Аударма өркениеті

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 19:02, реферат

Описание работы

Бұл зерттеуде өркениет феномені болып табылатын аударма мәдениеттанымдық парадигма аясында қарастырылады. Ол үшін ізденісте аударманы қажет еткен тілдердің пайда болу, бөліну тарихынан бастап, адамзат мәдениетіндегі қарым-қатынас куәгері болған аударма ісінің өз тарихы, аудармаға қатысты теориялық ізденістер тарихы, аударманың лингвомәдениеттанулық контексті, аударманың мәдениеттер сұхбаттастығының жемісі – өркениеттілік өнімі екендігі, отандық мәдениеттегі аударма ісі, аудармашы тұлғасының көшпелі-маргиналды тезаурусы және т.б. қамтылды.

Содержание

Кіріспе
1 Аударманың мәдениеттанулық мәселелері
1.1 Аударма туралы түсінік және оның қалыптасу кезеңдері
1.2 Аударманың мәдениет тарихында пайда болуы және
оның мәдениеттер сұхбаттастығын қалыптастырудағы рөлі
2 Аударманың онтологиялық салыстырмалығы
2.1 Лингвомәдениеттану және аударма мәселесі
(Тіл. Мәтін. Дискурс.)
2.2 Концептсфера. Аудармадағы интерпретация және түсіну мәселесі
2.3 Аударма эквиваленттілігі мәдени-коммуникативтік эквиваленттілік
ретінде
3 Аударма және өркениеттік өрістегі мәдениеттер сұхбаты
3.1 Коммуникация құралдарының күрделенуі және өркениеттілік
өрісі
3.2 Аудармашы тұлғасына қатысты ойлар. Аудармашының
көшпелі-маргиналды тезаурусы
3.3 Өркениеттілік үрдістер аясындағы қазақ мәдениетіндегі
аударма ісі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Аударма және өркениет.doc

— 216.50 Кб (Скачать)


        Аударма және өркениет (монография)

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 Аударманың  мәдениеттанулық мәселелері

1.1  Аударма туралы түсінік және оның қалыптасу кезеңдері

1.2  Аударманың мәдениет тарихында пайда болуы және

оның  мәдениеттер сұхбаттастығын    қалыптастырудағы рөлі

2 Аударманың онтологиялық салыстырмалығы

2.1 Лингвомәдениеттану және аударма мәселесі

(Тіл. Мәтін. Дискурс.)

2.2 Концептсфера. Аудармадағы интерпретация және түсіну мәселесі

2.3 Аударма эквиваленттілігі мәдени-коммуникативтік эквиваленттілік

ретінде

3 Аударма және өркениеттік өрістегі мәдениеттер сұхбаты

3.1 Коммуникация құралдарының күрделенуі және өркениеттілік

өрісі

3.2 Аудармашы тұлғасына қатысты ойлар. Аудармашының

көшпелі-маргиналды тезаурусы

3.3 Өркениеттілік үрдістер аясындағы қазақ мәдениетіндегі

аударма ісі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 


 

 

 

КІРІСПЕ

Бұл зерттеуде өркениет феномені болып табылатын аударма мәдениеттанымдық парадигма аясында қарастырылады. Ол үшін ізденісте аударманы қажет еткен тілдердің пайда болу, бөліну тарихынан бастап, адамзат мәдениетіндегі қарым-қатынас куәгері болған аударма ісінің өз тарихы, аудармаға қатысты теориялық ізденістер тарихы,  аударманың лингвомәдениеттанулық контексті, аударманың мәдениеттер сұхбаттастығының жемісі – өркениеттілік өнімі екендігі, отандық мәдениеттегі аударма ісі, аудармашы тұлғасының көшпелі-маргиналды тезаурусы және т.б. қамтылды.

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алған күннен бастап рухани бастауларының көзін ашып, бар-жоғын түгендеп, өркениетті әлемнің  озық ойларынан нәр жинап, бүгінгі күн талабына сай рухани жаңғыруды мақсат қойып отыр. Бүгінгі күрделі де қиын әлемнің замана талабына сай болу үшін, мәдени-өркениеттік бәсекелестік “сахнасында” өздігіңді және өзіңдегіңді жоғалтып алмау үшін өзгенікін де біліп, саралап отыру керек. Ғаламдық сипаты күн өткен сайын “тайға таңба басқандай” айқындала түскен заманда мәдени бірегейлік тағдыры толғантқан ұлттық мәдениет “ұлы көштен” қалмастың да қамын ойлағаны жөн. Ол үшін ұлттық мәдениет өзінің өміршеңдігін ұзартатын жалғыз жол – өркениеттер арасындағы мәдени сұхбат жолын ғана бетке алуы тиіс. Мәдени сұхбат үрдісі аясында ұлттық мәдениеттің жаңғыруы өзге мәдениеттер даярлаған мол мұраны жатсынбай, сіңіре білу қабілетіне барып тіреледі.

Адамзат жазулы тарихта жүргеніне біраз уақыт болғандықтан көптеген рухани құндылықтар қағаз бетіне түсірілген мәтін ретінде тіршілік етіп жатқандығы кімге де болса мәлім. Сол мол қазынаны өзіміздің бай мәдени мұрамыздай көріп, одан шығармашылық шабыт алу үшін, алдымен, сол қазынаны түсінікті ететін амал-тәсіл керектігі даусыз. Ендеше, түрлі тілде сөйлейтін адамзаттың ортақ мұрасын өз мәдени мұрамыздың іргелі бөлігі деп қарауға мүмкіндік берер аударма мәселесі бүгінгі таңның өзекті тақырыбы.

2003 жылы Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға арналған “Мәдени мұра” кешенді Мемлекеттік бағдарламасы [1] қабылданған болатын. Ол Қазақстан Республикасының “Тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану туралы” [2], “Мәдениет туралы” [3], “Ұлттық мәдени қор мен мұрағаттар туралы” [4] заңдарына сәйкес қабылданып, жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарламада гуманитарлық білімнің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын қалыптастыру міндеті қойылған. Бұл бағдарлама, біріншіден, әлемдік мәдениеттің озық классикалық шығармаларының (мейлі ғылыми, мейлі әдеби, мейлі философиялық болсын) толығымен қазақ тіліне аударылуын көздесе, екіншіден, қазақ халқының бай рухани мұрасын дүйім жұртқа кеңінен таныту әрі тарату үшін орыс және басқа да әлем тілдеріне аударуды  да көздеп отыр. Қарап отырсақ, жалпы бағдарлама түгелдей дерлік аударма ісімен байланыстылығын танытады. Бұл да осы қарастырылып отырған тақырыптың теориялық зәрулігін білдірсе керек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауында [5] қойылған модернизация міндеттемелері әлеумет өмірінің сан саласын қамтығанмен, өзінің түпкілікті мағынасында қоғамды гуманизациялауға бағытталған. Онда да әлемдік адамзаттық құндылықтарды тарату мен тасымалдау жолы аударма ісіне барып тірелетіндігі белгілі.

Тәуелсіз Қазақстанның әлемдегі өзіндік бірегей орнының нығаюы мәдени-тілдік алыс-берісті арттыру ісіне, яғни аударма ісіне де тәуелді. Елдер мен халықтар арасындағы саяси-экономикалық, рухани, мәдени байланыстар ауқымының ұлғаюы аударма ісінің білікті мамандарын ғана даярлауды қажет етіп қоймай, сонымен қатар, тәржіма туралы теориялық зәру мәселелерді күн тәртібіне ұсынады.

Жер шарын мекендеген мыңдаған халықтардың түрлі тілде сөйлеу факті, сонымен қатар, күн өткен сайын өсіп келе жатқан мәдениетаралық коммуникация аударма ісін күнделікті қажеттілікке айналдырып отыр. Аударма әрі көне, әрі жаңа өнер. Аударманы өнер деп атаудың өзі де оның мәдени әлеуетінен хабардар еткендей. Ал сол аударма барысында орын алатын мәдениеттер сұхбаты өркениеттілік болмыс-бітімнің өзіндік ерекшелігін сомдайды. Ендеше, аударманы зерделеу –  оны өз еншісіне айналдырған тілтанудың, әдебиеттанудың ғана жеке ісі емес, мәдениеттану сынды әмбебап әрі пәнаралық ғылымның да ортақ ісі болмақ.

Осы монографияға атау болып отырған мәселенің өзектілігі мен маңыздылығы  мәдениеттер арасындағы сұхбаттастыққа тікелей байланысты болғандықтан, аударма ісін мәдени байланыстар мен өзара ықпалдастықты негіздеудің күрделі феномені ретінде қарастыруға мүмкіндік аламыз.

1 АУДАРМАНЫҢ МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Аударманың  мәдениеттанулық мәселелеріне не жатпақ деген сұрақ туындары заңды. Ол үшін, алдымен, аударманың мәдени феномен екендігі де, оның адамзат мәдениетімен тығыз байланыстылығы да шүбә келтірмес айғақтар екендігін еске сала кеткіміз келеді. Әрине, аударма – мәдени құбылыс. Өйткені, біріншіден, аударманы қажет етуші де, жасаушы да адам. Ал адам мен мәдениетті бөліп-жарып қарастыра алмайсыз, себебі мәдениет – адами болмыс ету нәтижесі. Екіншіден, аударма – мәдениетаралық байланысты жеңілдетіп, мәдениеттердің жандануына, баюына үлкен ықпал ететін құбылыс.

Аударманың, соның ішінде, әсіресе, көркем-әдеби, поэтикалық аударманың әдебиет, поэзия сынды өнер қатарына жататындығы да қисынды. “Прозадағы аудармашы – құл, ал поэзиядағы аудармашы – қосавтор” деген В. Жуковскийдің қанатты сөзі бекерден бекер айтылмаса керек. Ол аударманың өнер ретіндегі көрінісін танытады. Сонымен, аударманың мәдениеттің айнасы болып есептелетін өнерге де тікелей қатысы барлығы оның мәдениеттанулық құбылыс ретінде анықталуына тағы бір себеп болады. Сөйтіп, аударма – шығармашылық әрекет түрі ретінде де мәдениеттанулық зерттеу нысанына қойылар талаптар биіктігінен көрінеді.

Аударманың адамзат мәдениеті тарихында көрінуі және де жалпы мәдениеттер арасындағы қарым-қатынасты өрбітуге тигізген ықпалы да, әрине,  өз алдына, үлкен мәдениеттанулық мәселе.

Аударма ісінің мәдениеттің мәйегі болып есептелетін тіл мәселесімен етене тығыз байланыстылығы бүгінгі таңда кең жайылып келе жатқан “дефистік (hyphnated) ғылымдар”, немесе пәнаралық зерттеулер жемісі – лингвомәдениеттанулық ізденіс аясын көрнекілейді.

Аударма деген жалпылама ұғым ауқымында жатқан барлық құбылыстар (ауызша тілмаштық, жазбаша тәржіма, еркін баяндау, әңгіме ету және тағысын тағылар…) адамзат мәдениетімен, адамның мағыналық қызметімен, рәмізділік аясымен тығыз байланысты құбылыстар. Оған қоса, аударма ісі, расында да, мәдениетаралық байланыстарды нәтижелі ететін әрі өзі сол қарым-қатынастардың салдары ретінде пайда болатын қызмет. Сондықтан да аударманы пәнаралық ізденістер шекарасында – мәдениеттануда зерделеудің өзіндік қисыны бар.

Сонымен, аударма – мәдени құбылыс.  Мәдениетті кең философиялық тұрғыдан адами болмыс нәтижесі деп анықтаймыз. Адами болмыс дегеніміз не? Ол – уақытқа тәуелді шексіз көп түрөзгерістерді басынан кешірген пенденің өзін-өзі қалыптастыру процесі. Адами болмыс қашанда мүмкіншілікті болмыс, ықтималдылық процесс.

Адамды адам ретінде ерен етіп тұрған да, оның өзіндік әлемі – мәдениетіне тіреуіш болып тұрған да нағыз адами болмыстың іргетасы – мән-мағыналық кеңістік, рәміздік кеңістік, таңбалық кеңістік. Мән-мағыналық, немесе рәміз-таңбалық кеңістік абстрактілі бейнелерден, ұғымдардан, сөздер мен таңбалардан, рәміздерден, эйдостардан (идеялардан) тұрады. Фиксацияда, көшіруде, аударуда – осылардың бәрінің адам үшін мәні бар нәрсені көбейтуінде мәдениеттің негізгі қыры да, сыры да танылады. Ол мәдениеттің кумулятивтік, жинақтаушылық рухын баяндайды.

1.1 Аударма туралы түсінік және оның қалыптасу кезеңдері

Аударма ұғымы мен оның мәнін, әсіресе, мәдениеттанулық ғылым аясындағы мазмұнын ашып көрсету осы бөлімшенің алға қойып отырған міндеті. Соған қол жеткізу үшін аударма түсінігін талдаудан бастаған жөн. Айтылған сөзді ауызша қотару барысындағы тілмаштық болсын, хатқа түсірілген сөзді жазбаша тәржімалау болсын, жалпы, мән-мағынаны тасымалдау (хабарлау, баяндау, әңгімелеу) болсын – бәрі-бәріне қатысты, жалпылама алғанда, аударма деуге  негіз бар. Макроконтексте аударма дегеніміз адами әлемнің заңды процесі әрі кез келген жанның табиғи қабілеті. Бір тілдің өз ішінде әлдебіреудің айтқанын, жазғанын одан басқа адам қабылдау, түсіну барысында өзінің “ішкі” тіліне аударады деуге болады. Өйткені әрбір адамның “өз тілі” бар, сондықтан басқа адамның айтқанын біз үнемі аударма заңдылығымен қабыл аламыз.

Кезінде Р. Якобсон “Аударма туралы” деген эссесінде [6, 22 б.] аударманың үш түрін көрсеткен екен:

1) бір тілдің өзінің ішіндегі тілішілік аударма, яғни бір тілдің лингвистикалық белгілерін сол тілдің басқа белгілерімен сипаттау – түсініктеме, талдау, мазмұндау, бір тілдің ескі нұсқасында жазылған шығарманы жаңаша сөйлету (мысалы, көне түркі тіліндегі жәдігерлерді бүгінгі қазақ тілінде түсінікті етіп жеткізу) және т.б.;

2) сөздің төл мағынасындағы аударма, немесе, тіларалық аударма, яғни бір тілдің лингвистикалық белгілерін басқа тілде беру;

3) семиотикааралық аударма, немесе трансмутация, яғни  тілдің лингвистикалық белгілерін бейлингвистикалық белгілер жүйесі арқылы қайталау. Мысалы: белгілі роман не повесть желісінде фильм түсіру немесе қойылымдар даярлау.

Осыдан, былайша айтқанда, аударма болып  есептелмейтін “аударманың” екі формасы бар екені көрініп тұр. Біріншісін Якобсон аудармадан басқа сөзбен жеткізеді: тілішілік аударма немесе басқа атау беру, “rewordіng”. Сондай-ақ, үшіншісі де аударма болып есептелмейтін семиотикааралық аударма немесе трансмутация. Бұл екі жағдайда да сөз “аударманың” аудармасы,  интерпретациясы туралы болып тұр. Осыдан тура өз мағынасындағы аударма бар және жанама мағынадағы аударма бар деп айтуға болатын секілді.

Аударма ұғымының тар және кең мағынасы бар. Тар мағынасында аударма деп бір тілдің ауызекі немесе жазулы ақпаратын (мәтінін) екінші бір тілде түсінікті етіп жеткізуді айтады. Тар мағынасындағы аударма жалпы аударма ұғымының көпке үйреншікті, дағдылы түсінігін білдіреді. Расында да, аударма дегенде ана тілімізден басқа тілде жазылған көркем-әдеби шығарма мәтіні немесе басқа да керегі болып тұрған ақпарат, хабарлама және т.б.-ны өзімізге түсінікті түрде өз тілімізде бізге жеткізуді көз алдымызға елестетеміз.

Кең мағынасында аударма деп қандай да болмасын мәдени ақпарат түрін, мәдени мәтінді өзінің үйреншікті арнасынан басқа түрге ауыстыру, оны сол мәтін жазылған, айтылған, жасалған “тілден” (бұл тұста тіл деген тар лингвистикалық мағынада қолданылып тұрған жоқ) басқа бір тілге мән-мағынасын бұзбай жеткізуді айтады. Мысалы, айтулы немесе жазулы тілге негізделмеген мәдени салалар: көркемсурет, музыка, би және т.с.с. өз алдында тілдік кейіпке келе алады. Өйткені біз көркемсурет идеясын, музыканың рухын, бидің қимыл-қозғалыстарының мәнін тілге сала аламыз, яғни тіл арқылы “сөйлете” аламыз. “Тілсіз тілдер” ұғымы осыдан барып шығады, “мәдениет – метатіл” деген түсінік туындайды.

Бәріміздің білетініміздей, адамзаттың бір тілде ғана емес, бірнеше мыңдаған тілдерде сөйлейтіндігінен барып аударма қажеттілігі туындайды. Тілдердің көп түрлі болуына биологиялық тұрғыдан алғанда еш негіз жоқ. Өйткені барлық адамзат  балалары биологиялық бір түр өкілдеріне жатады. Шындығында, адам тек нәсілдік белгілері бойынша: терілерінің түсіне, бас сүйектерінің көлемі мен формасына, қан құрамына және т.б. белгілері бойынша ғана бірнеше топқа бөлінеді. Осыны негізге алсақ, онда әлемде бес-алты тіл ғана болуы тиіс еді. Қазіргі заманда, әртүрлі есептеулер бойынша әлемде төрт-бес мыңға жуық тілдер бар көрінеді. Жалпы бар тілдердің нақты санын беру өте қиын екендігін де айта кеткен жөн, өйткені көп жағдайда сөз қандай да бір дербес тіл туралы әлде сол тілдің диалекті туралы болып жатқандығын ажырату қиын. Сонымен, мұндағы мәселе биологиялық себептен мүлдем басқада жатыр деген сөз. Әрине, адамзат тек қана биологиялық-табиғи өмірлік бағдарлама шегінде қалып қоймай, өзінің жаратылыс табиғатынан тысқары жатқан, одан мүлдем бөлек заңдылықтарға, яғни шынайы адами-мәдени әлем заңдылықтарына да тәуелділік танытатыны бәрімізге аян.

Аударма дегеніміз не? Аударманың түп сырына, терең тұңғиығына (философиясына) “сүңгімес” бұрын ұғымның өзін анықтап алу керек. “Аударма” деген сөз күнделікті тұрмыстық деңгейде жалпыға мәлім және де түсінікті болып көрінгенімен де, көптеген басқа сөздер сияқты, ол да бірмағыналы жайдақ сөз емес. Сондықтан оны пайдалану барысында үнемі нақтылап отыру да керек. Сөзді қолдану жағдайы мен контекст аударма терминінің қай мағынада алынғандығын нақтылап береді. Аударманың ғылыми анықтамасын біз сол аударманы арнайы зерттейтін тілтанулық ғылым саласы – аударматанудан көптеп кездестіреміз. Сол анықтамаларды келтіру ретіне сай өзіміздің зерттеу жұмысымызда көрініс тапқан аударма мәселелерін нақтылаймыз. Сонымен, қазіргі таңда аударманың алуан түрлі анықтамалары бар. Аударманың өзіндік теориясын беруге ұмтылған әрбір зерттеуші, әдетте, зерттеу объектісіне өзіндік анықтама береді.

Француз аудармашысы және аударма теоретигі Э. Кари аудармаға берілген анықтамалардағы алуантүрлілікті келесідей түсіндіреді: “Аударма ұғымы, шындап келгенде, өте күрделі ұғым. Бұл аударманың біздің заманымызда кездесетін түрлерінің көптігінен ғана туындап отырған жоқ. Ол аударманың ғасырлар бойы әрдайым өзгеріп отыруына да байланысты құбылыс. Мүмкін, нақ осы жағдай өзінікінен бұрын берілген анықтамалармен не келісіп, не оны жоққа шығарып отырған ғалымдардың өз ойларын тұжырымдауын қиындататын да болар”  [7, 5 б.].

Ғылыми терминнің ұтымдылығы оның бірмағыналығы, бірізділігінде болса, онда, ең алдымен,  аударма сөзінің ондай талапқа сай еместігін, яғни   көпмағыналы екендігін айта кеткен жөн. Ол, ең аз дегенде, екі ұғымға қатысты: аударма – мәдени-интеллектуалды әрекет, яғни процес ретінде алынған аударма және аударма – сол әрекеттің, сол процестің нәтижесі, әрекет өнімі ретінде алынған аударма, басқаша айтқанда, аудармашы жасаған сөз туындысы ретінде алынған аударма. Аударма жасау нәтижесінде пайда болған жаңа туындыны  ғалымдар өзара “транслат” деп те атайды.

Аударматану ғылымындағы беделді авторлардың анықтамаларын келтірейік. А.В. Федоров: “Аудару дегеніміз бір тілдің көмегімен осыдан бұрын басқа тіл арқылы көрсетілген шығарманы анық және толық жеткізу” [8, 10 б.] деп анықтаса, Я.И. Рецкер: “Аудармашының мақсаты – түпнұсқаның стилистикалық және экспрессивті ерекшеліктерін сақтай отырып, басқа тілдің көмегімен оның мазмұнын біртұтас және нақты жеткізу” [9, 7 б.]  деп біледі; ал Ж. Мунэн: “Аударма – тілдер байланысы, билингвизм құбылысы. Бұл – билингвтің кез келген нормадан ауытқуға, интерференцияға саналы түрде қарсы күресетін жағдайы” [7, 7 б.]  деп анықтайды. Басқаларды қоя тұрып, аударма теориясымен арнайы айналысып жүрген ғалым-зерттеушілердің анықтамаларын келтіргеннің өзінде сан саққа кеткен ойға куә болдық. Осынау келтірілген немесе одан да басқа көптеген аударма анықтамаларынан қорытындылай келе айтатынымыз:  аударма –  белгілі бір о бастағы мәтіннің (түпнұсқаның) барлығын басқа тілге түсінікті етіп жеткізу процесінің жүргізілуін алғышарт етіп қоятын әрекет түрі. Ендеше, аударма құбылысын қарастыру барысында түпнұсқа мен көшірме, бастапқы негіз бен кейінгі туынды арақатынасы, олардың эквиваленттілігі туралы мәселелер бой көтереді. Оларға арнайы тоқталатын тараушалардың болуына байланысты осы жазылғанмен шектелеміз.

Информация о работе Аударма өркениеті