Литература во времена Великой отечественной войне

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 17:52, курсовая работа

Описание работы

Кеңес Одағының құрамында болған, Қазақстан халқы да 1941-1945 жылдарағы фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы соғысқа белсене қатысты. Бұл соғыс жалпы одақ және оның бодандығындағы халықтар үшін де ауыр кезең болды. Большевиктер өзінің тәуелсіздігінен айырылып қалмас үшін өзіне қарасты барлық халықтарды соғысқа жұмылдырды. Солардың қатарында қазақтар да соғысқа көптеп алынып, Қазақстан елі тұтас күйінде соғыс мүддесіне қызмет етті. Кеңес Одағының Еуропалық бөлігінен көптеген зауыттар мен оқу орындары, сол өңірдің соғысқа жарамайтын кәрі-құртаң, бала-шағалары Қазақстанға көшірілді.

Работа содержит 1 файл

Курстык жұмыс .docx

— 46.51 Кб (Скачать)

Жап-жасыл балғын шағымда

Шомылып өртке өскем мен.

Қалсам бір қаусап мен  өліп,

Достарым, аңсап, өкінбе!

 Нажағайлы қара бұлт  болып

 Жаңбыр боп жауып  өтті де .

 Бұл жолдар жаумен, ажалмен бетпе-бет келіп алысқан  жауынгердің ішкі дүниесінің  сыр-сипатын айқын таныгатыны  сөзсіз. Өлеңнің лирикалық кейіпкері  ел қорғау жолындағы майданда  қорқу, сескенуді білмейтін батыл  да батыр, өр де өжет. Кектөскен  жауға нажағайдай атылуға әр  уақытта даяр. Бұл шумақта ешбір жасандылық жоқ. Майдандағы жауынгердің жалынды жігері, мөлдір сезімі, шынайы сыры бар.

Ақындар лирикалық өлендеріндегі  жауынгер тұлғасын мүсіндеу үшін эпостық  баяндау тәсілін де аз пайдаланған  жоқ. Жауынгердің майдан үстіндегі  ерлік қимылының, іс-әрекетінің шағын  эпизодын белерлі баяндау, оның тұлғасын қаз-қалпында беру сияқты әдіс-тәсілдер біраз өлендерде үшырайды. Кейбір жырларда жауынгердің майдан үстіндегі  ерлік ісі нақтылы баяндау  арқылы суреттелген. Мәселен, Д. Әбілевтің  «Жұлдызды жігіт» атты өлеңіндегі үш ж ауынгердін жаумен шайқасы, Ғ. Ормановтың «Ер арманы» атты өлеңіндегі пулеметшінің күші басым дұшпанмен соңғы демі біткенше алысуы жарқын жыр жолдарымен баяндалғанын көруге болады. Әрине, бұл  өлеңдер жауынгердің нақтылы  істерін баяндай отырып, оның батырлық тұлғасын саралап, түйіндеп, типтендіру арқылы көрсеткені сөзсіз.

Қазақ жауынгерінің сол бір  отты жылдардағы тұлғасын танытатын  лирикалық. шығармалардың бірі - Ә. Тәжібаевтың  «Жас қазақ атты өлеңі. Бұл өлеңді оқығанда бойын қайрат пен күш - жігер  билеген, жаудан сескенуді білмейтін, ғажайып батылдық көрсетіп, жауға  өрт болып тиген әділет батырының  бейнесі көзге елестеп отырады.

Соғыс жылдарындағы қазақ  поэзиясында соны тақырыптар жырлана  бастады, сондай тың тақырыптардың  бірі - партизандар өмірі фартизан өмірін жан-жақты жыррлауда бұл  кезде айрықша көзге түскен ақын - Жұмағали Саин. Осы тақырыпты еркін  менгеріп, өз тарапынан тың сүрлеу-соқп салған оның қазақ поэзиясының шоқтығын көтеруге елеулі үлес қосқаны сөзсіз. Жау тылында айрықша қаҺармандық  көрсеткен партизандар ерлігін  ақынның шынайы суреттеуіне ең алдымен  оның партизан өмірін өте жақсы білуі  үлкен себеп болғаны анық. Ж. Саин - жау тылында партизан отрядының  қатарында болып, партизан өмірінің ащы-тұщысын өз басынан тікелей  өткізіп, олардың күйініші мен қайғысын өз таңдайымен татып, қуанышын тең бөліскен жауынгер ақын. Ақынның өз сөзімен айтқанда, партизан өмірін «жүрегінің қанымен жазуының» төркіні осында жатыр. Ақын жырларында лирикалық нәзік сезімдер мен бедерлі баяндаулар кейде кезектесе келіп отырса, кейде бірімен-бірі біте қайнаса араласып кеткенін де аңғарамыз. Ақынның бұл тәсілдері өзінің тиісті нәтижесін берді де. Қатерлі өмірдің шынайы суреті оқушының сезімін баурап алады.

Жеңіс үшін таудай іс тындырған  еңбек батырының жарқын бейнесі  ақынның шабытты қиялына шоқ  тастап, жалынды жырларынан жарқын көрініс тапқанын Ж. Жабаевтың, Ғ. Армановтың т. б. ақындардың өлендерінен, толғауларынан  байқауға болады. Тылдағы дaбылды  еңбектің даңқына бөленген қарапайым  тракторшы қызды:

Темір тұлпар мінген қыз,

 Жапан қырды төңкерген. 

 Жерді егінмен көмкерген,

 

 Елді азыққа тоқ  еткен, 

 Дұшпанға ажал оқ  еткен 

 Жәрдем берген қауымға  ,-

 деп мадақтайды.

Ел басына қүн туғанда  өнегелі іске бастап, Отан қамы үшІн елеулі еңбек сіңірген тыл адамдары туралы мұндай өлеңдер қазақ поэзиясында  аз болған жоқ.

Бір топ қазақ ақындарының  шығармашылық сапары соғыстың отты жылдары  басталды, Хамит Ерғалиев, Жұбан  Молдағалиев, Сырбай Мәуленов, Сағынғали  Сейітовтер өздерінің алғашқы өлеңдерін  бейбіт жылдарда жаза бастаған болатын. Бірақ бұл жылдар олар әлі төрт аяғын тең баса қоймаған, алғашқы ақындық байқаулар, творчестволық тәжірибелердің бастамасы ғана еді. Аталған ақындар өздерінің нағыз ақындық қарымын соғыстың қаһарлы жылдарында танытты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды. Соғыс жылдары лирикалық жанр жан - жақты өріс алып, жетіле түсті. Мәселен, саяси-әлеуметтік, публицистикалық өлең - жырлармен қатар табиғат лирикасы да кеңінен жырланды. Табиғат лирикасының өзінен де сол дауылды жылдардын лебі есіп тұрды. Бұл жылдары біраз ақындар туған өлкенің табиғатын жауынгерге дем беріп, рухтандыратын Отан - ана кейпінде символдық образдар арқылы орынды жырлады. (Ғ. Орманов. «Алатау анам», «Гүл», Ә. Сәрсенбаев. «Атырау», «Шалқы, теңіз»). Кейде майдандағы жауынгерлердің елдегі туған-туыстарына деген ынтық -сағынышы, жүрегін елжіреткен сезімі де осы табиғат лирикасы арқылы әдемі өрнек тапқанын байқау қиын емес (Д. Әбілев. «Қоңыр жел», Ә. Сәрсенбаев. «Ақша бұлт»).

 Соғыс жылдары патриоттық  лириканың маңызды бір саласы  көпшілік әндер, ән мәтіндері  де көп жазылды. Музыка мен  әдебиетке ортақ бұл жанрдың  өрістеуіне композитор мен ақындар  бірдей ат салысты. Ән мәтіндері  соғыс жылдарындағы қазақ поэзиясының  жаңа бір бөлшегі болды. Асқар  Тоқмағамбетовтың «Сүйген жарға», С. Мұқановтың «Қазақ вальсі»,  Ғ. Мұстафиннің «Жас қазақ», И.  Матақовтың «Қарлығаш» т. б.  ән текстері халық жанының  сыр пернесін дәл басқан, жүрек  сезімін танытып, көңіл күйін  тербеткен сәтті еңбектер еді.  Соғыс жылдарындағы ән текстерінің  бірқатары майдандағы жауынгердің  жаумен күрестегі ерлігін көзге  елестетіп, көңілге ұялатып, жорықтың  биік гимніндей қабылданды. Мәселен,  «Жас қазақ,» әнін алайық. Ән  музыкасы мен мәтіні соғыстың  сұрапыл суретін, сол майданда  жауға жай оғындай атылып, оны  арыстанша жаныштаған батырдың  сыртқы келбетін, онын асқақтаған  арманын, жан дүниесінің үлкен  романтикасың әсерлі де айқын,  дәл бейнелегені бәрімізге аян. 

Соғыстан кейінгі дәуірдің әдебиеті осындай қиындықтарға қарамастан, барлық жанрда ізденіп, кемелденуге  аяқ басқан әдебиет болғаны дау  тудырмайды. Қазақ қаламгерлерінің  тандаулы туындылары бүгінгі заман  мен тарихи тақырыпты қатар жырлауда едәуір табыстарға жетті. Олар одақтық  оқушылар сынына толып, шетелге танымал бола бастады. Бұл салада аға буын ақын-жазушылардың таланты мен тәжірибесі жетекші рөл атқарды. Оларға ерген ұрпақ та байсалды ізденіс танытты. Мұның бәрі қазақ әдебиетінің әлемдік даңқын көтерген жаңа әдебиетті жасаудың алғашқы адымы болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

1. 40 – 50 жылдардағы Қазақ  әдебиеті. Алматы,1998.

2. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы,2005.

3. Мұстафин Ғ. Шығармалар. Бес томдық. 1 – том, 1981, 82 – б.

4. М. Әуезов. Шығармалары.  А., 1979, 4-т., 434-б.

5. Ғ. Мүсірепов. Майданнан  соққан жаңа леп. //Социалистік  Қазақстан,  

1944, 6 маусым.

 

 

 


Информация о работе Литература во времена Великой отечественной войне