Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 12:09, курсовая работа
Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне эканомикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша-несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің опрацияларын басқару арқылы реттейді.
Кіріспе
1. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде
1.1.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымы және басқару органдары.............................................................................................................5-7 1.2.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары.....................................................................................................7-12
1.3. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мақсаты – инфляциялық үдерісті тежеу.....................................................................................................12-16
2. ҚР Ұлттық банкінің сыртқы саясаты және даму жолдары
2.1. Ұлттық қор мен Ұлттық банктің жұмыс істеу перспективалары.........17-23
2.2.Ұлттық банктің қаржылық жағдайын талдау..........................................23-26
2.3 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сыртқы экономикалық қызметі................................................................................................................26-28
3.ҚР Ұлттық банкінің қаржы жүйесіндегі ролі………………….............29-31
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде басқа елдердің Орталық банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдарымен қатынаста Қазақстан Республикасының мүддесін көздейді.
Ұлттық банк-бұл эммисиялық, резервтік, кассалық және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жасау құқығына ие, «банктердің банкі» рөлін атқарады, сондай-ақ ақша - несие және валюта саясатын анықтайды.
Ұлттық банк-оның жоғары үкімет органы тұлғасындағы мемлекеттік біртұтас органы, бір ғана қол қоюшы және президентіне есеп береді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басты міндеті ұлттық валюта-теңгенің ішкі-және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің негізгі қызметтері мыналар: айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізу, ақша эмиссиялау, банктерге, ұйымдарға несие беру, және республикамда қолма-қолсыз есеп айырысуды іске асыру, инвестициялық қызмет, екінші деңгейдегі банктер қызметін бақылау және қалдағалау, валюталық реттеу және валюталық резервін сақтау және т.б.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының мақсаты ұлттық валютаның тұрақтылығын: оның сатып алу қабілетін және алдыңғы қатардағы шетел валюталарына қатысты бағамын қамтамасыз ету болып табылады. Оның негізгі құралдары: пайыз саясаты, ең төменгі резервтер нормасы, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатуға байланысты ашық нарықтағы операциялар, банктерге және Үкіметке берілетін несие, валюталық нарықтағы интервенция.
Эмиссия-мемлекеттік банкнота, монета, бағалы қағаздарды шығаруы. Ол қолма-қол түрінде де, қолма-қолсыз да болуы мүмкін. Бірінші формасы айналысқа нақты ақша шығаруды білдірсе, ал екіншісі депозитті-қарыздық операциялар процесінде іске асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің есеп немесе пайыз саясаты есептік пайызды өзгерту жолымен қарыздық капиталдар нарығын реттеуге негізделген. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі есептік мөлшерлемені азайта отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіден банктерден қарыз алуан ынталдандыратын болса, ал есептік мөлшерлемені ұлғайта отырып, банк жүйесіндегі несиенің қысқаруын қолдап, соның негізінде жалпы республика бойынша ақша айналысын реттейді.
Міндетті резерв нормасының мағынасы міндетті резерв сомасы мен несиелік операциялар көлемі арасында тығыз өзара байланыстың болуын, яғни оны Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі айналыстағы ақша массасының өзгерту үшін қолданылатынын түсіндіреді.
Айналыстағы ақша массасының реттеудің біршама ыңғайлы әдісі-ашық нарықтағы операциялар. Мағынасы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі ақша эмиссиясының тоқтатып, несиелік экспансияға шек қою мақсатында нарықта бағалы қағаздарды сатады. Керісінше, ақша шығаруды және несие беруді ынталандыруға тырысады, ол кері операцияны жүзеге асырады яғни, қағаздар сатып алады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі «банктердің банкі» қызметін атқарады, яғни комерциялық банктер резервін сақтайды, оларға қарыздар береді қолма-қолсыз есеп айырысуларды жалпы ұлттық ауқымда жүзеге асырады, банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі бас банкир, қаржылай кеңесші және Үкіметтің, басқа да мемлекеттік органдардың агенті болып қызмет етеді.
Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкі Қазақстанда
және шетелде шетел валютасындағы
кез-келген операциялар-валюта резервін
құруға және басқаруға тікелей қатысады.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Б.А.Көшенова «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары »// оқу құралы, Алматы, «Эканомика» 2000 жыл
2. С.Б.Мақыш, А.Ә.Ілиас «Банк ісі»// оқу құралы, Алматы «Эканомика»2004 жыл
3.
Ғ.С.Сейітқасымов «Ақша, несие,
4. «Ұлттық банкінің 2004-2006 жылға арналған ақша-несие саясатының көрсеткіштерінің болжамы» // Егемен Қақақстан, 25 сәуір, 2004 жыл
5. Әбдіәзиз алдаберген «Мақсат – инфляциялық үдерісті тежеу» // Егемен Қазақстан, 14 мамыр 2006 жыл
6 №017 Баспасөз реализі «Инфляция» // Банки Каахстана, №8, 2004 жыл
7.
Асқар Елемесов «Ұлттық
8. «Ұлттық қорды өнімгерлік басқарудың негізгі көрсеткіштері» // Егемен Қазақстан, 14 маусым, 2003 жыл
9. С.Кемелбеков «Қор активтерінің құрылымы» // «Қаржы және қаражат»№6 2004 жыл
10. Қ. Жарылқасынов «ҚР Ұлттық банкінің сыртқы саясаты туралы» // «Қаржы және қаражат»№7, 1999 жыл
11. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 1997 жылға есеп беруі//1997жыл
Информация о работе Ұлттық Банктің құрылымы мен басқару органдары