Город аркалык

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 12:07, дипломная работа

Описание работы

Бүгінгі таңда егемендігімізді алып, тәуелсіз елге айналған шағымызда өз билігіміз өзімізге дара тиіп, төл тарихымызға деп қойылып, ақтаңдықтар ашылуда, жаңа тарихтар жазылуда. Сол жаңа тарих ортамызға қазақ халқының Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, сынды азаттық үшін күрескен кемеңгер азаматтарын қайта оралып, елімен қауыштырды. Тарихшылар көтерер жүк өте ауыр.

Содержание

Кіріспе.

І-тарау. Торғай өңірінің қысқаша тарихы.
І.1. Жер асты байлығы- қала орынығу себепшісі.
І.2. Торғай облысының ашылды. Арқалық- облыс орталығы.

ІІ-тарау. Арқалық қаласының әлеуметтік экономикалық және мәдени дамуы.
ІІ.1. Арқалық қаласының әлеуметтік экономикалық дамуы.
ІІ.2. Қаланың мәдени дамуы.

ІІІ-тарау. Арқалық қаласының бүгіні мен болашағы.

Работа содержит 1 файл

кенжик диплом.doc

— 348.00 Кб (Скачать)

Көтерілісті патша  жендеттері асқан қатыгездікпен  басты. Жазалаушы әскер халыққа  зұлымдықтың не бір түрін жасап, елдің мол мүмкін тонады. Ашу-ызадан ғана тұрған көтеріліс, ықпалды пікірлер, ойласпаған ғылыми-әскери тактика болмағандықтан осылай басылып жаншылып қалды. Бірақ «көшпенділер көне береді» деген патшалық пікірінің быт-шыты шығып, қазақ халқы өз намысын таптатпайтынын дәлелдеді.

Кеңес үкіметі, Торғай уезінде 1917 жылдық желтоқсан  айының аяғында құрылды. Осы аласапыран кезінде Ахмет Байтұрсынов 4 шілдеде  «Сарыарқа» газетінің 45 – санында  «Болшевиктерден келер зиян-тынышсыздық. Олар мемлекет қалпына лайық істердің бәрін аздырды, бұлдірді, жайды мемлекет қазынасын құртты өнеркәсіптің бәрі тоқтады ...» деп болшевиктердің бет пердесін елге айқындап берді.

Ақыры большевиктер қазақ даласын қанға бояп, дегеніне жетті Ресейге әбден тәуелді  Қазақ Автономиясын Социалистік Кеңес Республикасын орнатты.

Осы астан-кестен заманда Торғай даласы тағы да қанды  майдан алқабына айналды. Патша әскері де, қызылдар да, халыққа ойранды  салып бақты. Ел тонаудан, жылаудан көз ашпады. Торғай даласы талай-талай  бөлістерге түсіп, дағдылы шаруашылық, әлеуметтік қалпынан айырылып, естері шықты.

Елдің есін жиғызбау мақсатында коммунистік партия 1936-1938 жылдарда тағы да қасырет науқанын бастады. Торғай өңірінің ғана емес бүкіл  қазақ халқының кемеңгері атанған  А.Байтұрсынов, М.Дулатовтан бастап талай азаматтар осы қасірет құйынына ілікті, Торғай топырағында- -адам жазықсыз жазаланып, «халық жауы аталды», Бүкіл саналы ғұмырларын халыққа, ұлтына, еліне, жеріне арнаған, сол үшін өмірлерін де қия алатын азаматтар сондай атақ алды. Бұл іс ұлтты «мәңгүрттендірудің» басы еді. Ал, бұл өрттен аман қалғанда 1941-1945 соғыстың өртіне шалдықты. Ал, 1954 жылы «Тың игеру» науқаны басталды.

  1. Ы.Сариева «Текті Торғай» Алматы 2000 жыл 29 бет
  2. Бұл да сонда.

Жер асты байлығы – қала орнауының  себепшісі.

Арқалық қаласының тұрған жері байтақ Торғай даласының бір өңірі. Ол 1941 жылға дейін Қызылқозы атанып келген еді.

Жер, ел, мекен  атауларын бабаларымыз ешқашанда  адам атымен атамаған. Өйткені ағын судай бұл өмірде талай пенде  келеді, талай кетеді. Ал, жер мәңгілік, оны даланың дана философтары ықылым заманнан-ақ білген.

Ертедегі атауларға  көз салсаңыз, қазақтың кеменгерлігіне тоқ қаласыз. Мысалы, қара-қызшы «Мендіқара», «Дәмді», «Мойынды» тағы басқа «Қызыл қозы» - да сонда дәлдікпен қойылғандай. Бұл өлкенің байлығы ертеден ақ зерттелуін күтіп еді. Соның бір ойдағы, сонау 1816 жылы-ақ М.Шыгин бастаған экспедиция Терісаққан бойын жүріп өтіп, Торғай бокситіне тұңғыш назар аударушы болып еді. Зерттеулеумен қорланған Н.Н. Тихонович, Н.Тулейков және Кнорье есімді ғалымдар 1916 жылы Торғай даласын аралап, жер байлығының картасынжасады. Ал, өңірдегі алтын, боксит тағыда басқа кендердің геологиялық нақтылы картасын жасаған әйел ғалым М.С. Васкова- Быкова еді.

Ол кісі бір  жырадан үлкен боксит түйірін  тапқан еді, зерттеу содан кейін қыза түсті. Будан кейінгі зерттеулерде Торғайда боксит бар екендігіне көзщ жеткізеді. Алайда кен орнының дәлдігі белгісіз еді.

1947 жылы А.Н.  Волков басқарған барлау жұмысы  жанданып, Арқалық кен іздей бөлімі  Ақжар сайы бойына өздірінің  шатырларын тіккен еді. Қысқа қарай «Жер кене» поселкесі пайда болды. Кен зерттеулердегі қара жұмыскерлер соғыстан, әскерден қайтқан жер ілікті жігітер болатын.

Осы кен іздеу  шығын партиясының кейге Торғай кен борлау экспедициясы (ТГРЭ) пайда  болады.

1948-1954 жылдары төменгі жіне жөғарғы Ашутасты (Ашу-деп аталып кетті) кен тобы ашылады.  1950 жылы геолоиялық портле,  жоғарыда айтылғандай  ірі экспидицияаға  айналып, жұмыс көлемі артты. Есімізде  елуінші  жылдар  алюмини өнеркәсібінің  көптеген жаңа  рудниктер  мен  заводтарын  салу,  ал  бұрынғыларын  қайта  жабдықтау  жөнінде үлкен  міндеттер қойылды. Соның  ішінде Павлодар алюмини заводы және Шымкент базасы- Торғай  баксит   рудниктеріне көмек көрсетілді. Бұл заңды да еді,  өйткені  республикамыздағы  түсті  металурнияның жаңа  саласы  алюмини  өнеркәсібі  өркендену мықтап қолға  алынған  болатын.

Рудниктың  салынуна  байланысты кенишілер қаласы болашақ  Арқалықтың  ірге тасы  1956 жылдың мамыр айында  қаланды. Бұрын  ешқандай  қоныс  болмаған  жерде  қала  орнату  қиндыққа  түскені рас.  Құрлыс  материалдары  темір  жолдық  жоқтығынан  тіркемемен  тасылды.

1. Арқалық қалалық  тарихи өлкентану мұражайы 88 папка.

1956 жылдың 24 тамызында  Арқалық қаласын шын мәнінде   қала етіп салуға  косомол   десанттары келе бастады. 1957 жылы  қала құрылысына 10 мил сом қаржы бөлінді. 1959 жылдың күзінде Есіл мен Арқалық аралығында темір жол қатынасы  орнады. Осы жолмен кен орнына  қанатті бөлшектер құрлыс материалдары келе бастады. Торғай  өңірінің жаңару, жылдары басталып еді. Осы жылдың 5  қарашасында бірінші темір жол составы Арқалыққа келіп тоқтады. Сөйтіп Торғай  даласының өркениетпен байланысы орнады.

1958 жылы 30  шақырым  жердей Ашутасты өзен құбырымен  судың келуі  сол кездей  жаңалық болып,  халықты  бір   серпілтіп тастады. Кең көзі   ашылып,  қала   салынғалы  жақсылық  естіген  қазақтар да осы жақа  келе  бастады. Торғай,  Аманкелді, Атбасар, Есілден  келген  қазақ  жастары  әр  түрлі  кеншілік,  қүрлысшы  мамандығы  игеріп, басқа  ұлттармен  сіңісіп.  қоян-қолтық  араласып  кетті.  Олар үлкен  еңбек жетістіктерінде   де жетіп  жатты. Мысалы  жергілікті  жерден  шыққан  алғашқы   дәнекерлеуші  Мағжан Ахметов, өз  мамандығын  тез  арада  игеріп,  басқа  үлттар  алдында  абройға  бөленді бір  кездей  ауыл  жұмысшысы М. Ахметов  сол кездей ең жоғарғы награда, Ленин орденімен марапатталды. Қалада көптен үйлер салынып, құрылыс жанданып, өндіріс күн өткен сайын өсіп, азаматтар зәулім үйлерге кшіп жатты. Осы кезеңдерде қаланың орысша аталар кетуі кәдік еді. Қазақ зиялылары соның алдын алып, Арқалық деген атау алды. Сол  кезде поселкелік кеңестің төрағасы болып істегенғ марқұм Құрманғали Қасымов бұл жйында: «Кейбір еулер ертеде осы шақ Арқалық деген батырдың мекені болған екен, сол үшін осылай аталыпты дегенді айтады. Енді біреулер, ертеден байлар жайлауға көшер жолда осы араға кідіреді екен. Яғни, ел мен жайлау арасын қосатын арқалық тәрізді екен бұл жер» деседі. Мұның бәрі де дұрыс емес. Алғаш келгенде байқағанымыз бұл жер белес-белес, арқа-арқа екен. Кен басқармасының алғашқы директоры Абдолла Тоқсанбаев, геолог Мұхаладжан Қойманов бәріміз ақылдаса келіп, Арқалық деп атауға келіскенбіз. Содан осы атау қалыптасып кетті.

Мұның шындығы  осы деп бағалаған еді, 1947 жылдан 1950 жылға дейін қазақтар жағы Арқалық  руднигі тұрған арынның арғы жағындағы сайдың іргесінде жартысы жерден қазылып, үстіне шым қаланған үйлерде тұрып келеді. Оның «жер кепе» немесе «Капай город» деп аталатын.

1. Л.Ситников  «Торғай алабының тынысы» Алматы 1979 ж. 13-14 беттер.

Ригадан екінші эшалон болып құрлысқа тағы да жастар ағылып келеді. Солардың бірі қатарында, кейіннен үздік құрылысшылар аталып, талай марапаттауларға ие болған Н.Крюков, С.Циуме, оның зайыбы Р.Циуме, Анатолий Ванда Дудиналар, Н.Малиновская, Г.Алексевтер бар еді.

Сол кезде осылардың  және басқа да құрылыстағы жастардың еш мамандығы жоқ болатын. Балташылық, сылақшы-сыршылық, тасқалаушылық мамандықтардың күндіз жұмыс істеп, кешкілік түнделікте қысқа мерзімді курстарға қатысып, мамндық игеруге тура келді. Соған қарамастан 8,20,21-қала шаруашыларының ірге тастарын қалаған, алғашқы жатақхана екі қабатты сегіз пәтерлі тұрғын үйді, бу қазанын салған солар еді, Трестің өнеркәсіп базасын, жылу электр орталығын, Рудник объектілерін салу қолға алынды.

1961 жылдың 30 наурызында  Арқалық руднигінің бірінші бөлімінде Ф.Р.Иммель басқарған эуипаж кен бетін аршыды. Ал, М.И. Демченко басқарған экипаж тау жынысын тұңғыш рет КРАЗ-222 автотүсіргішіне тиеді. Кен қазу 1961 жылы басталғанымен Торғай боксит рудниктерінің бірінші кезегі 1963 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілді. Ал, екінші кезегі 1968 жылдың ақпанында іске қосылды. 

Күні түні дала төсі жоқғырып, қайнаған іске толды. Құрылысқа, рудникке жер-жерден жастар ағылып, Арқалық  күн өткен сайын толыға түсті. Кен өндіру жұмысымен қатар қала салу, өркендету жұмыстары да қатар жүргізілді. Қала халқының өсуіне байланысты 1963 жылы Амангелді ауданын Арқалық аудан орталығы болды. Жаңа қарқынмен тың серпін қанат жайды. 1965 жылы 30 шілдеде Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңес президиумның Жарлығымен Арқалық қаласы облыстың бағыныстағы маңызды қала атады. Арқалық ауданына қойынды, Матросов, Майкотов атындағы Целинный, Ковыльный, Аңғар, Көктау, Ақбұлақ,  Торғай совхоз техникумы, ВЛКСМ 40 жылдағы атындағы кеңшарлар қарады. Қала маңындағы шаруашылықтар оның экономикасына сөзсіз ықпал етті. Себебі ауыл шаруашылық өнімдерін, азық-түлікті алыстан тасымай, өз мүмкіндіктерін пайдалатын болды. Бұның өзі халықтық өсіп-өнуіне, қаланың дамуына зор ықпал етті. Қалада өндіріспен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндейтін элеватор, диірмен, етхана, сүт комбинаттары сияқты орындар салына бастады.

Қалада біріні болып Горбачев және Бейбітшілік  көшесі аралығындағы шаршы салынды. Бұл алғашқы квартал қалаға әжептәуір  келбет қала кейпін берген еді. Ең бірінші  бес қабатты үйлер 1966 жылы қарсаңында пайдалануға берілді. Қазіргі Абай көшесі №48 үй ол кезде №1 үй еді, оған 56 отбасы кіргізіліп, қала өзгере берді.

Жалпы 1950-1960 жылдары  Арқалық қалашында жиырмадан  астам екі қабатты, жылу, су жүйесіне қосылған үйлер бар еді, «Стройтель»  мәдениет үйін салу басталды. Бұл жағдай Торғай жеріндегі үлкен жаңалық еді. Себебі көне Торғай қаласынан кейінгі шын мәніндегі қазіргі замандағы қала бой көтеріп, дала сәніне айналып жатты.

Ол кездерде, яғни 1950-1960 жылдары жалауылар таситынпоезд әлі жоқ еді. Сондықтан да әуе  қатынасына көңіл бөлінеді. «Ауыл шаруашылығы көрмесі» тұрған жерден алғақы аэроалаң салынды, шағын аэробекет болды. Ұшақ қызметі күн санап отырды. Мысалы 1959 жылымыздың, 1960 жылы 5500, 1961 жылы 13000 жолаушы ұшақ арқылы сапар екті. 1965 жылдан бастап түн мезгілінде де ұша бастады. Дегенмен де қаланың қарқынды дамуына байланысты аэроалаң және аэробекет жаңа заман талаптарына сай келмейтін еді. Сондықтанда 1969 жылдан күзінде қазіргі тұрған жерінде жаңа аэробекет салу қолға алынды.

Сол жылдарда Арқалық  қаласының тұрғындары 17 млн адам болған Ш.Уәлиханов атындағы қазақ мектеп интернаты және Б.Майлин атындағы аралас орыс – қазақ мектептері жас өспірімдері ана тілінде тәрбие беріп, оқытып жатты.

1969 жылы «Қазақнның 50 жылдығы» кинотеатры, 1973 жылы Кеншілер  сарайы, 1977 жылы 10 қабатты «Рубин» үйі, тағы басқалар салынды. Осы ғимараттар пайдалануға берісімен-ақ көше даңғыл аталды. Атына заты сай еді. Бір жағын зәулім де әсем үйлер, екінші жағын су жағалай отырғызған балауса ағаштар қоршаған даңғыл салбақтар өтетін. Даңғылға қатарлас жүретін су тоғанынық жағалауы табиғи тастармен көтеріліп, даңғыл мен екі орта керемет баққа айналды. Су жағасында шағын оймақ істеліп, онда қайықпен серундеуге, су спортының түрлерімен айналысуға мүмкіндік туды.

Қала мен  Торғай даласының жоршысы есебінде 1971 жылдың 15 қаңтарында «Торғай таңы», «Тургайская новь» газеттері шыға бастады. Ашылған газеттер сол заманғы тоталитарлық пікірлерде болса да өңір өміріне көп жаңаолықтар әкеледі. Республика баспа сөзінен орын тие бермейтін жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары, ауыл еңбектерлерінің тынысы осы газет бетінде көрініс таба бастады. «Торғай таңы» газеті бетіндегі, сол замандағы өткір фелетондарды Жуматай Сабыржанов жазып басшыларды дір еткізетін жергілікті баспасөз қанша цензурадан өтсе де халыққа керек еді. Сол талаптан шығып отырды.

Баспасөзбен  арайлас  обылыстық  радио  үні  де  санқылдап  шықты.

Қарапайым  қондырғыдағы   « Бурл» радио  станциясының  «Арқалықтан 

Сөйлеп  тұрмыз»  деген  дауысты  естуге  халық  құштар  еді.

1977 жылдың 14 шілдеде мәдениет жеке демалыс сағаты (парк) салынып, пайдалануға берілді, онда түрлі ойнамалы шығыршықтар, алтыбақандар және қайық бекіттігі бар еді. Баланың рухани өміріндегі тағы да бір тарихи күн 1972 жылдың 24 желтоқан еді. Бұл күні сәулетшілер мен құрлысшылардың ерен еңбегі арқасында қазақ музыкалыдрамалық театры пайдалануға берілді.

1971 жылы қалада 5 шағын аудан толық пайдалануға  беріліп, қала ұлғая 

түсті. Қала салуға жер-жердің мекемелері көмектесіп жатты. Солардың ішінде Абай көшесіндегі 122 және 99 санды үйді салған.

Кейіннен даңғылдық  су жоқ жиегінен әкімшілік үйі, радио  үйі, ауылшаруашылық басқармасы, сондай-ақ тоғыз қабатты үйлер алаңдарда  гүлзарлар жойықалған тал мен  терек, қайындарды көріп, бұл жерде  осыдан аз ақ бұрын жаман дала болған дегенде сенбегендей болар еді. Абай даңғылығындағы (ол кезде Ленин атындағы) ғимараттарды тез, әрі саналы салғандары үшін қарапайым құрлысшылар, бригадалар алғашқы алғысқа бөленіп жатты. Соның бір айғағы ТАС трестің құрастырушылар бригадасының бригадирі, қаланың алғашқы құрастышуларының бірі А.С. Орлов деген кісі «Еңбек қызыл туы» және «Құрмет белгісі» ордерлері мен марапатталса, П.И.Голдышина, З.П. Долгонова сияқты сылақшы-бояушылар өз еңбектеріне сай жоғары бағаланады.

Азаматтар ешкімді  жұмыстан алаңдатпас үшін қысы-жазы ат арба немесе ат шана мен «Тойқара» тағамынан су таситын. Техникалық мақсат үшін рудник жаңынан скважина бұрғылап, содан су шығарып пайдаланады.  

Тарих қайтадан жаңғырып 1970 жылы күз айында, яғни 23 қарашада Қазақстанның құрамында Торғай облысын құру жарлық шықты. Осыдан бастап Арқалық қаласы жаңа тыныс алды.

1970 жылдың желтоқсан  айында Қазақстан Орталық Партия  комитеті мен минисрлер Кеңесінің  «Арқалық қаласын салдыруға қосымша  шаралар» деген қаулысы шықты.  Осы қаулы бойынша 1971 жылы қала құрылысына 50 млн сом бөлінді, бұл қаржы 1970 жылмен салыстырғанда зесе көп еді. Ол қаржыны игеруге көптеген адам күші қажет болды. 

Сондықтан да 1971 жылдың 30 наурызында Арқалық қаласы екінші рет бүкілодақтық екпінді құрлыс деп жарияланды.

1. Ситников «Торғай алабының  тынысы» Алматы 1979 жыл 14-15 беттер.

Қалаға 4 мың адамы бар  студент отрядтары ағылып келе бастады. 1972 жылдың сонында жылына 160 тонна  кубометр жиналмалы темір бетонды  материал шығаратын полигон пайдалануға  берілуге тиіс болса, 1971-1975 жылдар оралығында 150 мың кв м тұрғын үй, 3200 оқушылық 3 мектеп, 240 орындық аурухана емханасымен қоса, кең форматты 600 орындық кинотеатр, 200 орындық мейманхана, музыкалық мектеп және педагогикалық институт салу нық жоспарланды. «Амантоғай-Амангелді-Торғай» және «Есіл – Державин» автожолы, сондай-ақ жаңа ұшақ алаңын салуда межеде тұр еді. Екпінді құрлыстың қорытындылығынан осы міндеттердің көбі өз уақытында салынып, пайдалануға беріліп жатты. Қала құрлысы мен тарихына жарқын із қалдыратын даталы күннін бірі 1972 жылдың 21 қазаны еді. Ол күні Арқалық мұғалімдер даярлау институты салтаннатты түрде ашылып, 19 қарашада студент қатарына қабылдау күні болды. Бұл жағдай шағын қала атаған қаламызды басқа ірі қалалармен теңестіріп жіберді. Себеі, жоғары оқу орны бар жер өркениетті де интелектуальді екені анық қой. Сол кездерден бастау алған мұғалімдер даярлау институты талай елге, одаққа танымай мамандар даярлап шықты. Студенттерге мамандықтың қыр-сырын жете меңгерген ғалымдар, тәжірибелі ұстаздар сабақ берді, ол жалғасын тауып та отыр.

Информация о работе Город аркалык