Ағылшын тілі сабағында мәдениет түсінігін қалыптастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 23:35, курсовая работа

Описание работы

Шет тілін оқытуда оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын қалай сақтауға болады? Бұл сұрақ соңғы жылдарда әдістемелік әдебиеттерде кеңінен қарастырылуда. Шет тілін оқытудағы сабақтарда мотивтерді сақтауда елтану элементтері маңызды рөл атқарады. Шет тілін оқыту процессінде елтану сипатындағы мәтіндер бүгінгі таңда үлкен орын алады. Осындай мәтіндердің арқасында, оқушылар үйреніп жатқан тілдің елінің реалийлерімен танысады, география, білім, мәдениет саласында қосымша білім алады. Елтанулық мәтіннің мазмұны оқушыларға маңызды, белгілі бір жаңашылдығы болуы керек. Елтану сабақтары шет тілін оқушыларда болашақта елтанушылық деректермен жекелеп таныса беру мүмкіндігін туғызады. Және соның ішінде лингвоелтану мен мәдениет ұғымдары мотивацияны сақтауда қызмет етуі тиіс.

Содержание

Кіріспе
І. Шет тілі оқуының бір бөлігі ретінде шет тіл мәдениетін оқыту
1.1 Шет тілдік мәдениетті оқытудағы мақсаттар және әдістемелік міндеттер..................................................................................................................5
1.2 Оқудың кешенді тәсілі.................................................................................
1.3 Оқытудың мақсаты ретіндегі шет тілдік мәдениет...................................
ІІ. Шет тілі сабақтарында мәдениет туралы деректерді қолдану және олардың қорытындысы
2.1 Тілдегі және мәдениеттегі реалиялар. Реалиялар классификациясы...................................................................
2.2 Мәдениеттану деректерін қолданумен сабақтың талдауы…….........
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

курс раб.docx

— 42.77 Кб (Скачать)

     Осылайша, реалийларда жүзеге асырылған ұлттық ерекшеліктердің әртүрлілігі нәр  береді және лингвоелтануды оқытудың пәні болады. Соның көмегімен және сол арқылы біз оқып жатқан тіл  елінің тарихын, экономикалық және мәдени деңгейін, ішкі әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерінің  кейіпкерлерін оқимыз және түсінуге талпынамыз. Нақ реалий арқылы біз  осы тарихи дәуірде өмір сүріп жатқан дәл осы елге тән өзгешеліктер мен ерекшеліктерді білеміз, себебі лексика қоғамдық өмірдегі барлық өзгерістерге әсер етеді және соны елдің сөздік қорында бейнелейді.

     Сонымен, біз реалия лингвоелтануды оқытудың басты объектісі екенін көріп отырмыз.  Және егер біз оқытылып отырған тіл елінің біліміне негізделген лингвоелтанушылық материалды анықталған, қалыптасқан хабардар бөліктермен енгізетін болсақ, онда бұл енгізу тілді меңгеруге мүмкінді береді, тек коммуникативтік қызмет тұрғысынан ғана емес. Белсенді сөйлеу қызметінің құрылым деңгейі қаншалықты биік болса, оқытылып отырған тіл елінің саяси, экономикалық және мәдени өміріне жағымды қатынасын қамтамасыз ететін ішкі сарын соншалықты мықты және берік болады. Осылайша, мемлекеттік үлгіде бекітілген тәрбиелік, білім, дамушы және ең бастысы тәжірибелік мақсаттары жүзеге асырылады.

2.2. Мәдениеттанушылық  мәлімет қолданылған сабаққа  талдау 

     Бұл жіктеуді қолдану ретінде 7 сыныптағы ағылшын тілі сабағын қарастырайық. Бұл тәжірибе «шет тілі» пәніне жағымды қатынасты қалыптастыруда лингвоелтанушылық мәлімет, сонымен бірге мәдениет түсінігі басты рөлдерді ойнайтындығын дәлелдеу мақсатында жүргізіледі. 

     Сонымен, бұл тәжірибенің мақсаты мынада: оқытылып отырған тіл еліне оң қатынасты қалыптастыруға және сол  ел тұрғындарын, олардың дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, тарихын, саяси және экономикалық тәртібінің ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік беру;   бұрынғы  білімді нығайтуға және ел туралы жаңа білімді қабылдауда ұғыну деңгейін көтеруге ықпал ету; олардың коммуникативтік  икемділігі мен шеберлігін дамытуға мүмкіндік беру(оқу, жазу, аудирование  және сөйлеу), сонымен қатар ойлау, сөйлеу, қиял, зерде, зейін және т.б. сияқты психикалық үрдістерді дамытуға ықпал ету. Бұл тәжірибенің 7 сыныпқа  өткізілген себебі, дәл осы жастағы  балалар өздерінің санасына, сезіміне және тәртібіне әсер ететіндерге  аса қабілетті болады.  Тәжірибе 15  адамнан тұратын топта жүргізілген.  Зерттеу бес оқу аптасы барысында  жүргізілген. Осы тәжірибені өткізу барысында келесі әдістемелердің элементтері  пайдаланылған: қарқынды әдістеме, соның  ішінде, Storytelling, ОКЖ (КСО) — оқытудың кешенді жүйесі, сонымен қатар  лингвоелтанушылық сипаттағы мәтіндермен  жұмыс әдістемелері. 

     Білім, икемділік және шеберлік деңгейінің өзгеруі туралы талдауға болатын  бірнеше критерийлер анықталды:

- аудироавние  шеберлігінің құрылым деңгейі;

- оқу  шеберлігінің құрылым деңгейі; 

- айту  шеберлігінің құрылым деңгейі  ( диалогтар, мазмұнын айту арқылы);

- жазу  шеберлігінің құрылым деңгейі;

- жалпы  мағынасын түсіну шеберлігінің  құрылым деңгейі, лингвоелтанушылық  сипаттағы мәтіндерді оқу кезінде  бастысын ерекшелеу деңгейі. 

- оқытылып  отырған тіл еліне қатынасы;

- оқытылып  отырған тіл ел туралы білім  деңгейі (елдер);

- оқытылып  отырған тілдің грамматикалық  және фонетикалық ерекшеліктері  туралы білім деңгейі. 

     Қалыптасқан және бекітілген білімді, шеберліктері мен икемділіктерін білу үшін балаларға  сұрақ қағаздары мен шығарма  үшін тақырыптар ұсынылған. Оқушылардың  жұмыстарын талдай келе мынадай қорытынды  жасалған: балалар оқытылып отырған  тіл елімен үстіртін ғана таныс: кейбір көрнекіліктерін біледі. Бірақ, жұмыстарда елге, адамдарына, олардың дәстүріне  деген қызығушылық көрінген.

     Осылайша, мұғалімдердің лингвоелтанушылық  сипаттағы мәтіндермен жұмыс  тәжірибелерін, оқушылардың жұмысын  талдай келе, балалардың елге және тілге  деген қызығушылықтарын арттыруға  бағытталған қосымша сабақ бағдарламасы құрылған. Оны жасауда келесідей  параметрлер ескерілген:

1.  «Шет  тілі» пәні бойынша бағдарлама  мазмұны;

2. ағылшын  тілі оқулығының мазмұны мен  құрастырылуының қағидалары;

3. Сынып  білімділігінің деңгейі;

4. мектептің  материалдық қамсыздығының деңгейі  (көрнекілік, оқытудың техникалық  құралдары).

     Осы қосымша сабақтарды өткізу барысында  балаларды ұйымдастыру қызметінің барлық нысандарын пайдалануға тырысқан:

- Жекеленген—  рефераттар, баяндамалар;

- Жеке  — әртүрдегі жаттығуларды орындау;

- Топтық  — Жұптық және 3-4 адамдық топпен  жұмыс. Қызметтің бұл ұйымдастыру  нысаны мәтіндермен, сұрақ жауап  сайысы жұмысы кезінде пайдаланылған;

- Ұжымдық  — аудирование, оқу, жазу, мәтіндерді  аудару жаттығуларын орындау  бойынша жұмыстары және кроссвордтарды  шешу үшін;

     Тәжірибенің сәттілігі оқыту әдістемесін  таңдаумен шартталған. Оны өткізу кезінде оқытудың және зерртеудің әңгімелесу, баяндау, түсіндіру, жаттығу секілді  әдістері, сонымен бірге лингвоелтанушылық  сипаттағы мәтінмен жұмыстың өзіндік  әдістері пайдаланылған.

     Лингвоелтанушылық білімді жеткізудің негізгі әдісі  оқыту қағидаларымен жиынтықта  баяндау: көрнекіліктер және оқытудың техникалық құралдарын пайдалану(магнитофон). Балалар мәліметті тек есте сақтап ғана қоймай, өздерінің игіліктеріне пайдалану үшін материалды жеткізудің аса айқын әрі есте қалатындай нысаны. Үздіксіз байланысты оқыту  құралы ретінде де болған түсіндіру  әдісі пайдаланылған.

     Сонымен қатар лингвоелтанушылық сипаттағы  мәтіндермен жұмыс әдістері де нәтижелі болған. Мұндай әдістердің бірі бес  бағаннан тұратын кесте толтыру  болып табылады: ел, географиялық орны, халқы, астанасы және басты қалалары. Лингвоелтанушылық сипаттағы мәтіндермен  жұмыс әдісінің мұндай түрі оқушыға  оқылып отырған мәтіннің негізгі, басты  идеясын іздеу дағдысын, оның жалпы  мағынасын түсінуді дамыту, сонымен  қатар оның коммуникативтік дағдыларын дамыта отырып, мазмұнын айтуға үйрету. Балаларға осындай кестеге сүйеніп  мәтіндерді мазмұндау оңай болады.

     Жұмыста қарқынды әдістеме мен тілдесудің коммуникативтік  әдістің қағидаларын қолдана  отырып, оқушыларды  еркін жағдайға енгізген, өздерін еркін сезінуге, өз қателіктерінен қорықпауға, ұжымда жұмыс жасауға мүмкіндік берілген.

     Әсіресе қарқынды әдістеменің story-telling – бағытының  әсерін байқауға болады.  Балалар  елтанушылық мәтінді ықыласпен  тыңдап, сосын жетекші сұрақтар арқылы мәтінді түсіну деңгейлерін анықталған. Жаттығулар түрлерінің әртүрлілігі  балалардың назарын лексикаға , сонымен  мәтін мазмұнына аударған.

     Тәжірибе  аяқталғаннан кейін тілге және осы  тілде сөйлейтін ел(елдерге) қызығушылықты  арттыруға елтанушылық сипаттағы  мәтіндердің және лингвистикалық бірліктердің ықпалын айқындау мақсатымен екінші қайтара диагностика өткізу қажет  болды. Сонымен қатар, белгіленген  тәжірибеде көрсеткен критерийлар  бойынша параметрлерді өлшеу  мақсатымен. Ол үшін біз оқушыларға аудирование, оқу және жазуға бірнеше  бақылау тапсырмаларын бердік. Зерттеудің нәтижесін біз бағандық диаграммадан көре аламыз(№ 2 қосымша). Сонымен бірге  біз блім деңгейін анықтау үшін тест-сұрау  өткіздік. 7 сыныптардың үлгерімін  салыстыру үшін тест елтану материалы  соншалықты терең қарастырылмаған  сыныпта өткізілді. Нәтижелері шеңберлік  диаграммада бекітілген(№3 қосымша). Оқушылардың бақылау жұмыстарын, шығармаларын талдай келе, сонымен  қатар олардың тәжірибеге дейінгі  және кейінгі жаттыққандарының деңгейін пайыздық қатынаста көрсетіп, келесідей  қорытынды жасауға болады: қателердің азаюы бойынша оқу техникасы  сапалы жақсарған, көшіру кезіндегі  ұқыптылық нығайған. Мәтіндерді мазмұндау  айқын әрі түсінікті бола бастаған, шеттілдік тілді есту, қабылдау деңгейі  көтерілді, оны балалардың ауызша командаларға әсерлерінен байқауға болады. Сонымен, біз нық сеніммен лингвоелтанушылық материал оқытылатын тілге қызығушылықты арттыруға және тұрақты берік ниеттердіқалыптастыруға  мүмкіндік береді деген гипотезаны осы тәжірибе толығымен дәлелдеп берді. Соңғы дәлелді балалар сыныптастарын таң қалдыру үшін өздері жеке табуға тырысқан қосымша материалдардың көмегімен оңай дәлелдеуге болады. Өйткені біз осы ерекшеліктер арқылы оқылатын елдің ішкі өмірін танимыз. Бірақ лингвоелтану — бұл бір орында тұрмайтын және тиімді танудың жаңа жолдарын іздейтін оқу үрдісінің бөлігі ғана. Және лингвоелтану жаңа, дамушы әдістемелер жинағымен бірге қазіргі даму сатысында біздің қоғам талап ететін нәтижені береді, яғни  мәдениетаралық байланысқа қатысуға қабілетті және қалаушы және өзінің шеттілдік сөйлеу қызметін өз бетімен жетілдіруге дайын тұлға.

Ал ондай  тұлғада ішкі тұрақты ниет болу керек.

1. Оқушы  орындау барысында өз жұмсысының  нәтижесін көрген арнайы дайындалған  жаттығулар жүйесі.

2. Сабақта  аудиовизуалды құралдарды пайдаланумен.

3. Мұғалімнің  лингвоелтану ықпалын енгізумен. 

4. Мұғалімнің  педагогикалық ықпалының ерекшелігімен. 

5. Сыныптан  тыс сабақтар жүйесін жасау. 

6. Оқу  үрдісінде эмоционалдық ортаны  қатыстыру. 

7. Жеке  даралықты пайдаланумен.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

     Ғылым қол жеткізілгенде тоқтап қалмады. Наука не остановилась на достигнутом. Қазір басқа да қызықты әдіс-тәсілдер жасалуда, олардың көмегімен оқытушылар оқытудың алға қойылған мақсаттарына қалай да жету үшін оқытудың жағымсыз жағдайларына қарсы тұруға, оқулықтар  мен бағдарламалардың қатал шеңберінен шығуға тырысады. Қазір оқытудың күрделі  мектептік кешені ескерілу қажеттілігі  түсініледі – тілдік ортаның және шет тілді тәжірибелік қолдануда  оқушыларда табиғи қажеттіліктің болмауы, оқушыларда тіпті бір жас ерекшілікті  топтың, шет тілдік сөйлеуді табысты  игерудің әртүрлі психолого-педагогикалық  алғышарттардың болуы.

     Сонымен, біздің ойымызша, мақсаты дамудың  мәдени деңгейін кеңейтудің тиімділігін  күшейту болып табылатын зерртеуімізде  біз нақты нәтижелерге қол  жеткіздік.

     Шет тілін оқытудағы өзекті мәселелердің бірі лингвоелтанушылық аспектіні  және мәдениетті дайындау болса, ЛЕА  әртүрлі әдістемелік арсенал  түрінде: көшірме, үлестіру материалдары, кесте, сызба, әсіресе слайдтар және кинофильмдер, елтану мазмұнындағы мәтіндер жазбаларының кассеталары.  пайдалану  өте тиімді болады. Сонымен қатар, өзекті қажеттіліктерді, қызығушылықтарды, оқушыға маңызды мақсат, ниеттерді  ескеру маңызды.

     Осылайша, шет тілін осы тілде сөйлейтін  хылықтың ұлттық мәдениетімен тығыз  байланыста оқытуды ұйымдастыру, оқытудың, соның ішінде оқу материалдарының  лингвоелтанушылық реңкі оқушылардың  коммуникативтік танымдық ниетін күшейтуге, жалпы мәдениеттік ой-өрісін кеңейтуге  мүмкіндік береді, жұмыстың әдістері мен нысандарын түрлендіруге жағдай жасайды, оқытуды тәрбиелеумен үйлестірудің жалпы дидактикалық талабын тиімді жүзеге асырады.

     Біздің  пікірімізше, оқытудағы осындай  тәсілдерді жүзеге асыру ниетті, белсенділікті, баланың сабақтағы бастамасын көтеруге мүмкіндік береді, яғни білім алуға  және шет тілі бойынша шеберлік пен  дағдыға тілек, қажеттілік туындайды.  
 
 
 
 
 
 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Ариян М.А. Лингвострановедение в преподавании иностранного языка в старших классах средней школы // Иностранные языки в школе 1999 - №2, с.11.
  2. Борисенко М.К. Некоторые аспекты преподавания элементов лингвострановедения на французском языке // ИЯШ. 2002 - №3, с.41.
  3. Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Лингвострановедение в преподавание русского языка как иностранного - М, 1980
  4. Кащук С.М. Лингвострановедческий подход при обучении английскому языку в младших классах // ИЯШ 2009 - №2, с.51.
  5. Леонтьев А.Н. Потребности, мотивы, эмоции - М., 1971.
  6. Миныер-Белоручев Р.К. Лингвострановедение или иностранная культура // ИЯШ 1999 - №6, с.54
  7. Никитенко З.Н. Лингвострановедение. // ИЯШ 1994 - №5, с.13.
  8. Томахин Г.Д. Культура стран английского языка // ИЯШ 1999 - №1, с.80
  9. Н. Н. Михайлов «English cultural studies», М, 2006
  10. Нефедова М.А., Лотарева Т.В. Страноведческий материал и познавательная активность учащихся. // Иностранные языки в школе. № 6, 1998.
  11. Панов Е.И., Кузовлев В.П., Коростелев В.С. Цель обучения иностранным языкам на современном этапе развития общества. // Иностранные языки в школе. № 6, 1999.
  12. Пивсаева Т.А. Использование элементов страноведения на уроке-зачете по английскому языку в V классе. // Иностранные языки в школе № 3, 1998.
  13. Писаренко Т.Н., Писаренко В.Г. Использование эскиза при работе с текстами страноведческого характера. // Иностранные языки № 4, 1998.
  14. Программы для общественных учреждений. //Иностранные языки—М. 1994.
  15. Райхштейн А.Д. Лингвистика и страноведческий аспект в преподавании иностранных языков. // Иностранные языки в школе № 6, 1988.
  16. Рогова Г.В., Никитенко З.Н. О некоторых путях повышения мотивации изучения иностранных языков у школьников в IV-VII классах. // Иностранные языки в школе № 6, 1988.
  17. Томахин Г.Д. Лингвострановедение: что это такое? // Иностранные языки в школе № 6, 1996.
  18. Томахин Г.Д. Реалии в культуре и языке. // Иностранные языки в школе № 1, 1981.

Информация о работе Ағылшын тілі сабағында мәдениет түсінігін қалыптастыру