Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 17:52, курсовая работа
Кеңес Одағының құрамында болған, Қазақстан халқы да 1941-1945 жылдарағы фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы соғысқа белсене қатысты. Бұл соғыс жалпы одақ және оның бодандығындағы халықтар үшін де ауыр кезең болды. Большевиктер өзінің тәуелсіздігінен айырылып қалмас үшін өзіне қарасты барлық халықтарды соғысқа жұмылдырды. Солардың қатарында қазақтар да соғысқа көптеп алынып, Қазақстан елі тұтас күйінде соғыс мүддесіне қызмет етті. Кеңес Одағының Еуропалық бөлігінен көптеген зауыттар мен оқу орындары, сол өңірдің соғысқа жарамайтын кәрі-құртаң, бала-шағалары Қазақстанға көшірілді.
Соғыстан кейінгі заман әдебиетіндегі тарихи шындығы мол шығармалар – Ұлы Отан соғысына қатысқан жазушылардың осы үлкен оқиғаға арналған әңгімелері. Қырқыншы жылдардың екінші жартысы мен елуінші жылдардағы әңгімелер соғыс тақырыбына жазылған шығармалардың бірінші толқынына жатады. Бұл шығармалардың ақиқаттығы – халық ерлігін нақты деректермен көрсетуінде. Әлбетте, майданда көрген фактілерді тізбектеп баяндау әлі көркем шығарма емес. Бұны майдангер қаламгерлер Мәлік Ғабдуллин, Әбу Сәрсенбаев, Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, т.б. жақсы түсінеді.
Олардың әңгімелерінің негізінде соғыста болған оқиғалардың мәнін терең түсінуге ұмтылыс жатыр. Әр оқиғаның астарынан жеңіске жетудің сыры ақтарылады. Кішкене көріністер сұралып соғысты жиырмасыншы ғасырдың ұлы оқиғасы ретінде ұғындырады. Отаны үшін соғысқан, майданда шейіт кеткен жауынгердің қаһарман рухы ұрпақтан ұрпаққа жалғасатыны,, мәңгі өшпестігі бұл әңгімелердің психологиялық арқауы десек ләзім. Жазушылардың соғысқа арналған әңгімелерінің мәні уақыт өткен сайын өсе беретіні хақ.
Майдангер жазушылардың жинақтары елуінші жылдардың аяғында, алпысыншы жылдардың басында жарық көрген. Бұл жинаққа кірген әңгімелері не соғыс уақытында, не соғыс аяқталысымен жазылды деп есептеуімізге болады. Жинақта майдан газеттерінде жарияланған әңгімелер өз алдына бір төбе. Бұл әңгімелердің бір ерекшелігі - олардың мемуарлық сипатында. Кешегі майдан өтінде толарсақтан қан кешіп, мұз жастанған ерлер арамызға тірі оралып, қару орнына қалам ұстап, сол бір сұрапыл жылдардың хикаясын жазамыз деп те ойламаған болар-ау! Бірақ бейбіт күндер зымырап өткенімен, сол бір қанды көйлек қарулас достарының естен кетпес тұлғасы мен бастан кешкен оқиғалардың қуаты олардың қолдарына еріксіз қалам ұстатты.
Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдулиннің «Майдан очерктері» (1959) атты жинағында әр жылдары жазылған әңгімелер бар. «Тапқырлық» деген әңгімеде жазушы аласа бойлы, қараторы қазақ жауынгері Рыскелдиев Кентай деген жігіттің қатты жараланғанына қарамастан, командирдің тапсырмасын орындап телефон байланысын орнатқанын баяндайды. Адам туғаннан батыр болып жаратылмайды, бұл қасиеті оған тәрбие береді дегісі келеді жазушының. «Бейнет көрмеген берекесіздік жасайды» деген әңгімесінде жас жауынгер Болаттың өмір қиыншылықтарын жеңу жолдарын өз жолдастарынан үйренгені туралы айтылады. Үлкен қызметкердің отбасында туып, әке-шешесінің әлпештеуімен өскен Болат өмірдің ауыртпалығын көрмеген. Ал соғыс жағдайында әр қадам басқан сайын қиындыққа душар болады. Одан алдымен еңбекке сүйіспеншілік, іске мұқият қарау талап етіледі. Алайда жазушы бас кейіпкер мінезінің қалай өзгергенін суреттеудің орнына, әңгімені баяндау стилінде аяқтай салады.
Белгілі жазушы майдангер Әбу Сәрсенбаев «Офицер күнделігі» (1960) атты жинағында соғыс тақырыбын бас кейіпкер – мерген Зейін Байжандиевтің бастан кешкен оқиғаларын суреттеу барысында шешеді. Украина жерінде соғысқан Зейін бұл жерді өз туған топырағындай қорғайды. Жазушы кейіпкерінің ұлттық характерін танытуға күш салады. Ол ержүрек, намысқой әрі тапқыр жігіт. Қиын шақта әзілін тастамайды. Сонысымен басқа ұлт қкілдеріне сүйкімді. «Изюль бұлбұлдары» атты әңгімеде Байжандиев – барлаушы. Қалың орман арасында бұлбұлша сайрап, көкекше үн қатып үйренеді. Зейін украин, молдаван жігіттерімен достасып кетеді. Түн ішінде оның әр ұлт өкілдерімен құстың тілімен ұғынысуы символ тәрізді қабылданады. Шағын детальмен жазушы үлкен достық ұғымына жетектейді.
Соғыс тақырыбының естелік, мемуарлық тармағын дамытқандардың бірі – партизан-жазушы – Қасым Қайсенов. Оның «Ажал аузынан» (1959) деген кітабы негізінен естеліктерден құралған. Оларда автор өзінің және партизан серіктерінің ерліктерін әңгімелейді. Ккйіпкерлердің аттары мен фамилиялары өзгертілмеген, олар өмірде бар адамдар. Автор жүректілік, батылдық, айлакерлік, тапқырлық қасиеттерді дәріптейді. «Ажал аузынан» атты әңгімесінде немістердің тұтқынына түскен Т. Алексеенко жауынгер өзін атуға әкеле жатқан жерінен өзенге секіріп, қашып құтылады. Партизандардың жергілікті адамдармен қарым-қатынасы ешқашан үзілмейді. Мысалы, «Үйдегі оқиға» әңгімесінде екі партизан бір шалдың үйіне қонады. Қыстыгүні жылы киім іздеген, фашисте осы үйге келіп тінткілей бастайды, үйдің иелерін сабайды. Міне, осы тұста жасырынып жатқан екі жігіт фашистерді тұтқындайды. Кітаптың екінші бөлімінде автор сол жолдастарымен соғыстан кейін аман-есен кездескені айтады.
Лирика. Соғыс жылдарында қазақ поэзиясы айрықша көзге көрінді. Сұрапыл соғыстың оқиғасы қай ақынды болса да толғантпай, тебірентпей қойған жоқ. Ал тебіренуден шыққан жыр қай оқырманды болса да баурап әкегетіні өзі-өзінен түсінікті. Сондықтан поэзия жанры соғыс жылдарында бар қыры мен сырын танытты. Солай болуға тиіс те еді. қазақ халқының к аһарлы кезеңдегі рухани келбетін танытуда поэзияның атқарған ролі аса елеулі. Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім», Ә.Тәжібаевтің «Ленинград»-атты өлеңдері, Ж. Саинның партизан өмірінен жазылған жырлары, Ә. Сәрсенбаевтың топтама өлеңдері, Қ. Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аныз» поэмасы - қазақ әдебиетінің көрнекті туындылары.
40-шы жылдарда таныла
бастаған жас ақындар үшін
бұл жылдар жаңа өрлеу кезеңі
болғаны анық. Ал, белгілі қазақ
ақындары Ж. Жабаев, С. Мұқанов,
Ә. Тәжібаев, А. Тоқмағамбетов,
Т. Жароков, Қ. Аманжолов, Ғ.
Орманов, Ә. Сәрсенбаев, Ж. Саин,
Д. Әбілев, Қ. Бекхожиндердің осы
тұста ақындық дарындары
Соғыс жылдарында жазба поэзиямен бірге қазақтың халық поэзиясы да қатар, жарыса дамыды. Нұрпейіс Байғанин, Иса Байзақов, Кенен Әзірбаев, Әбдіғали Сариев, Орынбай Тайманов, қалқа Жапсарбаев, Қайып Айнабеков, Жақсыбай Жантөбетов, Төле Көбдіков, Омар Шипин, Шашубай Қошқарбаев, Ілияс Манкин, Доскей Әлімбаев сияқты халық ақындары өздерінің азаматтық рухтағы тың шығармаларымен халық поэзиясын жаңа белеске көтерді.
Әсіресе халық поэзиясының
алыбы Жамбыл Жабаевтың соғыс
жылдарында шығарған өлеңдері қазақ
поэзиясының ірі көркемдік
Қартайып, белі бүгілген
Жамбыл сол бір қаhарлы
Екі дүние айқасты
Майдандасқан алаңда
Олар фашист – сұр жылан
Уын шашақан адамға.
Денеге уын дарытпай,
Жаныштап басын жыланның,
Салайық халқым, табанға!
Ондай мерез ордасы
Қалмасын, тіпті, ғаламда! –
деп, халықты жауға мейірімсіз болуға шақырды. Майдан жауынгерлерін қаҺармандыққа, батырлыққа жігерлендірді.
Соғыс жылдарындағы Жамбыл шығармаларының аса мәнді, шоқтығы биігі - «Ленинградтық өренім». Бұл өлең 1941 жылы Ленинград жау қоршауында қалған кезде шығарылған. Ақын Ленинградтықтардың жаумен айқастағы ерлігін, табандылығын паш етеді, оларды батырлыққа, батылдыққа рухтандырады.
Ленинградтық өренім!
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағымдай көремін.
Жасатам жоқ өмірді
Жау сойқанын көргелі.
Төккенім жоқ терімді
Шер қылғалы кеудені.
Соғыстың төрт жылында осы тақырыпқа арнап Жамбыл үш мың жолдан артық жыр шығарды. Халқымыздың патриоттық сезімін арттыруда, отандастардың еңбектегі ерлігі мен майдандағы батырлықтарын суреттеуде бұл жырлардың маңызы зор болды.
Ақынның соғыс жылдарында
туған «Ата жаумен _айқастық»,
«Өмір мен өлім белдесті», «
Халық ақыны Н. Байғанин соғыс кезінде өзінің жалынды жырларын жауға қарсы күреске жұмсады. Ақын «қанға қан, жанға жан аламыз», «Москва», «Жанышта жауды, жанышта», «Майданға, батыр ұлдарым», «Зор майданға -бар шапшаң», «қаҺарман қала», «Қазақстан - майданға», «Өренім, ұлым, құлақ сал» дегеd өлеңдері арқылы халқымыздың жауға деген өшпенділік сезімін күшейте түсті.
Ақын жауға деген ыза-кегін:
Өлер күнің таянды,
Халық түгел ашынған.
Алар сенен қанға қан!
Алар сенен жанға жан!
Жоқ боларсын. бітерсін,
Адам жауы - сұр жылан,-
деп білдіреді. Жауды тез жеңіп шығу үшін тылдағы еңбек қарқынын күшейту керектігін, тыл мен майданның қосыла қимылдауы нәтижесінде ғана жауға ойсырата соққы беруге болатынын ескертеді ақын. Тыл еңбеккерлерін ел басына түскен ауыртпалыққа мойымай, еңсені биік үсгауғ , шақырады. Елдікке, ерлікке үндейді.
Соғыс кезіндегі поэзияның
әсерлі күші, саяси әлеуметтік
мәні бұрынғыдан әлдеқайда
Қаhарлы жылдардағы өлеңдерінде
қазақ ақындары жауды біржолата
талқандауға халықты үндей
Жексұрын дұшпанньщ қанқұйлы портреті, жауыздық істері Қ. Аманжоловтың «Ұлы Отан соғысы туралы жыр», «Зұлым жау», К Бекхожиннің «Освенцим» атты өлеңдерінде мейлінше уытты тілмен өлтіре түйреледі. Сондай-ақ Ж. Жабаевтың, С Мұқановтын, Т. Жароковтың, Ғ. Ормановтың, А. Тоқмағамбетовтың, Д. Әбілевтің, А.Жұмағалиевтің т. б. көптеген өлeң жырларында да фашист жендеттерінің адамгершіліктен Жұрдай болған жыртқыштығын әшкерелеген уытты жолдар көп. Соғыс тұсындағы ақындардың өлеңдері мақсат, идея бірлігімен байланысты бәрі бір арнаға құйылып, сол уақыттағы халық мақсатының үлкен идеалын жырлаған дастан - эпопеяға айналды. Жаудың жауыздығын әшкереленген ақындардың фольклордағы болсын, арғы - бергі жазба әдебиеттегі болсын, барлық поэзия арсеналындағы зұлымдық, адамзатқа қарсы озбырлық атаулыны әшкерелеп түйрейтін өткір сөз, эпитет, теңеулерді мейлінше мол пайдаланғаны байқалады. Ақындар өлеңдерінде жауды жыртқыш аң атаулының бәріне, ертегілердегі жалмауыз, жезтырнақтарға да теңегенін көреміз. Халық жүрегінен жарып шыққан уытты, өткір, ащы, зілді сөздерімен олар жауды аяусыз түйрейді, оларға қарсы қаhарлы сөздерді түйдек-түйдегімөн боратады. Қарақшы жауға деген халық кегін, өршеленген өшпендігін арттырады. Дұшпанмен аянбай күресуге шақырады. Халқымыздың қаҺармандық тұлғасын үлгі тұтып, өнеге етеді.
Соғыс жылдарындағы қазақ поэзиясының лирика жанры. Соғыс кезіндегі лирикалық поэзияның басты кейіпкері – халық. Лирикалық поэзияда эпостық сипаттардың ұшырауы әбден мүмкін. Лириканың өзіне тән белгі-бедерімен қатар, онда эпикалық суреттеулер де мол кездеседі, өиткені халықтың жан - дүниесін бейнелеумен қатар, тұлғасын, ұлы қимылын аңғарту үшін ақындарға эпостық сарында жырлау үлгісін мейлінше кең пайдалану аса қажет еді. Өлең - жырлардағы халқымыздың биік тұлғасы, қаҺармандық күш - қуаты, батырлық-істері көбінесе жаудың ұнамсыз сихына қapамa - қapcы қойыла суреттелгенін байқау қиын емес. Мәселен, Ж. Жабаевтың, Т. Жароковтың өлеңдерінде біздің ел, халық өмірі жарқыраған күнге, биік асқарға, жайнаған нұрлы заманға теңеліп, көтеріңкі пафоспен бейнеленсе, фашист басқыншылары оған қарама - қарсы, қара бұлт, көлеңке, қаусаған кәрі дүние ретінде сипатталып отырады. Контраст әдісін ұтымды қолдану арқылы ақындардың халқымыз бен оған тұтқиылдан тиіскен опасыз жаудың аспан мен жердей айырмасын айқын көрсетуге толық мүмкіндік алғаны сөзсіз. Бірінші жақтан сөйлеу - лирикалық поэзияға тән қасиет. Ақындар осы бірінші жақпен жыр төге отырып, «меннен» «бізге»-көшеді, халық, ел атынан сөйлейді, ал бұл тәсіл халқымыздың қаһapмандық тұлғасын жыр өрнегіне түсіруге аса қолайлы.
Ақындар бірінші жақтан өз атынан сөйлесе де, яки эпикалық тұрғыдан баяндай суреттесе де, әр тұстaғы өлең жырлардан дауылды жылдардағы халқымыздың құдіретті күші айқын көрінетіні кәміл. Халықтың қаҺармандық бейнесін ашып көрсеткен өлең - жырларда лирикалық сәттерден гөрі, эпикалық сарынның басым келетіні де заңды. Өйткені қаhарлы кезең, сын сағаттар ақын өлеңінен осы жайды талап ететіні мәлім.
Соғыс жылдарындағы
поэзияда қазақ ақындары
Соғыс жылдары қазақ лирикасындағы жауынгер бейнесі әр түрлі көркемдік тәсілмен жасалғандығы байқалады. Ең алдымен жауынгердің қаhарлы жылдардағы батырлық кейпі лирикалық өлеңдердегі лирикалық кейіпкерлердің жан сырының ашылуы арқылы бейиеленгенін атап айтқан дұрыс. Бұл ретте біраз ақындардың лириканың ішкі жанрлық мүмкіншілігін мейлінше мол пайдалануда едәуір шеберлікке қол жеткізгенін аңғару қиын емес. Мәселен, Қ. Аманжоловтың «Сәбитке», «Ғабдолға» атты лирикалық өлеңдерінде майданда жүрген жауынгерлердің жан - дүниесі айқын ашылған. Ақын жауынгердің «л:-:нар таудай бұрқыраған» рухани күшімен қабат, «от шайнаған»сыртқы әрекетін шағын өленде әсерлі бейнелеген:
Информация о работе Литература во времена Великой отечественной войне