Отчет по практике в «БТА банк»

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 23:05, отчет по практике

Описание работы

«БТА банк» АҚ Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда лидер болып табылады. «БТА банк» АҚ активтерімен меншікті капиталы бойынша Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында көшбасшылар қатарына бекем орнықты.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………............
1 «БТА Банк» АҚ-на жалпы сипаттама……………………………….................
1.1 Банктің қалыптасу және даму тарихы……………………………..................
1.2 «БТА Банк» АҚ- ның ұйымдық басқару құрылымы……………..................
1.3 Банктің атқаратын қызметтері мен жүргізетін операциялары……................
2 «БТА Банк» АҚ – ның 2008-2009 жж қаржы-шаруашылық жағдайын талдау…………………………………………………………………....................
2.1 Банктің 2008-2009 жж активті операцияларына талдау жасау…….............
2.2 «БТА Банк» АҚ – ның соңғы екі жылдағы пассивті операцияларына талдау.........................................................................................................................
2.3 Банктің 2008-2009 жж қаржылық нәтижелеріне талдау жүргізу…………..
2.4 «БТА Банк» АҚ – ның несиелік операцияларына талдау жасау................…
3 «БТА Банк» АҚ қызметін жетілдіру жолдары……………...............................
Қорытынды………………………………...............................................................
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

отчет готовый.doc

— 199.50 Кб (Скачать)

                                                                                              

     

 «БТА  банк» АҚ  Қазақстанның жүйе  құрушы банкі, ТМД елдеріндегі  банк желісін құруда лидер  болып табылады. «БТА банк» АҚ  активтерімен меншікті капиталы  бойынша Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында көшбасшылар қатарына бекем орнықты.

     БТА – бұл әмбебап, қарқынды  дамушы банк, оның штаб-пәтері  Қазақстанда орналасқан. БТА қаржы  қызметтерін ТМД, Шығыс Еуропа  және Азия елдеріндегі дамушы  нарықтарда белсенді түрде ұсынып келеді. Қаржы және кеңес беру қызметтерін ұсынудың сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында БТА жекелеген өнімдерге маманданған еншілес құрылымдар құруда.  
    БТА-ның қарқынды дамуының негізгі көзі – өткендері ұқсас және іскерлік қарым-қатынас тәжірибелері ортақ болған бұрынғы кеңес елдерінің (ТМД) едәуір нарықтық әлеуетін жүзеге асыру. Банк мыналарға сүйене отырып, ТМД нарығында негізгі ойыншы болуды көздейді:

  1. Жергілікті нарықты және клиенттердің қажеттіліктерін тереңірек білу, бұл нарықтағы шетелдік қаржылық институттармен тиімді бәсекелесуге мүмкіндік береді;
  2. Қазақстанның алдыңғы қатардағы нарығында бизнесті жүргізудің едәуір жинақталған тәжірибесі және халықаралық тәжірибені тарту, бұл жергілікті банктермен тиімді түрде бәсекелесуге мүмкіндік береді;
  3. Стратегиялық серіктестердің, соның ішінде арнаулы халықаралық компанияларды өздерінің еншілес ұйымдарына тарту арқылы олардың кең желісін құру.

     БТА ТМД-дағы ірі жеке меншік  банк болуға ұмтылады. Сондай-ақ  Банк ТМД-ның ірі сауда серіктестері саналатын елдерде, атап айтқанда Түркия, Қытай және басқа елдерде өзінің қатысуын кеңейту мақсатында Қазақстанның және ТМД-ның басқа елдерінің қарқынды дамып келе жатқан сыртқы сауда ағымдарын ұтымды пайдалануды көздеп отыр.

     2015 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес, БТА Банкі келесі мақсаттарға қол жеткізуді жоспарлайды:

 Нарықтағы үлесі бойынша:

      1. Қазақстан - 20%-дан кем емес
      2. Ресей - 2%-дан
      3. елдері - 5%-дан кем емес

АҚШ долларындағы активтердің көлемі бойынша:

         1. 2010 - 42 млрд.-дан кем емес

           2. 2015 - 50 млрд.-дан кем емес

     Банктің негізгі бәсекелік артықшылықтарының  бірі – өзінің жаңа нарықтарға  қатысуын дамыту, өз өнімдерінің  қатарын ұдайы кеңейту немесе  бейімдеу, нарық қажеттіліктерін  қанағаттандыра отырып, жоғары технологиялық қызметтерді ұсыну дайындығын көрсететін инновация мәдениеті.

    «БТА банк» АҚ жұмысының басты  бағыты - Қазақстандағы әртүрлі саладағы  заңды тұлғаларға (шаруашылық субъектілерге)  қызмет көрсету. Банк клиенттеріне  қызметтің бірнеше түрлерін ұсынады.  Қаржыландыруларды төмендету. Банк кешендік несиелендірудің әртүрлі сұлбаларын пайдалана отырып, клиенттердің пайыздық шығындарын тиімді жұмсауға ықпал етеді.

     Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету  мүмкіндігі. Несие операциялары  бойынша мөлшерлемелер рыноктық конъюнктурадағы өзгерістерге сәйкес белгіленеді және түзетіледі, сондай-ақ мөлшерлемелер банк пен клиенттер арасындағы ынтымақтастықтың ұлғаюына қарай төмендетілуі мүмкін.

Несиелік  өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.

     Коммерциялық банктердің қаржы  нәтижелері деген түсінік –  бұл коммерциялық және банктердің  барлық сфераларындағы оның ішіндегі шаруашылық - қаржылық қызметтің жиынтық қорытындысын қамтып көрсетеді.   Қаржы нәтижелері жағымды және теріс болуы мүмкін. Яғни банк есеп беру мерзімінде өз қызметін сауатты ұйымдастыратын болса, онда ол жағымды нәтижеге ие болады.Ол дегеніміз өз шығындарының орнын толтырады және артық пайда табаыды. Сонымен қатар керісінше жағдайлар да орын алып тұрады. Кейбір банктер өз қызметі нәтижесінде зиян шегуі де мүмкін. Мұнда банк шығындары банк табыстарынан асып кетеді.  Дегенмен де егер банк табысты болса, онда осы банктің табыстары есебінен оның барлық операциялық, әкімшілік басқару қоса алғандағы шығындары жабылады,банктің пайдасы құрылады, пассивті және активті операциялардың дамуы мен меншік қаражаттарының көбеюі, өлшемдер, яғни дивиденттер деңгейін анықтайды.

     Банк табыстылығы осы бағыттағы  банк персоналдары қызметіндегі  бағыттың мақсаттылығы, актив бөліміндегі  де, пассив бөліміндегі де, баланстың  құрылымдағы үйлесімді қорытынды  болып табылады.

     Активті және пассивті операциялар  бойынша пайыздардың деңгейін болжау үшін, пайыздық маржаларды есептеу және ссудалық операциялар табыстылығындағы тенденцияларды анықтауда, шығындар мен табыстардың құрылымын ұтымды пайдалану банк табыстылығын қамтамасыз ету негізгі шарт болып табылады. Банк тәуекелділігін басқару, өтімділікті қолдау, олардың минималдылығы сөзсіз банк табыстылығының шарты болып табылады.

    Жалпы банктің қаржы нәтижелері  туралы мәлімет банктің бухгалтерлік  балансына тіркеме ретінде жүретін  «Банктің қаржы нәтижелері туралы  есеп беруі» атты  құжатында көрсетіледі. Бұл құжат банк балансымен бірге үнемі баспада жарияланады.

    Банктердің оңтайлы қаржылық нәтижелерге жету дәрежесі оларға әсер ететін әртүрлі ішкі және сыртқы мынадай факторларға байланысты: банктің географиялық мекен-жайы, оның қызмет көрсету зоналары, клиенттік базасының жеткіліктігі, бәсеке деңгейі, қаржылық нарығының даму деңгейі, аймақтағы әлеуметтік-саяси жағдайлар, мемлекеттік қолдау мен басқа да факторлардың болуы. Тағы бір көрсеткіш, ол меншікті капитал деңгейі, қаражаттарды тарту мен орналастыру көлемі, жалпы банктік шығын деңгейі мен кіріс әкелетін және кіріс әкелмейтін активтер. Шығындар мен жоғалтулар, прогрессивті технологияларды қолдану масштабтары, филиалдар жүйесі мен туынды құрылымдар кірістері, бұлар – банктің өз қызметіне және оның басқару сапасына қатысты факторлар. Банктің персоналдар басқармасының барлық позитивті және негативті сомалары банктің қызмет етуінің қаржылық нәтижесі – пайда.

    Коммерциялық банктердің қызметінің  нәтижесіне әсер етуші факторлардың  көптүрлілігі көпфункционалды және көп мақсатты экономикалық жүйе ретінде қарастыру қажеттігін анықтайды. Сол себептен, банк қызметінің нәтижелерін сипаттау экономикалық көрсеткіштер жүйесімен жүргізіледі.

    Коммерциялық банктердің қаржылық  нәтижелері көрсеткіштерін қалыптастыру  алгоритмі ҚР Ұлттық банкімен  бекітілген қаржылық есеп берудің  арнайы формалары қолданылатын  және қабылданған бухгалтерлік  есеп жүйесімен анықталады. Бірақ  біздің республикамыздағы банктік жүйенің қалыптасу процесі әлі аяқталмаған, қаржылық есеп беру флрмалары өзгеруде және олардың мазмұны жетілдірілуде. Бұл жағдай әлемдік банктік бірлестікке отандық банктердің экономикалық интеграциялануы мен есеп берулердің батыстық стандарттарға бағытталуына қажеттілігінен туындап отыр.

    Бүгінде қазақстандық коммерциялық  банктермен қаржылық есеп берудың  екі түрі құрастырылып жатыр,  олар мазмұны, белгісі және  ұсыну мерзімдері бойынша ажыратылады.

    Қаржылық есеп берудың негізгі  түрі – ол дәстүрлі бухгалтерлік есеп беру, оған бухгалтерлік баланс пен кіріс және шығыс туралы есеп беру жатады.

    Банктің жалпы барлық операциялары белгілі бір табыс немесе шығын әкеледі. Мысалы, активті операциялары табыс көзі болса, пассивті операциялары бұл шығын көзі. Оның ішінде несиелік операциялар жоғары тәукелді актвиті операция болғанымен, жоғары табысты операция болып саналады. Сондықтан несие тәуекелінің мониторингі табыстың тұрақты болуына ықпал етеді.

     Енді банктің клиенттік базасына көрсеткен қызмет көлеміне келетін болсақ, оны төмендегі кестеден көруге болады.

     Несиелендіру  қызметін  ұсына  отырып,  банк  қаржы  ресурстарын  тиімді пайдаланатын экономикалық  субъектілердің пайдасына  қарай   қайта бөледі. Банк  несиелендірудің  басқа  формасынан айырмашылығы, біріншіден,  қатал  түрде  белгілі мақсатқа  беріледі, екіншіден қатал түрде  белгілі мақсатқа беріледі. Банктер осыдан  несиелендірудің  қажеттілігінің  сапасынан экономикалық дамыту  жылдамдатады немесе баяулатады.

    Банк  қызметінде  шағын  кәсіпкерлікті несиелендіру қызметі мен  басқа қаржы  институтарындағы шағын  кәсіпкерлікті  қаржыландырудың арасында айырмашылықтар бар. Банктік  несие  ұсынысы ө әрқашан несие  алушы мен  несие  беруші процессі болып  табылады. Осының негізінде шаруа  қожалықтарының   бағалы қағазды сатып  алуына  инвесторларға  осы  құнды  қағаздардың  ашық  жариялауын  ұсынады.

    Шаруа  қожалықтарының құнды   қағаздарды сатып  алуы негізінде   инвесторларға осы құнды  қағазды  ашық  жариялау  ұсынысы эмитентерге  жалпы  информацияны жариялауы жатады. Құнды қағаздарды иемденген инвестор – эмитентердің  компаниясының қызметін бақылай  алмайды немесе  оған шара қолдана алмайды. Несие алышының  алға  қойған  мақсатын жоспарланған  проектіні іске  асыруға  қызмет  етеді.

    Әрине,  несие беруші несиені  тиімді  пайдалануын  қадағалауға  мүмкіндігі бар.

    Соның  салдарынан, несиемен  айналысатын   банктер эмитенттердің қызметіне   нақты  бақылауын, өзінің салған  ликвидтілігінің  төмендеуін  қадағалайды. Негізінен ұзақ   мерзімді  несиелендіру жоғарғы сұраныста болуына байланысты экономикалық  субъектерге береді, бұл банк  қаражатын ұзақ мерзімде  айналымда болуына байланысты қаржы   көздерін көбейтеді.

    Шағын   кәсіпкерлік кызметінің  негізгі 3 этапы бар:  өндірістік  құралдармен қамтамасыз ету; қызмет  және  товар  өндірісі,  қызмет  пен  товардың нарыққа  өтеуі. Осы   жағдайлармен банк  жүйесі  шағын  кәсіпкерлік қызметіне әр  этаптың  тиімділігін,  кәсіпорынның  стратегиялық және   тактикалық есеппен әсер  ететін  әдісін ұсынады.

    Мысалға, банк мүліктік операцияның  шағын   кәсіпкерлік қызметін  жақсартуғы бірінші  этапы,  кәсіпорынға  мақсатталған несиені  екінші этапы,  ал  сатылатын   вексельдердің  өтімділігін   қамтамасыз ететін  шағын   кәсіпкерлік  қызметіне  үшінші  этапы ұсынады.

    Несиелендіру – шағын  кәсіпкерлік   қызметін  жақсарта отырып банк  шағын  кәсіпкерлікке  белгілі  мерзімге  қаржы  қорларын  ұсына  отырып  ықпалын  тигізеді.

    Осы  жағдайда  банк  ұсынылған   несие  үшін  сыйақы  ретінде   пайыз  көлемін  ақылдасады, шағын  кәсіпкерлік  несиені  толық  төлей  алмауы және  несиені  қолданғаны үшін  пайыз сомасын төлей  алмауы  банктің   қауіптілігі  болып  табылады.

    Сондықтан  несие беруде банк  шағын  кәсіпкерліктің  қызметі  жайлы  ақпараттарды,  мәліметтерді іздестіргені жөн.

    Егер  осындай  мүмкіндіктер  банкте  жоқ  болса және  қауіптілікті бағалау  үшін  мәліметтер жеткіліксіз  болса,  онда банк  несиені  қамтамасыз  ету талабын, мысалға   жылжымайтын   мүлікті  кепілдікке  қоюға   талап  етеді.

    Алайда  несиелендіру  шарты әр елде және  әрбір несие жағдайында  қолданылады.

    Несие  алушы  мен  банк  арасындағы  қатынас  екі   жақтық да  мәліметті   ассиметриялық  бөліп  беру  негізімен  сипатталады  . Несие  беруде екі  жақта   осы мәселені  өз  қызметіне ыңғайлы жолмен  шешеді, несие  алушы банкке төлеу  қабілеттілігін анықтау  үшін  кепілдікке  өзінің   қажетті мәліметтерін  ұсынады.

    Ақпараттарды  айырбастау  арқылы  банк  несие  беру  жолдарын  қарастырады. Алайда  шағын   кәсіпкерлік  қажетті  ақпарат  көздерін немесе банк  кепілдігін  ұсына  алмайды, бұл  жағдайда  дәстүрлі  несиелендіру технологиясын   қолдануға  мүмкіншілігі болмайды, сондықтан шағын  кәсіпкерллікті жиі  жағдайда  несиелендіруден бас  тартады.

    Әр  банк  несие алушы шағын   кәсіпкерлікке  өз  талаптарын  ұсынады. Алайда  берілген  несиені клиент  бизнесін  дамыту  мақсатына  қолданылуы  қаралады:  алынған құрал-жабдықтар, негізгі  қорлар, өндіріс  үшін  арқалған  шығын   материалдары,  жылжымайтын  мүлікті  сатып алу, айналым  құралдарын сатып алу,  жарнамалық компаниядан  өткізуі, құрылыс  және  ремонт  жұмыстарын  жүргізуі қаралады.

    Европалық  банктің қайта құрылған  және  проектерді  қаржыландыру  дамытуы  несиелендіру  бағдарлмасы   шегінде  қарастырылған, әдетте  бұл  несиелендірудің жаңа  немесе  бұрынырақ  құрылған  кәсіпорындар үшін  қарастырылған . Бұл  жағдайда  кәсіпорынның  өзіндік  құралдары жалпы  көлемі  30% кем болмауы керек.

Информация о работе Отчет по практике в «БТА банк»