Қазақстан көлдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 18:27, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанның физикалық-географиясының ішкі суларына кіретін Қазақстан көлдері туралы мәлімет беру үшін, оны екі бөлім негізінде қарастырдым: бірінші, физикалық-географиялық тұрғыдан және геологиялық қалыптасуы мен қазаншұңқыр типіне қарай бөлінуіне жалпы сипаттама; екінші, Көлдердің ірі көлдер тобына қарай бөлінуі.
Көлдерді геологиялық қалыптасуы және ірі көлдер тобына қарай бөлінуі тұрғысынан анықтауға, қарастыруға, таныстыруға, толық мәлімет беру

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
Көлдердің геологиялық қалыптасуы және қазаншұңқыр типіне қарай бөлінуі………………………………………………………………………6
Тектоникалық көлдер типі......................................................................6
Реликті (қалдық) көлдер типі..................................................................9
Мұздық, дефляциялық көлдер типі…………………………………13
2. Көлдердің ірі көлдер тобына қарай топтастырылуы……………………15
2.1. Арал – Каспий көлдер тобы ....................................................................15
2.2. Балқаш – Алакөл көлдер тобы.................................................................17
2.3. Теңіз – Қорғалжын - Қарасор көлдер тобы............................................20
2.4. Көкшетау - Құсмұрын көлдер тобы........................................................23
Қорытынды............................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................27

Работа содержит 1 файл

Cейдагалиева Ж.М Курстык жумыс.doc

— 234.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Бір не бірнеше  көл георгафиялық комплексті құрайды. Олардың бір-бірінен өзгешелігі – көлдің құрылысына, құятын жер беті суы мен жер асты суының қосылу жағдайларына және судың шығынына байланысты. Көлдердің осындай байланыстарын білу суында болып жатқан процестерді түсінуге мүмкіндік береді. Бұл көлдердің минералды тұздары, балығы, құрылыс материалы ретінде пайдаланылатын қамысы мен құмтасы, түрлі өсімдіктері, шіріген органикалық заттары (торфы, шипалы балшығы, лайы), жағалауындағы жайылымды жері және т.б. ресурстары таусылмайтын байлық болып саналады.

Қазақстан көлдерінің деңгейі өте құбылмалы болғандықтан ресурсын тиімді пайдалану үшін мелиоративтік  жұмыстар кеңінен жүргізілуде. Жағалауларына  құс фермалары салынуда. Қорықтар жасалуда. Күріш егілуде.

Қазақстан территориясындағы  көлемі 0,7-0,8 шаршы километрден артық  6400 көлдің 4400-і ішуге жарамды, ал 2000-дай көлдің суы тұзды. Қазақстандағы тұз қоры екі миллиард тоннадан асады. Мұның бәрі өнеркәсіпте пайдаланылып жүр.

Республика  көлдерінде табан балық, алабұға, шортан, язь (сазан тұқымдас кішкене балық), сазан және сирек кездесетін ерш (алабұғаның түрі), қарабалық, ақбалық  сияқты балықтар бар. Ауыл-аудандардың 800 мың гектар жерін көл, бөгет, тоған алып жатыр. Мұнда да балық өсіру ісі жолға қойылған.

Алакөл, Сарықопа, Қорғалжын көлдерінің жағалауында  қамыстың көлемі 940 мың гектар. Қамыс тек құрылыста ғана пайдаланылмайды, целлюлоза өндірісінде де өте қажет.

Шалшық жағалауларда шымтезек те кезедеседі, кей жердегі шымтезектің қалыңдығы 10-15 метрге жетеді. Су ішінде өсетін өсімдіктер тыңайтқыш ретінде және құстарға мол жем ретінде қолданылады. Ондатра шаруашылығы да осы көлдерде дамытылады.

Кей көлдердің  байырғы су жиналатын орны балшық болып қалады. Бұл балшықты табиғи тұнбалар дейді. Медицинада осы тұнбаларды түрлі ауруларды емдеуге пайдаланады.

Тұзды, ұсақ қиыршықты, жағымсыз иісті қара балшықтары бар көлдер теңізге таяу ояңдар мен ойпаттарда, суалған ірі көлдер маңында кездеседі. Тұнбалардың шипалық әсері олардың құрамындағы қарапайым өсімдік шірінділері мен осы шірінділерді қорек ететін өте ұсақ организмдердің жаңа қосылыстар жасайтын, химиялық реакцияларды күшейтетін ереше қасиеттеріне байланысты. Мәселен, Қазақстанда балшықтары шипалы Мойылды, Жаңақорған сияқты сазбен емдейтін курорттар, санаторийлер көп.

Қарасор, Әулиесу, Кішіқараой, Құдайкөл, Индер, Соркөл Ақкөл, Аралсор сияқты көлдердің лайы да шипалыдеп саналады.

Таудағы көлдердің  жағасына демалыс үйлері, лагерлер, санаторийлер салынады. Қорғалжын, Наурызым және Бурабай көлдері қорық ретінде пайдаланылады.

Осындай көл-көсір байлықтардың сарқылмас көздерін қорғау – бүкілхалықтық іс. Ал қалай қорғау керек, несін қорғау керек – бұл жағы соңғы жылдары алынған үкіметтің қаулы қарарларында көрегендікпен көрсетілген.

«Көп болып  көтерген жүк жеңіл» дегендей, көп  болып қорғасақ, көлдің де берері көп. Республикамыз территориясында  өзендер мен көлдер суының да халық  шаруашылығына, ел игілігіне қосары мол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Ә.Бейсенова, К.Қарпеков, Қазақстанның физикалық георафиясы. Алматы «Атамұра», 2004.
  2. Ә.Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, Қазақстан физикалық гоеографиясының атласы, 2004.
  3. В.М.Чупахин, Физическая география Казахстана, Алматы «Мектеп » баспасы, 1968.
  4. Қазақстанның физикалық географиясы (хрестоматия), Алматы «Атамұра», 2004.
  5. Қазақстан. Энциклопедия, 5-7 том, 2004.
  6. М.Давыдов, Физическая география СССР, Москва, 1989.
  7. М. Өтемағамбетов, Қазақстанның физикалық географиясы. Алматы «Атамұра», 2004.
  8. Т.Р.Омаров, Қазақстанның өзендері мен көлдері, Алматы «Қазақстан » баспасы, 1975.
  9. Т.Омаров, П.Филонец, Ю.Филонец, Қазақстан көлдері, Алматы «Қазақстан» баспасы, 1987.
  10. «Георгафия және табиғат» журналы, 2007 -  №1.



Информация о работе Қазақстан көлдері