Город аркалык

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 12:07, дипломная работа

Описание работы

Бүгінгі таңда егемендігімізді алып, тәуелсіз елге айналған шағымызда өз билігіміз өзімізге дара тиіп, төл тарихымызға деп қойылып, ақтаңдықтар ашылуда, жаңа тарихтар жазылуда. Сол жаңа тарих ортамызға қазақ халқының Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, сынды азаттық үшін күрескен кемеңгер азаматтарын қайта оралып, елімен қауыштырды. Тарихшылар көтерер жүк өте ауыр.

Содержание

Кіріспе.

І-тарау. Торғай өңірінің қысқаша тарихы.
І.1. Жер асты байлығы- қала орынығу себепшісі.
І.2. Торғай облысының ашылды. Арқалық- облыс орталығы.

ІІ-тарау. Арқалық қаласының әлеуметтік экономикалық және мәдени дамуы.
ІІ.1. Арқалық қаласының әлеуметтік экономикалық дамуы.
ІІ.2. Қаланың мәдени дамуы.

ІІІ-тарау. Арқалық қаласының бүгіні мен болашағы.

Работа содержит 1 файл

кенжик диплом.doc

— 348.00 Кб (Скачать)
  1. Өзбекәлі Жәнібеков «Тағдыр тағылымы» Алматы 1996 жылы 89 бет.  

 

   Міне  ослайша жас  Арқалықтың  тарихы  аздаған жылдар ішінде қайнап  жатты. Оның ішкі тынысымен  қала ақуалы сәйкес болады, яғни  әлеуметтік, мәдени, ағарту көлік  қатынасы құрлыс, тұрмыс қажетін өтеу, денсаулық сақтау орындары қоса қабат оралып, қазақтың мәдениетін, әл лауқатын көтеруге үлес қосып жатты. Қаламызға келген мәдениет, өркениет,бұрынан да бар Торғай, Атбасар,зиялыларының жаңа жас тобын қалыптастырады.

     Арқалықта  қазақ зиялыларының көш басында мәденеи саладағы қызметккерлер болады, десек ортақ айтпағандық болар. Солардың бірі атақты қазақ жазушы, сатирик, этнограф С Кенжахметов болып табылды. Оның «Кәрі жеңгей», «Қурдақ», «Киіз қазық», «Сөзсемсер», «Ел қумағы елу», т.б. көптеген кітаптары мен зерттеулері осы қалада туды.

      Облыс 1990 жылы қайта ашылғаннан  бері, 1991 жылы Ахаң мен Жақаңның  Торғайдағы күндерінде республикалық  ақындардың үлкен айтысы өтті. Оған Қазақстанның халық ақыны  Әлихан Қалыбеков, Еркін Асқаров сынды айтыскерлер қатысты. 1994 жылы Ш. Жәнібек батырдың 300 ж өткен республикалық ақындар айтысында да республикаға танымал Қазақстанның халық ақыны Ә. Беркенов қатысты. Жалпы облыс қайыра ашылғалы Есіл өңірінің атақты ақыны Қ. Көппайұлының туғанына 110 жыл, белгілі халық ақыны Сәт Есенбайұлының 100 жылдық меретойы, белгілі ақын Құтжан Қажығалиннің 90 жылдық, Төлек Жәуке батырдың 175 ж құрметіне арнаған ірі-ірі айтыстар өткізді. Халық өнерінің бағы жануына үлес қосар осы шаралармен бірге, облыс білім басқармасы мен мәдениет басқармасымен бірге өткізген, оқушылар айтысы, бұл үлкен шоғырға қосылудың үлкен себін тигізді.

     Мәдени  рухани кеңестігіміз туралы сөз  қозғағанда өзінің елі мен  жеріне, өнеріне жан- тәнімен берілген  оның болашағын қалап жүрген. Өнер жұлдыздары Қ. Әбілов, А. Мұздаханов т.б.

     Торғай  жерінің кешегісі мен бүгінгісін  көненің көзі бай ою-өрнектердің  көздің қарашығындай сақтап халқына  көрсететін, келер ұрпаққа мұра  етіп қалдыратын әсіресе жас  ұрпақты туған ел тарихымен  таныстырып,сүйіспеншілікке тәрбиелейтін үлкен орын мәдени-тарихи мұражайлар. Осы мақсатта облыс тарихында 1973 жылы 23 маусымда облыстық тарихи өлкетану мұражайы ашылуы. Тарих-дәуір, өмір мектебі мұражайларында патшалық Ресей кезіндегі Торғай облыста тарихынан бастап, ұлт-азаттық көтеріліс, төңкеріс және Ұлы Отан соғысы кезіндегі торғайлықтардың ерлігі, соғыстан кейінгі жылдар тың игеруі, Торғайдың кен байлығы жайында тарихи деректер жиналды.

     1970 жылы облысты басқарушылардың  бірі, мемлекеттік қайраткері        Ө.Жәнібековтің басшылығымен мұражайға құнды экспонаттар жиналды, кейінгі жазған кітаптарына арқау болды. Сондай құнды экспонаттардың бірі- соңғы кезде қосылған сәукеге, бұл да Ө. Жәнібековтың эскизімен жасалған     еді.

     Соңғы  жылда мұражайда қазақ жоңғар  шапқыншылығы бейнеленген диарама ашылды. Оған атақты батырлар Ш. Жәнібек батыр, оның серіктестері жайлы тың дерек жазылады.

      1991 жылы ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің  туғанына 150 жыл толуына байланысты  мұражай экспонаттарын қайта  қарапкөптеген өзгерістер енгізген. Әсіресе халқымыздың ұлы перзенттері жерлестеріміз   Ахмет Байтұрсынов  пен  М.Дулатов өмірі мен шығармашылық еңбек жолын айқындайтын ресми материалдар және құнды құжаттармен мұражай  эксперциясы толтырылды.

     Өнер  шеберлері деген айшықта сөз ойға оралғанда ең алдымен Торғай театры көз алдыңа келеді. Торғай өңірінде ерекше орын алатын оқиға 1972 жылы Торғай облысының қазақ музыка драма театрының құрылуы. Театр шымылдырығын ең алғаш М. Әуезовтың «Айман-Шолпан» комедиясымен ашылды. Театрдың негізін қалаған сол жылы Мәскеудегі М. Шепкин атындағы жоғары театр училищесін бітірген түлектер еді.

     1998 жылы Театр ұжымы Торғай облыстың  жабылуына байланысты Жезқазған  қаласына көшірілгенімен торғайлық  өнер сүйер қауым өздерінің  сүйікті актерларын ризашылықпен еске алып отырады.

     Торғай  облысы қайтадан ашылған соң  1992 жылы театр өмірі қайта жанданып  «Қалқаман Мамыр» қойылымы мен  сахна шымылдығын ашты. 1972 жылы  алғаш театр ашылғалы еңбек  етіп келе жатқан әртістер  О. Мұқашаев, М. Қоочақов көрерменықыласына бөленген өнер шеберлері болып шықты.

     Жаңашадан  ашылған театрдың творчествалық  өсуі кезінде оларға              С. Қожамқұлов атындағы театр  әртістері жеткен биікке жетуі  үшін көп ізденіс, профессионал  актерлер қажеттігі туды. Облыс  басшыларының өтінішін қолдаған мәдениет министрлігінің орынбасары Б. И.Обаев, мемлекеттік театр өнер институтының ректоры Г. Теияновтердің көмегімен облыстың театрға институтты жаңа бітірген 1 топ түлек келіп, театрға тың серпіліс әкелді. Облыс тарихында 1996 жылы алғаш рет театр ұжымы бөлек шығып, өзі жеке шаңырақ көтерді. Белгілі қоғам қайраткері  Ахмет  Байтұрсынов атындағы облыстың музыкалық драма театрының жас ұжымы үлкен үміт, тың ізденістер үстімде болды.

     Қазақ  мәдениеті мен   өнерінде Торғай  өлкесінің одан шыққан әнші сазгерлердің де өз үлестері бар, ұлттық сөз өнері дамуының көш басында тұрғындардың бірі-Бақытжан, Байқадамов, Б. Хамзиндер.  Қазақ қорының қалыптасуында Б. Байқадамов орны ерекше. Торғай елінің мақтанышына айналған Б. Хамзиндер қазіргі әуесқой сазгер, әнші ретінде танылып жүрген республикаға еңбегі сіңген мәдениет қызметкерлері шебер сазгерлері:           Қ.Деріпсалдин, Б. Сәукиов. Олардың әндерін республикаға танымал әншілер орындауда.

       Республикаға танымал болған  фальклорлық-этногрфиялық «Шертер», «Ғасырлар кеніші», «Торғай әуендері», ансамблдері көпшіліктің ықпалына бөленген.

       «Қазақстан Республикасына еңбегі  сіңген әртісі» атаған 1993 жылы  алған Ғазиза Жумекенова, әртістер  Қыпшақ Қойғарин, Отаркүл Мұқатова, Сайлау Ордабаев, Асқар Болтов, Алмас Сұлтанғазин сынды әншілерді көрермендер ыстық ықыласпен қабылдайды.

     Торғайлық  өнерпаздар мен орындаушылар  республикалық байқау фестивальдарға  қатысып жүлдегі орындар алып, табыспен оралып еді. Әнші Ғазиза  Жұмекенова, Шәмші Қалдаяқов атындағы байқауда лауреат атанды. 1992 жылы Аманкелді Досжанов Республикалық «Үкілі үміт» байқауында жүлдегі 1-ші орынды иеленді.

     Көп   ұлтты Торғай жерінің өнері  туралы айтқанда фольклоры-этногрфиялық  Марий ансамблін, башқұрт фольклорлық  тобын т. б. Айтпай кетуге болиайды.

     Сонымен  қатар отбасы ансамбльдерінің  қалыптасып көбеюіне кезінде  жағдай жасалды. Отбасылық ансамбльдердің  байқауы өткізіліп тұрды. Көпшілікке  танымал Сауекеновтер, Молдахметовтер, Әбішевтер ансамбльдерінің орындауындағы  концерттер үнемі, табыспен өтетінді. Қазіргі эстрадалық жастар әуенін орындауда, жас таланттардың өнер жолына шығуына ықпал ететін байқаулар «Торғай жұлдыздары», «Шанс-шанс», «Студенттер көктемі», фестивальдары жылына-жыл өткізілді. Осы байқауларда ұйымдастыруда да жастардың жаңа тың ізденісі байқалады: «Шанс-шанс» байқауын ұйымдастырушы продюссер Алмат Сұлтанғазин сондай шебер жастардың бірі.

      Халық биі өнерінің өркендеуінің  үлкен әлеуметтік мәселе екендігі  белгілі. Кезінде ән салып,  би билегендердің бірі Қарсақ Қапабайұлы. Сол кісі  «Би қанаттанса, ел қанаттанады»11 , деген екен.

      Қазақстан өз дербес мешекет  болып көк байрағы аспанда  желбіреп, әлемге танылды. Ұмыт  бола бастаған ұлттық салт-дәстүрге, өнерге жан кірді. 

       Қазаққа қалқан, жауына олдаспан болған Ш. Жәнібек пен Төлек Жәуке батырлар жөнінде театрландырылған көріністер еліміздің өтпелі тарихынан зердей ой беруге, кең байтақ қазақ жерін қорғау, оңайға соқпағанын, ол үшін қан мен тердің аз төгшегенін айқын сездірді.

        Бір сөзбен айтқанда бұл меретойлар данышпан, ер жүрек баиыр бабаларымыздың аруақтары алу, сол арқылы ұрпаққа ұлағат болар үлгі өнеге қалдыру. Күй құдіреті Құрманғазы мен күй дүлділі Қазыбек Әбішев мектептерінен үлгі алған күй өнері жұлдыздарының Арқалықтағы өкілі болып С. Жәлімішевті айта кеткен жөн. 175  күйді жатқа орындаушы         С.Жәлімішевті қала тарихына игі із қалдырған зиялы адам. Нәзік жырлары, сезімдері жұртқа танымал Н. Мұқатов, Ж. Сабыржанов, Қ. Әбіловтер Арқалықтың бел балалары. Қайда жүрсе таныс тіршіліктері Арқалық тағдырына нешқұрайлы қарамайтын, талай шығармаларды Арқалығым деп жырға қосқан ақындар. Міне, көріп отырсыздар тарих дөңгелегі, жапан далада қала көтерді. Арқалық ашулы алақанын сонау ғарыштан түскендерді де осылай қарсы алып отырды. Соның бірі Қазақстаннан шыққан ғарышкер Т. Әубәкіров болды.

       Қала халқының 70 % -і жастар, жас  жұбайлар болды. 1990 жылы одан саны  керемет өсті. Бұл жағдай бала-бақшалар  мен мектептер салуға ықпал  етті. Осы жылдар аралығында ата-аналар  алаңсыз жұмыс істеу мақсаиында 20-ға жуық бала-бақшалар жұмыс істеді. Егемендік алған кезеңнен бастап, яғни 1991 жылдан бері сәбилерді ұлттық рухты тәрбиелеу, ана тілін меңгеру қолға алынды. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекіп заңдасқаннан кейін басқа да ұлт өкілдерінің балаларына қазақша үйретіле бастады.

      Осы заманға лайық жұмыс жасап,  оқушыларға жақсы білім мен  тәрбие беруде А. Құнанбаев,  Ш. Уалиханов, Б. Майлин атындағы  мектептерді атауға болады. Мектеп  түлектері қазіргі таңда Отанымызбен  қатар ТМД елдерінде де қызмет атқарып жүр.

       Қала іргетасы қаланған күннен  бастап және облыс орнағаннанақ  қадр дайындауға, әсіресе жұмысшы  мамандықтарын дайындауға зор  көңіл бөлінді. Қазіргі таңда  нарық заңына байланысты және  қала халқының құрт төмендеуіне  қарай қаладағы оқу орындары бірігіп, Торғай аграрно-технткалық колледжі және экономика және құқық коледжі жұмыс істеп, мамандар даярлауда. Аталған коледждердің кейбіреулері жартылай мемлекет мойнында болса, экономика және құқық колледжі толық дербес оқу орны болып есептеледі.

        Қазақстан болашағы бүгінгі жастарда  оқытып, тәрбиелеуде жоғары білімді  маман кадрлар даярлауда Ы.  Алтынсарин атындағы Арқалық  мемлекетік педагогикалық институтының  алатын орны ерекше екендігі  боршамызға мәлім.

        Ата ананы болған Егемендік  алғаннан салтанат құрғалы 13 жыл болыпты. Әрине, егемендік алғаннан бері еліміздің экономикасы, әлеуметтік жағдайы бірден өрге өрлеп жүре бердік десек өмірге көз жұма қарағандық болар еді.

        Бұл қиындықтарды жеңу үшін  Президент «Қазақстан-2030» стратегиялық даму жоспарын белгіледі. Осы жастарды орындау мақсатында 1996 жылы қазақ ойының басында «Елдегі жағдай туралы, жаңа ғасырда қоғамды демократияландыру, экономикалық және саяси реформа туралы Қазақстан Республикасы Президенті М.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы ерекше маңызды женіс болды.

      Себебі «Қазіргі өтпей шақ,-деп  көрсетті сол жолдауында, елбасшысы,  болашақтан үміт етер шақ, сонымен  қатар қорқынышты да шақ, бұл  қатерлі шақ, сонымен қатар  бізге ғажайып мүмкіндіктер ашып  көретін шақ, бұл біздің ұлт ретіндегі орталық Азиялық кеуде тұсында келе жатқан қуатты күш иесі ретіндегі қайрат-қабілетіміз саналатын шақ».

      Қазақстанда қазіргі таңда өсу  қарқыны байқалады. Бұл жағдайды  дүние жүзі мойындаған сияқты. Бұл кезде «не шығар екен»  деп қараған мұнай өндірісі қанат жайып, игілігін көрсетуде.

       Теңгеміз тұрақталып, экономикамызда  оң өзгерістер байқалуда. Осыдан 7-8 жыл бұрын нарсрық астында  қалған мәдениетіміз көтеріліп,  кітапхана, аурухана, мәдениет үйлері  жұмыстарында Қазақстанның қай түкпірінде болмасын ілгерлеу бар.

       Дегенмен  көпті  көрген  Торғайдан   үміт  үзілмейді.  Қаланың  әкімі    Ж.Тубекбаев бір сөзінде бұрынғыдай 70 мың тұрғыны бар қаланы қалпына  келеді демеймін, бірақ та 30 мың  тұрғындары бар шағын қала  болар деп еді. 30 мың аз-ақ жылда қайтадан 60 мың болар. Арқалықтың тарихы осымен аяқталған емес. Қазақ барда Торғай қаласы өркендеріне халық сенеді.

    Алғашқы  қадамы кеншілердің жұмысшы поселкесі  болып қағылған Арқалық бірінде  ешқандай қаладан кем емес. Ол  қала ретінде ғана сақталып  қалған жоқ, Жангелдин және  Аманкелді аудандары кіретін  оңтүстік Қостанай аймағының  орталығы деген ресми шәртебеде  ие болып отыр. Аймақ үш жүзде жуық  шаруа қошағын, жауапкершілігі шектеулі он жеті серіктестікті, Арқалық ауыл шаруашылығы тәжирібе стансосы деп аталатын бір меклекеттік кәсіпорында біріктіреді. 157 мың гектар жерге дәнді дақыл егіледі. Ауа райы қолайлы болған 2003 жылы әр гектардаң 14,1 центнер өнім алынып, 197 мың тонна астық жиналған. Үш қуатты элеватор жұмыс істейді. Оның шамалы өнеркәсіп орны бар десек, оның он екісі ауыл шаруашылығы өнімдерін айналысады. Осы өнеркәсіп (орындары 2004 жылдың бастапқы сегіз айында ақ 680,4 шаман теңгенің өнімін өндірді. Бұл күндері қала кәсіпорының өзінде ғана 9 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Бүгінде шағын және орта бизнеспен айналысуға барлық жағдай жасалған қалада бес базар, 120 дүкен бар. Дүкендер жылы жерге-көп қабатты үйлердің бірінші қабатына орналастырып, қазіргі тамапқа сой жабдықталған. Арқалық азық-түлік компаниясына қарайтын сауда үйі мен арнайы жабдықталған екі дүкен халықтан сатып алып дайындалған өнімдерін сауда жасайды. Қала экономикасының жай-жағдайына толдау жасап бағыт-бағдарын анықтап отыру үшін арнаулы экономика басқармасы құрылған. Ол аймақта кәсіпкерлікті дамытуға жол ашып, халықтың бизнеспен еркін айналысуына көмектесіп отырады. Жұмыссыз қарап отырған адам аз. Бұрын Арқалықта ауыл шаруашылығына машиналарын жөндейтұғын «Арман» атты зауыт жұмыс істеген еді. Сол кәсіпорынды қайта ашу жоспарланып отыр. Мұның өзі 150-200 жұмыс орнын іске қосуға мүмкіндік береді.

     Бір  кезде салына бастап, бітпей қалған  үйлердің құрылысын сақтау да  қолға алынған, жуырда 40-пәтерлі осындай бір үй салынып бітті. Ішкі-сыртқы өңдеу жұмыстарының бәрі осы заманға тошапқа сай атқарылып, көрген көзді сүйіндіретін бұл үй басқа жақтан арнайы сүйіндіретін бул үй басқа жақтан арнайы шақыртумен келген өте ділгір мамандық иелеріне берілді.

Информация о работе Город аркалык