Ұлттық Банктің құрылымы мен басқару органдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 12:09, курсовая работа

Описание работы

Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне эканомикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша-несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің опрацияларын басқару арқылы реттейді.

Содержание

Кіріспе
1. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде
1.1.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымы және басқару органдары.............................................................................................................5-7 1.2.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары.....................................................................................................7-12
1.3. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мақсаты – инфляциялық үдерісті тежеу.....................................................................................................12-16
2. ҚР Ұлттық банкінің сыртқы саясаты және даму жолдары
2.1. Ұлттық қор мен Ұлттық банктің жұмыс істеу перспективалары.........17-23
2.2.Ұлттық банктің қаржылық жағдайын талдау..........................................23-26
2.3 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сыртқы экономикалық қызметі................................................................................................................26-28
3.ҚР Ұлттық банкінің қаржы жүйесіндегі ролі………………….............29-31
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

нацбанк[1].doc

— 285.50 Кб (Скачать)

          Кәсіпорындардың табиғи монополистердің қызмет көрсету  құнының жоғарылауына келсек, онда басқа нарықтарды тауарлардың және қызмет көрсетулердің бағалары да түзетілуі мүмкін. Алайда, егер осындай жағдай бола қалған күнде, ол бір-ақ рет немесе бір сәттік қана болады, яғни бағалар жаңа деңгейде белгіленеді. /5/  

    Инфляцияны  реттеу жөнінде қолданылатын шаралар  Ұлттық банкінің Ақша кредит саясатының 2006-2008 жылдарға арналған негізгі бағыттарында айқындалған. Бұл шараларды шартты түрде қаржы нарығынан артық өтімдікті шығару жөніндегі шараларға бөлуге болады.    

    Инфляцияны  реттеу жөнінде қолданылатын шаралар  Ұлттық банктің  Ақша-кредит саясатының 2006-2008 жылдарға арналған негізгі бағыттарында айқындалған. Бұл шараларды шартты түрде қаржы нарығындағы ставкалары көтеру жөніндегі шараларға және қаржы нарығының артық өнімділікті шығару жөніндегі шараларға бөлуге болады. Үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен бастап Ұлттық банктің мынандай операциялары бойынша ставкалары: ресми қайта қаржыландыру ставкасы – 8,0%-дан 8,5%,-ға дейін, тартылатын депозиттер бойынша ставка -3,5%-дан 3,75-ға дейін жоғарылады. Осы ставкалардың одан әрі де жоғарылауы мүмкін. Шығарылатын қысқа мерзімді ноталар бойынша тиімді кірістілік 2005 жылдың аяғында 2,38%-дан 2006 жылдың сәуірінде 3,05-ға дейін     ұлғайып отыр.Банктердің артық өнімділігін реттеу көлемі, яғни экономикада ақшаны қысқарту көлемі ұлғайды. Айналыстағы ноталар көлемі 2005 жылдың аяғындағы 161,0 млрд. теңгеден 2006 жылғы сәуірдің аяғындағы 231,1 млрд. теңгеге дейін өсті және бұдан әрі де өсе бермек. 15 мамырдан бастап Ұлттық банктердің ноталар шығаруы бойынша әрбір аукциондағы ұсынысының ауқымы 60-тан 100 млрд теңгеге дейін өсті. Банктерден депозиттер тарту едәуір артты, олар бойынша берешек жыл басындағы 86,9 млрд. теңгеден сәуірдің аяғында 293,9 млрд. теңгеге дейін жоғарылады.

    Шілдеден  бастап ең төменгі резервтік талаптардың  нормативтерін орындау жөнінде  банктерге қойылатын талаптар қатаңдатылады,  мұның өзі банктердің артық өтімділігін «байлауға» мүмкіндік береді. Ішкі валюта нарығында Ұлттық Банк өзінің қатысуын барынша қысқартады.

    Аталған шараларды қолдану ІІ деңгейдегі банктердің өтімділігінің қысқаруына, кредиттер бойынша ставкалардың көтерілуіне әкеп соқтырады, бұл  түбінде экономикаға инфляциялық қысымның қысқаруына әкеледі.

    Соңғы жылдары эканомиканы үздіксіз өсуі, елдегі қолайлы инвистициялық ахуал, банк секторының тұрақты дамуы, Қазақстанға инвистициялық рейтинг берілуі халықаралық кредиторлар тарапынан сенімнің, соның нәтижесінде сырттан алынатын қарыздардың белсенді түрде келуінің нығаюына себепші болды, бұл өз кезегінде банк секторының шетелден қарыз алуға тәуелді болуының күшеюіне әкеліп соқтырады. Сыртқы қарыз алудың өсуі банк секторының айтарлықтай валюталық тәуекелге ұшырау дегейінің артуына әкеледі, оның теріс ықпалы банктердің, негізінен алғанда, қысқа валюталық позицияны сақтайтын валюталық міндеттемелерін қайта бағалаудан туындауы мүмкін. Ұлттық банк өз тарапынан сыртқы қарыз алу көлеміне ақша-кредит саясаты  құралының – ең төменгі резервтік талаптардың көмегімен ықпал ете алады. Қазіргі кезде Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар (ЕРТ) туралы ережені бекітті, ондағы негізгі өзгерістер банк міндеттемелерінің құрылымына, ЕРТ-ні орындау механизіміне, сондай- ақ нормативтердің мазмұнына қатысты.      Шет елден мейлінше төмен құнмен келетін капитал ағыны екінші деңгейдегі банктердің ресурстық базасының ұлғаюына себепші болады, бұл өз кезегінде ішкі нарықта кредиттер бойынша ставканы төмендетуге мүмкіндік береді.Сондықтан қарыз алуды қысқарту эканомиканы кредиттеудің өсу қарқынының қысқаруына, соның нәтижесінде эканомикаға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасының өсуіне әкеліп соқтырады. Бірақ, эканомиканың «қызып кетуі» қаупі жағдайында, Ұлттық банк оқиғалардың осылайша өрбуін қабылдауға болады деп санайды.

    Қазақстанда валюта нарығындағы ахуал екі  негізгі фактордың әсерінен қалыптасады. Біріншіден, бұл экспорттық түсімнен түсетін шетел валютасының үлкен ауқымының келуі мен Қазақстанның банктік және корпоративтік секторларының айтарлықтай көлемде заемдық шетел капиталын тартуы. Екіншіден, бұл АҚШ долларының негізгі әлемдік валюталарға қатысты жағдайы.

    Ішкі  нарықтағы шетел валютасы ұсынысының, АҚШ долларының айтарлықтай көлемі, негізінен алғанда оған деген сұраныстың жеткіліксіздігі жағдайында, сондай-ақ АҚШ доллары бағамының еуроға қарағанда төмендеуі жағдайында, теңгенің осы валютаға қатысты номиналдық бағамының тиісті дәрежеде көтерілуіне әкеледі.

    Ұлттық  банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылатынын ескере отырып, инфляцияны реттеу жөніндегі операциялардың тиімділігін арттыру мақсатында Ұлттық банктің бұдан былай еркін өзгермелі айырбас бағамы режимін ұстану және өзінің ішкі валюта нарығына қатысуын барынша қысқартады.

    Ұлттық  банк халықаралық валюта қорының ұсынымдарымен үнемі зер салып танысады. Алайда ішкі нарықтағы араласудан толық бас тарту және теңгенің күрт нығаюы отандық экономиканың бәсекелестік қабілетіне және қаржы нарығының бұдан былайғы дамуына жайсыз әсер етеді.

    Сондықтан Ұлттық банкінің экономиканы тұрақсыздандыруына себепші болуы ықтимал айырбас бағамының күрт өсуіне жол бермейді. Бұл ішкі валюта нарығына араласудан айтарлықтай көлемде бас тарту. Сондай-ақ айырбас бағамын реттеу үшін, ақша нарығының механизімін, яғни ұлттық валютаның сұранысы мен ұсынысы арқылы барынша пайдаланады.

    Көп жағдайда, Ұлттық банкінің бұдан былайғы саясаты капиталдың келу және әкетілу көлемінде, ішкі валюта нарығына қатысушылардың мінез құлқына, алыпсатарлық капиталдың болу ықтималдығына, доллардың әлемдік нарықтағы позицияларына және басқа да ішкі және сыртқы нарықтағы факторларға тәуелді болады. Яғни Ұлттық банктің бүкіл қаржы нарығының тұрақсыздануына әкеліп соғуы ықтимал валюта бағамының қысқа мерзімдік және алыпсатарлық ауытқуларының тұрақсыздық салдарын бәсеңдетуге бағытталған іс-қимылдарды қабылдау құқығы сақталады.          

               

                                                                        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2. ҚР Ұлттық банкінің сыртқы саясаты және даму жолдары.

    2.1. Ұлттық қор мен  Ұлттық банкінің  жұмыс істеу перспективалары  

      Ұлттық қор Қазақстан Республикасының  Президентінің жарлығына сәйкес 2000 жылғы тамызда құрылды. Қорға алғашқы түсімдер 2001 жылғы мамырда “Теңізшевройл”БК-на акциялардың мемлекеттік пакетінің бір бөлігін тастаудан есептелді. Қазіргі уақытта Ұлттық қордың активтері 3,7 млрд. Доллардан асып  түсті, бұл ЖІӨ-нің 10,5%-на тең. Ұлттық  қорды құрудың негізгі себептерінің бірі “голландық күйзеліс” деп аталатын көріністердің алдын алу қажеттігі, сондай-ақ шикізатты өндіру және сатудан түскен кірістерді уақытқа неғұрлым әділ бөлу болды. ”Голландық күйзеліс” табиғи ресурстарды сатудан елге шетел валютасының едәуір келуі салдарынан Ұлттық валютаның айырбас бағамының нығаюынан көрінеді. Нәтижесінде шикізат өндірмейтін салалар импортпен бәсекеге түсе алмайды және күйзеліске ұшырайды. Алғаш рет осындай нәтиже Нидерландыда 80-жылдардың басында болған. Қазақстан экспортының басым бөлігін шикізат, ал шетел валютасының негізгі келуі оның экспортымен не шикізат өндіретін салаларға инвестициялармен байланысты екенін ескерсек, біздің еліміз таяу перспективада осы проблемаға кездесуі әбден мүмкін еді. Оның дұрыс шешімі, әлемдегі тәжірбие  көрсеткендей тұрақтандыру қорларын құру болып табылды.Қазақстан Ұлттық қорды құру кезінде осындай қорлары бар елдердің тәжірибесі кеңінен зерделенді. Қазіргі уақытта шикізат ресурстарының бай қоры бар және оларды белсенді түрде экспортқа шығаратын көптеген елдердің немесе олардың жекелеген аймақтарының тұрақтандыру қорлары  бар, мәселен Аляска  штаты, Норвегия, Чили, Кирибати, Венесуэла, Кувейт, Канаданың Альберта шет аймағы және басқалары. Мақсаттары және басқару саласы бойынша неғұрлым қолайлысы - әлемдегі ірі қорлардың бірі – Норвегия мұнай қорының тәжірибесі болды.Қазақстан Ұлттық қорының алдында  екі мақсат бар, ол – тұрақтандыру және жинақтау. Бііріншісі мұнайға әлемдік бағаның тұрақсыздығынан тұтастай алғанда Қазақстан эканомиикасының және  атап айтқанда мемлекеттік бюджеттің тәуелді болуының төмендеуін білдіреді. Бұл мұнай бағасы жоғарылаған кезеңде жоспарланған көрсеткіштерден асып түсетін бюджеттік кірістердің бір бөлігінің   қорға түсетінін болжайды. Және керісінше, әлемдік баға бір барелль үшін 19 доллардан төмен түскен кезде Ұлттық қордан шығыстардың белгілі бір деңгейін қолдау үшін бюджетке ақша аударылатын болады. Екінші мақсат мемлекеттің жинақталған қаражатын қалыптастыру және қазақстандықтардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының арасында мұнай  кірістерін неғұрлым біркелкі бөлу болып табылады. Шикізат секторы кәсіпорындар салықтарының алты түрі бойынша жоғары түсім қорға есептелді. Шикізат секторы ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Бұдан басқа, Үкімет шикізат секторының әрбір ұйымы үшін қандай нақты салықтар бойынша Ұлттық қорға жоспардан тыс түсімдер есептелетнін анықтайды.  Алғашқы уақытта тізбеде 12 ұйым болды, оған Қазақстанның 9 мұнай және 3 металлургия кәсіпорындары кірді. Кейін 2002 жылы оған 2 мұнай компаниясы қосылды.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сату мүмкіндігін беретін Жер кодексін қабылдағаннан кейін оларды сатудан түскен ақша да Ұлттық қорға есептелетін болды. 2005 жылдан бастап күшіне енген Бюджет кодексіне сәйкес Ұлттық қорға тау-кен өндіру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түскен түсімдер есептелетін болды.Құрылған сәтінен бастап қазіргі уақыт аралығында Ұлттық қор қаражатын жұмсау мақсаты  қатаң шектелді. Олар тұрақтандыру фунцияларын орындауға, оның ішінде мұнай бағасы төмендеген кезде бюджеттің шығынын өтеуге, қорды басқару  және жыл сайын аудит жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға пайдаланылады. Бұдан басқа, Ұлттық қордың қаражаты Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мақсаттарға Республикалық бюджетке жіберілуі мүмкін.Ұлттық қорды басқаруды Ұлттық банк жүзеге асырады. Осыған байланысты Үкімет және Ұлттық банк 2001 жылғы маусым айында Ұлттық қорды сенімгерлік басқару туралы шарт жасады. Шартқа сәйкес Үкімет қорды Ұлттық банк  20 жылға сенімгерлік басқаруға өткізді, ал Ұлттық банк Үкіметтің мүддесіне қорды оның активтерін түрлі қаржы құралдарына инвестициялау арқылы басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.Ұлттық банк 2001 жылғы маусымда әзірлеген және үкімет мақұлдаған инвестициялық стратегияға сәйкес қордың активтерін сақтау, олардың өтімділігінің жеткілікті деңгейін қолдау, сондай-ақ тәуекелдің қалыпты деңгейі кезінде ұзақ мерзімді перспективада қор активтерінің неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз ету Ұлттық қорды басқарудың мақсаты болып табылады. Осы мақсатты орындау  үшін Ұлттық қордың активтері тұрақтандыру және жинақтау портфелінде бөлінді. Қордың тұрақтандыру портфелі активтердің жеткілікті деңгейін қолдау үшін қажет. Қордың тұрақтандыру портфелінің негізгі мақсаты  тәуекелдің қалыпты деңгейі кезіндегі  ұзақ мерзімді перспективада қор активтерінің неғұрлым    жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта активтерді тұрақтандыру және жинақтау портфелдері бөлу Ұлттық қор көлемінің 16% және 84% құрайды. Фунциясына сақтау, есеп айырысуды жүзеге асыру, бухгалтерлік есеп жүргізу, сондай-ақ Ұлттық қор активтерінің кірістілігін кіретін кастодимян банкті таңдауға да көп көңіл бөлінді. Негізгі кастодияндық қызмет көрсетудің сапасы, сондай-ақ қосымша қызмет көрсетудің сапасы, спектірі мен құнды кастодиянды таңдау кезінде маңызды критерийлер болды. Ұлттық банк қазіргі уақытта бір ауқымды кастодиянмен жұмыс істейді. Инвестициялық стратегияға сәйкес Ұлттық қор активтерінің белгілі бір бөлігі сыртқы басқаруға өткізілуі тиіс. Қазір қордың активтерін басқарумен 9 басқарушы айналысады, оларда активтердің 61%-ы бар, ал Ұлттық банк қор активтерінің 39%-ын басқарады.  Ұлттық банктің құрылған сәтінен бастап  кірісі 11,70%-ға бағаланды, бұл оның әрбір жұмыс істеп тұрған әрбір жылы үшін орташа алғанда 3,65%-ға сәйкес келеді.             Қорытындылай келгенде, Ұлттық қордың соңғы уақытта өте маңызды рөл атқаратынын атап өту қажет, себебі өзінің екі мақсатынан (тұрақтандыру және жинақтау) басқа шетел валютасының артық ақшасын реттеп отыру жөніндегі функциясын атқарады. Дәл осы фунция  голландтық күйзелістің пайда болуымен күрес жүргізуге мүмкіндік береді. Бюджеттік түсімдердің бір бөлігін қорға бағыттау валютаның артық массасын рыноққа жіберуге және шетел валютасына қосымша ұсыныс жасауға мүмкіндік бермейді. Осының арқасында теңгенің айырбас бағамына түсім жасау төмендейді. Сонымен қатар, валюта түсімдерінің бір бөлігін реттеп  отыру инфляция қысымын азайта отырып, мемлекет тарапынан теңгеге сұранысты шектейді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Үкіметтің экономика министрліктері (Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі) және Ұлттық банк Ұлттық қордың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасын әзірлеуде. Жұмыс әлі жүріп жатқандықтан тұжырымдаманың түпкілікті түрі қандай  болатыны туралы айту ерте. Бірақ тұтастай алғанда, тұжырымдамада көрсетілген шаралар теңестірілген мемлекеттік бжюджетті алдағы уақыттағы қолдауға, инфляция қысымын төмендетуге, Ұлттық валютаның қымбаттауын тоқтатуға және Ұлттық қордың жұмысын жетілдіруге мүмкіндік жасайды.

       

2007 жылы Ұлттық қорды сенімгерлік басқарудың негізгі көрсеткіштері 

        31.02.03ж. рыноктық құны

    Жалпы 527 917,4 млн. KZT

    Тұрақтандыру 164 109.0 млн.KZT

    Жинақтау  363 808,4 млн.KZT

    Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің 2003 жылғы аударымдары

    Түсімдер 225 507,7 млн. KZT

    2003ж.  Портфелдерінің кірістері

    Жалпы 8,69 %

    Тұрақтандыру 1,87 %

    Жинақтау 11,98 % 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    

    Қор активтерінің құрылымы 

    Ұлттық  қордың валюталық портфелінің жалпы  рыноктық құны 2004 жылы 30 маусымда 3.722.349.527,53 АҚШ долларына тең болды, оның ішінде тұрақтандыру портфелі 600.060.097,72 АҚШ доллары (16,2 %) және жинақтау портфелі – 3.122.289.428,81 (83,88 %). Қор портфелінің құрамына кіретін бағалы қағаздардың және басқа да қаржы құралдарының рыноктық құны Ұлттық Банкінің кастодиан банкі ABN AMRO Mellon Global Securities Servieces деректеріне негізделеді. 

Қазақстан Республикасының  Ұлттық қоры мандаттарының  түрлері бойынша  активтерді бөлу құрылымы 

2-кесте

    мандат  түрі     Барлығы
    USD мен рыноктық құн     %
    Ақша  рыногы     600.060.099     16,2
    Кірісі  белгіленген бағалы қағаздар     2.019.899.100     54,26
    Акциялар     634.235.605     17,14
    Ауқымды тактикалық бөлу     468.154.724     12,8
    Барлығы     3.722.349.528.     100,00
 
 

Тұрақтандыру  портфелінің активтерінін бөлу динамикасы 

3-кесте

    АҚШ доллары     31.12.01.     31.12.02.     31.12.03.     30.06.04.
    Ақша және рыногының құралдары     0,72%     80,77%     76,30%     65,50%
    Акциялар     99,28%     19,23%     23,70%     34,50%
    Барлығы тұрақтандыру портфелі     100,00%     100,00%     100,00%     100,00%
 

Жинақтау  портфелінің активтерін бөлу динамикасы 

4-кесте

    Ақш доллары     31.12.01.     31.12.02.     31.12.03.     31.12.04.
    Ақша  және ақша рыногының құралдары     4,7%     5,1%     10,70%     9,84%
    Кірісі  белгіленген бағалы қағаздар     80,3%     72,29%     67,76%     64,86%
    Акциялар     15,0%     22,50%     21,54%     25,30%
    Барлығы, жинақтау портфелі     100,00%     100,00%     100,00%     100,00%
 

    Жинақтау  портфелінің активтерін елдер бойынша бөлу (хеджинг операцияларын есепке алмағанда) 

Информация о работе Ұлттық Банктің құрылымы мен басқару органдары