Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 18:32, курсовая работа
Бағалау – оқушының оқу еңбегінің қорытындысын анықтайтын процесс.
Алты жастағы балаларды жүйелі түрде оқуға тарту бүгінгі күннің талабы. Шет ел мектептерінде мұндай тәжірибе көптен бері жүргізіліп келеді. Біздің республикада бастауыш білімнің мазмұнын және құрылымын жетілдіруде ғылыми эксперименттер жүргізілуде. Эксперименттің ойдағыдай жүруі ғылыми ерекшелігіменде емес, қоғамның бұл іске бейімделуінде екенін көрсету. Алты жастағы балаларды оқытуды сенімсіздікпен қарап отырғандар да бар, бірақ, алты жастағыларды мектеп өміріне тарту – ол уақыт талабы.
Қазіргі кезеңде бастауыш сынып мұғалімдерінің алдында алты жастағы баланы тәрбиелеу мен оқыту жауапкершілігі ғана қойылып отырған жоқ, жеке тұлғасы қандай болатынына дұрыс бағыт бере отырып, қандай да болмасын олардың бастамаларын мадақтап, әрбір баламен жеке жұмыс істеуді талап етеді.
Меңгерілетін материалдың рецептивті және өнімді болып бөлінуі ортаңғы сыныптардан басталады. Төменгі сыныптарда барлық тілдік материал рецептивті әрі продуктивті жолмен меңгеріледі.
Мәтіндерді оқуға үйрету үшін қажетті лексикалық материалды ағылшын тілінде жиі қолданылатын сөздердің сөздігі негізінде іріктеп алуға болады.
Оқушылардың оқу мүмкіндіктерін арттыру үшін алғашқы күннен бастап-ақ сөздік қорын неғұрлым молырақ қалыптастыру қажет. (Бұл тұста ана тілінде, орыс тілінде және үйреніп жүрген шет тілінде түбірлерімен ортақтығы негізге алынады).
Грамматикалық материалдарды меңгеру үлгі сөйлемдер арқылы сол сияқты нұсқаулық, жинақтау ержелері негізінде жүзеге асуы қажет.
Оқытудың тәжірибелік, тәрбмелік, білімдік, және жетілдіру мақсаттары, сондай-ақ дұрыс сөйлеу дағдыларына қойылатын талаптар кешенді түрде шет тілінде жүргізілетін барлық оқу-тәрбие барысында, әсіресе, сабақ үстінде жүзеге асуы қажет.
Сабақ, үй жұмысы және сыныптан тыс жұмыстар арасында табиғи байланыс оқушыларды сабақта алған білім, дағдыларын күнделікті өмірде қолдана білуге төсілдіру қажет.
Тек сонда ғана, оқушылардың
өз бетімен жұмыс істеуін
1-2 сынып
Фонетика.
Ағылшын тіліндегі барлық дыбыстарды толық меңгеруді әрі олардың өзіндік ерекшеліктерін білу, хабарлы сөйлемдердің дұрыс ырғақтарын меңгеруі тиіс.
Лексика.
Меңгерілетін сөз көлемі 250, сан есімнің жұрнағы, дефис, есеп.
Грамматика.
«to be», «to have» етістіктері Present Indefinite. Хабарлы сөйлемдердің болымды және болымсыз түрлері, сұраулы сөйлемдер, олардың түрлері. Зат есімнің көпше эәне жекеше түрі. Зат есімнің тәуелденуі. Белгілі және белгісіз артиклдер, жіктік және тәуелдік жалғаулар, сілтеу есімдіктері, сын есім, сан есім.
3-сынып.
Фонетика.
2-сыныпта өткен фонетикалық материалдарды қайталау. Сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағы.
Лексика.
250 сөз. Сын есімнің жұрнақтары ty, ts.
Грамматика.
Past Indefinite, Future Indefinite, модалдық етістіктер (can, may, must) there is / there are сұрақтарын тіркестіреді. Сөйлемдердің болымды және болымсыз түрлері, жалпы, арнаулы, баламалы сұрақтар. Етістік және 100-ге дейінгі реттік сан есімдер.
4-сынып.
Фонетика.
Айтылуы қиын тиетін дыбыстарды қайталау, сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын білу.
Лекситка.
300 жаңа сөз. Зат есімнің жұрнақтары –er, -or, tion, ing , сын есімнің жұрнағы –y.
Грамматика.
Present Continuous, Past Continuous, “to
be going” тұрақты тіркесі, сын
есімнің шырайлары, үстеу және
олардың шырайлары, сұрақтың
5-сынып.
Фонетика.
Құрмалас сөйлемдердің дауыс ырғағы. Түрлі сұрақтардың дауыс ырғағы. Осы грамматикалық құрылымда сұрақтардың барлық түрлерін қоя білу. Құрмалас сөйлемдер.
6-сынып.
Лексика.
400 жаңа сөз. Зат есімнің жұрнақтары –ment, -ism, ist, сын есімнің жұрнақтары –ic, -al, -ical. Жұрнақтар mis, dis.
Грамматика.
Етістіктер “to be”, “to have to” тіркестері. Future Indefinite, Preseny Indefinite. Осы жүйелердің болымды және болымсыз түрлері. Белгісіз есімдіктер some, any, no. Сұраулы сөйлемнің түрлері.
7-сынып.
Лексика.
400 жаңа сөз. Зат есімнің жұрнақтары –ance, -ence, -hood, -ant, -ent етістіктің жұрнақтары, -ize, -en, -ate, -y.
Грамматика.
Direct, Indirect Speech, Future Perfect, Future Continuous. Осы жүйелердің болымды және болымсыз түрлері.
8-сынып.
Лексика.
300 жаңа сөз. Сын есімнің жұрнақтары –iue, -ous. Етістіктің жұрнағы –en, сөз алдына қойылатын жұрнақ –anti.
Грамматика.
Gerund, Complex Object, Present Indefinite, Passive Past and Passive Indefinite. Болымды жәнее болымсыз түрлері. Сұрақтардың барлық түрлерін қою.
9-сынып.
Лексика.
300 жаңа сөз меңгеру. Тұрақты сөз тіркестері.
Грамматика.
Шартты сөйлемдердің түрлері Mood, моделді етістіктер, Perfect Ibdefinite, Perfect Participle.
10-сынып.
Лексика.
250 жаңа сөз. Тұрақты сөз тіркесі.
Грамматика.
Present Perfect Continuous, Past Per\fect Continuous, Future perfect Continuous.
11-сынып.
Лексика.
150 сөз. Барлығы 3000 сөз
меңгеріледі, тұрақты сөз
Грамматика.
Absolute Participle Constructions.
3.1. Ағылшын
тілі сабағындағы бағалау
Оқушылардың икемділігі мен дағдыларын бағалаудың үлгі нормалары. Әр сынып бойынша икемділік пен дағдыға қойылатын бағдарлама талаптарын сабақтың белгілі бір кезеңдерінде тексерілетін нысанды анықтауға негіз болып табылады. Мұндай нысандар сөз қолдану икемділігі сөйлеу, тыңдау арқылы түсіну, оқу және тілдік материалды (лексикалық, грамматикалық, фонетикалық, орфографиялық) қолдана білу дағдысы.
Сөз қолдану икемділігі.
Оқушылардың жетістіктері, олардың сөзі негізгі және қосымша көрсеткіштерге қаншалықты сәйкес келетіндігін бағалау керек.
Көмекші көрсеткіштер және диалог сөзді бағалау талаптары монолог сөздеріне ұқсас. Оқушылардың мәтінді оқуы және сөзді тыңдау арқылы қалай түсінгендерін тексеру көрсеткіштеріне негізгі фактілер саны және олардың мағыналық байланысы жатады. Негізгі фактілерді және олардың арасындағы фактілердің мағыналық байланысын толық түсінсе «5» қойылады. Негізгі фактілерді 75% түсінсе – «4», ал негізгі фактілерді 50% кем болса – «3» деген баға қойылады.
Грамматикалық, лексикалық, фонетикалық және орфографиялық дағдылар сөзді меңгергендігін анықтауда елеулі роль атқармайды. Себебі, бұлар, оқушының тілдік материалды өз сөзіне қолдана білу қабілетін ғана білдіреді. Оқыту барысында күнделікті және тексеру жұмыстары жүргізіледі. Күнделікті тексеру икемділік пен дағдыны қалыптастыру барысында жүргізіліп, мұғалімге оқушының әр сабақты оқи білу жетістіктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қорытынды тексеруде оқушының сөз икемділігіне өткен материалды іс жүзінде қолдана білу дәрежесін анықтап, оны оқыту жоспары бойынша белгілі талаптарын салыстыруға мүмкіндік туады.
Баға ықшамдалған және бағалау танбасыңда тұрғандықтан, баланы оны оқи білуге үйрету керек. Оқушыны жұмыстағы жақсы жетістігіне, кемшілігіне қарай дәлелдеу арқылы өзін бағалауға үйрету қажет. Алғашқы кезенде оқытуға баға қойылмайды, жұмысын талдап, ауызша бағалау дұрыс. Сөйтіп біртіндеп талдау бағалауы қысқарып, нағыз бағаға ауысуы мүмкін (Д.Ю.Эльконин).
Оқушылардың білімі сен біліктілігін бағасыз бақылау және пәнді қабылдауда өзіндік динамикалық сапасын айқындауына қарап, басқа балалармен салыстырылады. Балалардың қалай тыңдайтынын, әр түрлі тапсырмаларды қалай орындайтынын, дәптердегі жазуды, сабақта белсенді жұмыс істеуін, оқуда берілген материалдарды толығымен оқып үйренуін – мұғалім байқап отыруы тиіс. Байқау нәтижесін мұғалім оқушылардың білімін бағалауда және тәрбие жұмысында қолданады. Бағалауда балалардың күнделікті жұмысын байқап, нәтижесін белгілеп және олардың еңбегін талдап отырған мұғалім қателеспейді. Мұғалімнің олардың еңбектеріне тиянақты түрде байқау жүргізіп отырғанын көрген оқушылар - өздері де жүйелі жұмыс істеуге талаптанады. Оқудың алғашқы мезгілдерінде балалардың әр қадамын тексеріп отыру қажет. Жұмыс мазмұнында ғана емес, орындау әдістерінде де оқушылардың тәжірибесі аз болғандықтан көп қате жіберуі мүмкін. Жұмысты орындаған кезде бірнеше рет жіберілген қатені түзету өте ауыр. Ол оқушылардың біліктілігі мен дағдылардың дұрыс қалыптасуына әкеп соғады. Сондықтан оқушы кішкентай болғандықтан олардың еңбегін әртүрлі жолмен бақылап және тиянақтап отыруы қажет.
Оқу жетістіктерін қадағалап отыруда ата – аналары үшін оқушының (күнделіктерге балама болатындай, оқушылардың оқу техникасын, жазба және шығармашылық тексеру кестесі) білім алудағы жетістіктерін біртіндеп жинақ сандықшасына жинаған жөн.
Оқушылардың жазба жұмыстарын бағалағанда кестелерін тек түзеп қана қоймай, ынталандыру түрінде: «Өте жақсы!», «Сен үлгересің!», «Әдемі, таза орындадың !», «Сен орындай аласың!» дегенді дәптеріне жазған дұрыс. Ең маңыздысы, мұғалімнің ескертпесі және нұсқауы балаға түсінікті болсын.
Пайдаланылған әдебиеттер