Қазақстан көлдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 18:27, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанның физикалық-географиясының ішкі суларына кіретін Қазақстан көлдері туралы мәлімет беру үшін, оны екі бөлім негізінде қарастырдым: бірінші, физикалық-географиялық тұрғыдан және геологиялық қалыптасуы мен қазаншұңқыр типіне қарай бөлінуіне жалпы сипаттама; екінші, Көлдердің ірі көлдер тобына қарай бөлінуі.
Көлдерді геологиялық қалыптасуы және ірі көлдер тобына қарай бөлінуі тұрғысынан анықтауға, қарастыруға, таныстыруға, толық мәлімет беру

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
Көлдердің геологиялық қалыптасуы және қазаншұңқыр типіне қарай бөлінуі………………………………………………………………………6
Тектоникалық көлдер типі......................................................................6
Реликті (қалдық) көлдер типі..................................................................9
Мұздық, дефляциялық көлдер типі…………………………………13
2. Көлдердің ірі көлдер тобына қарай топтастырылуы……………………15
2.1. Арал – Каспий көлдер тобы ....................................................................15
2.2. Балқаш – Алакөл көлдер тобы.................................................................17
2.3. Теңіз – Қорғалжын - Қарасор көлдер тобы............................................20
2.4. Көкшетау - Құсмұрын көлдер тобы........................................................23
Қорытынды............................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................27

Работа содержит 1 файл

Cейдагалиева Ж.М Курстык жумыс.doc

— 234.00 Кб (Скачать)

Қостанай Мемлекеттік  Педагогикалық Институты

Жаратылыстану ғылымдары  факультеті

Биология және география кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сейдағалиева  Жәния Мағауияқызы

 

Курстық жұмыс

 

Қазақстан көлдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерген: Баймағанбетова Қ.Т.

                                                                                           Аға оқытушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай 2009

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................3

  1. Көлдердің геологиялық қалыптасуы және қазаншұңқыр типіне қарай бөлінуі………………………………………………………………………6
    1. Тектоникалық көлдер типі......................................................................6
    2. Реликті (қалдық) көлдер типі..................................................................9
    3. Мұздық, дефляциялық көлдер типі…………………………………13

2. Көлдердің ірі көлдер тобына қарай топтастырылуы……………………15

2.1. Арал – Каспий көлдер тобы ....................................................................15

2.2. Балқаш – Алакөл көлдер тобы.................................................................17

2.3. Теңіз – Қорғалжын - Қарасор көлдер тобы............................................20

2.4. Көкшетау - Құсмұрын көлдер тобы........................................................23

Қорытынды............................................................................................................25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақстан көлдерге бай. Мұнда  Каспий, Арал теңіздері және көлемі жағынан дүние жүзінде  он жетінші  орын алатын Балқаш көлі сияқты ірі  көлдер бар. Ауданы бір – екі мың шаршы км – ге жететін көлдер де аз емес.

Ұсақ көлдердің саны  бірнеше мыңға жетеді.

Қазақстан көлдерінің негізгі  ерекшеліктеріне: таралуының өзіндік  сипаты, әр кезеңде пайда болуы (әр жастылығы), деңгейінің  шұғыл ауытқып  тұруы,  типологиялық жағынан сан  алуан түрлі болуы және олардың  көпшілігінің ағынсыз болып келуі  жатады.

Қазақстан көлдерінің географиялық таралуында бірқатар ерекшеліктер бар. Климаттық жағдайларға байланысты көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке қарай азаяды. Мұнымен қатар олар белгілі бір аудандарда топ – топ болып орналасады. Көлдер Каспий бойы, Тұран және Батыс Сібір ойпаттарында, сондай – ақ аласа таулы Орталық Қазақстан және оңтүстік - шығыстағы биік таулы аймақтарды көп. Құмды және сазды шөлдерде көлдер аз.

Қазақстан территориясындағы  көлдер су алмасу  жағдайларына қарай  ағынсыз, маусымдық ағынды, ағынды көлдерге бөлінеді. Көлдердің басым көпшілігін ағынсыз көлдер құрайды. Ағынсыз көлдердің су баланысының компаненттері (беткі ағыс, көл бетіне түсетін жауын – шашын, жер асты суы, сүзілу және булану) төменгі деңгейдің тұрақсыздығын, жазда  су айдындарының көп бөлігінің құрғап қалуын, қыста қатуын, су аз жылдары толық кеуіп кетуін тудыратын жылдық және  көп жылдық өзгерістерге ұшырайды. Көл деңгейлерінде ұзақтығы әр түрлі циклдік ауытқулар (суға тапшы жыл мол сулы жылмен алмасады) кездесіп отырады.

Көлдерге келіп құятын су балансын жер бетімен ағып келіп  құятын су, қар, жауын шашын және жер асты сулары құрайды. Жер бетімен  ағып келіп құятын судың көлемі көлдің су жиналатын алабына байланысты, ол жазықт ы және шөлейтті  жерлерде су балансының 80-85%, ал ылғалды таулы аудандарда 50-60% құрайды. Ылғалды жылдары су ағыны көпжылдық орташа ағыннан бірнеше есе асып түседі де көл деңгейі лезде көтеріледі. Қуаңшылық жылдары жер бетімен келетін су ағынының мөлшері 5-10 есе кемиді. Көл жаз айында 12-39, қыста  5-20% жауын суымен толығады. Жер асты суы буға айналатын судың 5-20% құрайды. Ағынсыз көлде су балансының өзгерісі судың буға айналуынан болады. Оның мөлшері жылына 700-ден    1200 мм-ге дейін жетеді. Осы шығынның 10-15 %  судың жерге сіңуінен болады.

Көл суының мөлдірлігі 0,3 метрден  18 метр тереңдік аралығында, қыста мөлдірлік артып, жазда еріген судың қосылуына байланысты кемиді. Көл суының түсі көгілдір жасыл түстен сарғыш қоңыр түске дейін құбылып отырады. Көлдердің көпшілігінің суы күкіртті сутекті, яғни тым ащы болып келеді.

Көл суының минералдығы көл  суын пайдаланудың маңызды көрсеткіші болып табылады. Тұздылығына қарай  көл суы тұщы су, кермек су, ащы  су және тұзды су болып бөлінеді. Ауыз суға пайдаланылатын судың минералдылығы  оның бір литрінде бір грамм тұздан артпайды, ал екі грамм болса орташа мөлшер деп саналады. Қазақстан көлдері суының  минералдылығы 0.075 г/л-ден 335 г/л-ге дейін  ауытқып отырады. Тұз контентрациясының маусымдық және көп жылдық ауытқуы көл суы режимінің өте тұрақсыз болуына байланысты.

Көлдер әр түрлі табиғат  ресурстарына өте бай. Енді соларға  қысқаша тоқталайық.

Суы. Халық шаруашылығының қажетіне көбінесе көлемі бір шаршы километрден жоғары, минералдылығы 3 г/кг-нан аз және тереңдігі 2 метрлік көлдер пайдаланылады. Осы көлдердің су деңгейі жылдық орташа өзгеруі, минералдылығы аз болады. Көлдердің көп жылдық орташа қоры (Балқаш көлін қоспағанда) 13 млрд текше метрдей. Көктемде және жаз айларында көл суының жалпы көлемінен 1-5%, яғни  300-700 млн текше метрге дейін пайдалануға болады.

Балығы. Республикамыздағы көлдерде балықтың 35 түрі кездеседі, олардың ішінде ауланатыны  - сазан, көксерке, майбалық, ақ балық, алабұға, табан балық. Балқаш, Алакөл, Билікөл, Қамыстыбас және Марқакөлден ауланатын балық мөлшері 05-тен  40 киллограмға дейін. Осы көлден жыл сайын   16-17 тонна балық ауланады. Ал көлдерді ұтымды пайдаланса, балық аулауды екі есеге дейін артыруға болады.

Су өсімдіктері. Олар қағаз және ағаш өнеркәсібінде пайдаланылады. Көл қамысы 500 мың гектар жерді алып жатыр, ол негізінен Балқаш, Алакөл көлдерінің және Шу, Нұра, сырдария өзендерінің жағалауларында өседі.

Есептеулерге  қарағанда, 150 мың гектар жерден  1,5 млн. тонна құрғақ қамыс дайындауға болады. Осы қамысты ұтымды пайдаланып, химиялық жолмен өңдесе,  700 тонна ағартылған целлюлоза, 30 мың тонна мал азығы ашытқысы,  300 мың тонна сульфатты спирт бордасын,  7,5 млн. декалитр этил спиртін өндіруге болады екен. Сондай –ақ миллион текше метр ағаш үнемделеді және жылына 5 млн. тонна мал азығы құнарландыруға болатын белок пен витамин алынады.

Жануарлар әлемі. Қазақстан көлдері жағалауларында түлкі, ақ тышқан, тарғыл мысық, солонгая, қасқыр, борсық, қарсақ, сасық күзен, жабайы шошқа, су тышқаны және т.б. тіршілік етеді. Бұлардың ішінде ең көп тарағаны ондатр.Алайда соңғы кезде ондатр терісін өндіру 20 есеге дейін кеміді, бұған ондатрды  аулауды дұрыс ұйымдастырмау, браконьерліктің етек алуы елеулі әсер етуде.

Курстық жұмыс  мақсаты мен міндеттері: Көлдерге физикалық-географиялық тұрғыдан жалпы сипаттама беру және көлдердің таралу ерекшеліктерімен, ресурстарымен, су алмасу жағдайларына қарай бөлінуімен және жасының әр түрлілігне байланысты, яғни қазаншұңқыр типтеріне қарай бөлінуімен жекелік түрде танысу. Ірі көлдерге байланысты топтастырып қарастыру және олардың органикалық дүниесімен танысу.

Осы мақсаттарды  жүзеге асыру үшін алдыма мынадай  міндеттер қойдым:

  -Көлдерге физикалық – географиялық тұрғыдан сипаттама беру;

  • Көлдердің таралу ерекшеліктерімен, ресурстарымен, су алмасу жағдайларына қарай бөлінуімен танысу;
  • Көлдердің геологиялық қалыптасуын және қазаншұңқыр типіне қарай бөлінуін анықтау;
  • Көлдердің ірі көлдер тобына қарай бөлінуімен танысу және оларға толық сипаттама беру;

Жұмыстың өзектілігі: Қазақстанның физикалық-географиясының ішкі суларына кіретін Қазақстан көлдері туралы мәлімет беру үшін, оны екі бөлім негізінде қарастырдым: бірінші, физикалық-географиялық тұрғыдан және геологиялық қалыптасуы мен қазаншұңқыр типіне қарай бөлінуіне жалпы сипаттама; екінші, Көлдердің ірі көлдер тобына қарай бөлінуі.

Көлдерді геологиялық  қалыптасуы және ірі көлдер тобына қарай бөлінуі тұрғысынан анықтауға, қарастыруға, таныстыруға, толық мәлімет беруге тырыстым.

 Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім, яғни негізгі мәселелерді қамтитын ІІ тарау, қорытындыдан, қосымшалар мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Теориялық негізі: Осы курстық жұмысымды бірнеше әдебиеттерді басшылыққа ала отырып жаздым. Оның ішінде негізінен:

Омаров Т.Р. «Қазақстанның  өзендері мен көлдері», Омаров Т, Филонец П, Филонец Ю. «Қазақастан көлдері», Өтемағамбетов М. «Қазақстанның физикалық  географиясы» және т.б. әдебиеттерді пайдалана отырып, Қазақстанның көлдеріне физикалық-географиялық тұрғыдан толық сипаттама бердім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Көлдердің геологиялық қалыптасуы және қазаншұңқыр типіне қарай бөлінуі.
    1. Тектоникалық көлдер типі

Қазақстан көлдерінің ерекшелігі – жасының әр түрлі болуы. Қазақстан көлдерінің әр жаста (әр кезеңде пайда болуы) болуы, оның территориясының жеке аудандарының  әр түрлі жаста болып келуімен байланысты. Жазық аласа таулы бөліктің көлдерінің көпшілігі өзінің эволюциялық дамуының стадиясына жеткен. Мұнымен қатар шөлдің көлдері тез тұзданып, тұз байланатын көлге айналады. Жергілікті халықтар  оларды тұз деп атайды.  Мұнан әрі бұл көлдер сорға айналады.

Орманды дала және дала зоналарының  көлдері біртіндеп борпылдақ  жыныстармен толып, оларды өсімдік  қаптауда. Олардың көпшілігі «құрудың»  әр түрлі стадиясына жеткен.

Биік таулы аймақтардың  көлдері даму кезеңі жөнінен жас  көлдерге жатады.

Қазақстан көлдері қазаншұңқырларының пайда болуына қарай бірнеше  топқа бөлінеді.

Тектоникалық көлдер төмен  түскен ойыстар мен жарықтарда көл  Қазақстанның оңтүстік – шығыс таулары мен Сарыарқада көбірек таралған. Зайсан, Марқакөл, Қарасор, Теңіз – Қорғалжын тобы, Көкшетау тобы, бұрынғы тектоникалық бөген Есік көлі т.б. су айдындары осы топқа жатады.

Марқакөл. Қазақстанның шығысында, Алтай тауының  оңтүстігінде орналасқан. Оның ұзындығы 38 километр, ені 19 километр, көлемі   1455 шаршы километр. Жағалауының ұзындығы 106 километр. Көл теңіз деңгейінен 1449,3 метр биіктікте жатыр.

Марқакөлдің су жиналатын алабы таулы. Оның көлемі 1180 шаршы километр.Марқакөл көлі Марқакөл ойысында жатыр. Оның оңтүстігінен Азутау, солтүстігінен Күршім тулары қоршап тұр.

Көл жағалауларында ағаш өте қалың болып шыққан. Мұнда  қарағай, шырша, самырсын, ақ қайың, көк  терек, шетен ағаш, мойыл сондай-ақ қарақат, ырғай, тобылғы, үйеңкі, тал өседі. Көлге шағын – шағын   27 өзен құяды.

Көлдің су деңгейі  мамыр айынан бастап көтеріліп, маусым, шілде айында ол ең жоғары шегіне жетеді, сонан соң ол төмендеп, қазан, қараша айларында бірқалыпқа келеді. Көлдің оңтүстік – батыс жағының терең жері   27 метрге дейін жетеді. Солтүстік – шығыс жағының суы тайыз келеді, ол бірте бірте тереңдейді.

Көлдің түбі кедір беті кедір – бұдырлы. Көлдің орта шені түбінің шамамен  300 километр жерін сұр лай басып жатыр. Ірі тас жыныстары тек қана мүйістерде  кезеседі. Құятын өзендердің сағалары жырымдалғаны болмаса,Марқакөлдің жағалаулары онша бұзыла қоймаған. Көлдің батыс жағынан тас көмір және девон шөгінділерінен пайда болған тақтастар, ал оңтүстігінен граниттер көзге түседі.

Оңтүстік жағалауында  тау жақпары мен су астына құлаған  ірі тастар бар. Марқакөлдің ең терең  жері 27метр болса, оның орташа тереңдігі  14,3 және метрдей. Көлге 6,5 текше километр су жиналады.

Көлге құятын су балансы алабына түсетін жауын  шашын мен жер асты суымен молығады.

Марқакөлдің суының түсі жасыл –көк, 4-5 метр тереңдікке дейін мөлдір, иіссіз. Көл суының жылдық температурасы мынадай сипатта болады: қыстан көктемге  қарай бірте – бірте көтеріліп, шілде-тамыз айында 16-17°-қа жетеді, сонан қайта бірте-бірте төмендеп, қараша айының басында 0° болады.

Марқакөл Қазақстанның ең суық аймағында жатыр. Көлге қараша айында мұз қатқаннан кейін температура  тұрақтанады.

Марқакөлдің суы жұмсақ, аздап қышқылдау. Химиялық құрамы жағынан гидрокарбонат класына кальций тобына жатады. Суында йод, бром, фтор, бор, мырыш, мыс, марганец, молибден, кобальт және никель аз кездеседі.

Планктоны. Фитопланктонында жасыл, көк жасыл және диатомдық балдырлар басым. Ал зоопланктонының 60 түрі бар. Мұнда коловратклардан сабақ мұртты және ескек ақ шаяндар, дафнин, босминдер кездеседі.

Мұнда қамыс, жебе жапырақ, ал шығанақ пен өзен сағаларында  құрлық пен суда өсетін қарақұмық, балдыр, мүйіз жапырақ, т.б. өсімдіктер өседі.

Ихтиофаунасы. Марқакөлде ленок (ускуч), хариус, голец және шабақ балықтары өмір сүреді. Бұл балық кәсіпшілік негізінде ауланады. Көлде жабайы үйрек, шағала т.б. құстар мекендейді. Тихушки өзенінің сағасында Қалжыр өзенінің бастауында ондатр көп кездеседі.

Информация о работе Қазақстан көлдері