Отчет по практике в «БТА банк»

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 23:05, отчет по практике

Описание работы

«БТА банк» АҚ Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда лидер болып табылады. «БТА банк» АҚ активтерімен меншікті капиталы бойынша Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында көшбасшылар қатарына бекем орнықты.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………............
1 «БТА Банк» АҚ-на жалпы сипаттама……………………………….................
1.1 Банктің қалыптасу және даму тарихы……………………………..................
1.2 «БТА Банк» АҚ- ның ұйымдық басқару құрылымы……………..................
1.3 Банктің атқаратын қызметтері мен жүргізетін операциялары……................
2 «БТА Банк» АҚ – ның 2008-2009 жж қаржы-шаруашылық жағдайын талдау…………………………………………………………………....................
2.1 Банктің 2008-2009 жж активті операцияларына талдау жасау…….............
2.2 «БТА Банк» АҚ – ның соңғы екі жылдағы пассивті операцияларына талдау.........................................................................................................................
2.3 Банктің 2008-2009 жж қаржылық нәтижелеріне талдау жүргізу…………..
2.4 «БТА Банк» АҚ – ның несиелік операцияларына талдау жасау................…
3 «БТА Банк» АҚ қызметін жетілдіру жолдары……………...............................
Қорытынды………………………………...............................................................
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

отчет готовый.doc

— 199.50 Кб (Скачать)
 

Мазмұны 

Кіріспе………………………………………………………………………............ 

1  «БТА  Банк» АҚ-на жалпы сипаттама……………………………….................

1.1 Банктің  қалыптасу және даму тарихы……………………………..................

1.2 «БТА  Банк» АҚ- ның ұйымдық басқару  құрылымы……………..................

1.3 Банктің  атқаратын қызметтері мен жүргізетін  операциялары……................ 

2 «БТА  Банк» АҚ – ның 2008-2009 жж қаржы-шаруашылық  жағдайын талдау…………………………………………………………………....................

2.1 Банктің  2008-2009 жж активті операцияларына  талдау жасау…….............

2.2 «БТА  Банк» АҚ – ның соңғы екі  жылдағы пассивті операцияларына  талдау.........................................................................................................................

2.3 Банктің  2008-2009 жж қаржылық нәтижелеріне талдау жүргізу…………..

2.4 «БТА  Банк» АҚ – ның несиелік  операцияларына талдау жасау................… 

3 «БТА  Банк» АҚ  қызметін жетілдіру  жолдары……………............................... 

Қорытынды………………………………............................................................... 

Қолданылған әдебиеттер....................................................................................... 

Тіркемелер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                               Кіріспе 

       «БТА банк» АҚ  Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда лидер болып табылады. «БТА банк» АҚ активтерімен меншікті капиталы бойынша Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында көшбасшылар қатарына бекем орнықты.

        БТА – бұл әмбебап, қарқынды дамушы банк, оның штаб-пәтері Қазақстанда орналасқан. БТА қаржы қызметтерін ТМД, Шығыс Еуропа және Азия елдеріндегі дамушы нарықтарда белсенді түрде ұсынып келеді. Қаржы және кеңес беру қызметтерін ұсынудың сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында БТА жекелеген өнімдерге маманданған еншілес құрылымдар құруда.  
     БТА-ның қарқынды дамуының негізгі көзі – өткендері ұқсас және іскерлік қарым-қатынас тәжірибелері ортақ болған бұрынғы кеңес елдерінің (ТМД) едәуір нарықтық әлеуетін жүзеге асыру.

     Коммерциялық банктің қызметін активті турде несие операциялары құрайды. Оның қаншалықты құрайтының мынадан көреміз:

  • біріншіден, ойдағыдай жузуге асырылуы негізгі табыс көзін алуға әкеледі және ол банктің тұрақтылығын және сенімділігін көтеруге әрекеттенеді, ал несиелендірудегі жол болмаушылық оның банкротқа ұшырауына алып келеді;
  • екіншіден, ел экономикасын дамыту инвестициясын несиелендіру үшін банк мекемесі меншікті және жұмылдырылған ресурстарды шоғырландыру қажет;
  • үшіншіден, бұл қызмет өзін ойдағыдай жүзеге асырғанда ғана өзінің барлық қатысушыларына, яғни несие мекелемелеріне, қарыз алушыларға және барлығына пайда әкеледі.

     Банк — бұл кәсіпорын ретінде  қарастырылады және басқа кәсіпорындар  сияқты банктың өзінің басқару  аппараты бар. Банктерде де, басқа  кәсіпорындар сияқты өздерінің Басқармасы, бухгалтериясы, кассасы, кадрлар бөлімі және тағы сол сияқты бөлімдері болады. Дегенмен банк — бұл ерекше кәсіпорын болғандықтан және оның тауары ретінде немесе өндіргіш өнімі ретінде, оның ерекше өнімі несие, депозит және басқа да көрсететін қызметтері көрінеді. Сонымен қатар банк ақша несие институты болғандықтан, оның басқару аппараты атқаратын қызметінің ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.

   Тағы  сол сияқты банктің тиімді қызметі  банктік менеджменттің сапасына тәуелді, ал ол өз кезегінде қалыптасқан ұйымдастырылу құрылымымен тығыз байланысты болады.

    Әлемдік  тәжірибеде дәл осы несиелендірумен  байланысты банктің пайдасының  едәуір басты бөлігі құрайды.

    Осымен қатар, қазіргі уақыттағы  несиелендіру процесі тәуекелді активті операциялардың бірі болып саналады және ол қисынсыз жағдайда банкротқа әкеліп соғуы мүмкін.

    Несие портфелін тиімді басқару үшін жалпы алғанда банк бойынша, сондай-ақ банктің құрылымды бөлімшелері бойынша оның салалық және сандық сипаттамалары жөнінде талдауы қажет.

   Несиелік операциялар коммерциялық банктің әдеттегі негізгі активті қызметі болып табылады. Несиелерді ұсыну банктің негізгі экономикалық операциясы болып табылады. Ол операциялар негізінен жеке меншіктегі фирмалардың, компаниялардың және жеке тұлғалардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттарын қаржыландыруға бағытталған. Экономикалық тұрақсыздық жағдайында қазақстандық банктермен берілетін несиелер негізінен қысқа мерзімді болады, яғни 1 жыл көлемі мерзімінде беріледі.

            Коммерциялық банктердің қызметінің нәтижесіне әсер етуші факторлардың көптүрлілігі көпфункционалды және көп мақсатты экономикалық жүйе ретінде қарастыру қажеттігін анықтайды. Сол себептен, банк қызметінің нәтижелерін сипаттау экономикалық көрсеткіштер жүйесімен жүргізіледі.

    Коммерциялық банктердің қаржылық  нәтижелері көрсеткіштерін қалыптастыру  алгоритмі ҚР Ұлттық банкімен  бекітілген қаржылық есеп берудің  арнайы формалары қолданылатын  және қабылданған бухгалтерлік  есеп жүйесімен анықталады. Бірақ  біздің республикамыздағы банктік жүйенің қалыптасу процесі әлі аяқталмаған, қаржылық есеп беру флрмалары өзгеруде және олардың мазмұны жетілдірілуде. Бұл жағдай әлемдік банктік бірлестікке отандық банктердің экономикалық интеграциялануы мен есеп берулердің батыстық стандарттарға бағытталуына қажеттілігінен туындап отыр.

    Бүгінде қазақстандық коммерциялық  банктермен қаржылық есеп берудың  екі түрі құрастырылып жатыр,  олар мазмұны, белгісі және  ұсыну мерзімдері бойынша ажыратылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1. «БТА Банк» АҚ-на жалпы сипаттама 

     1.1. Банктің қалыптасу және даму  тарихы 

    «БТА Банкі» акционерлік қоғамының  қалыптасу тарихы 1925 жылғы қазанның 15-інен басталады. Ол кездегі  Қазақстан халық шаруашылығы  Орталық Кеңесі Президиумының  шешімімен республика аумағында Өндірістік банк (Өндірісбанк) бөлімшесі ашылды. Өндіріс Банкі туралы. Уақыт өте келе Өндірістік банктің бөлімшелерінде әртүрлі қайта ұйымдастырулар болды.

    1932 жылдың 7 маусымында Республикалық  Халық комиссарлары Кеңесінің  «Қазақстан аумағында арнайы ұзақ мерзімді салымдар банктерін ұйымдастыру туралы» Қаулысына сәйкес, Алматы қаласында Өнеркәсіпбанкінің базасында КСРО электр шаруашылығын және құрылысты қаржыландыру мақсатында банктің Қазақ өлкелік конторасы құрылды.

    1949 жылдың 11 шілдесінде Министрлер Кеңесінің қаулысымен Алматы облысаралық конторасы КСРО Өндірісбанкінің Қазақ республикалық конторасы болып қайта құрылды. Кейіннен КСРО Құрылысбанкінің Қазақ республикалық конторасы болып өзгертілді. 1987 жылдың 17 шілдесінде СОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесінің «Еліміздегі банктер жүйесін жетілдіру және олардың экономикасының тиімділігін арттыруға жасайтын ықпалын күшейту туралы» №821 бірлескен Қаулысына сәйкес, үш мемлекеттік банктің (КСРО Құрылысбанкі, КСРО Мемлекеттік банкі, Сыртқы сауда банкі) негізінде 6 банк құрылды:

  • КСРО Мемлекеттік банкі;
  • КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі;
  • КСРО Сыртқы экономика банкі;
  • КСРО Агроөнеркәсіп банкі;
  • КСРО Тұрғын құрылыс банкі;
  • КСРО Жинақ банкі.

    1991 жылдың 4 наурызында КСРО Мемлекеттік  коммерциялық өнеркәсіп-құрылыс банкінің № 126 Қаулысы бойынша Қазақ республикалық КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі - «Тұранбанк» Қазақ республикалық Мемлекеттік коммерциялық өндірістік-құрылыс банкі болып өзгертілді.

   1991 жылдың 24 шілдесінде ҚазКСР Министрлер  Кабинетінің 1991 жылғы 24 шілдедегі №444 Қаулысына сәйкес «Тұранбанк» Қазақ акционерлік банкі болып құрылды. Акционерлер жиналысында «Тұранбанк» ҚАБ-нің Басқарма Төрағасы болып Бейсенов Ораз Мақайұлы тағайындалады. «Тұранбанк» ҚАБ филиалдар желісі 66 филиалдан құралды.

     1990 жылдың 23 қаңтарында Қазақ КСР  Министрлер Кеңесі мен КСРО  Сыртқы экономикалық банкінің  арасында жасалған 1989 жылғы 11 желтоқсандағы  келісім негізінде, КСРО Сыртқы  экономикалық қызмет банкінің  бұйрығымен Алматы қаласында  КСРО Сыртқы экономикалық банкінің Қазақ республикалық банкі ашылды.

     1992 жылдың 14 ақпанында құрылтайшылар  жиналысының №3 шешімімен, Қазақстан  Республикасы Министрлер Кабинетінің  1992 жылы 28 тамыз айындағы № 710 Қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының  Сыртқы экономикалық қызмет банкі «ALEM BANK KAZAKHSTAN» Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызмет банкі деп атауын өзгертті. Басқарма Төрағасы болып Ырысов Берлин Кенжетайұлы тағайындалды. "Alem Bank Kazakhstan" Акционерлік банкі бірнеше жылдар қатарынан мемлекеттің кепілдендіруі бойынша шетел несиелерін тартуда Қазақстан Республикасы Үкіметінің агенті болды. "Alem Bank Kazakhstan" АБ-нің филиалдық желісі 20 филиалды қамтыды.

    1997 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан  Республикасы Үкіметінің «ТұранБанк»  Қазақ акционерлік банкін және «ӘлемБанкҚазақстан» акционерлік банкін қайта ұйымдастыру туралы 15.01.97 №73 қаулысына сәйкес «ТұранӘлем Банкі» Жабық Акционерлік Қоғамы құрылады. Осы Қаулының негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне «ТұранӘлем Банкінің» акциясын қолдануға және иеленуге рұқсат беріледі. Сондай-ақ, банктің жарғыларын және банк басқарма мүшелерін қалыптастыруға мүмкіндік берілді. Акционерлердің жалпы отырысында «ТұранӘлем Банкі» ЖАҚ-ның Басқарма Төрағасы қызметіне Тәтішев Ержан Нұрілдәйімұлы тағайындалды.

Информация о работе Отчет по практике в «БТА банк»