Қазақстан көлдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 18:27, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанның физикалық-географиясының ішкі суларына кіретін Қазақстан көлдері туралы мәлімет беру үшін, оны екі бөлім негізінде қарастырдым: бірінші, физикалық-географиялық тұрғыдан және геологиялық қалыптасуы мен қазаншұңқыр типіне қарай бөлінуіне жалпы сипаттама; екінші, Көлдердің ірі көлдер тобына қарай бөлінуі.
Көлдерді геологиялық қалыптасуы және ірі көлдер тобына қарай бөлінуі тұрғысынан анықтауға, қарастыруға, таныстыруға, толық мәлімет беру

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
Көлдердің геологиялық қалыптасуы және қазаншұңқыр типіне қарай бөлінуі………………………………………………………………………6
Тектоникалық көлдер типі......................................................................6
Реликті (қалдық) көлдер типі..................................................................9
Мұздық, дефляциялық көлдер типі…………………………………13
2. Көлдердің ірі көлдер тобына қарай топтастырылуы……………………15
2.1. Арал – Каспий көлдер тобы ....................................................................15
2.2. Балқаш – Алакөл көлдер тобы.................................................................17
2.3. Теңіз – Қорғалжын - Қарасор көлдер тобы............................................20
2.4. Көкшетау - Құсмұрын көлдер тобы........................................................23
Қорытынды............................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................27

Работа содержит 1 файл

Cейдагалиева Ж.М Курстык жумыс.doc

— 234.00 Кб (Скачать)

Сілеті көлінің ойысы әрқилы, мұнда дефляциялық әсерлерден пайда болған, өте көп аралдар бар. Түбі лайлы, оны балдыр басқан. Әр жерінде әсіресе, оңтүстік шығысы мен сотүстігінде қамыс өседі.

Көлдің батыс  жағасы жазық, сортаңды топырақтан, ал солтүстік шығыс жағалауы биік, ол 1,0 – 1,5 метрде құм және  құмайт қиыршық тастан тұрады. Жағалау сызығы тілімденген, мұнда көптеген мүйістер мен жартылай аралдар бар.

Сілеті теңіз  көлінің су жиналатын алабыны  көптеген ұсақ төбешіктер алып жатыр. Су жиналатын алабының солтүстігі –  жазық. Төбелер тастардан, жер бетіне шығып жататын жыныстардан, соның ішінде негізінен граниттер мен гнейстерден құралған және онда сланецтер мен құмтастар да кездеседі, жазхық жері мен ойыстары топырақтан тұрады. Солтүстік және солтүстік шығыс беткейі  егістікке пайдаланылады, қалған жерінде жусан, бетеге, сарсазан өседі, сондай-ақ бұл жер мал жайылым да болып табылады.

Кө ағынсыз, көктемгі қар суымен, жауын шашынмен және өзен суымен толады. Оған Сілеті, Шолақсай, өзені құяды. Көл беті ашық, жылдық орташа су дңгейінің ауыиқуы 0,3 метрден 0,7 метрге дейін, көпжылдық ауытқуы 1 метрден астам. Көл суы өте ащы.

Үлкен Қараой көлі. Көкшетау облысы Ленинград және Қызылтау аудандарының  шекарасында  орналасқан. Биіктігі 56,8 метр, көлемі  305,5 шаршы километр, ұзындығы  67,7 километр, ені 11,9 километр, жағалауының ұзындығы  126,2 километр, ең терең жері  1 метр, су жиналатын алабы  7490 шаршы километр.

Үлкен Қараой көлі формасы сопақша біткен, дефляциялық  процестен пайда болған. Көлдің баурайында  екі терсса бар. Көлдің ортасында үлкен арал көрініп тұр, ол су бетінен 5-6 метр биіктікте, су тасқыны кезінде де ол айқын көрініп тұрады. Жаз айларында аралда әр түрлі шөп өседі, ал жағалауының тайыз ойысы тақырға айналады.

Көлдің жағалауы тік, сатылана біткен, топырақты, мұнда сирек жусан, бетеге кей жерлерде сарсазан өседі.

Үлкен Қараойдың  су жиналатын алабы тегіс жазық. Осы алабтың 30% егістікке жыртылған, қалған жерінде жусан, бетеге өседі, мұнда көбіне мал жайылады.

Көл ағынсыз, қар, жауын шашын суымен, сондай-ақ кіші гірім өзен суларымен толығады. Көлге оңтүстігінен Қарасу өзені, батысынан және шығысынан шағын шағын терең сайлардың суы келіп қосылады. Олар көлге  0,1 текше метр су жеткізеді. 1956 жылы көл құрғап кеткен. Соңғы жылдары да көлде құрғау процесі байқалып отыр. Көл суы өте тұзды. [3,6,9] 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Көлдердің  ірі көлдер тобына қарай топтастырылуы 

2.1. Арал – Каспий көлдер тобы

Тебіскен көлі. Ақтөбе облысының солтүстік батысындағы Темір ауданында орналсқан. Ол теңіз деңгейінен 125,9 метр биіктікте жатыр, көлемі  14,18 шаршы километр, ұзындығы  7 километр, ені 3,5 километр, жағалауның ұзындығы  28,4 километр.

Көлдің су жиналатын  алабы 739 км2,  жер бедері кедір бұдырлы топырағы сазды келеді, онда бетег, жусан өседі.

Көлдің түбі жазық, лайлы, балдыр өсімдіктер басқан. Жағалауы ашық, биіктігі 2,0-2,5 метрден аспайды, балшықты, онда бетеге, жусан өседі.

Тебіскен көлі Ембі өзені бассейнінде орналасқан, ағынсыз, көктемгі қар суымен, жауын  шашынмен толығады. Көлге батысынан  шағын өзен құяды. Көлге жылына 3 миллион текше метр ағын су келеді. Көлдің тереңдігі 2,5 метр, орта есеппен 15 миллион текше метр су жинлады. Су деңгейінің  жылдық орташа өзгеруі  0,4 м, ал көп жылдық өзгеруі  2,5 м. Табиғи ортасының шөлейтті болуына байланысты көл жиі – жиі құрғап қалады. Көктемде көлдер мал суаруға пайдаланылады.

    Айке көлі. Ақтөбе облысының солтүстік шығыс жағында Қарабұтақ ауданында орналсқан. Ол теңіз деңгейінен 244,1 метр биіктікте жатыыр, оның көлемі 31 шаршы километр, ұзындығы  18 км, ені – 2,3 километр, жағалауының ұзындығы  59,2 километр.

Су жиналатын  алабы  2010 шаршы километр, ал жер бедері, топырақ құрамы және онда өсетін өсімдік  түрлері жағынан Теріскен көліне өте ұқсас. Көл беті тегіс, лайлы, ол  0,7 м. қалыңдықты алып жатыр, көлдің 60% қамыс басып кеткен.

Көлге солтүстік  батыс, оңтүстік батыс және оңтүстіктен  бес өзеннің арнасы келіп қосылады. Олардан көлге жыл сайын 30 миллион текше метр су құйылады. Көлдің ең терең жері  3,1 метр, мұнда  170 млн. текше метр су жиналады. Су деңгейінің орташа жылдық өзгеруі  0,4 – 3 метр аралығында.

Белқопа көлі. Ақтөбе облысының солтүстік шығысындағы Қарабұтақ ауданында жатыр. Биіктігі 307 метр, көлемі 14 шаршы километр, ұзындығы 5,6 километр, ені 4километр, жағалауының ұзындығы 15,6 километр.

Су жиналатын  алабы  274 шаршы километр жазықтықты алып жатыр. Топырағы қиыршық тасты, сазды келеді, негізінен бетеге , жусан өседі, анда санда селеу кездеседі. Көлдің еңісі төрт бұрышы тәріздес, суы тайыз, түбі тегіс, лайының қалыңдығы  0,5- 1,0 метр. Көл түбін балдыр басқан.

Белқопаның  жағалауы ашық, аласа, тек оңтүстік жағасы ғана биік – 3 – 4 метр, мұнда бетеге және жусан, сиректеу болады да селеу өседі. Көлдің солтүстік жағалаауында Белқопа аулы бар.

Белқопа көлі Ырғыз  өзенінің бассейнінде орналасқан, ағынсыз, көктемгі қар және жауын шашын  суымен толығып отырады. Көлге солтүстік  батыстан және оңтүстіктен кішігірім  тоғыз өзен келіп құяды. Құятын судың жылдық орташа мөлшері  4 млн. текше метр шамасында. Көлдің ең терең жері  1,8 метр, мұнда 17 млн. текше метр су жиналады. Су деңгейінің орташа өзгеруі  0,3 метр, ал бірнеше жылдық су деңгейінің өзгеруі 1,8 метр. Белқопаның климаты шөлейтті және суының тайыздығына байланысты қыс айында түбіне дейін қатады, ал жаз айында жиі-жиі құрғап кетеді.

Белқопа суның минералдылығы әр жыл маусымында әр түрлі болады, ол 1,5-10,6 г/кг аралығында өзгеріп отырады, суы қатты және өте сілтілі.

Химиялық құрамы жағынан көл суы хлорид класына, натрий тобына жатады.

Көл мал суаруға  пайдаланылады, мұнда қамыс шабылады. Онда құстар мен аңдардың көптеген түрлері өмір сүреді.

Индер көлі. Ол Индер ауданының солтүстігінде, Жайық өзенінің шығысында, Каспий ойысында орналасқан. Оның биіктігі 23,8 метр, көлемі  110,5 шаршы километр, ұзындығы 13,5, ені 11 километр, жағалауының ұзындығы 40 км.

Индер көлі ағынсыз, тұздылығына байланысты «құрғақ» көл  деп аталады. Көлдің ойысы тектоникалық процестен пайда болған компенсациондық шұңқыр болып табылады. Шұңқырдың формасы шеңбер тәріздес, терең, тұзының қалыңдығы солтүстік жағында   56 метрге жетеді.

Жағалауы балшықты, суға қарай  7-8 метр баспалдақ түрінде біткен. Жағалауын түгел дерлік су қазып кеткен. Көлдің оңтүстігі біршама саз болып келеді.

Көлдің су жиналатын  алабы  425 шаршы километр, биіктігі теңіз деңгейінен 6 метр төмен және 35 метр биіктік аралығында, төңірегі топырақты, мұнда сиректеу бетеге, жусан өседі.

Көл жер асты суымен және жауын шашынмен толығып  отырады. Жер асты суының келу мөлшері жылына орташа  8 млн. текше метр (61 мм). Ал көл бетіне түсетін және жағалауы арқылы құятын жауын шашынның мөлшері 146 мм, көлден жылына  750 мм. су буға айналады.

Су арқылы көлге жыл сайын  1,5 млн тонна тұз келеді. Тұздың жоғары қабаты  8 м. Тереңдікке дейін өте таза болады. Мұнда құрамы жағынан натрий   98,3-99,6%, кальций  0,01- 0,1%, магний  0,01-0,2%, ерімеген тұнба  0,1-0,2%.

Жалтыркөл. Махамбет ауданының оңтүстік шығысында орналасқан. Теңіз деңгейінен 25,3 метр төмен жатыр. Көлемі  92,8 шаршы километр, ұзындыығ  13,4, ені  8,3 километр, жағалауының ұзындығы  51,7 километрдей.

Көл ойысы батыстан солтүстік шығысқа қарай созылып  жатыр, оның құрылымы әр түрлі формада, түбі тайыз. Жағалауы балшықты, ылди, ашық. Солтүстік жағалауында сирек тал өседі.

Су жиналатын  алабы шағын-шағын төбешіктер, топырағы балшықты, онда бүйіргін өседі.

Жалтыркөл көктемдегі қар суымен және жауын шашынмен толығып  отырады. Көлге солтүстік шығысынан  Бүргілөзек өзені құяды. Ол жаз айының аяғында құрғап кетеді. Суы ащы. [1,8,9]

 

 

 

2.2. Балқаш-Алакөл көлдер тобы

Алакөл үлкендігі жөнінен Балқаш-Алакөл ойысындағы екінші көл. Оның ауданы 2076 кв км. Алакөл маңайындағы Сасықкөл, Ұялы және Жалаңаш көлдерімен бір кезде жалғасып жатқан,  ал қазір олар бөлек топ құрайды. Ертеде ол Балқашпен қосылып жатқан. Барлық топ Балқаш-Алакөл ойысының оңтүстік-шығысында жатыр.

Топтағы ең үлкені Алакөл. Оның солтүстік, солтүстік батыс жағалауы аласа және аккумулятивті типке жатады. Мұнда құм шағылдар мен ұсақ қойнаулар көп. Қазіргі уақытта қойнаулардың біразы қамыс, қоға өскен сортаңға айналған.

Оңтүстік батыс  және батыс жағалаулары биік және көлге тік жар жасап құлайды. Көл қазаншұңқырында алты терасса бар, олардың биіктігі  2 м-ден   65 м-ге дейін болады. Бұл терассалардың және оларға іргелес жатқан көл шөгінділерінен тұратын бірсыпыра кең, сортаңды жазықтардың болуы, таяудағы өткен кездерде көлдердің аумағының қазіргіден үлкен болғандығын және ойыстың терең бөлігінде сақталған осы күнгі көлдің реликт көл екендігін дәлелдейді.

Алакөлдің суы  тұзды, онда бірсыпыра мөлшерде сульфат  бар. Көл шағын өзендермен (Ырғайты, Жаманты, Үржар т.б.) және маңайындағы  жоталардан келіп қосылатын жер  асты суларымен қоректенеді. Өзендер  көлге тек суы мол болған жылдары  ғана жетеді. Алакөлде балық аулау кәсібі өркендеген. Сазан, ақбалық және басқа балықтар ауланады.

Сасықкөл. Сасықкөл Қазақстанның оңтүстік шығысында, Талдықорған және Семей облыстарының шекарасында, алакөл ойысының солтүстік батысында орналасқан, ол батыстан шығысқа қарай созылып жатыр, ағынды.

Көл теңіз деңгейінен 350,5 метр биіктікте жатыр. сасықкөлдің көлемі   736 шаршы километр (аралдарын қоса есептегенде 797 шаршы км), ұзындыығ  49,6 км, ені 19,8 км, жағалауының ұзындығы 182 км. Жағалауының кеңею коэффициенті  1,8, орташа тереңдігі 3,32 метр ( ең терең жері  4,7 метр), ал көлге  2,43 миллиард текше метр су жиналады.

Сасықкөлдің ең терең жері шығысында. Көл түбі тегіс, тек қана батыстан шығысқа қарай  сәл ылдилау. Көлдің тұнба лайын  негізгі үш биотопқа бөлуге болады, олар сұр биотоп, құмайтты биотоп және құмды биотоп.

Сасықкөлдің жағасы иірімді. Оңтүстік шығысында Аралтөбе (биіктігі 117 метр) тауы Борған және Жартас  шығанақтарын бөліп тұр.

Көлдің үстінде  жел шығыс, оңтүстік шығыс және солтүстік  батыстан соғады. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 2-4 м/сек., ал күз және қыс айларында ол 40-45 м/сек. жетеді.

Сасықкөлдегі  су толқынының биіктігі жағалауға жақын  жерінде бір метрге жетеді, ал көлдің ашық бетінде 1,9 метр болады.

Орташа көпжылдық  есеп бойынша (1932-1964) Сасықкөлге 212 миллион текше метр су құйылады, 745 миллион текше метр су буға айналады.

Сасықкөлдің минералдануы  жыл ішінде  0,270 г/л-2,16 г/кг аралығында өзгеріп отырады. Көлдің минералдануы барлық жерде біркелкі. Қыс айында судың минералдануы жоғарылап, жазда төмендейді.

Химиялық құрамы жағынан гидрокарбонат класына  жатады.

Көл суы  0,2-2,6 метр тереңдікке дейін мөлдір. Сасықкөлдің суы аздап сілтілі, микроэлементтер өте аз.

Планктондар. Сасықкөлде балдырдың 55 түрі кездеседі. Фитопланктонның негізін тұщы су балдыры құрайды, олардың көбісі көлдің тайыз жерінде өседі.

Зоопланктонда коловраткалар мен шаян тәрізділер, т.б. кездеседі. Көлдің зоопланктонының  негізін ескекаяқт ышаяндар құрайды.

Бентостар. Сасықкөлдің жағалауларында  10 километрге дейін созыла   55 мың гектардай жерге қамыс өседі. Ал судың ішінде балдыр, уруть, мүйіз жапырақ, қарақұмық, ақ қауашақ, т.б.шығады. Зообентостың негізін әр түрлі жәндіктер мен олардың құртары құрайды.

Нектондар. Сасықкөлде сегіз түрлі балық өседі. Оның ішінде ауланатындары: сазан, көксерке, алабұға, шармай. Жылына орта есеппен мың тоннадан артық балық ауланады.

Көлдің жағалауында  ондатр өмір сүреді, әсіресе олардың  тіршілік етуіне Тентек өзенінің атырабы  қолайлы.

Көлді әр түрлі  жабайы үйрек, қаз, гагара, аққу, шағала, жылқышы, аққұтан және т.б. мекендейді, қамыс арасында жабайы шошқа, қамыс мысығы, су тышқаны және т.б. өмір сүреді.

Ұялы  көлі. Ол Алакөл және Сасықкөл көлдерінің орталығына орналасқан. Көл элипс тәрізденіп солтүстіктен оңтүстікке қарай ағады.

Ұялы көл  деңгейінен 349,8 метр биіктікте орналасқан.  1962 жылы көлдің көлемі 120 шаршы км, ұзындығы  8,2 км, ені  9,6 км, жағалауының ұзындығы  57,3 км, орташа тереңдігі  4,07 метр болған. Сол кездегі мәлімет бойынша көлге   488,3 миллион текше метр су жиналған. Көлдің су жиналатын алабы  20800 шаршы км.

Ұялы көлінің  сырт формасы жарты шар тәріздес. Ол көл жағалауынан бастап біртіндеп  тереңдеп, оңтүстік батысында 5,8 метрге жетеді. Көл түбі жазық. Тұнбалары біркелкі. Тұнбасы түріне қарай құм, құмайт және сұр лай болып блінеді.

Көлдің жағалауы аз тілімденген. Шығыс жағалауын қоспағанда қалған жағалаулары төмен, сазды, кей жерлерінде кішігірім көлшіктер кездеседі және барлық сазды аудандары ну тоғай қамыс басқан. Қамыс көл жағалауын толқын мүжіп, бұзылудан қорғайды.

Көл Сасықкөл мен Ұялы көлінің аралығын бөліп жатқан қиыршық тасты бөгеттердің арасынан өткен сумен және кішігірім өзеннің суымен қорланады.Сасықкөлдің деңгейі төмендеген кезде Ұялыға су келмей қалады.

Ұялы көлінің  толқыны 1,3 метрге дейін, кейде  2,1 метрге дейін көтеріледі.

Көлдің су балансын шамамен ғана айтуға болады. Көпжылдық  орташа есептеу бойынша  Ұялы көліне жер бетінен  165 миллион текше метр, ал жер астынан   20 миллион текше метр су  құйылған, сондай-ақ көлге жауын шашын арқылы 33 миллион текше метр су қосылған. Көпжылдық орташа есеп бойынша көлден  119 миллион текше метр су буға айналады екен, ал көлден және жер астынан  99 миллион текше метр су ағып шығады.

Информация о работе Қазақстан көлдері