Оқушылардың білімін бағалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 18:32, курсовая работа

Описание работы

Бағалау – оқушының оқу еңбегінің қорытындысын анықтайтын процесс.
Алты жастағы балаларды жүйелі түрде оқуға тарту бүгінгі күннің талабы. Шет ел мектептерінде мұндай тәжірибе көптен бері жүргізіліп келеді. Біздің республикада бастауыш білімнің мазмұнын және құрылымын жетілдіруде ғылыми эксперименттер жүргізілуде. Эксперименттің ойдағыдай жүруі ғылыми ерекшелігіменде емес, қоғамның бұл іске бейімделуінде екенін көрсету. Алты жастағы балаларды оқытуды сенімсіздікпен қарап отырғандар да бар, бірақ, алты жастағыларды мектеп өміріне тарту – ол уақыт талабы.
Қазіргі кезеңде бастауыш сынып мұғалімдерінің алдында алты жастағы баланы тәрбиелеу мен оқыту жауапкершілігі ғана қойылып отырған жоқ, жеке тұлғасы қандай болатынына дұрыс бағыт бере отырып, қандай да болмасын олардың бастамаларын мадақтап, әрбір баламен жеке жұмыс істеуді талап етеді.

Работа содержит 1 файл

Окушылардын билимин багалау.doc

— 161.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

Тақырыбы:

 

«Оқушылардың оқу танымдық тексеру және бағалаудың жаңа технологиялары »

 

 

 

 

Орындаған:   

Тобы                   

 

Қабылдаған:  

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

 

«Оқушылардың  оқу танымдық тексеру және бағалаудың жаңа технологиялары»

 

 

 

 

                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ж О С П  А Р

І. Кiрiспе.

 

          1.1. Бағалау бұл оқушының мектептегі келбеті

ІІ. Негiзгi бөлiм.

 

    1. Оқушылардың білім нәтижесін бақылау түрлері

 

    1. Оқушылар білімін бағалаудың жаңаша формалары

 

    1. Рейтингтік бағалау жүйесі – іс-тәжірибеде

 

    1. Тест - оқушылардың білімін бақылаудың

кең тараған формасы.

 

    1. Оқушылардың ағылшын тілінен тілдік материалдарды

меңгергендігін бағалау  жолдары және оған қойылатын 

талаптар.

ІІІ. Тәжірибелік бөлім.

 

3.1. Ағылшын тілі сабағындағы  бағалау нормасы. 

 

 

 

ІҮ. Қорытынды

 

 

 

Ү. Пайдаланылған  әдебиеттер.

 

 

 

 

 

М А З М  Ұ Н Ы

І. Кiрiспе.

 

Бағалау  бұл оқушының мектептегі келбеті    5-7

 

ІІ. Негiзгi бөлiм.

 

    1. Оқушылардың білім нәтижесін бақылау түрлері  8-9

 

    1. Оқушылар білімін бағалаудың жаңаша формалары  10-11

 

    1. Рейтингтік бағалау жүйесі – іс-тәжірибеде   12-18

 

    1. Тест - оқушылардың білімін бақылаудың  

кең тараған формасы.        19-20

 

    1. Оқушылардың ағылшын тілінен тілдік материалдарды 

меңгергендігін бағалау  жолдары және оған қойылатын 

талаптар.         21-24

ІІІ. Тәжірибелік бөлім.

 

3.1. Ағылшын тілі сабағындағы  бағалау нормасы.    25-26

 

 

 

ІҮ. Қорытынды        27-28

 

 

 

Ү. Пайдаланылған  әдебиеттер.      29-30

 

 

 

 

 

    1. Бағалау – оқушының оқу еңбегінің қорытындысын анықтайтын процесс.

Алты жастағы балаларды жүйелі түрде оқуға тарту бүгінгі  күннің талабы. Шет ел мектептерінде  мұндай тәжірибе көптен бері жүргізіліп келеді. Біздің республикада бастауыш білімнің мазмұнын және құрылымын жетілдіруде ғылыми эксперименттер жүргізілуде. Эксперименттің ойдағыдай жүруі ғылыми ерекшелігіменде емес, қоғамның бұл іске бейімделуінде екенін көрсету. Алты жастағы балаларды  оқытуды сенімсіздікпен  қарап отырғандар да бар, бірақ, алты жастағыларды мектеп өміріне тарту – ол уақыт талабы.

Қазіргі кезеңде бастауыш сынып мұғалімдерінің алдында алты жастағы баланы тәрбиелеу мен оқыту жауапкершілігі ғана қойылып отырған жоқ, жеке тұлғасы қандай болатынына дұрыс бағыт бере отырып, қандай да болмасын олардың бастамаларын мадақтап, әрбір баламен жеке жұмыс істеуді талап етеді.

Алты мен жеті жас  аралығында баланың көңілі көтеріңкі, еліктегіш, қоршаған  дүниені тануға, улкендер мен құрдастарының әрекетіне сезімталдықпен қарайды.

Мектепке бару – баланың өміріндегі ең маңызды кезең. Жаңа өмірге қадам басу, ол қоғамдағы орнын анықтап, сонымен қатар психологиялық жағынан баланың өміріне өзгерістер енеді.

Алғашқы күндері балалар  жаңа өмірге қадам басқанына қуанады. Оқығысы келеді және  оқушы ретінде,  білімін бағалауды күтеді. Ірақ оларды асықтырмау керек. Індетті түрде баланың бағаны асыға күтуін тежеу қажет.

Бала өзін басқа балалар арасында ерекшеленіп көрінуді қалайды. Ол бұрын мұны ойын арқылы көрсе, енді ол оқу барысында байқатады. Ірінші сынып мұғалімінің басты міндеті әрбір баланы оқуға және өзін - өзі оқытуға үйрету. Ала білімін бағасыз бақылау қажет.

Баға  бала үшін – құрдастары арасында оның орнын, беделін көрсететін немесе нашарлардың қатарына жатқызатын белгі. Бала психологиясында  мұғалімнің бағасы – оның жеке тұлғасының танымдық қызметінің жетістіктеріне (жетіспеушілігіне) қойылған баға болып көрінеді. Әрине, бұған үлкендердің де ықпалы әсер етеді. Ата – аналарының, таныстарының (кейде таныс емес адамдардың) әрине баладан бірінші сұрайтыны мектепте қалай оқып жүргендігі. Олар мұғалімнің ең жоғары қойылған бағасына ғана қанағаттанатындығын білдіреді. Басқа бағаға көңілі толмайтындығын, содан барып баланың психологиялық жан дүниесін күйрейді.

Бағалауға байланысты, барлық психологиялық жүктемені көтеруге, алты жасар оқушының саналы төзімділігі  әлі жетілмеген. Сондықтан алты жасар  балалар оқитын сыныпта олардың  білімін ынталандыру тәсілі ретінде  баға қоймайды. Кіші жастағы оқушылардың жетістіктеріне немқұрайлы қойған белгі қажет емес, мұғалім оларға қалай білімге ұмтылуға, не істеу керектігін шыдамдылқпен, ілтипаттылықпен түсіндіруі маңыздырақ. Ондықтан алты жастағы балалардың білімін бағалау жүйесінен бас тарту қажет, өйткені бала мұғалімнің қойған бағасын дұрыс түсінбейді.

«Мұғалімнің  қойған бағасын  түсіну үшін оқушының өзіндік бағалау  деңгейі жоғары болуы керек, бұл  бірден тез бола қоймайды. Мұғалім  мен оқушы арасындағы баға арқылы жүрген диалогы – екі саңыраудың сөйлеген сөзіне ұқсайды» - деп көрсетті Д.Б.Эльконин. [15;21]

Оқушыны бағасыз қалай  оқыту керек? Алдымен «баға» және «бағалау» сөздерінің лексикалық мағынасын ашып алайық. Бағалау – оқушының оқу еңбегінің қорытындысын бір этолонға сәйкестеп, білім сапасын әрі қарай жетілдіру жолдарын анықтайтын процесс. Баға – бағалау процесі қорытындысының формалды көрсеткіші.

Баға – баланың толық дамуын көрсете алмайды және де даму принциптері негізінде құралатын сабақ барысында да кіре алмайды.  Сабақта баға қойылмайдыү ірақ ол мектеп бағдарламасын меңгеру қорытындысының көрсеткіш құралы ретінде қызмет атқарады.

Тапсырманы орындауда  баға қойылмауы, оқушының жақсы баға алуға ұмтылысы немесе жаман бағадан аулақ болуына  мүмкіндік туғызады. Бұл сабақтағы  эмоционалдық жағдаййда жақсартады.

Алты жастағы баланың ең басты  ерекшелігі – адамдарға, оқиғаларға, деректерге, қоршаған өмірге деген  қызығушылығы. Олар оқуға талпынады, күйзеліс, жаңашырлық білдіре алады. Ең басты этикалық тәртіп ережелерін оқу, ойын, тұрмыс әрекеттерінде орындайды. Олар әртүрлі іс - әрекеттергі қызығушылықпен қатысып, оларға үлкендердің нақты және қысқа нұсқаулары қажет. Мұғалім әрбіреуінің жетістіген айтып, міндетті  түрде сынып алдында баға беруі тиіс. Оқудағы жауапкерсіздігі, тәртіп бұзушылығы міндетті түрде «жұрт алдында» қаралғаны қажет емес. Психологтардың пікірінше, сынып алдында жариялаудан көрі, оқушының кемшіліктерін жекелей қарап, сеніммен сөйлесу үлкен әсер етеді. Мұғалім балаға сеніп білдіріп олардың өз күшіне сенуіне демеу беруі психологиялық тұрғыдан дұрыс, Бала өз жұмысының сапасын және қорытындысын бағалап, оны салыстырып, өздігінен қатесін түзеуі қиынға соғады. Мұғалімнің шыдамдылықпен және сенімділікпен сөйлесуі, баланың дұрыс бағалауымен жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1. Оқушылардың білім нәтижесін тексеру түрлері.

Еліміздің ертеңгі болашағы - бүгінгі мектеп қабырғасынан білім  нәрімен сусындаған оқушы жастар. Сондықтан да оқушыларға сапалы білім  берудің тиімді жолдарын іздестіру, сол алған білімдерінің деңгейлерін  анықтау, яғни, бақылау және тиісті дәрежеде әділ бағалау оқыту сіндегі өзекті мәселелер болып отыр. Оқушылардың сабаққа тиянақты қатысып отыруы, өз оқуына жауапкершілікпен қарауы бойынша жинаған теориялық білімін болашақта пайдалана білуі осы кезеңнің дұрыс өткізіліуіне көп байланысты.

Сонымен қатар оқушылардың  да, студенттердің де осы білімі мен біліктілігінің деңгейін анықтаудың тағы да бір жолы – білімді тексерумен бағалау тәсілдерінің моделін құрып  алу қажеттілігі. Ондай моделді  құру үшін студенттерге берілуге тиісті білімнің мөлшерін,мәні мен мазмұнын айқындап, олардыңберілген білімді қабылдау, игеру мүмкіндіктерін саралайтын әдіс-оқытушының білімділігі мен біліктілігі, іскерлігінің айнасы. Жалпы білім беру, орта мектептегі барлық пәндер бойынша оқушылардың білім дәрежесін дәл анықтау, оның тексеру әдісін де дидактикалық белгілеріне қарай білімді тексеру:

  • күнделікті;
  • алдын-ала қорытындылау деп бөлінеді.

Әдістеме бойынша:

  • ауызша;
  • жазбаша;
  • эксперименттік;

деп бөлуге болады.

Алдын-ала тексерудің мақсаты:

Материалды игеру қажетті  білім, білік, дағды деңгейін анықтау. Мұндай тексерудің нәтижесінде мұғалім  оқушылар біліміндегі олқылықтарды дер кезінде байқап, анықтап, қосымша  сабақ, кеңес ұйымдастыра алады.

Күнделікті  тексердің мақсаты:

Мұғалім күнделікті жұмыс барысында пән бойынша әрбір оқушының білім, білік, дағдысын жете тексереді. Мұндай тексерудің нәтижесінде оқушылардың жалпы үлгірімін қадағалауға мүмкіндік туады. Оқушылардың білімін күнделікті тексеріп отырмаған мұғалімнің сабақ ұйымдастыруы жалпы жұмысты бағдарлауы да қиындай түседі.

Мерзімді тексеру:

Бұл оқушылар білімін күнделікті тексеру нәтижесі тексеріліп жүргізіледі. Ол тақырыпты, тарауды өткен соң, не тоқсан соңында жарты жылдықтан кейін белгілі бір мерзім ішінде ұйымдастырылады. Соңғы уақыттарды бағалауға байланысты бес балдық кемшіліктер, яғнги бағалаудағы ескерілмейтін жайттар жайындағы журнал, газет беттерінде түрлі пікір, мәселелер айтылы, жазылып, талас туғызады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Оқушылар білімін бағалаудың жаңаша формалары

Оқушы білімін әділ бағалау - өмір талабы. Баға төмен болып, әділ болмай, көңілден шықпай жатса, оның кері әсер ететіні ұстаздарға белгілі. Осы бағытта «бағалау жүйесі өзгертіледі» деген ұстаздарға тақырыппен Шымкенттік ұсьтаз, оқу ісінің озаты Сейілбек Әжібековтің аталмыш мақаласы жарық көрді. Айтылатын мәселе осы күнгі бес балмен бағалау уақыты өтіп, әрі қолдана беруге ретсіз жүйе екеніне тоқталып, оқушы жауабы 4-тен 5-ке жетпей нақтыланбай тұратын сәттердің болатынынын, бірақ 4,5 бағасының жоқтығына байланысты 4-ке, 5-ке қол салатынымыз рас. Сол сияқты 2,3 бағалары да әрі тарт, бері тарт күйге келетіні бағалауда 8 балдық баға дұрыс ұсынады.

8-дік – үздік баға;

7-лік баға - өте жақсы;

6-лық баға – жақсы; 

5-тік – жақсылау;

4-тік орташалау; 

2-лік – нашар; 

1-лік - өте нашар;

«5»-тік бағаның жақсылау деп аталатын себебі жақсыға жетпей тұр. Жылпы тыныс тіршілігінің ұлттық негізге сай болуы керек-ау. Олай болса, жақсылау, орташалау сөздерін қолдану ерсі болмас.

«8»-дік  баға ілуде  бір өте-мөте зерек, дарынды оқушыға ғана қойылып, ол мына міндетті орындаса;

  1. Үй тапсырмасына толық жауап берсе;
  2. Бұрынғы өтілген материалдар көмегімен толық жауап берсе;
  3. Сол өтілген тақырыпты оқулықтардан тыс қосымша материалдарын оқып, мысладар келтіріп, қанағаттандыра жауап берсе;
  4. Шығармашылықпен жұмыс жасаса 8-дік баға қойылса;

«7»-лік баға, бірінші, екінші міндеттермен қоса, үшінші немесе төртінші міндеттердің бірін орындаса, «6»-лық баға бірінші, екінші міндеттерді толық орындағанда. Одан төменгі бағаны мұғалім өзі әрі қарай жалғастыра береді. Осылайша әділ қойылған баға оқушы психологиясына ықпал етер еді.

Бұл мақала ой тамыздық, мұын әрі қарай талдау оықрман  ұстаздар үлесінде деді ол өз мақаласында.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Рейтингтік бағалау жүйесі – іс-тәжірибеде.

Жаңаша оқыту – еліміздің барлық мектептеріндегі ұстаздарды толғандырып отырған басты мәселе. Сондықтан оқытудың жаңа технологиясының тиімді әдістерін бұл күнде әрбір педагог-ғалымнан бастап, қарапайым ұстазға дейін іздестіруде.

Профессор Ж.Қараевтың рейтингтік бағалау жүйесін Өскемен қаласындағы №44 мектеп ұжымы оқу үрдісіне енгізіп, тың талпыныстар жасап келеді. Нәтижесі жаман емес. «Рейтинг» - ағылшынша бағалау деген ұғымды білдіреді. Біздің таңдап алған рейтінгілік бағалаудың басты мақсаты:

Информация о работе Оқушылардың білімін бағалау