Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 15:19, дипломная работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жүйесі бір-біріне ұқсамайтын тілдердің негізгі ерекшеліктерін салғастырмалы зерттеудің жалпы тіл білімімен қатар шет тілдерін оқыту жұмыстарында да мәні зор, маңызы жоғары. Біздің зерттеу тақырыбымыз қытай тіліндегі мөлшер сөздерді қазақ тілімен салғастыра қарастыруымыз осындай қажеттіліктен туындап отыр.
Кіріспе ………………………………………………………………………...2
І тарау. «Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің дамуы мен зерттелу тарихы»……………………………………………………………..6
1.1.Тіл біліміндегі контрастивті типология және мөлшер сөздердің зерттелуі…………………………………………………………………….6
1.2. Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің зерттелуі………………………...7
1.2.1. Орыс тіл біліміндегі қытай тіліндегі мөлшер сөздер мәселесі…...8
1.3. Қазақ тіліндегі мөлшер атауларының зерттелуі……………………..9
1.4 Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің шығу мен дамуы……………...10
1.4.1.Көне қытай тіліндегі мөлшер сөздер………………………………11
1.5. Қазіргі қытай тіліндегі мөлшер сөздердің даму жолдары………...13
ІІ тарау. «Мөлшер сөздердің лексика-семантикалық және дистрибутивтік сипаты» …………………………………………………14
2.1. Қытайда және қазақ тілдеріндегі мөлшер сөздердің дистрибутивтік ерекшеліктері……………………………………………………………...14
2.2 Қазақ тіліндегі мөлшер сөздердің мағыналық, құрылымдық жүйесі……………………………………………………………………...18
2.3 Қытай тіліндегі мөлшерлік сөздерді айқындайтын үстеулер……...19
2.4 Қытай тіліндегі мөлшер сөздің семантикалық ерекшелігі…………19
2.5. Мөлшер бірліктерді білдіретін тұрақты тіркестер…………………21
ΙΙΙ тарау. «Мөлшер сөздердің валенттілігі және грамматикалық ерекшеліктері»……………………………………………………………….23
3.1. Мөлшер сөздің қосарлануы және морфологиялық ерекшелігі……23
3.2.Мөлшер сөздің валенттілік қызметі…………………………………24
3.3.Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің стилистикалық функциясы…...24
3.4. Қазақ тіліндегі мөлшер сөздердің грамматикалық белгілері……...25
3.5.Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің қазақ тілінде берілу жолдары...25
Қорытынды……………………………………………………………...27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………..29
Қытай тіліндегі қимылдық мөлшер сөздердің пайда болу кезеңі – әлі анықталмаған сұрақтардың бірі. Қытай тілі грамматикасын зерттеуші Уаң Ли өз еңбектерінде: «Таң дәуірінен бұрын «екі рет» деген мағынаны, «тағы» деген сөзді қолданудан басқа, іс-әрекеттің рет санын айтуда етістіктің алдына сан қосу арқылы көрсеткен» деп жазған.
Лю Шыжу: «Қытай тіліндегі қимылдық мөлшер сөздер Вэй жин оңтүстік, солтүстік (魏晋南北) дәуірінде пайда болды немесе сол кездерде біртіндеп пайда бола бастады»,– дейді. Сондай-ақ Қытайдың Цинь дәуірі кезіндегі жазбалардан да қимылдық мөлшер сөздердің де қолданыста болғаны аңғарылады. Мыс.: 小乐正立于西阶东,乃歌鹿鸣三终。[Xiaole zhen li yu xi jie dong, nai ge lu ming san zhong], ге лу өлеңін үш қайтара айтып шықты.罗人欲伐之,使伯嘉谍之,三巡数之。[Luoren yu fa zhi, shi bo jia die zhi, san xun shu zhe.]
Ал қазіргі қытай тілінде бұл сөз мөлшерлік қызмет атқармайды, «终zhong» сөзіне сәйкес «遍 bian» мөлшер сөзі қолданылады. 2-мысалда «三巡数之san xun shu zhe» «巡xun» сөзіне қазіргі қытай тіліндегі «遍 bian» сөзі сәйкес келеді.
Көне қытай тіліндегі шығармаларда көп кездесетін тағы бір мөлшер сөз «一成yi cheng» «ұрып болу, соғып болу» деген етістіктік мағынаны көрсетеді. «一成yi cheng» сөзінің қазіргі қытай тіліндегі мағынасы «一下yixia» іс-әрекеттің қысқа мерзімде істелуін білдіреді. «一成yi cheng» «击之ji zhi» тіркесінің соңынан жалғасып толықтырғыш (补语)болып, іс әрекетті білдіретін «击ji ұру, соғу» қимылының мөлшерін білдіріп тұр.
下xia – қимылдық мөлшер сөзі қимыл-әрекеттің қысқа уақытта және сол әрекеттің төмен қарай бағытталған рет санына қаратылады. Мыс.:母乃仗祥背及两脚百余下。[Munai zhang xiang bei ji liang jiao bai yuxia]. Шешесі қолына таяқ алып, Сиаңның арқасынан және екі аяғынан нешеме рет ұрды.
遍Bian – іс-әрекеттің басталғаннан аяқталғанға дейінгі барысының мөлшерін білдіреді. Мыс.:但读千遍,自得其意。[Dandu qian bian, zi de qi yi.] Мың рет оқысаң, мағынасын өзің түсінесің. 画眉千度拭,梳头百遍撩。[Huamei qian du shi , shu tou bai bian liao.] Қасын мың рет сызып, шашын жүз рет тарады.
1.5. Қазіргі қытай тіліндегі мөлшер сөздердің даму жолдары. Қазіргі мөлшер сөздер қолданылуы жағынан көне қытай тіліндегі мөлшер сөздерден мүлде өзгеше. Кейбір мөлшер сөздер құралып-қосылу барысында зат есімдермен немесе етістіктермен біртіндеп тұрақты қатынастар орнатып, жиі қолданылуы дағдыға еніп, бірте-бірте қазіргі қытай тіліндегі мөлшер сөздерді қалыптастырған. Мөлшер сөздерді зерттеуде, болмаса қытай тілін шетелдіктерге үйретуде мұның мәні зор екендігіне сенімдіміз.
本 (ben)“本”-нің негізгі мағынасы – “тамыр, Cюй Шэнь 《说文解字》 («Иероглифтерді талқылау») кітабында былай деп түсініктеме береді: “本下曰本”, 徐笺“凡木命根为柢,旁根为根,通曰本”. Бұл “本”-нің бастапқы мағынасы өсімдік тамырын білдіреді. Ол мөлшер сөзге айналғанда, әрине, өсімдіктердің мөлшерін білдіре алады. Мыс.: 百本薤, 五十本葱 (汉书·循吏传) Жүз түп көк ағаш, елу түп шөп.
Адамдардың басым бөлігі өсімдіктердің мөлшерін білдіруде “本”-ді қолдану, оның “тамыр”деген мәнінен туындаған ауыспалы мағынамен, ал оны кітаптар мөлшерін білдіру үшін қолдану әдісі “本”-нің “түп-тамыр” (қазық, қайнар) мәнінен келіп шыққан ауыспалы мағынамен байланысты деп есептейді.
ІІ тарау.«Мөлшер сөздердің лексика-семантикалық және дистрибутивтік сипаты». Қытай және қазақ тілдеріндегі мөлшер сөздер, қазақ тіліндегі мөлшер сөздердің мағыналық құрылымдық жүйесі, қытай тіліндегі мөлшер сөздерді айқындайтын үстеулер, қытай тіліндегі мөлшер сөздердің семантикалық ерекшелігі, мөлшерлік бірліктерді білдіретін тұрақты тіркестер баяндалады.
2.1. Қытайда және қазақ тілдеріндегі мөлшер сөздердің дистрибутивтік ерекшеліктері. Мөлшер сөз – қытай тіліндегі ең негізгі грамматикалық ерекшеліктердің бірі. Қытай тілінде әдетте заттың сандық мөлшерін білдіру үшін сан есім мен зат есім бірден тіркесе алмайды, олардың арасында міндетті түрде мөлшер сөздер қосылып айтылады. Мыс.:一个人[Yi ge ren] бір адам, 一本书[yi ben shu] бір кітап, 一辆车[yi liang che] бір арба, 三件衣服[san jian yi fu] үш киім, 拉一把[La yi ba] тарту, 考一次[kao yi ci] бір рет сынақ тапсыру, 住一年[zhu yi nian] бір жыл тұру, 看了一遍[kan le yi bian] бір рет қарады. Айталық, бір тұтам шөп, бір қазан ет, бір сауым сүт, бір орам жіп, бір атым насыбай, бір уыс тары т.б. Осындағы тұтам, қазан, сауым, орам, атым, уыс сөздері аталған тіркестердегі зат есімнің мөлшерін (шамасын ) білдіріп тұр.
Бірақ мұндай сөздер қазақ тілінде жеке сөз табы ретінде қарастырылмаған. Өйткені, біріншіден, олар жеке тұрғанда тілімізде басқа сөз табына (жоғарыда келтірілген сөздер зат есімге) тәуелді сөздер. Екіншіден, қазақ тілінде әдетте сан есім мен зат есім сөздері тікелей тіркесе береді. Мыс.: бір адам, екі үстел, үш орындық т.б. Ал қытай тілінде олай емес, кей жағдайда болмаса, сан есім мен зат есімдер мөлшер сөздерсіз тіркесе алмайды.
Заттық мөлшер сөздер адам не заттың санын білдіреді. Мыс.: 一个人[yi ge ren] бір тал адам, 一张桌子 [yi zhang zhou zi] бір стол, 一斤米 [yi jin mi] бір фунт күріш, 两本书 [liang ben shu] екі кітап.
Көне қытай тілі кезінен бері келе жатқан мөлшер сөздер: 乘 [cheng],帙[zhi], 巡[xun], 寻[xun], 樽[zun],袭[xi]. Бір мөлшер сөзді бірнеше зат есімге қатысты мөлшер сөз ретінде қолданылады.Сондай-ақ басқа тілдерден енген мөлшер сөздер де бар: 便士[bianshi] пенси, 伏特[tute] вольт, 瓦[wa ] ватт, 英寻[yingxun], т. б.
Заттық мөлшерлік сөздердің тек мөлшер сөз ретінде ғана қолданылатын түрімен бірге басқа сөз таптарынан ауысып қолданылатын түрлері де болады. Заттық мөлшер сөздерді мағыналық сипатына қарай арнаулы және ауыспалы деп бөлуге болады. Арнаулы мөлшер сөздер бес топқа бөлінеді:
1. Жекелік мөлшер сөздер дегеніміз – жеке заттардың бірлігін білдіру үшін арнайы қолданылытын мөлшер сөздер. Мыс.: 个[ge], 位[wei], 件[jian], 本 [ben], 把[ba, 匹[pi], 块[kuai], 篇[pian], 支[zhi], 家[jia], т. б.
Заттардың формасына қарай қолданылатын мөлшер сөздер:条[tiao] сырт көрінісі ұзын, жіңішке заттарға қолданылады :一条板凳 [yi tiao ban deng] бір ұзын орындық, 一条绳子[yi tiao sheng zi] бір арқан, т. б.
张[zhang] тегіс, жалпақ және кейбір ашылатын заттарға қолданылады: 一张桌子[yi zhang zhuo zi] бір үстел,一张剧票 [yi zhang ju piao] бір театр билеті, т. б.
Екі тілде де талдап санау өлшеміндегі сөздерде сандық мәні анық болмайды және олар зат есімдерге қолданылады. Мыс.: бір қап астық, бір түп тал, үш парақ қағаз, екі том кітап, бір шоқ раушан гүлі, он бау шөп, екі кесе май, т. б.
Туыс емес екі тілді салғастыру нәтижесінде ең басты айырмашылық жекелік сөздердің қытай тілінде өте көп екендігі дәлелденді.
2.Жинақтық мөлшер сөздер заттардың және адамдардың жұбын, жиынын есептейтін,санайтын бірлік ретінде қолданылады:副[fu], 双[shuang], 对[dui], 帮[bang], 班[ban], 套[tao], 大[da], 伙[huo],群[qun] т.б. жатады. Мөлшер сөздердің бұл түрі заттардың жиынтығын білдіреді. Мыс.: 副 [fu] 一副手套[yi fu shou tao] бір жұп қолғап, 一副对联[yi fu dui lian] жұп жазбалар, 一副眼镜[yi fu yan jing] бір жұп көзәйнек, 群[qun] 一群马[yi qun ma] бір үйір жылқы, 一群孩子 [yi qun hai zi] бір топ бала, 一群人[yi qun ren ] бір қора кісі. .
Қытай және қазақ тілдеріндегі жинақтық мөлшер сөздерге жасалған салғастырмалы талдау олардың өзіндік айырмашылықтары бар екенін көрсетті. Қытай және қазақ тілдеріндегі мөлшер сөздердің ұқсастығы туыс емес екі тілде де жинақтық мөлшер сөздердің болу, ал айырмашылықтары олардың жасалу жолдарында. Қытай тілінде көптік формасының жасалу жолдары көп жағдайда мөлшер сөздердің көмегімен жасалады. Қазақ тілінде жинақтық мөлшер сөздердің жасалу жолдары да әр алуан болып келеді.
3. Белгісіздік мөлшер сөздер әдетте белгісіз сандық шаманы білдіреді. Олар 些[xie], бірнеше, біраз және 点儿[dianr] біраз, азырақ сөздерінің көмегімен белгісіздік шаманы көрсетеді.. Мыс.: 一些 [yi xie ] бірнеше, 一些人[yi xie ren] бірнеше адам, 好些东西 [hao xie dong xi] біраз жақсы заттар, 点儿[dian er] азырақ, 一点儿东西[yi dian er dong xi] азырақ заттар. Белгісіздік шаманы білдіретін сөздер сан есімдермен тіркескенде, тек қана 一[уі] бір санымен тіркесе алады. Кейде мөлшер сөздер сан есімдерсіз зат есіммен тікелей тіркеседі. Мыс.: 来了些人[Lai le xie ren] бірнеше адам келді, 买点儿苹果[mai dianr ping guo] біраз алма сатып алады, т.б.
Заттық белгісіздік мөлшер мағынасы қоршаған ақиқат болмыстағы заттардың (адамдардың, жансыз және жанды заттардың, т.б.) болжалды санын білдіреді.
Қазақ тілінде заттық белгісіздік мөлшерді білдіруде көп, көбірек, аз (емес), азғантай, қалың, дүйім, сан, т.б. сөздері де қолданылады. Қытай және қазақ тілдеріндегі белгісіздік мөлшер сөздері ұқсас болып келеді. Қытай тілінде些[xie], бірнеше, біраз және 点儿[dianr] біраз, азырақ сөздерімен, қазақ тілінде көп, аз, азырақ, қалың, т.б., сөздерімен жасалады.
4.Уақытқа қатысты (потенционалды) мөлшер сөздер 准量词: 年жыл ,星期апта, 天күн, 小时сағат, 三年 үш жыл, 五天бес күн, 一小时бір сағат т.б.
5. Қытай тіліндегі өлшем бірлікті білдіретін
мөлшер сөздер екі топқа бөлініп қарастырылады.
Бірі – метрикалық санау бірліктері: ұзындық
өлшемдері(长度):微米[weimi]микроме
Екіншісі –қытай халқының өзіне тән өлшемдік, салмақтық бірліктер: ұзындық өлшемдері: 市毫 [shi hao] хао,市里 [shi li] ли т.б.аудан өлшемдері: 平方市寸 [ping fangshi cun] шаршы сунь,平方市尺 [ping fang shi chi] шаршы чи, т.б. сыйымдылық өлшемдері: 市勺 [shi shao ],市合 [shi he ] т.б.салмақ өлшемдері:市丝 [shi si ], 市毫 [shi hao],т.б. көлемдік өлшемдер(体积): 立方市寸 [li fang shi cun], 立方市尺[ li fang shi chi] , 立方市丈 [li fang shi zhang].
Ауыспалы мөлшер сөздер (借用名量词) дегеніміз – сыйымдылықты білдіретін және басқа сөз табынан ауысып келіп (қосымша) қызмет атқаратын сөздер. Қазіргі қытай тілінде мұндай мөлшер сөздерді зат есім мен етістіктен ауысып келген сөздер құрайды. Мыс.:一杯茶 бір шыны шай,,一口井бір құдық, 一头牛 бір бас сиыр, 一户人家 бір жанұя, 一粒珍珠 бір тал інжу маржан, 一串葡萄бір сабақ жүзім,一朵花бір шоқ гүл, 一束鲜花бір бума гүл т.б.
Уақытша мөлшер сөздер (临时名量词) зат есім немесе етістік мөлшерлік мағынада қолданылып, зат есім немесе етістіктің өздері бейнелейтін зат немесе қимылдың көлемін екінші бір заттың мөлшері ретінде көрсетуін білдіреді. Мыс.:一 书架书бір сөре кітап, 一脸汗жүзін тер басу, 一瓶子牛奶 бір бөтелке сүт, 一屋子人адам толы бөлме, 一箱子衣服бір чемодан киім, 一身泥денесі тұтас балшық, 桌子[ zhuo zi] (үстел /зат есім/ 一桌子书[yi zhou zi shu] бір үстел кітап, 一裙子水етегі су болу , 捆 [kun] орам /етістік/一捆嫁[yi kun jia] бір орам жасау.
Қазақ тіліндегі ауыспалы мөлшер сөздерді тұрақты тіркестер жасайды, олар негізінен зат есім және етістіктен ауысып келген сөздер болады. Мұндай сөздер қазақ тілінде дара мөлшерлік сөздер деп те аталады. Мәселен, қазақ тілінде зат есімнен немесе етістіктен ауысқан мөлшерлік сөздер өте көп: бір кесе су, бір тостаған қымыз, бір бас сиыр, бір тал алма, бір кесе су т.б..
Қытай тіліндегі мөлшер сөздер жүйесін құрайтын екі топ болса, соның бірі – қимылдық мөлшер сөздер. Қытай тілін зерттеуші белгілі ғалым Лүй Шушяң өзінің «Қытай тілі грамматикасына кіріспе» атты еңбегінде қытай тіліндегі қимылдық мөлшер сөздерді арнаулы қимылдық мөлшер сөздер, қимылдың қандай құралмен атқарылғандығын білдіретін мөлшер сөздер және етістікпен бірлескен мөлшер сөздер деп үш топқа бөлген.
Арнаулы
қолданылатын қимылдық мөлшер сөздер: 次[ci], 回[hui], 下[xia], 番[fan], 通[tong], 气[qi], 阵[zhen], 遍[bian], 趟[tang], 场[chang], 顿[dun].
Ауыспалы қимылдық мөлшер сөздердің шығуына қарай, бес үлкен топқа бөлінеді. Олар:
1.Уақыттық мөлшер сөздер:谈一小时бір сағат сөйлеу, 病一星期бір апта ауыру, 休息两天 екі күн демалу, т.б. 2. Дене мүшелеріне қатысты мөлшер сөздер: 看一眼бір рет қарау, 踢一脚бір рет тебу,打两拳 екі рет ұру, т.б. 3. Құралдық мөлшер сөздер: 砍一刀бір шабу, 放一枪бір мәрте атпақ洗一水бір жуар су, 敲一棍子 таяқпен бір рет ұру, 画一笔 бір сызу, 切一刀 бір мәрте кесу т.б. 4. Сүйемелдеу мағынасындағы мөлшер сөздер: 唱一曲 бір ән салу, 走一步 бір адым басу, 喊一声бір рет айғайлау, 转一圈 бір айналу т.б. 5. Тұлғалас мөлшер сөздер: 看一看 көру, 走一走 жүру, 说一说 сөйлеу, 摸一摸 сипалау, 敲一敲 қағу, т.б.
Қазақ тіл білімінде қимыл, іс-әрекеттің өту барысын (басталуын, жалғасуын, аяқталуын) білдіретін қимылдың өту сипатының категориясын профессор Н.Оралбаева: «Әрбір қимылдың үш кезеңі, сатысы бар: қимылдың басталу кезеңі, қимылдың процесс үстіндегі кезеңі, қимылдың аяқталу кезеңі», –дей келіп, қимылдың дамуының үш кезеңін көрсетеді. Алайда тіл фактілері іс-әрекеттің іске асуында да мөлшер түсініктерінің бар екендігін көрсетеді.
Күрделі мөлшер сөздер екі мөлшер сөздің бірігуі арқылы жасалып, күрделі бір бірлікті білдіреді. Күрделі мөлшер сөздер негізінен заттық мөлшер сөздер мен қимылдық мөлшер сөздерден жасалады. Қазіргі қытай тілінде күрделі мөлшер сөздер жасайтын заттық мөлшер сөздер саны көп, ал қимылдық мөлшер сөздер аз. Мыс.: 人次(адам рет), 架次(рейс), 吨公里 тонна километр, т.б.
2-кесте – Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің түрлері
2.2 Қазақ тіліндегі мөлшер
сөздердің мағыналық,
Қaзaқ тіл білімінде құрылымдық грaммaтикa термині дәстүрлі грaммaтикa, деңгейлік грaммaтикa, тұлғaлық грaммaтикa терминдерімен синоним ретінде қолдaнылaды. Әртүрлі бaғыттaрғa бөлінетін грaммaтикaлық зерттеулердің (дәстүрлі грaммaтикa, құрылымдық грaммaтикa, функционaлды грaммaтикa, генерaтивті грaммaтикa және т.б.) дaмуы, қaлыптaсу тaрихы жaғынaн дa, зерттеу әдістері тұрғысынaн дa ерекшеленеді.
Қaзaқ тіліндегі мөлшер сөздер қaбaттaрының aрa-жігін aшпaй, яғни ежелден келе жaтқaн хaлықтық өлшемдер деген түсінікпен қaрaп, оның өлшемдік, мөлшерлік, межелік тaбиғaтын болжaудaн, жобaлaудaн қaлыптaсқaн тaным-түсініктер деп қaрaушылық бaсым. Ғaлым Е. Жaнпейісов қaзaқ тіліндегі сөздердің әр aлуaндығы мен әртүрлілігін aтaй келіп, олaрды клaссификaторлaр, счеттік сөздердің жиынтығы мен өлшемдік aтaулaрмен бaйлaнысы бaр құрылымдaр деп бөлуге болaтынын көрсеткен.