Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 15:19, дипломная работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жүйесі бір-біріне ұқсамайтын тілдердің негізгі ерекшеліктерін салғастырмалы зерттеудің жалпы тіл білімімен қатар шет тілдерін оқыту жұмыстарында да мәні зор, маңызы жоғары. Біздің зерттеу тақырыбымыз қытай тіліндегі мөлшер сөздерді қазақ тілімен салғастыра қарастыруымыз осындай қажеттіліктен туындап отыр.
Кіріспе ………………………………………………………………………...2
І тарау. «Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің дамуы мен зерттелу тарихы»……………………………………………………………..6
1.1.Тіл біліміндегі контрастивті типология және мөлшер сөздердің зерттелуі…………………………………………………………………….6
1.2. Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің зерттелуі………………………...7
1.2.1. Орыс тіл біліміндегі қытай тіліндегі мөлшер сөздер мәселесі…...8
1.3. Қазақ тіліндегі мөлшер атауларының зерттелуі……………………..9
1.4 Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің шығу мен дамуы……………...10
1.4.1.Көне қытай тіліндегі мөлшер сөздер………………………………11
1.5. Қазіргі қытай тіліндегі мөлшер сөздердің даму жолдары………...13
ІІ тарау. «Мөлшер сөздердің лексика-семантикалық және дистрибутивтік сипаты» …………………………………………………14
2.1. Қытайда және қазақ тілдеріндегі мөлшер сөздердің дистрибутивтік ерекшеліктері……………………………………………………………...14
2.2 Қазақ тіліндегі мөлшер сөздердің мағыналық, құрылымдық жүйесі……………………………………………………………………...18
2.3 Қытай тіліндегі мөлшерлік сөздерді айқындайтын үстеулер……...19
2.4 Қытай тіліндегі мөлшер сөздің семантикалық ерекшелігі…………19
2.5. Мөлшер бірліктерді білдіретін тұрақты тіркестер…………………21
ΙΙΙ тарау. «Мөлшер сөздердің валенттілігі және грамматикалық ерекшеліктері»……………………………………………………………….23
3.1. Мөлшер сөздің қосарлануы және морфологиялық ерекшелігі……23
3.2.Мөлшер сөздің валенттілік қызметі…………………………………24
3.3.Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің стилистикалық функциясы…...24
3.4. Қазақ тіліндегі мөлшер сөздердің грамматикалық белгілері……...25
3.5.Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің қазақ тілінде берілу жолдары...25
Қорытынды……………………………………………………………...27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………..29
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің дамуы мен грамматикалық ерекшеліктері және оның аудармада көрініс табуы
Мазмұны
Кіріспе ………………………………………………………………………...
І
тарау. «Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің дамуы
мен зерттелу тарихы»……………………………………………………………
1.1.Тіл біліміндегі контрастивті типология
және мөлшер сөздердің зерттелуі………………………………………………………
1.2. Қытай тіліндегі мөлшер
1.2.1. Орыс тіл біліміндегі қытай тіліндегі мөлшер сөздер мәселесі…...8
1.3. Қазақ тіліндегі мөлшер атауларының зерттелуі……………………..9
1.4 Қытай тіліндегі мөлшер
сөздердің шығу мен дамуы…………….
1.4.1.Көне қытай тіліндегі
1.5. Қазіргі қытай тіліндегі мөлшер сөздердің даму жолдары………...13
ІІ тарау. «Мөлшер сөздердің лексика-семантикалық және дистрибутивтік сипаты» …………………………………………………14
2.1. Қытайда және қазақ тілдеріндегі мөлшер
сөздердің дистрибутивтік ерекшеліктері……………………………………………
2.2 Қазақ тіліндегі мөлшер
2.3 Қытай тіліндегі мөлшерлік сөздерді айқындайтын үстеулер……...19
2.4 Қытай тіліндегі мөлшер сөздің семантикалық ерекшелігі…………19
2.5. Мөлшер бірліктерді білдіретін тұрақты тіркестер…………………21
ΙΙΙ
тарау. «Мөлшер сөздердің валенттілігі
және грамматикалық ерекшеліктері»…………………………………………
3.1. Мөлшер сөздің қосарлануы
және морфологиялық ерекшелігі…
3.2.Мөлшер сөздің валенттілік қызметі…………………………………24
3.3.Қытай тіліндегі мөлшер
3.4. Қазақ тіліндегі мөлшер
3.5.Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің қазақ тілінде берілу жолдары...25
Қорытынды………………………………………………………
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………..29
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жаһандану үрдісі халықтар мен этникалық топтардың арасындағы мәдени, саяси, тіл байланыстарын нығайтуға өз әсерін тигізуде. Бүгінгі өмір талабы әр түрлі халықтар мен мәдениеттің араласу және өзара түсінісу мәселесін барынша жоғары деңгейде қарауды талап етіп отыр. Адамдар бір-бірімен өзара қатынаста болу үшін, бір-бірінің мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін, тілін, дінін жете білуге тырысады, осы тұрғыдан келгенде мәдениетаралық байланыс орнатуға құлшыныс жасайды. Мәдениетаралық қатынастың басты саласының бірі – шет тіл арқылы ұлттық әдебиет және мәдениетпен танысып, халықтар арасындағы қарым-қатынасты кеңінен жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Әлемнің тілдік бейнесін танудағы негізгі ұғым-түсініктің біріне мөлшер мазмұн да кіреді. Ғалымдар бұл категорияға ерте кезден бастап-ақ ерекше назарын аударып, оны философия, логика, математика, геометрия, физика, астрономия және тіл білімі сияқты ғылымдар тұрғысынан зерттеу нысаны болып келеді. Г.Гегель өлшем деп сапаның анықталған саны (мөлшері), өлшемі деп, тұрмыс-тіршіліктің аясында анықталған сандар, мөлшерлер, межелер, шамалар жүйесі деп танығандығы белгілі.
Мөлшер – адамдардың дүниетанымы, оны меңгеру мен бейнелеудегі басты көлемі іспетті ұғым. Адамның дүниетанымы, құбылыстар мен заттар, олардың көлемі барлығы да мөлшерсіз, шамасыз болмайды. Кез келген заттың, құбылыстың белгілі бір өлшемі, мөлшері болады.
Қытай тілі типологиялық жағынан дараланушы тілдер тобына жатады. Қытай тілінің негізгі ерекшеліктері деп сөздердің морфологиялық яғни тұлғалық өзгерістерге түспеуін, сөздердің орын тәртібі және көмекші сөздер арқылы грамматикалық мағына білдіруін, мөлшер сөздер ерекше көп қолданылуын атауға болады.Мөлшер сөздер жөніндегі зерттеу жұмыстарына зат немесе қимыл-әрекеттің сандық мөлшерін емес, тек бірлігін ғана білдіретін сөздер қытай тілінде мөлшер сөздер деп аталады.
Мөлшер категориясы, лексикалық деңгейде өлшемдік ұғымдарды білдіретін сөздер мен сөз тіркестері түркітануда, қазақ тіл білімінде әр түрлі сөз таптарына қатысты айтылып, мөлшер мағынасын білдіретін зат есімдер, морфологиялық көптік категория (көптік жалғау, көпше түр, мөлшер, сандық категориясы),қимылдың өту сипаты категорияларының аясында қарастырылған.
Зерттеудің нысаны генеологиялық тұрғыдан туыстас емес қытай және қазақ тілдеріндегі мөлшер сөздер болғандықтан, бұл жұмыста «мөлшер сөз» деген термин ұсынылып отыр.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жүйесі бір-біріне ұқсамайтын тілдердің негізгі ерекшеліктерін салғастырмалы зерттеудің жалпы тіл білімімен қатар шет тілдерін оқыту жұмыстарында да мәні зор, маңызы жоғары. Біздің зерттеу тақырыбымыз қытай тіліндегі мөлшер сөздерді қазақ тілімен салғастыра қарастыруымыз осындай қажеттіліктен туындап отыр.
Қытай және қазақ тілдеріндегі мөлшер бірліктері туралы қазақ тіл білімінде шағын мақалалар мен азын-аулақ лингвистикалық зерттеулер жарық көргені болмаса, толықтай зерттелді деп айту қиын. Осыған орай қытай және қазақ тілдеріндегі мөлшер сөздерді ғылыми тұрғыдан жүйелей отырып, олардың лексикалық, грамматикалық қырлары бойынша тілде қалыптасқан заңдылықтар аясында салғастыра отырып, халық игілігіне жарату тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Зерттеудің өзектілігі сөйлеушінің ақиқат шындықтағы мөлшер мағынасының қазақ тілінде берілуін кешенді түрде зерттейтін жұмыстың қажеттілігімен және осыны білдіретін тілдің әр түрлі деңгейлік құралдарының парадигмасын айқындауға, семантикалық құрылымын зерттеуге арналған еңбектердің болмағандығымен айқындалады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің басты мақсаты – қытай және қазақ тілдеріндегі мөлшер сөздердің лексикалық-семантикалық топтарын жан-жақты анықтап, талдау жасау, қытай тілінің қазақ тіліндегі балама сөздерін және өзара ерекшеліктерін саралау, олардың қолдану ерекшеліктерін салғастыру. Осы мақсатқа жету жолында төмендегідей міндеттерді шешу ісі алға қойылды:
Зерттеу әдістері. Диссертациялық жұмыста диахрондық-синхрондық, құрылымдық, тарихи-салғастыра зерттеу, сипаттау, компоненттік талдау жасау әдістері қолданылды.
Зерттеу дереккөздері. Жұмыстың мақсатына байланысты қазіргі қытай тіліндегі сөздіктер, журналдар, көркем туындылар, сондай-ақ қазақ тіліндегі көркем әдеби шығармалар, қазақ тіл біліміндегі тарихи-этнографиялық зерттеу материалдары мен түрлі сөздіктер, тақырыпқа қатысты екі тілдегі жарық көрген мәдени-танымдық және ғылыми зерттеулер мен мақалалар пайдаланылды.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық
негіздері. Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық
негізі ретінде тіл білімі теориясының
негізін салушы қытай тілін зерттеуші
ғалымдар: Ма Цзен Чжұң (马建忠), Ли Жиңший 黎锦熙), Уаң Ли (王力), Лүй Шушяң (吕叔湘), Гау Миң Кай (高名凯), Жаң Жыгұңның(张志公), Лу Чжі Вей (陆志韦), Диң Шыңшудың (丁声树), Жау Юанрын (赵元任), Диң Шыңшу (丁声树), Жоу Дыший (朱德熙), Жаң Жыгоң (张志公), Хы Жие (何杰), Ли Үймиң (李宇明) т.б. Зерттеу барысында мөлшер ұғымын
білдіретін атауларға байланысты түркітануда
А.Н.Баскаков,Л.А.Молчанова,Ф.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
– қытай және қазақ тілдеріндегі мөлшер ұғымын білдіретін тілдік бірліктер лексика-семантикалық тұрғыдан қарастырылып сипатталды;
– қытай және қазақ тіліндегі мөлшер сөздер функционалды-семантикалық тұрғыдан лексика-грамматикалық, морфологиялық және синтаксистік деңгейде кешенді түрде зерттелді;
–қытай және қазақ тілдеріндегі мөлшерлік ұғымды білдіретін тілдік бірліктердің мағынасы лингвомәдени және концептілік тұрғыдан қарастырылды;
– қытай және қазақ тілдеріндегі заттық мөлшер сөздер мен қимылдық мөлшер сөздердің функционалдық қызметтері сараланды;
– қытай және қазақ тілдеріндегі мөлшер сөздердің изоморфизм және алломорфизмдер көркем-әдеби туындыларға сүйене отырып дәлелденді.
Зерттеудің теориялық маңызы. Бір тілді екінші бір тілмен, әсіресе генетикалық жағынан бір-бірінен алшақ жатқан тілдерді контрастивті түрде салғастырудың лингводидактикалық мәні шетел тілін оқу мен оқыту кезінде олардың ұқсас сипаттарын тани отырып және таныта отырып, айырымдық жақтарын саналы түрде пайымдаудан көрінеді. Қытай тіліндегі мөлшер сөздерді дербес сөз табы ретінде лексика-грамматикалық ерекшеліктерін жан-жақты сипаттап көрсетумен бірге оны қазақ тіліндегі ұқсас формалармен салғастырудың, әсіресе сөздерді топтастырудың белгілері, принциптері және өлшемдерінің жүйесі ұқсамайтын екі тілдегі сөздердің лексикалық мағыналары мен сөйлемдегі синтаксистік қызметтерін екі тіл бойынша салғастыра зерттеудің теориялық маңызы зор.
Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеу барысында қол жеткізген теориялық тұжырымдар мен нәтижелер Тіл біліміне кіріспе, Жалпы тіл білімі пәндерін жаңа деректермен толықтырады. Жоғары оқу орындарында қытай және қазақ тілдерінің салғастырмалы грамматикасын, қытай тілі грамматикасын, лексикология, лингвомәдениеттану, қытай тілі грамматикасы бойынша мамандандыру пәнін оқытуда, сонымен қатар әдістемелер мен оқулықтар жазуда, аударма ісінде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
1.Қытай тіліндегі мөлшер сөздер сөздік қордың жүйелі қабатын құрайды және тілді меңгертуде маңызды рөл атқарады;
2. Салғастырылған тілдердегі мөлшер сөздер өзіндік грамматикалық белгілерімен ерекшеленеді;
3. Құрылымы әр түрлі тілдерді жан-жақты салғастыру нәтижесінде қытай тілінің өзіндік ерекшеліктері айқындалды;
4. Мөлшер сөздер ұлттың ұғым-түсінігі, дүниетанымы, ұлт болмысы, мәдениетінен мәнді ақпарат береді;
5.Салғастырылған тілдердегі тілдік категориялардың ерекшелігі айқындалып, мәдениаралық коммуникациясындағы қызметі сараланды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І тарау. «Қытай және қазақ тілдеріндегі мөлшер сөздердің дамуы мен зерттелу тарихы». Бұл тарауда тіл біліміндегі контрастивті типология және мөлшер сөздердің зерттелуі, қытай тіл біліміндегі мөлшер сөздер, орыс тіл білімінде қытай мөлшер сөздерінің сипатталуы, көне қытай тіліндегі мөлшер сөздердің шығу тегі және қазіргі қытай тіліндегі мөлшер сөздердің даму жолдары қарастырылады.
1.1.Тіл біліміндегі контрастивті типология және мөлшер сөздердің зерттелуі. Контрастивті салғастырмалы лингвистика – тіл біліміндегі ең жас саланың бірі. Әлем тілдерін жоспарлы түрде синхронды салғастыра зерттеу ХХ ғасырдың 60-70-жылдарында көптеген ғалымдардың, әдіскерлердің еңбектерінде бастау алған болатын. Салыстырмалы лингвистика мәселелеріне деген ынта-ықыластың өсуін шет елдік Р.Ладо, В.Матезиус, В.Скаличка секілді ғалымдардың еңбектерінен көруге болады.
Құрылымы әр түрлі тілдерді салғастыра зерттеудің маңыздылығына ең алғашқылардың бірі болып академик Н.Л.Марр терең мән берген еді. Ол былай дейді: «... нам нужны черты не только роднящие, но и разъединящие, нам нужен анализ парносближаемых языков и в их расхождениях». Л.В.Щерба, В.В.Виноградов, И.И. Мещанинов секілді көрнекті ғалымдар өздерінің еңбектерінде салыстармалы және салғастырмалы зерттеудің тіл білімінде алатын орны зор екендігін айқындап берді.
Жалпы тіл білімінде салыстыра және салғастыра зерттеу барысына көп еңбек сіңірген ғалымдар: М.М. Копыленко, С.Е.Исабеков, З.К. Ахметжанова, Э.Д.Сүлейменова, М.Т. Сәбитова, Т.А.Аяпова, Қ.Т.Рысалды, Н.С. Пак, К.К. Дүйсекова, А. Ислам, В.У.Махпиров, Г.Сағидолдақызы, Ж.Есеналиева т. б.
Салғастырмалы тіл білімін өзінің зерттеу нысаны, нақты мақсаты, міндеттері бар дербес сала деп дәлелдеген У.К.Юсупов контрастивтік зерттеудің принциптерін атап көрсетті.Ғалым З.К.Ахметжанова салғастырмалы зерттеудің алты принципін айқындап берді. Ол әр түрлі тілдерді салғастыра зерттеудің ең басты принциптері ретінде семантикалық және функционалдық ұстанымдарды айрықша негіздеді және олар кейінгі зерттеулерге арқау болды, осылардың негізінде олар жан-жақты ашыла түсті.
Дж.Буранов лингвистиканың типологиялық
салалары ретінде генетикалық