Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 11:14, реферат

Описание работы

Ұлыбритания-парламентарлық монархия. Ұлыбританияның бір тұтас конституциясы жоқ. Бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан конституциялық актілерге: парламент заңдары, сот прецеденті, келісімдер мен әділеттік право салалары жатады. Мемлекеттік басшысы- король (королева). Корольдік билік-өмір бақи және атадан балаға қалатын мұра. Король атқару өкіметтің жоғарғы басшысы, сот жүйесін басқарып, қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы болып саналады, мемлекеттік англикан шіркеуін және Ұлыбритания елдері бірлестігін басқарады.

Содержание

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайы
Мазмұны
Мемлекеттік құрылысы 3
Екінші дүниежүзілік соғыстың салдары 3
Саяси партиялар 6
1964-78 жж. қоғамдық саяси дамуы 6
Ольстер мәселесі 9
М.Тэтчер үкіметінің ішкі-сыртқы саясаты 9
Ұлыбританияның 90-ж. дамуы 11
Қазақстанмен байланысы

Работа содержит 1 файл

Ұлыбритания.docx

— 31.99 Кб (Скачать)

Премьер-министр  Г.Вильсон (1976 ж. орнына Д.Ж. Каллагэн келді) басқа жоспар мен «бағалар мен табыстар» саясатының жаңа нұсқасын қабылдауға мәжбүр болды. Вильсон-Каллагэн үкіметінің саясатының негізгі желісі «әлеуметтік келісім», яғни кәсіподақтардың атынан ТБК мен үкімет арасындағы келісім жасасу болды. Ол бойынша кәсіподақтар жалақыны арттыру туралы талаптарды қойғызбайды, ал үкімет бағаларды ұстап тұрады және еңбекшілердің мүдделеріне жауап беретін келісілген реформалар жүргізуге тиісті болды. «Шарттың» күші 1978 жылдың күзіне дейін сақталды, 12 миллион мүшесі бар ТБК съезі шартқа қарамастан, нақты жалақының кемуіне байланысты, оны қабылдамай тастады

Ольстер дағдарысы және ұлттық  мәселелер. 1921 ж. Ирландия Республикасы құрылғаннан кейін Ұлыбритания өзінің құрамында халқының үштен бірі католик дініндегі ирландықтар мен үштен екісін Шотландия мен Уэльстен шыққан протестанттар құрайтын аралдардың алты солтүстік графтығын (Ольстер) алып қалған болатын. Екі діни қауымның арасында қарым-қатынастар әдетті дау-дамайлы болып келетін. 1968 жылы католиктік азшылықтың азаматтық құқықтар үшін қозғалысы басталды. Бұл ереуілді қуып таратудан кейін Ольстерде жаппай тәртіпсіздік басталды. Тәртіп орнату үшін Ұлыбритания Ольстерге әскер енгізді. Ирландияның республикалық армиясы, жасырын экстремистік ұйым, ағылшын солдаттарына қарсы террормен жауап берді. Британ үкіметтерінің келесі үш он жыл ішіндегі жанжалды шешу жөніндегі әрекеттері бүлікшіл графстволарға тыныштық әкелмеді. Католиктер мен протестанттар арасындағы қақтығысулар жалғаса берді. 1998 жылы мамырда Ольстердегі теке тіресті тоқтату және өзін өзі басқару сайлауы органдарын құру туралы келісімге қол жетісті.

60-80 жж. Шотландия  мен Уэльсте ұлттық және мәдени автономия үшін қозғалыс жандана түсті. Шотландия мен Уэльстегі 70-жж. өткізілген референдумдар автономиялық басқаруды беру жоспарын қолдамады. Бірақ 1978 жылы «деволюция жоспары» Шотландия мен Уэльс халқының қолдауына ие болды.

             «Маргарет Тэтчер дәуірі». Консервативтік үкіметтер.       1979-1997 жж

            1979 жылы сайлауда жеңіске жетуден бұрын консервативтік партия дағдарыстан шығудың «Дұрыс жол» атты бағдарламасын жасап, партияның жаңа басшысы етіп Маргарет Тэтчерді сайлады. Консервативтік партияның бағдарламасында дағдарыс және инфляцияға қарсы күрестің неоконсервативтік нұсқасы жасалған болатын. «Жаппай жұмыспен қамтамасыз ету», «әл-ауқатты мемлекет» және бюджет дефициттігі туралы бұрынғы идеялар лақтырылып тасталды. Экономика мен әлеуметтік саладағы жаңа саясат «тэтчеризм» деген атақ алды. Біріншіден, қатаң монетарлық саясат, яғни айналымдағы ақща көлемін шектеу, шығындарды азайту саясаты басталды, бұл инфляцияны азайтты, бірақ жұмыс-сыздықты арттырды.

            80-ші жж. монетарлық саясат жүргізу нәтижесінде инфляцияны азайтып, инвестицияларды көбейтуге жағдайлар туды. Нәтижесінде бұрынғы онжылдықтағы тоқыраудың орнына Ұлыбритания өндірісті дамытуда секіріс жасап, еңбек өнімділігі жағынан Еуропалық капиталистік елдердің бәрін басып озады.

            Үкімет тиімділігі аз немесе шығынды мемлекеттік секторды жеке меншікке сату жолымен оларды ұстап тұруға жұмсалатын мемлекеттік щығындар ауыртпалығынан құтылды. Жекешелендіру бюджетке 28 млрд. фунт стерлинг түсірді. Миллиондаған адамдар фирмалар мен кәсіпорындардың акционер-леріне айналды. Жекеменшіктік қатынастарды нығайтудағы Тэтчер үкіметінің жүргізген екінші бір шарасы муниципалитеттер мен қалалардың тұрғын-үй қорларын жеке меншікке сату болды. 80 жж. 4,1 млн. отбасы жеңілдіктер бойынша пәтерлер мен үйлер сатып алды. 1990 ж. отбасылардың 65% (20млн.) жекеменшік үйлері боды. Британ қоғамын кейде үштен екісін орта тап құрайтын қоғам деп атайтын болды. Бірақ халықтың үштен бірі- жұмыссыздар, жеке басты аналар, науқастар, білімі төмен, мамандыққа үйретілмеген жастар т.б. мемлекет тарапынан әртүрлі көмектерге мұқтаж болды.

            Кәсіподақтармен арақатынас барлық британ үкіметтері үшін күрделі мәселе болып келді. Тэтчер бұл мәселеде консервативтік партияға тән әдеттегі қатаң бағыт ұстанды.

            Британ бизнесінің белсенділігінің артуына Ұлыбританияның 1973 жылы Еуропалық экономикалық бірлестікке мүше болуы да белгілі мөлшерде әсер етті.

            Консервативтік партия 1983, 1987, 1992 жж. парламент сайлауларында жеңіске жетіп, 16 жылдан аса уақыт мемлекет басқаруды өз қолында ұстады. Бұл Ұлыбритания үшін рекорд болды!

            Бірақ М.Тэтчер тұсында жаңа мәселелер бой көтерді, солардың нәтижесінде ол консервативтік партиясының басшысы қызметінен түсті де, партия келесі сайлауда жеңіліс тапты.

            1997 жылы мамырдағы парламент сайлауында барлық қарсыластарын артқа тастап, үлкен басымдылықпен Энтони Блэр бастаған лейбористік партия жеңіске жетті

            Ұлыбританияның сыртқы саясаты. Ұлыбритания әдетте Еуропалық және дүниежүзілік саясатта ерекше орын алып келді. Ел құрлықтағы соғыстарға сирек қатысатын, бірақ дипломатиялық күрестің кездейсоқ қалтарыстарында әруақытта жетекші күш ретінде көрініс табатын сыртқы саясат саласындағы көпжылдық тәжірибе Ұлыбританияға Еуропалық «концертте» «бірінші скрипка» рөлін ойнауға мүмкіндік беріп келді.

            Екінші дүниежүзілік соғыстан соң жағдай күрт өзгерді: «дүние-жүзінің тағдырына жауапкершілік» рөлі АҚШ-қа көшті де, Ұлыбритания Еуропада өгей бала күйінде қалып қойды. Оның ерекше орны мына үш жақты рөлмен анықталды: Ұлыбритания халықаралық аренда АҚШ-тың басты әріптесіне айналды, екінші жағынан, ол басты Батыс Еуропалық елдердің бірі қалпында қала берді, ең соңында, ол көлемі метрополия көлемінің 20 есе артық доминиондарды біріктіретін ұлттар достығының басшысы ретінде дүние жүзінде танымал еді. АҚШ пен арада әсіресе соғыстан кейінгі алғашқы жылдары «ерекше қатынастар» - бағыныштылық пен қаржы-қаражат саласындағы тәуелділік қатынастары орнады.

Информация о работе Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайы