Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің дамуы мен грамматикалық ерекшеліктері және оның аудармада көрініс табуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 15:19, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жүйесі бір-біріне ұқсамайтын тілдердің негізгі ерекшеліктерін салғастырмалы зерттеудің жалпы тіл білімімен қатар шет тілдерін оқыту жұмыстарында да мәні зор, маңызы жоғары. Біздің зерттеу тақырыбымыз қытай тіліндегі мөлшер сөздерді қазақ тілімен салғастыра қарастыруымыз осындай қажеттіліктен туындап отыр.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………...2
І тарау. «Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің дамуы мен зерттелу тарихы»……………………………………………………………..6
1.1.Тіл біліміндегі контрастивті типология және мөлшер сөздердің зерттелуі…………………………………………………………………….6
1.2. Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің зерттелуі………………………...7
1.2.1. Орыс тіл біліміндегі қытай тіліндегі мөлшер сөздер мәселесі…...8
1.3. Қазақ тіліндегі мөлшер атауларының зерттелуі……………………..9
1.4 Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің шығу мен дамуы……………...10
1.4.1.Көне қытай тіліндегі мөлшер сөздер………………………………11
1.5. Қазіргі қытай тіліндегі мөлшер сөздердің даму жолдары………...13
ІІ тарау. «Мөлшер сөздердің лексика-семантикалық және дистрибутивтік сипаты» …………………………………………………14
2.1. Қытайда және қазақ тілдеріндегі мөлшер сөздердің дистрибутивтік ерекшеліктері……………………………………………………………...14
2.2 Қазақ тіліндегі мөлшер сөздердің мағыналық, құрылымдық жүйесі……………………………………………………………………...18
2.3 Қытай тіліндегі мөлшерлік сөздерді айқындайтын үстеулер……...19
2.4 Қытай тіліндегі мөлшер сөздің семантикалық ерекшелігі…………19
2.5. Мөлшер бірліктерді білдіретін тұрақты тіркестер…………………21

ΙΙΙ тарау. «Мөлшер сөздердің валенттілігі және грамматикалық ерекшеліктері»……………………………………………………………….23
3.1. Мөлшер сөздің қосарлануы және морфологиялық ерекшелігі……23
3.2.Мөлшер сөздің валенттілік қызметі…………………………………24
3.3.Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің стилистикалық функциясы…...24
3.4. Қазақ тіліндегі мөлшер сөздердің грамматикалық белгілері……...25
3.5.Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің қазақ тілінде берілу жолдары...25

Қорытынды……………………………………………………………...27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………..29

Работа содержит 1 файл

Қытай тіліндегі мөлшер сөздер.docx

— 143.13 Кб (Скачать)

3.5.Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің қазақ тілінде берілу жолдары.

Салғастырмалы аударма жұмысының  мақсаты – аударма барысында түпнұсқа тілмен аударма  арасында тілдік қарым-қатынас орнату. Салғастыра аудару кез келген тілдік элементтің тілдік жүйеде алар орнын анықтап береді, ал тіларалық салғастырулар тілдерді синхронды түрде салыстыруға мүмкіндік тудырады. Мөлшер сөздер – екі тілді салғастыра зертеуде және аударуда кездесетін қиын да күрделі мәсәлелердің бірі. Қытай тілін шет тілі ретінде оқыту бағытын зерттеу жұмыстарында мөлшер сөздердің түрлері,олардың қолдану ерекшеліктері, жасалу жолдары, атқаратын қызметтері бұл жұмыста әжептеуір қарастырылды.

Заттық мөлшер сөздер заттың сан  мөлшерін білдіретін сөздер болып есептелді. Олар міндетті түрде аударылуға тиісті, егер ол  аударылмаса түпнұсқаның  мазмұнына нұқсан келеді. Мыс.:一本书[yi ben shu] бір тал кітап, 一群人[yi qun ren] бір топ адам т.б. Жекелік мөлшер сөздерді көп жағдайда аудармаса да болады. Ал топтық мөлшер сөздер міндетті түрде аударылу керек. Мыс.: 一盒糖 [yi he tang] бір қорап кәмпит, 一个糖 [yi ge tang ] бір тал кәмпит, 一打铅笔[yi da qianbi] бір буда қалам, 一支铅笔 [yi zhi qian bi ] бір тал қалам. Бұл арада жекелік мөлшерлік сөздер: 个[ ge], 支 [zhi]. Бұлар аударылмаса да түпнұсқаға нұқсан келмейді. Ал 大[da], 盒 [he] мөлшер сөздері аударылмаса, аударманың мазмұны бұзылады. Аударма жұмысында мөлшер сөздерді ыңғайына қарай қысқартып жіберуге немесе басқа сөздермен жеткізуге де болады. Сондықтан аудармада мөлшер сөздерді қандай ыңғайда аударуға, қандай кезде аудармай қысқартып жіберуге болады деген мәселеге  көңіл бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               ҚОРЫТЫНДЫ

  

Әлемнің тілдік бейнесін танудағы негізгі ұғым-түсініктердің біріне мөлшер, өлшем мазмұны да кіреді. Қытай тілі мен қазақ тілінде, ауызекі тілде де, жазба тілде де белсенді қызмет атқаратын мөлшер лексемаларының аясы ауқымды болып келеді. Қалыптасқан үрдіске сәйкес қазақ тіл білімінде сандылық категориясына, әдетте, өзара ұқсас, бірақ белгілі бір тұрғыдан тәуелсіз екі ұғымға: көптік ұғымы мен мөлшер ұғымына байланысты құбылыстар жатқызылады.

Қытай тілі аса күрделі тіл болғандықтан, онда мөлшер сөздердің саны көп және әрбір мөлшер сөздің ойды анықтайтын, толықтайтын, сипаттайтын өзіне тән қызметі бар. Сондықтан олардың бірінің орнына бірін ауыстырып қолдануға келмейді. Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің қолданылуы сөз тіркесіндегі немесе сөйлемдегі білідретін мағынасы жағынан, мөлшерлік мағынасымен, құрылымдық қызметі жағынан жіктеліп, ерекшеленеді. Ал қазақ тіліндегі мөлшер сөздер жеке сөз табы ретінде қарастырылмағанымен, тілде атқаратын қызметтеріне қарай олар сан есімдердің құрамындағы нумеративті сөздер немесе өлшем сөздер, счетті сөздер, есептік сөздер деп аталып жүр.

Жұмыста қазақ тіліндегі мөлшер сөздердің пайда болуы мен жасалуының да өзіндік ерекшеліктері мен заңдылықтары айқындалды. Олардың саны аз және қытай тіліндегідей күрделі емес, сондай-ақ олардың қолданылуына ерекше қатаң талаптар қойылмайтындығы анықталынды.

Қытай және қазақ тілдерінің мөлшерлік сөздердің грамматикалық айырмашылықтарына тоқталып, қытай тілі даралаушы тілдерден екенін ескерсек, қытай тіліндегі сөздер ешқандай септелмейтіндігі, шақ формасы, тәуелденбейтіндігі сол тілдің басты айырмашылығы болып келеді. Қазақ тіліндегі мөлшерлік сөздер қабыса, матаса, меңгере байланыстарға түсе алады. Қытай тіліндегі мөлшерлік сөздер тек қана қабыса байланысқа түседі. Қытай тіліндегі мөлшерлік сөздер сөйлемде бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш, толықтырғыш бола алады. Ал қазақ тілінде анықтауыштық, пысықтауыш қызмет атқара алады.

Қытай тіліндегі мөлшер сөздер сан есіммен, есімдікпен тікелей тіркеседі. Ал зат есім, етістік, сын есім әдетте мөлшер сөздер  арқылы ғана сан есіммен тіркесе алады. Бұл қазіргі заман қытай тіліндегі мөлшер сөздердің басты айырмашылығы.

Қытай тіліндегі мөлшер сөздер сан есім немесе сілтеу есімдігімен тіркесіп, сөйлем мүшесі болады. Сонымен қатар мөлшер сөздер сөйлемде анықтауыш, толықтырғыш, бастауыш, баяндауыш, толықтауыш қызметтерін атқарады.

Қытай тілінде мөлшер сөздер кеңінен қолданылады және олардың өзіндік қолдану ерекшеліктері, заңы бар. Әртүрлі мөлшер сөздер әртүрлі сөздерді шамалайды. Бір мөлшер сөз әртүрлі сөздерді шамалай алады. Бір сөзге бірнеше мөлшер сөздер қолданыла береді.

Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің бір түрі немесе бір тобы - өлшем бірліктері қазақ тілінде  де дәл сондай болып кездеседі. Сонымен қатар, қытай тіліндегі бірнеше мөлшер сөз қазақ тіліндегі бір ғана мөлшер сөзбен және қазақ тіліндегі бірнеше мөлшер сөз қытай тіліндегі бір ғана сөзбен берілу құбылысы да жоқ емес.

Тілдерді салғастыра зерттеу барысында айқындалуға тиісті ұқсастықтар мен  айырымдардың түрлерін бір ізге түсіре келе, салғастырудың осы күнге дейінгі көп жағдайда формадан шығып, мағына ашу бағытында жүргізіліп келгенін,сондай-ақ қазіргі тіл білімінің үрдісіне сай тілдің әр түрлі қолданыс аясындағы қызметін ашатын бағыттың басымдыққа  ие болып отырғанын, соған орай тілдік айырым мен ұқсастықтар тілдердің барлық деңгейлерін біртұтас жүйе тұрғысынан салғастырудың маңыздылығын баса көрсетілді.

Қытай тіліндегі мөлшер сөздерді қолдануда  ерекше қатаңдықты талап етеді. Егер сөйлемде мөлшер сөзді дұрыс қолданбаса, яғни сипатталатын обьектінің өзіне ғана тән мөлшер сөзді қолданбаса, немесе оны қалдырып кетсе, онда бұл сөйлем негізгі мазмұнынан айырылып қалады. Жалпы алғанда, «сан есім мен зат есімді» мөлшер сөздер құрайтын мөлшер сөз тіркесінің, ең басты синтаксистік қызметі - анықтауыш болу. Нақты жағдайларда ол бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш және толықтырғыш жасай алады. Ерекше тіл ортасында, бастауыштық, баяндауыштық қызметтерін атқара алады, бірақ толықтауыштық  қызмет  жасай алмайды. Сан есім мен қимыл мөлшер сөз және зат есім тіркесіп келгенде белгілі жағдайда сөйлемде ол бастауыш  қызметін атқарады.

Мөлшер сөздердің сезімдік, формалық және тілдік реңктерін нақты білу мөлшер сөздерді дұрыс қолдануымызға көмектесіп қана қоймай, оларды шебер таңдай білуімізге көмектеседі, тілді одан да көрікті қыла түседі.

Қорыта келгенде, шетел тілінің жүйесін саналы түрде меңгеру  барысында ана тілімен салғастыру қазақ тілінің ерекшеліктері мен айырмашылықтарын жүйелі түрде, тереңірек түсінуге, меңгеруге, пайымдауға жол ашады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1. Марр Н.И. Избранные работы . 2 том. Ленинград, 1936

2. Буранов Дж. Сравнительная типология английского языка и тюркских языков.–М.,1983. 264 с.

3. Бугаева Т.Г. Нумеративы в корейском языке // Исследования в области этимологии алтайских языков. – Ленинград: Наука, 1979. – с. 262-270

4. Ма Цзен Чжұң [马氏文通] .Грамматика сауаты. –Пекин,1898.

5. Драгунов. А.А.Исследования по грамматике современного китайского языка. 1 часть. М.- 1952, с.231.

6. Яхонтов. С.Е Категория глаголов в китайском языке.– Ленинград, 1957

7. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1991. - 384 б

8. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1991. -384 б

9. Уаң Ли. Қазіргі заман қытай тілі грамматикасы.– Пекин.1943 ж.

10.Лүй Шушяң. Қытай грамматикасының қысқаша очеркі. –Пекин, 1956. – 290 б.

11. Жанпейісов Е.Этнокультурная лексика казахского языка.– Алматы, 1989-28 б.

12. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі .–Алматы: Ана тілі, 1992. -248 б. 

13. Агманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. –Алматы, Мектеп, 1986. -240 б.

14.Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрдел сөз тіркестері.–Алматы, 
Мектеп,1981. -200 б.

1

 


Информация о работе Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің дамуы мен грамматикалық ерекшеліктері және оның аудармада көрініс табуы