Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 18:32, курсовая работа
Бағалау – оқушының оқу еңбегінің қорытындысын анықтайтын процесс.
Алты жастағы балаларды жүйелі түрде оқуға тарту бүгінгі күннің талабы. Шет ел мектептерінде мұндай тәжірибе көптен бері жүргізіліп келеді. Біздің республикада бастауыш білімнің мазмұнын және құрылымын жетілдіруде ғылыми эксперименттер жүргізілуде. Эксперименттің ойдағыдай жүруі ғылыми ерекшелігіменде емес, қоғамның бұл іске бейімделуінде екенін көрсету. Алты жастағы балаларды оқытуды сенімсіздікпен қарап отырғандар да бар, бірақ, алты жастағыларды мектеп өміріне тарту – ол уақыт талабы.
Қазіргі кезеңде бастауыш сынып мұғалімдерінің алдында алты жастағы баланы тәрбиелеу мен оқыту жауапкершілігі ғана қойылып отырған жоқ, жеке тұлғасы қандай болатынына дұрыс бағыт бере отырып, қандай да болмасын олардың бастамаларын мадақтап, әрбір баламен жеке жұмыс істеуді талап етеді.
Бағалаудың өлшемдеріне мыналар енгізіледі:
Оқушының тоқсандық бағасын әділ бағалаудың бір жолы тықырыпытық тапсырмалардың ортақ бағасын шығару. Мысалы, өтілген 4 тақырып бойынша оқушы әртақырыптан алған балдарын қосып, 7-ге бөлесіз. Шыққан баға оқушының тоқсандық бағасы болады. Айталық, бірінші тақырыптан 8,7 бал, 2-ші тақырыпта 9,0 бал, 3-ші тақырыптан 7,7 (т.с) сияқты, ал 7-ші тақырыптан 8,5 бал алса, оқушының осы тарауды меңгеру деңгейінің бағасы 8,1, яғни «жақсы» (төрт) деген сөз. Баланың білімін бағалау қорытындысы әр аптаның, әр айдың жұма күні үлгірім тақтасына түсіріліп отырады. Әр сыныпта жүзеге асырылады.
Қазіргі жаңашыл педагогтардың алға қойған топтық және жекеше жұмыс әдісі біздің тәжірибемізде күнделікті орын алып отыр. Белгілі ғалым В.П.Беспальконың айтуынша, бұл әдістің мақсаты оқушыға сенім білдіруді, оның жауапкершілігін артуын іске асырады. Ең негізгісі өзімен өзін салыстырады.
Оқушыларға сабақтан тыс кезде өздіктерінен тапсырмаларды орындауға жағдай жасау арқылы дамыту ұстамы іске асады, демек, өткен тақырып бойынша жоғары балдық мүмкіндіктуады.
Бағалаудың рейтингтік жүйесін қолдана отырыпы, әр оқушының білім деңгейініңі графигін шығару арқылы оқушы дамуының мониторингін аламыз. Мониторинг арқылы орқушы білімінің кемшілігін дәл тауып, қосымша жұмыстар арқылы түзету (коррекция) жасап, баланы бақылау жұмысына алдын-ала дайындаймыз. Бұл бағытта бақылау жұмыстары үрлі деңгейдегі нұсқауларға дайындалады.
Бағалаудың он балдық салыстырмалық жүйесін өз іс-тәжірибелеріне енгізген №44 мектеп ұжымы бір жылдың ішінде оңды нәтижелерге жетіпті:
Рейтингтік жүйе оқушылардың танымдық іс-әрекетіне саналы түрде әсер етуге мүмкіндік тудырады. Әрбір шәкірттің өзін-өзі өзгелермен салыстыра бағалауынан алға қарай ұмтылуына жол ашады. Оқушылардың барлық іс-әрекетін рейтинг бойынша өзара 4 топқа бөліп қарауға болады.
Мемлекеттік білім стандартына
сай келетін репродуктивті
Дәстүрлі мектептердегі
75-100 балл – «5»;
50-74 балл – «4»;
25-49 балл – «3»;
0-24 балл – «2»;
Оқушы еңбегін бағалаудың рейтингтік жүйесі жайында ұғым.
Еліміздегі жаңа мазмұнды мектептердің іс-тәжірибесі білім жүйесіне жағаша оқыту технологиясының енгізіле бастауы, оқушының іс-әрекетін жан-жақты бағалудың жаңа жүйесін енгізуді қажет етіп отыр. Ол рейтинтгтік жүйе. Бұл жүйе арқылы оқушының әр пән бойынша даму деңгейімен білім қабілетін ертерек «бақылауға» мүмкіндік жасалады. Рейтингтік жүйенің артықшылықтары: Оқушы қызметтерінде:
Мұғалім қызметтерінде:
Мектептегі рейтингтік жүйе қарапайым, бірақ атқарар қызметі оның дидактикалық әдістемелік мәні жоғары мектептегілерден әлдеқайда тереңдеу болар еді. Рейтингтік бағалау әрбір оқушыға жеке-жеке пәндер бойынша тоқсандық етіп жүргізіледі. Оқушының пәнді оқыту үйренудегі қызметінің жалпы іс-әрекетінің тоқсандық бағалануын 70 балл десе, рейтингтік балдан 5 балдық бағалау жүйесіне өту кестесі былай болады:
1-40 балл – «2» қойылады;
41-60 балл – «3» қойылады;
61-69 балл – «4» қойылады;
70 балл – «5» қойылады;
Рейтингтік бағалаудың бір оқушыға жасғана сызба кестесі:
р/с |
Оқушының іс-әрекеті |
ІІІ тоқсан | ||
Бастапқы рейтингтік балл |
Орындалғаны |
Жинақталған рейтингтік балл | ||
1 |
Сабаққа қатысу |
10 |
30-28 |
9,3 |
2 |
Үй тапсырмасын орындау |
10 |
20-19 |
9,5 |
3 |
Оқу құралдарын күтіп ұстау |
6 |
+ |
6 |
4 |
Кітпахана қызметін пайдалану |
6 |
+ |
6 |
5 |
Практикалық жазба жұмысына қатысу |
4 |
20-17 |
3,4 |
6 |
Пәндік үйірме
|
2 2 - 2 2
3 |
- - - 3 -
+ |
- - - 2 -
3 |
7 |
Сабақтағы белсенділігі |
4 |
60-54 |
3,6 |
8 |
Пәндік ғылыми тілді меңгеруі |
3 |
+ |
3 |
9 |
Өз пікірін дәлелдей білуі |
3 |
+ |
3 |
10 |
Отбасылық үй еңбегіне қатысуы |
8 |
35-30 |
7 |
Кестеге түсіндірме 7-сыныпта ағылшын тілі бойынша қызметін жан-жақты бақылауға байқау жүргізген. Бұл сыныпта ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылады. Сондықтан аптасына 3 рет, яғни 3 сағат. Бұл кестенің әр бөлігі бойынша сыныпта қол журналы жүргізіліп, оқушының әрбір жеке қызметі есепке алынған.
Оқушы Келгенбаева Мерекенің ағылшын тілінен ІІІ тоқсандағы жинақтаған рейтингтік балы 60,8 болды.
2.4. Тест - оқушылардың білімін бақылаудың кең тараған
формасы.
Мектеп тәжірибесінде оқушы білімін бекіту, қайталау, алған білімді жүйелеу, бақылау және бағалау мақсатында тест әдісінің мынадай түрлері қолданылады:
Толықтыруды қажет ететін тест. Оқушыларға тапсырма сөйоем түрінде беріледі десөйлемдегі кей сөз орнына үш нүкте беріледі. Мұндай тапсырмадағы жауап қысқа, тұжырымды, бір мәнді болуы керек.
Таңдамалы тест. Оқушыға берілетін тапсырмамен қоса оның дұрыс емес жауаптары беріледі. Тапсырма карточка арқылы беріліп, оның жауабының саны 4-тен кем болмағаны дұрыс. Оқушы жауабы бағдарламаланған құрылым арқылы немесе перфокарточкамен тексеріледі. Мұғалімде алдын-ала дайындалған перфокарта болады.
Еске түсіруші тест. Сұрақ нақты беріледі де, жауабы бір мәнді болуы шарть. Еске түсіруші тестінің сұрақтарын түзегенде сұрақ нақты, анық қойылады, ал жауабы сөз, сан, формула, әріп, т.б түрде берілуі мүмкін.
Сәйкестілік тест. Мағынасы бір-бірімен байланысты тапсырамалардың екі бағанға әр түрлі ретпен орналастырылады. Мұндай тест жасауда бірінші бағанда қысқа тұжырымды сөйлем болса, екінші бағанадағы сөз, белгі сызба, т.б саны оданекі, үшеуі артық болғаны дұрыс.
Аралас (құрама) тест. Оқушыларға берілетін тапсырма әр түрлі тест түрінде беріледі. Құрылымы бойынша онда тестінің әр түріндегі сұрақтар болуы мүмкін. Бұл тесттің тапсырмалары мәтін немесе кесте формула, график, сызбалар жиыны түрінде берілуі мұмкін.
Реттік бірізділікке берілген тест. Көлем, атау, құбылыс, шама т.б көрсеткіштік стпаттағы мәліметтерді тек қана бір әріппен орналастыру керек. Тапсырма саны 10 шақты болғаны жөн.
Кәсіптік бағдар тест. Мазмұны қандай да бір кәсіптік пәнді оқыту кезінде айқындалуына немесе одан бір малұмат алатыны негізделеді.
Баламалы тест. Бұл түрді жасауда жауабын білуге ықпал ететін сөзден аулақ болған жөн. Сөйлем қысқа, әрі тұжырымды, мазмұны бір мәнді болғаны дұрыс.
2.5.. Оқушылардың ағылшын тілінен тілдік материалдарды
меңгергендігін бағалау жолдары және оған қойылатын
талаптар.
Сөз әрекетінің сөйлеу, тыңдау арқылы түсіну икемділігі, оқу икемділігі сияқты негізгі түрлерін дамытуға қойылатын талаптарды олардың әрқайсысына сәйкес келетін лексикалық, грамматикалық, фонетикалық, орфографиялық дағдылар қалыптасқанда ғана жүзеге асыруға болады.
Осыған байланысты мектепте өтетін шет тіліндегі барлық материалдарда көп қолданылатын сөздер (рецептивті) арқылы меңгеру дәрежесіне жету керек, яғни, оқығанда тұлғалық белгілеріне, сызба, ережелерге сүйене отырып, өтілген материалды таба және түсіне білулері керек.
Бұл материалдың ішінде мектеп тақырыбы көлемінде ауызша сөзде жиі қолданылатын, басқа сөздермен тіркесіп, көптеген сөз тіркестері мен сөйлемдер құрайтын бөлігі ұтымды меңгеріледі, яғни, оқушылар ауызша соларды сөздердің тіркесу ережесіне, тілдің әртүрлі деңгейінің бірліктерін тіркеу ережелеріне сүйене отырып, қарым-қатынас жағдайына сәйкестендіріріп өз бетімен, шығармашылықпен қолдана білуге тиіс.