Ұлттық Банктің құрылымы мен басқару органдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 12:09, курсовая работа

Описание работы

Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне эканомикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша-несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің опрацияларын басқару арқылы реттейді.

Содержание

Кіріспе
1. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде
1.1.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымы және басқару органдары.............................................................................................................5-7 1.2.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары.....................................................................................................7-12
1.3. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мақсаты – инфляциялық үдерісті тежеу.....................................................................................................12-16
2. ҚР Ұлттық банкінің сыртқы саясаты және даму жолдары
2.1. Ұлттық қор мен Ұлттық банктің жұмыс істеу перспективалары.........17-23
2.2.Ұлттық банктің қаржылық жағдайын талдау..........................................23-26
2.3 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сыртқы экономикалық қызметі................................................................................................................26-28
3.ҚР Ұлттық банкінің қаржы жүйесіндегі ролі………………….............29-31
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

нацбанк[1].doc

— 285.50 Кб (Скачать)

        Халықаралық валюта қоры (ХБҚ) 1997 жылы Stan-by (1994-1995) несиесі бойынша негізгі қарызды жабу басталды (74,25 млн АҚШ доллары). Негізгі қарызды жабу тоқсан сайын 1,5 млрд АҚШ доллары төлеу арқылы жүзеге асырылады.

        1996 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы  Халықаралық валюта қоры несиелік бағдарламасы бойынша (Extended Fund Facility-EFF) келісімге қол қойылды.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 1997 жылға арналған барлық мақсатты жоспарларын іске асырды./10/

       Халықаралық реконструкциялық және дамыту банкі, қаржы секторын дамыту үшін 1995 жылдың 20 қазанында Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне 37,6 млн. АҚШ долларын несиеге берді. Бұл Халықаралық реконструкциялық даму банкісінен Қазақстан Республикасының LN №3867 KZ келісіміне сәйкес берілген болатын (31 шілде, 1995 ж).

    Займ  4 компоненттен :                   -коммерциялық банктерді дамыту – 12 млн. АҚШ доллары                            

-жергілікті банктік бақылау институттарын ұйымдастыру – 1 млн. АҚШ доллары        -ұзақ мерзімді төлем жүйесі – 23,8 млн. АҚШ доллары

-жобаларды  жүзеге асыру үшін көмек - 0,8 млн. АҚШ доллары

          Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі аталған мәселелердің толық орындалуына жауап береді.

          Сыйақы ставкасын  Халықаралық реконструкциялық дамыту банкі жылына екі рет белгілейді. Сыйақы жылына екі рет төленеді. 12 қаңтар және 12 шілдеде, 1.01.97. және 14.07.97. уақыт аралығында ставка 6,7 %-ды құрады, ал 15.07.97.-1.01.98. уақыт аралығында ставка 6,54 %-ға төмендеді. Комиссияның жылдық ставкасы 0,25 % болды. Пайдаланылмаған қаражат бөлігі жылына 2 рет төленеді: 12 қаңтар және 12 шілде.

          Займ 17 жылға беріледі және алғашқы бес жылда қарыздың негізгі бөлігін төлеу басталмайды. Қарызды төлеу 2001 жылдың 12 қаңтарында басталды және 2012 жылдың 12 шілдесінде аяқталады. Жыл сайынғы қарыз бөлігі – 1,6 млн. АҚШ долларын құрады.

          1996 жылдың мамыр  айының аяғына қарай Қазақстан  Республикасының қаржы министрлігі «техникалық көмек жобасы» бойынша Қазастан Республикасы Ұлттық банкіне 10,85 млн. АҚШ доллары несиеге берді.

          Займ келесі компоненттерден тұрады:

    -коммерциялық  банктердің диагностикасы – 2,6 млн АҚШ доллары

    -жергілікті  банктерді бақылау институттарын құру- 1 млн АҚШ доллары

    -төлем жүйесі- 0,95 млн АҚШ доллары

    -банктік  заңнамалы реформациялау – 0,5 млн АҚШ доллары

    -компьютерлер мен құралдар сатып алу- 5,8 млн АҚШ доллары

          Қазақстан Ұллтық банкі  аталған кұралдарды пайдаланушы  және оның толық орындалуына жауап береді. (ҚР-ның Қаржы министрлігінің алдында).

          Бұл несие бойынша  сыйақы жылына екі рет төленеді: 12 наурыз және 12 қыркүйек. 1.01.97. және 14.07.97. уақыт аралығында ставка 6,7 %-ды құрайды, ал 15.07.97. және 1.01.98. уақыт аралығында  бұл көрсеткіш 6,54 %-ға дейін төмендеді. Комиссияның жылдық ставкасы 0,25%-ды құрады. 1999 жылдың он екінші наурызында басталған қарыз төлеу 2010 жылдың 12 қыркүйегінде аяқталады.  

          LN №4051 KZ займның шарттарына сәйкес 1996 жылдың 25 маусымынан бастап Қазақстан Ұлттық банкі «Қаржы секторыны құрылымының» қаржылық агенті болып табылады.

          1997 жылдың 3-ші тоқсанында Қазақстан Республикасы 90 млн. АҚШ долларына тең екінші транш алды.

          1997 жылдың 25 ақпанында  Қазақстан Ұлттық банкі Москвада болған ІV отырысында ескертулер мен ұсыныстар дайындалды. Бұл жерде Кедендік Одаққа мүше елдерлдің екі жақты келісімдері қарастырлды. Қазастан Ұлттық банкі мұндай келісімді осы одаққа мүше елдердің барлығымен дерлік жасады.

          Мемлекетаралық экономикалық комитет. Қазақстан Ұлттық банкі ТМД мемлекеттерінің басшыларының кезекті отырысына мемлекетаралық экономикалық комитеті ұсынған документтеріне өзіндік жеке ұсыныстарын жасады. Ол 1997 жылдың 4 наурызында болды.

          Мемлекетаралық Валюта комитеті 1997 жылы 25 наурызда Мәскеу қаласында Мемлекетаралық Валюта комитетінің эксперттерінің кездесуі өтті. Онда ТМД мемлекеттерінің валюта саясаты талқыланды.

          Мемлекетарлық Банк 1997 жылдың 28 наурызында Қазақстан Ұлттық банкінің өкілдері Мемлекетаралық Банк кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Онда Мемлекетаралық Банктердің қызметтері туралы баяндалды.

          1996 жылдың 16-17 шілдесінде  Ресей Орталық Банкі мен Қазақстан Ұлттық банкі арасында несие ұйымдарына бақылау жасауға байланысты келісімге қол қойылды. Мұнда екі банк қаржылық ақпарат пен статистикалық мәліметтерге сүйене отырып жұмыс жасайды.

          1997 жылдың қазан  айында Украинаның Ұлттық банкімен Қазақстан Ұлттық банкі арасында банкаралық есепті ұйымдастыру туралы келісімге қол қойылды.

          Қазақстан Ұлттық банкінің өкілдері Халықаралық реконструкциялық даму банкінің жылдық отырысының делегациясының құрамына енді(Гонконг, 20-25 қыркүйек) және Орталық банк өкілдерінің кездесуіне қатысты (6-7 қыркүйек, 1997 ж., Стамбул). Стамбулдағы кездесуде қатысушылар іскерлік тәжірибелермен алмасты. Мұнда банк жүйесін дамыту, ақша-несие саясаты мен банктік бақылауды ұйымдастыруға және қаржы секторын либерализациялауға байланысты ақпараттармен алмасты.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3.ҚР  Ұлттық банкінің  қаржы жүйесіндегі  ролі . 

    Қазақстанда аз уақыт ішінде әлемдік тәжірбиені пайдалану арқылы қаржылық секторды ұтымды реформалау нәтижесінде, сонымен  қатар бухгалтерлік есеп пен статистиканың халықаралық стандарттарға өтуі нәтижесінде айқын және дамыған қаржылық жүйе құрылды.

    Мемлекеттік қаржылық жүйесінің институтционалды құрылымы келесі қаржылық институттармен көрсетілген:екінші деңгейлі банктер, банктік операциялардың жеке түрлерімен айналысатын мекемелер, сақтандыру мекемелері, зейнетақы жинақтаушы қорлар, зейнетақылық активтерді басқару жөніндегі компаниялар,мамандандырылған қаржылық институттар және т.б.

    ҚР  Ұлттық банкі ұлттық қаржы жүйесінің  құрылған сәтінен бастап банк жүйесін бақылай бастады, кейіннен оған ҚР Қаржы министрлігінің – сақтандыру нарығын бақылау жөніндегі, ҚР Ұлттық банк бағалы қағаздар жөніндегі комиссияның – бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі және ҚР еңбек пен халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің – жинақтаушы зейнетақы қорлар қызметін реттеу жөніндегі қызметттері мен билігі жүктелді.

    Кейіннен, 2004 ж.қаңтарда өзіндік реттеу органын  мемлекет Президентіне есеп беретін  ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау агенттігін құру туралы шешім қабылданды.

    ҚР  Ұлттық Банкке орталық банктің классикалық  қызметтері бекітілді:мемлекеттің  қаржы-несиелік саясатын құру мен жүргізу,валюталық  реттеу мен валюталық бақылауды  іске асыру, төлемдік жүйелердің жұмыс  істеуін қамтамасыз ету және қаржылық жүйе тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

    Банктің негізгі мақсаты өзгерді, қаржы-несиелік саясат ҚР-да бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуді бағдарлайтын болды. Сондықтан 2004 ж.Банк бағдарды тек инфляция бойынша ғана бекітетін болды.

    Жалпы Банк қаржы-несиелік саясатты жүзеге асыра отырып, заңнамалы бекітілген құралдар мен операцияларды пайдаланып, жыл сайын берілетін көрсеткіштерде инфляцины ұстап қалу жөнінде барлық қажетті шараларды жүргізеді.

    Валюталық реттеу мен валюталық бақылпу  саласнда Банк резиденттермен валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты қызметтерді орындауға талаптарды бекітеді,сонымен қатар валюталық операциялардың резиденттері мен резидент еместерімен жүзеге асыру ретін анықтайды.

    Банк  қаржы жүйесінің техникалық инфрақұрыдымы  болып тадбылатын төлемдік жүйелердің үздіксіз және нәтижелі қызметін қамтамасыз етеді.

    Қаржылық  жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету  аясында Банк қаржылық жүйені жетілдіруге  бағытталған әртүрлі бағдарламалық  құжаттардың тәжірбиелік іске асырылуы жөнінде жұмыстар атқаруда.Атап айтқанда, қазіргі кезде Банк қаржы секторын әрі қарай дамытуға және оны халықаралық стандарттарға сай келуіне бағытталған ҚР-ң 2007-2011 жж.-ға қаржылық секторды дамыту Концепциясын жүзеге асыруға қатысуда. Концепцияда қаржы секторын дамытудың алдағы мерзімдегі негізгі артықшылықтары мен бағыттары анықталған. Қаржы секторын дамытудың келесі негізі нәтижелері алынды.

    Қаржы-несиелік саясаттың құралдарын жетілдіру  және оны Еуропалық Одақ мемлекеттерінің  стандарттарына жақындату мақсатында Банк қайта қаржыландырудың ресми ставкаларын тоқсан сайын қарау мен бекіту тәжірбиесін енгізді.

    Минималды резервті талаптар есебінің әдістемелері жетілдірілді.Минималды резервті талартарды қатайту жөніндегі шаралар банктердің қаржылық тұрақтылығына және мемлекеттің ішкі нарықтық қарыздық нарығының дамуына оң әсер етеді деп күтілуде. 

    Валюталық реттеу бөлімінде 2007ж. 1 қаңтарынан бастап валюталық тәртіптің толық либерализациясы  жүргізілді, барлық валюталық операцияларды  лицензиялау алып тасталды, тек регистрациялау тәртіптері мен валюталық операциялар бойынша ескертулер ғана қарастырылады.

    Сонымен қатар, банктік жеке қызметтермен айналысатын  банктерден, мекемелерден және шағын  несиелік мекемелерден  тұратын  үш деңгейлік несиелеу жүйесі құрылды.Олардың  қызметін регламенттейтін тиісті заңнамалық актілер қабылданды.

    Несиелік  қызмет нарығының анағұрлым айқындығы  мен беріктігінің, несие алуда  ақпарат жинаумен байланысты несиелік мекемелердің қарыз алушлар шығыстарын азайтудың мәселелері республикада алғашқы несиелік бюроның құрылуымен шешілді.

    Салымшылар  ықыласын қорғау деңгейін арттыру екінші деңгейін арттыру екінші деңгейдегі  банктердің депозиттерді кепілдеу жүйесінің нәтижелі қызмет етуі арқасында мүмкін болатын болды.Кепілдік есесін қайтарудың минималды мөлшері көбейді.

    Қазақстан тұрғындары үшін зейнетақылық қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыруға, салымшылар мен алушылар құқықтарын қорғауға, зейнетақылық активтерді инвестициялау үшін қаржылық құралдар спектрін арттыруға бағытталған 2005-2007жж. Зейнетақы жинақтаушы жүйесін дамыту Бағдарламасы орындалды.

    Ағымдағы  жылы әлемдік қаржылық нарықтағы  АҚШ-тың ипотекалық нарығындағы  дағдарыс  нәтижесінде туындаған  тұрақсыздық қаржы секторына  әсер етті. Атап айтқанда, капитал ликвидтілігінің  халықаралық нарықтарда қысқаруы банктердің өзінің сыртқы міндеттерін қайта қаржыландыру үшін мүмкіндіктерінің қысқаруына және сәйкесінше қысқа мерзімді ликвидтілік мәселелерінің туындауын алып келді

    Осындай жағдайда  Ұлттық Банк банктерді қысқа мерзімді ликвидтілікпен қамтамасыз ету жөніндегі операцияларды жүргізді.Аталған операциялар көлемі 3 125 млрд теңгені қамтыды. Осы операциялардың қысқа мерзімділігін ескере отырып,олардың үлкен бөлігі жабылды.

    Сонымен қатар, Ұлттық Банк минималды резервті талаптар бойынша талаптарды жұмсартты. Тамыз айында минималды резервті талаптар механизмі қайта қаралды. Өзгерістер резервтік міндеттер базасын қысқартуға және резервті активтер құрылымын кеңкйтуге бағытталды.      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

    Курстық жұмысты қорытындылай келе, Ұлттық банк – еліміздегі барлық несие жүйесін реттеущі ұйым рөлін атқара отырып, орталық банк экономикамызда басты орын алады.

    Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік  орталығы ретінде ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.

    Орталық банктің тарапынан ақша – несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қалма-қолсыз ақша массасы жатады.

Информация о работе Ұлттық Банктің құрылымы мен басқару органдары