Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 11:14, реферат
Ұлыбритания-парламентарлық монархия. Ұлыбританияның бір тұтас конституциясы жоқ. Бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан конституциялық актілерге: парламент заңдары, сот прецеденті, келісімдер мен әділеттік право салалары жатады. Мемлекеттік басшысы- король (королева). Корольдік билік-өмір бақи және атадан балаға қалатын мұра. Король атқару өкіметтің жоғарғы басшысы, сот жүйесін басқарып, қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы болып саналады, мемлекеттік англикан шіркеуін және Ұлыбритания елдері бірлестігін басқарады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайы
Мазмұны
Мемлекеттік құрылысы 3
Екінші дүниежүзілік соғыстың салдары 3
Саяси партиялар 6
1964-78 жж. қоғамдық саяси дамуы 6
Ольстер мәселесі 9
М.Тэтчер үкіметінің ішкі-сыртқы саясаты 9
Ұлыбританияның 90-ж. дамуы 11
Қазақстанмен байланысы
Ұлыбритания барлық батысеуропалық одақтарға мүше болды (НАТО, Батысеуропалық одақ). Ұлыбритания Францияның ГФР-мен жақындасуына сенімсіздікпен қарады. Франция болса, өз тарапынан, ағылшын-американдардың тығыз байланыстарына сенімсіздік білдіріп, Англияны АҚШ-тың «троян аты» деп есептеді.
Ұлыбритания ядролық қаруға байланысты ерекше ұстанымда болды. Британ үкіметтері, француз үкіметтері сияқты, өздерінің партиялық тегіне қарамастан, Ұлыбританияның өзінің ядролық үштігіне иелік жасау, тіпті болмағанда, Францияға тең ядролық мәртебеге ие болуға құқын қорғады.
Ұлыбритания Корея, БҰҰ мен АҚШ-тың басқа да әрекеттеріне қатысты.
Ұлыбританияның 1991 ж. Маастрихттегі батысеуропалық бірігу процестері мен ХХІ ғасыр басындағы саяси, экономикалық және валюталық одақ құру туралы құжаттарды дайындау мен қабылдауға қатысуын британ саясатының атлантикалық бағдардан (АҚШ-қа бейімделуден) Еуропалық бағытқа ойысқандығын көрсетті. Ұлыбританияның КСРО мен социалистік елдерге қатынасы бірқалыпты, ұстамды болды, әрине, кейде дипломатиялық жанжалдар да болып отырды.
Информация о работе Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайы