Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 11:14, реферат

Описание работы

Ұлыбритания-парламентарлық монархия. Ұлыбританияның бір тұтас конституциясы жоқ. Бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан конституциялық актілерге: парламент заңдары, сот прецеденті, келісімдер мен әділеттік право салалары жатады. Мемлекеттік басшысы- король (королева). Корольдік билік-өмір бақи және атадан балаға қалатын мұра. Король атқару өкіметтің жоғарғы басшысы, сот жүйесін басқарып, қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы болып саналады, мемлекеттік англикан шіркеуін және Ұлыбритания елдері бірлестігін басқарады.

Содержание

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайы
Мазмұны
Мемлекеттік құрылысы 3
Екінші дүниежүзілік соғыстың салдары 3
Саяси партиялар 6
1964-78 жж. қоғамдық саяси дамуы 6
Ольстер мәселесі 9
М.Тэтчер үкіметінің ішкі-сыртқы саясаты 9
Ұлыбританияның 90-ж. дамуы 11
Қазақстанмен байланысы

Работа содержит 1 файл

Ұлыбритания.docx

— 31.99 Кб (Скачать)

            Саяси партиялары, кәсіподақтары және басқа қоғамдық ұйымдар. Консервативтік партия- ұйымдық жағынан 19 ғасырдың ортасында тори партиясы негізінде қалыптасты. Лейборист партиясы 1900 жылы негізі қаланды. Либералдық партия 19 ғасырдың ортасында виги партиясы негізінде ұйымдасты. Ұлыбритания коммунистік партиясы 1920 жылы негізі қаланды. Тред-юниондардың британдық конгресі 1868 жылы негізі қаланды. Тред-юниондардың шотландық конгресі 1897 жылы негізі қаланды. Ағылшын-совет достығы қоғамы 1946 жылы құрылды. КСРО-мен мәдени байланыс қоғамы 1924 жылы негізі қаланды. Жастардың коммунистік одағы 1922 жылы құрылды.

Соғыс жылдарындағы консерваторлар басқарған аралас үкіметтің құрамына лейбористік және лиьералдық партиялардың өкілдері де енді. Соғыс бітісімен бұл аралас үкімет тарады да,     1945 жылы шілдеде өткен парламент сайлауында екі басты қарсыластар: консерваторлар және лейбористер арасында билік үшін қайта басталды. Әдетте олардың екуінің бірі жеңеді. Бұл саяси маятник осы уақытқа дейін тербелуде. Соғыстан кейінгі алғашқы сайлауда лейбористер жеңді.

Лейбористік үкімет. 1945-1951 ж.ж. Лейбористер сайлаушыларға әлеуметтік салада реформалардың кең бағдарламасын ұсынды. Бұл бағдарлама «Болашаққа бетбұрыс» деп аталды. Консервативтік партияның айқын бағдарламасы болмады, олар тек Черчильдің беделіне арқа тұтты. Олар өмір сүру жағдайларын жақсартуды көксеген ағылшындардың көңіл-күйін ескермеді, сөйтіп, қатты жуңіліс тапты. Лейбористер қауымдар палатасындағы орындарды үштен екісіне ие болды.

Лейбористер өз уәделерін негізінен орындады. Мемлекеттенді-ру сатып алу жолымен іске асырыла бастады. Шаруашылықтың көмір, газ, су және темір жол транспорты, қара металлургия және тағы басқа салаларында жалдамалы жұмыскерлердің 20%-дейін жұмыс істейтін. 1946 жылы кәсіподақтарға қарсы 1927 жылғы қабылданған жазалаушылық заң жойылды. 1945-48 жж. Кәсіби науқастарға байланысты жәрдем ақыларды, қарттарға және жесір әйелдерге зейнетақы төлеуді қамтитын әлеуметтік қамсыздандыру мен қауіпсіздендірудің жаңа кешенді жүйесі іске асырылды.            10 миллионнан аса жұмысшылардың жалақысы көбейтілді. Ақырында, 1948 жылы ұлттық денсаулық сақтау қызметі құрылды және тегін медициналық қызмет көрсету жүйесі енгізіліп, дәрі-дәрмектер тегін үлестірілетін болды. Лейбористік партия біртіндеп реформалау жолымен Ұлыбритания «демократиялық социализмге» өтеді деп есептеді.

Консервативтік үкіметтер. 1951-1964 жж. 1951 жылы қазанда сайлауда жеңіп шыққан У.Черчиль тағы да үкімет басқарды. Консерваторлар лейбористер құрған әлеуметтік құрылымды сол күйінше қалдырды. Тіпті олар 1945 жылғы сайлаудағы жеңілістен қорытынды жасап, «әл-ауқаттылық мемлекет» идеясына қолдау көрсетті. Консервативтік партия өзінің өзгерген жағдайларға бейімделуге және мемлекеттік басқару мен әлеуметтік-экономикалық саясаттың жаңа әдістерін қолдануға қабілетілігін көрсетті. 1962 жылы теңдестірілген экономикалық даму бағдарламасын жасау үшін Ұлттық кеңес құрылды.            1964 жылы болған кезекті парламент сайлауы екі партияның ешқайсысына да айқын басымдылық берген жоқ. Екеуі де 12 миллион дауыс алды, бірақ лейбористердің бағы жанып, сәл ғана ьасымдылыққа ие болды.

Г.Вильсон үкіметі (1964-1970) консерваторлар бастап кеткен болашақ экономикалық жоспарлауды жасау бағытын жалғастырды. Г.Вильсон әсіресе елдің ғылыми-техникалық мүмкіндіктерінің дамуына үміт артты. Осы мақсатпен 1965 жылы парламент тұңғыш «ұлттық бесжылдық экономикалық жоспарды» қабылдады. Жоспарды орындау үшін Вильсон үкіметтің, бизнестің және кәсіподақтардың әрекет бірлігін қамтамасыз етуге тиіс болды. Үкіметтің «Ниеттер туралы декларация» атты құжаты жалақының өсуі мен бағаның артуын «ақылға сиымды» көлемдерде шектеуді ұсынды. Бұл саясат «бағалар мен табыстар саясаты» деген атақ алды. Алғашында жалақының өсуін «ақылға сыйымды» мөлшерге шектеу ерікті түрде іске асырылса, 1966 жылдан кейін үкімет оны күштеп «қатыруға» кірісті. 1970 жылғы парламент сайлауында консерваторлар жеңіске жетті.

Э.Хиттің экономикалық саясаты (1970-1974) «қалай болғанда да» өндірісті қатаң капиталистік жетілдіру және экономикалық дамуды тездету бағытын іске асырды. Хиттің тұсында Ұлыбритания ЕЭБ-ге мүше болды. Баға мен жалақыны әкімшілік  жолымен реттестіруші аппарат құрылды. «Өнеркәсіптегі қатынастар туралы» кәсіподақтарға қарсы бағытталған заңның консервативтік нұсқасы жарық көрді. Ол кәсіподақ қозғалысы мен ереуілдерге қатаң шектеулер қоюды көздеген болатын. Заң қабылданды, бірақ бүкіл ТБК мен оған кіретін кәсіподақтар оған қарсы көтерілді. Елге жаппай ереуіл қаупі төнді, Хит баспасөз бен тоғышарлардың жұмысшыларды емес, өзін қолдайтынына сеніп, жаңа парламент сайлауын тағайындады. Аздаған ғана дауыспен 1974 жылы 28 ақпандағы сайлауда лейбористер жеңіске жетеді.

Информация о работе Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайы