысқарып кеткен еді.

1403 жылы Малаккаға Ин Цин бастаған Қытай елшілігі келді. Ол Парамесвараға қымбат сыйлықтарды тарту етіп, Қытай еліне келуге шақырады. Парамесвара бұл ұсынысты аса ризашылықпен қарсы алып, өз иелігінің елшілігін және талап етілген салықты Ин Цинге қосып жіберді. Малакка князі қуанышының сыры мынада еді: ол Сиамға қарсы Қытайдан қорғаныс табуды және беріп тұрған алым-салығынан да мол табыстарға кенелуді де көздеді. Парамесвара өз есебінен жаңылған жоқ еді. 1406 жылы Қытайдан оралған елшілік Малаккаға көптеген сыйлықтар ала келді, ең маңыздысы Парамесвара императордың бұйрығымен билеуші – Ван атағын алды. 1407 жылы Парамесвара Қытайға елшілігін қайта аттандырды. Қытайдың атақты теңіз саяхатшысы адмирал Чжен Хэ 1409 жылы өзінің үшінші экспедициясында Малаккаға келді. Осы сапарында ол Парамесвараға салтанатты түрде патша тәжін кигізді. 1411 жылы Парамесвара Чжен Хэнің келісімімен жанұясымен біргеҚытай еліне келді. Қытай патшалығы Парамесвараны салтанатты түрде қарсы алды. Қытаймен орнатылған достық қарым-қатынас Мин империясымен тұрақты сауда қатынасын жүргізуге жол ашты. өзге елдің саудагер көпестері де Малаккаға Қытай товарларын сатып алу үшін жиі-жиі келе бастады.

Парамесвараның Аютиден тәуелсіз билеуші болып танылуы, Қытаймен орнатылған тығыз дипломатиялық және сауда қатынастары, қытай сауда факторының пайда болуы – осының барлығы Малакканың мемлекет болып қалыптасуына үлкен әсерін тигізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Сыртқы қатынас және Ислам дінінің енуі

Оңтүстік-Шығыс Азияға ислам дінінің таралуы Малакканың өрлеуіне әсерін тигізген факторлардың бірі болды.

Ислам діні Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне араб және парсы көпестері арқылы ІХ-Х ғ. өзінде келіп жеткен болатын, алайда таралуы тек                                      

ХІІІ ғ. ғана жүзеге асты. Ислам дінінің басты таратушылары мұсылман дінін қабылдаған үндіс көпестері еді. Олар Индонезия мен Малаяда ауқымды сауда қатынастарын жүргізді.

Жергілікті билеуші топтар ислам дінін қабылдау арқылы мұсылман көпестерін өз иеліктеріне тартуды көздеді, сондай-ақ Маджапахит, Сиам, Малая секілді индуистік және буддистік державаларына қарсы өздерін тәуелсіз, діні бөлек ел екндіктерін білдіргісі келді.

Түбекте ислам дінінің ежелгі ескерткіші 1347 жылы тұрғызылған Тренчану атты құлпытас болып есептеледі. Алайда Малакканың пайда болуына дейін ислам діні түбекте өз тамырын терең жаймаған еді.

Парамесвара сауда қатынастарын дамыту мақсатында Суматраның солтүстік-шығысында орналасқан Пиди Пасей княздіктерімен тығыз байланыс орнатты. Бұл екі княздік мұсылман дініндегі саудагерлердің ірі орталығы болып есептелді. Парамесвара 1414 жылы Пасей сұлтанының қызына үйленіп, ислам дініне біржолата өтті және өзіне Искандер-шах деген мұсылман есімін алды. Малакка билеушісінің бұл қадамы Солтүстік Суматра мен Үндістанның мұсылман көпестерін қалаға барынша тартты. Қытай флотилиясының қорғауында болған Малакка, Малакка бұғазының аймағында орналасқан ірі мұсылман сауда орталығының біріне айнала бастады.

Жаңа діннің Малаккада үстемдік етуші діннің біріне айналуына көп уақыт қажет болды. ХV ғасырдың бірінші жартысы индуизм мен мұсылман дінінің жолын ұстаушылардың өзара күресімен өтті. Парамесвараның туыстары мен жақтастары ескі діннің сақталуын жақтады.

Парамесвара қайтыс болғаннан кейін 1424 жылы Малакканың билеушісі болып оның баласы (немесе немересі) Шри Махараджа тағайындалды. Шривиджаяның әміршілері өздері дәл осылай атады және Шри Махараджа билігінің бастапқы кезеңінде елде ағасы бендахара (бірінші министр) бастаған индуистік фракцияның беделі зор болды. Шри Махараджаның тұсында да Малаккаға мұсылман көпестері тоқтаусыз келіп жатты. 1436 жылы Шри Махараджа әкесі секілді өзіне Мұхаммед-шах деген мұсылман есімін алып, Малаккаға мұсылман көпестерін тартуға тырысты. Пасейден Малаккаға қоныс аударған бай саудагер тамил-мұсылманының қызына Шри Махараджа үйленеді. 1444 жылы Шри Махараджа қайтыс болған соң бендахара оның мұсылман әйелінен туылған баласы Касим раджаның орнына суматралық княгиниядан туылған жас баласын билеуші деп тағайындады. Жас нәресте Ибрахим-шах Шри Парамесвара Дева Шах деген лауазыммен таққа отырғызылды. Индуистік партия сарайда өз жеңісін тойлап, мұсылман саудагерлеріне қосымша салық енгізді./12/                                                                                                               

1445 жылы раджа Касим ағасы Тун Алимен бірігіп қастандық ұйымдастырды. Тун Али Малаккада тұрған араб кемесінің көмегімен патша сарайына кіріп жас нәресте билеушіні өлтіріп, бендахараны тұтқындайды. Таққа раджа Касим орырады. Ол сұлтан лауазымын және Мұзаффар-шах есімін қабылдады. Бұл мұсылмандардың түбегейлі жеңісі болды. Тун Али бендахара атағын иеленді,ал бұрынғы бендахараның ұлы Тун Перака алдан қуылып, Малакканың солтүстігінде орналасқан Кланга деген жерге аударылды. Билікке ислам дінін ұстанған жаңа өкімет келді. Мұзаффар шахтың тұсында мемлекетті исламизациялау процесі қарқынды түрде жүргізілді. Бұл процесс ұзаққа созылып, тек ХVІІ ғасырдың соңында аяқталды, және Малакка сұлтанатының ұлғаюымен қатар ислам діні жаңа террсторияларға таралып отырды.

Информация о работе ХҮІ-ХҮІІІ ғ Малайя