Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 17:52, курсовая работа
Кеңес Одағының құрамында болған, Қазақстан халқы да 1941-1945 жылдарағы фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы соғысқа белсене қатысты. Бұл соғыс жалпы одақ және оның бодандығындағы халықтар үшін де ауыр кезең болды. Большевиктер өзінің тәуелсіздігінен айырылып қалмас үшін өзіне қарасты барлық халықтарды соғысқа жұмылдырды. Солардың қатарында қазақтар да соғысқа көптеп алынып, Қазақстан елі тұтас күйінде соғыс мүддесіне қызмет етті. Кеңес Одағының Еуропалық бөлігінен көптеген зауыттар мен оқу орындары, сол өңірдің соғысқа жарамайтын кәрі-құртаң, бала-шағалары Қазақстанға көшірілді.
Кіріспе. XX ғасырдың 41-56 жылдары қазақ халқының қоғамдық өмірінде өткен ең үлкен тарихи кезенді қамтиды. Ол – Ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру кезені.
Кеңес Одағының құрамында болған, Қазақстан халқы да 1941-1945 жылдарағы фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы соғысқа белсене қатысты. Бұл соғыс жалпы одақ және оның бодандығындағы халықтар үшін де ауыр кезең болды. Большевиктер өзінің тәуелсіздігінен айырылып қалмас үшін өзіне қарасты барлық халықтарды соғысқа жұмылдырды. Солардың қатарында қазақтар да соғысқа көптеп алынып, Қазақстан елі тұтас күйінде соғыс мүддесіне қызмет етті. Кеңес Одағының Еуропалық бөлігінен көптеген зауыттар мен оқу орындары, сол өңірдің соғысқа жарамайтын кәрі-құртаң, бала-шағалары Қазақстанға көшірілді. Оның үстіне өкімітке сенімсіздік көрсеткен біраз халықтар (шешен, неміс, кавказдық мұсылмандар, т.б.) жер ауып, осында келді. Бұлардың барлығы елдегі жағдайды ауырлатып, тұрғылықты халықтың күнкөрісіне кері әсер етті. Ерлер майданға кетіп, жұмыстың ауыртпалығын әйелдер мен жас балалар көтерді. Соған қарамастан, коммунистік партияның үгітінің күштілігімен, одан бұрын да жылдар бойы адам санасына сіңірілген социалистік Отанды қорғау идеясы елді тік көтеріп, соғыста жеңіп шығу жолындағы іске жұмылдырды. Халықтық құлшыныстың күштілігі сондай, көп жерлерде (әсіресе, ауылдарда) жұмыс еңбекақы төленбей атқарылды. Халық уақытпен де есептескен жоқ. Бейбіт құрылыс ісі тоқтап, елдің бүкіл экономикасы соғыс қажетіне ыңғайланып қайта құрылды. Соғыс кезіндегі қазақ әдебиетінің мазмұның да осы жағдайлар белгіледі.
Жауынгерлік тақырыбы қазақ әдебиетіне бұрыннан да жат емес еді. Қаһармандық эпос пен әр қилы жаулаушылық кезінде туған халықтық лириканың үлгілері де болған. Отызыншы жылдарда Отан қорғау тақырыбының кең қойылуы да қазақ әдебиетінде жаңа ізденістерге жол ашқан. Еуропада фашизмнің бас көтеруі, оның жаулаушылық әрекеттері кеңес елін сақтыққа үйретті. Шекараны берік күзету, ондағы сақшылардың ерлігі бүкіл кеңес әдебиетінде көтерілген. Қазақ әдебиетінде де шекара тақырыбына біраз шығармалар жазылды. Бірақ таныс емес өмірдің қыры мен сырын жетік білмеу қазақ қаламгерлерін онша биік табысқа көтере алған жоқ-ты. Алайда мынандай төтен соғысты қазақ халқы басынан кешірмеген-ді. Соңдықтан жаңа дүниежүзілік соғыс жағдайында әдебиетті дамыту оған жаңа мазмұн, жаңа сапа беру бағытында жүруі керек болды.
Соғыс кезіндегі қазақ әдебиетін қалыптастыруға қаламгерлердің барлық ұрпағы қатысты. Бұл кезде елде С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ғ. Орманов, А.Тоқмағамбетов, Ә. Тәжібаев, Ж. Хұсайынов, Ә. Әбішев, М. Хакімжанова әдебиет саласында ұүлшына еңбек етті. Т. Жароков, Ж.Саин, Ә.Сәрсенбаев, Д.Әбілев, А. Жұмағалиев, Қ. Аманжолов, Қ. Әбдіқадыров, Қ. Бекхожин, Б.Момышұлы сынды ақын-жазушылар қолына қару алып, майданға аттанды. Бұлардың қатарына майдан газеттерінің беттерінде жарияланған жауынгер жырларымен танылған жаңа ұрпақ өкілдері С. Мәуленов, Х. Ерғалиев, Ж. Молдағалиев, С. Сейітов сияқты ақындар келіп қосылды. Халық поэзиясының өкілдері Жамбыл, Нұрпейіс Байғанин, Кенен Әзірбаев, Шашубай Қошқарбаев, Нұрлыбек Баймұратов, Нартай Бекежанов, Доскей Әлімбаев, тағы басқалары өздерінің отаншылдық рухтағы жыр-толғауларын шығарды. Қазақ әдебиетінің осы секілді әр тобынан құрылған қалам иелері бір мақсатқа жұмылып, әдебиеттің алдына соғыс шындығы қойған міндетті атқаруға кірісті.
Соғыс мерзімі бес жылға жуық уақытты қамтиды. Оның сұрапыл, алапат күйде өткені болмаса, тарих үшін бұл ұзақ мерзім емес. Оның сыры мен шындығын зерттеп, жаңа көркем туындылар жасау тұрғысында да ол мерзім жеткіліксіз. Сондықтан да соғыстың бес жылы ішінде қазақ әдебиеті іргелі үлкен шығармалар туғыза алған жоқ. Онда соғыстың алғашқы әсерінен туған ұшқыр өлең, публицистика, очерк сияқты шағын жанрлар өрістеді. Соғыс пен оның адам басына түсірген қасіреті жайлы ойлану, оны ерлікпен көтерген адамның жігер-қайратын бейнелеуге ұмтылыс кейін, соғыс шындығын ой елегінен өткізгеннен соң ғана жүзеге асты. 50-60 жылдары бұл тақырыпқа үлкен романдар мен поэмалар, жаңа лирикалық туындылар жазылды.
Негізгі бөлім. Роман. 1937 жылы қазақ қаламгерлерінің басына түскен зобалаң отызыншы жылдары зор қарқынмен дамуға бет алған роман жанрының өрісін бірнеше жылға тежеп тастады. Үлкен романшы жазушылар Ж. Аймауытов (20-жылдардың соңы), Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Сейфуллин, М. Дәулетбаев (1937) қуғынға ұшырап, «халық жауы» деген жалған жаламен атылып кетті. С. Мұқанов партиядан шығып, қызметінен алынып, екі ұдай күн кешті. С. Ерубаев қайтыс болды. Роман тағдырындағы осы тоқырау біраз жылға созылды.
Осындай үзілістен кейінгі қазақ романының жаңа бой көтеруі 1942 жылы М. Әуезовтің «Абай жолы» атты төрт томдық эпопеясының алғашқы кітабының жарық көруінен басталды. Бұл – әуелде «Абай» деген атпен жоспарланған екі томдық романның бірінші кітабы болатын. Роман Ұлы Отан соғысының от-жалыны өршіп тұрған шағында жарық көрді. Саясаткерлер соғыс тақырыбына арналған прозалық еңбекті күтіп отырған заманда, бұған керісінше, тарихи тақырыпқа жазылған роман партия басшылығын бәліндей қуанта қойған жоқ. Олар романның жоспарына, негізгі идеялық-көркемдік нысанасына ой жіберіп жатпай-ақ, ондағы ру таластарына, Құнанбай заманының өктем қылығына мән беруге тырысты. Алайда, шын әдебиет сүйгіш қауым романды жылы қабылдады. Оған Ғ. Мүсіреповтың «Абай» романы туралы» атты мақаласы (1943) куә. Жұрт романның жалғасын күтті.
1945 жылы Ғ. Мұстафиннің
«Шығанақ», Ә.Әбішевтің «Жас
Ғ. Мұстафин романы өмірде болған нақты адам мен оның еңбегі жайлы деректі материалдарға сүйеніп жазылған. Ақтөбе облысының Ойыл ауданында тұратын, Ұлы Отан соғысы кезінде жанқиярлық еңбек етіп, тарының гектарынан 1232 пұт өнім алып, дүние жүзінде болмаған рекорд жасаған Шығанақ Берсиевтің есімі ол кезде әлемді шарлап кеткен еді. Бүкілодақтық ауыл шаруашалығы ғылымдары Академиясының Президенті Т.Д. Лысенко тарышы қартқа телеграма жолдап: «Сіздің телеграммаңызды алғанда, нанар-нанбасымды білмей көп сенделдім. Ең білдім деген ғалымдар гектарынан 200 центнерден артық астық алу мүмкін емес дегенге бекінген еді. Бұл – жай айтылмаған. Өсімдіктер күн қуатын бойына қанша сіңіре алатындығын есептеп барып айтылған болатын. Сіз осы есептен асып түсіп, егін шығымының мөлшерә адамның өз қолында екенін дәлелдеп бердіңіз», - деп жазған. Атақшы тарышы өмірінен неміс жазушысы Бертолд Брехт поэма жазған.
Әрине, роман Шығанақ өмірі
мен оның еңбегін негізге алғанмен,
Ғабиденнің Шығанағы – өмірдегі тарышының
өзі емес, әдеби жиынтық бейнесі.
Осы материалдар негізінде
Соғыстан кейінгі дәуір қазақ романының жаңа бір тынысын танытқан, өрісін байытқан кезең болды. Бұл тұста «Абай» романының екінші кітабы (1947) жарық көрді. С. Мұқанов «Жұмбақ жалау» атты романын жөндеп, өңдеп, «Ботакөз» деген атпен қайта бастырды (1948), «Сырдария» деген жаңа роман (1948) жазды. Ғ. Мұстафин «Миллионер» (1948), Ғ. Мүсірепов «Қазақ солдаты» (1949) атты романдар бастырды. Қазақ тілінде кең тарап, оқырманын тапқан осы шығармалар тез арада орыс тіліне аударылып, сол арқылы шетелдерге шықты. Сөйтіп, соғыстан кейінгі дәуірде қазақ романының табысын әлемге әйгіледі. 1948 жылы желтоқсан айында Қазақ әдебиетінің қазіргі дамуы бағытын талқылаған КСРО Жазушыларының пленумы мұны айқын танытты.
Бүгін әлемге танылған «Абай жолы» роман-эпопеясының «Абай» деген атпен шыққан алғашқы екі кітабының өзі әуелде солай жоспарланған тұтас туынды болатын. Онда жазушы болашақ ұлы ақынның жастық кезі мен ақындығының оянып, жетілуін суреттеген. Жас Абай тәрбие алған ортаны, оның жүрегін тебірентіп, асыл сезімдерін оятқан дала табиғатын, халқының өнері мен әдебиетін, арманы мен жарқын үмітін, достығы мен тұңғыш махаббатын кең ашу арқылы жазушы бірінші кітап бойында оны ақындыққа дайындады. Осы ортада роматникаға бөленген жас Абайдың біртіндеп өмірдегі талас-тартысы сезінуі, Тоғжаннан айрылуы, Қодар мен Қамқа өлімі сияқты сұмдықты көруі, суынуы, толғануы да нанымды суреттеледі. Ал, екінші кітапта ол шығармашылық сезімге аусады, білімін кеңейтеді, орыс әдебиетінің, достарының көмегімен ой-өрісін толықтырып, халық өміріндегі әдебиеттің зор маңызын ұғу дәрежесіне көтеріледі. Оның бұл кездегі өмірге, оның күрделі жағдайларына деген көзқарасы ақын өлендерінде кең көрінеді, жазушы оның шығармашылығына сүйене отырып, Абайды толғантқан қоғам дамуы, адамдардың ара қатынасы, адамгершілік, гуманистік мінез-қылықтар мәселелерін қоғайды. Сол арқылы қазақ қоғамының ақынмен тұстас кезеңінің барлық жағдайларын, халық өмірінің терең жасалған көркем суретін береді. Халықтың жақсы арман-тілегі Абай бейнесі арқылы жинақталып көрсетеледі. Академик Қ. Сәтбаевтың «Абай» романын «21 ғасырдың екінші жартысындағы қазақ өмірінің энциклопедиясы» деп атауы да осыдан.
Романдағы ең бір үлкен тақырып – Абай шығармашылығының халықтығы. Жазушы оны халық адамдарымен бірлікте, түсіністікте суреттейді. Халықтың даналық, бұқарашылдық мәдениетінен мол сусындаған Абай қоғамдық тартыстардан түңілген, әкесімен, ортасымен айырылысқан тұста пікірлес достар іздеп, сол халқына барады. Дәркембай, Базаралы сияқты азаматтарға арқа сүйеді. Еңбекші бұқараның өміріне жаны ашиды. Сонымен бірге 21 ғасырда қазақ даласына кірген мәдениет жағалықтары, орыстың және дүниежүзі әдебиетінің озық үлгілері, гуманистік идеялар Абай тарапынан қолдау тауып, халыққа жетеді. Мұның бәрі ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын дәуірдің аса маңызды тарихи оқиғаларымен ұштастыра суреттей білген жазушының көрегендігі еді.
Ақын туралы роман болғандықтан, оның өзегінде адам сезімін баурап аларлық сезімталдық, ақындық сыр, ақындық әуез, үн, ырғақ бар. Атақты орыс жазушысы В.Ивановтың: «Абай» - ақын туралы роман ғана емес, сонымен бірге ән туралы, халықтың арманы, жақсы өмірді аңсауы туралы роман. Ондай жақсы өмірдің бейнесі әлі қалыптасып болған жоқ, ондағы адамдардың қарым-қатынасы да Абайға көмескі. Сондықтан оның арманы әнге, өлеңге айналады, ақын ғажайып жаңа өлең жайлы батыл ойланады» деуі де осыдан.
Романның үшінші, төртінші кітаптары «Абай жолы» деген атпен 1952, 1956 жылдары жарияланды. Осыған байланысты төрт томдық роман-эпопея тұтас күйінде – «Абай жолы» аталды.
Повесть, әңгіме. Көркем повесть пен әңгіме сияқты прозаның шағын жанрлары 20-30 жылдарда күрт дамып, бұл жанрдың болашағын айқын танытқан еді. Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Б. Майлин салған әдеби дәстүрді Ғ. Мүсірепов сияқты талантты жазушы жалғастырып, бұл саладағы ізденістерді тақырыптық, көркемдік тұрғыда біраз байытқанды. Алайда, отызыншы жылдардың екінші жартысында болған лаң бүкіл әдеби дамудың жолын бұзып кеткені сияқты, әңгіме-повесть тағдырын да күйзеліске ұшыратты. Қырқыншы жылдардың бас кезінде де бұл жанрларда елеулі шығарма туа қоймады, тек Ұлы Отан соғысының басталуы, соғыс пен тыл өмірінің шындығын бейнелеу міндеттері прозаның шағын үлгілеріне қозғау салды. Алдыңғы кезекке публицистика, очерк шықты. Сонымен бірге майдан батырлары мен тыл еңбеккерлерінің өміріне арналған әңгімелер, повестер туа бастады.
Әскери тақырыпқа арналған қазақ повестерінің тұңғышы Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ батыры» атты шығармасы болды. Оны жазушы Кеңес Одағының Батыры Қайырғали Смағұловтың ерлік жолын суреттейтін деректі шығарма есебінде жазды. Бір адамның өміріне арналған хикаяны кейін жазушы негізге ала отырып, Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ солдатының ттиптік бейнесін жасаған үлкен роман етіп қайта жазды. Романның «Қазақ солдаты» деп аталуы да осыдан еді.
Әлжаппар Әбішевтің «Саржан»,
Ғабиден Мұстафиннің «
Ғ. Мұстафин қазақ әдебиеті тарихында еңбек тақырыбының жыршысы есебінде белгілі. Жазушы «Жаппархан» повесінің бас кейіпкері бейнесінде де оның бойындағы еңбексүйгіштік қасиетін барынша көрсете білген. Балалық шағынан бейнет астында өсіп ысылған Жаппархан қажырлы еңбегінің арқасында табыстан табысқа жете береді. Бұл қасиеттің ашылуы повестің сюжет желісіне айналады. «Жеті жылда жиырмаға толып, қолақпандай жігіт болды. «Бақ» дегенді басқаша түсінді енді. «Бақ» көкте жүрген құс емес, жердегі еңбек жемісі, еңбек істесең, ұқсата істесең – бәрі содан табылады, - деп жазады жазушы.
Шығарманың негізгі ойы
– көкте самғаған бақыт құсы
еңьһбек еткенді сағалайды
Информация о работе Литература во времена Великой отечественной войне