Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 17:07, реферат
Ол тек бухгалтерлік кітапта жүргізу ғана емес, сонымен қатар кәсіпорын қызметіне қатысты барлық қаржылық ақпараттарды талдау, қаржылық есеп беруді өңдеу, бухгалтерлік есеп жүйесін құру, салық салу мәселелері мен бірге жоспарлар мен болжаулардан жасалынуын қамтиды. Ақша – несие саясатын анықтау және соған байланысты шешімін қабылдау, шаруашылық операцияларды бейнелеуге және бірінші кезекте кәсіпорын басқармасына, одан кейін пайдаланушыларға ақпараттар ұсынуға негізделген бухгалтерлік есептің жүйесін ұйымдастыру сапасы мен деңгейіне тікелей қатысты, себебі, сапалы ақпараттарды неғұрлым үлкен экономикалық пайда алу үшін тиімді пайдалану қажет.
Кіріспе
І Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
1.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
1.2 Кәсіпорынның несиелік қабілеттілігін анықтайтын көрсеткіштер
ІІ Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау
2.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау
2.2 Баланс өтімділігін талдау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
А1 – Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.
Ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар – айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар қолма-қол ақшаға тез айналады.
А2 – Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалу мүмкін. Есеп айырысу құжаттары бойынша жіберілген, сатып алушылар уақытында төленбеген тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың өтімділігі анағұрлым төмен, себебі төлемнің қашан келіп түскені белгісіз. Күмәнді дебиторлық борыштың үлесінің көп болуы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіру мүмкін. Сатуға арналған дайын өнім және материалдық құндылықтар қорының өтімділігі бұдан да төмен болады, олар негізінен келесі топты құрайды.
А3 – Баяу өткізілетін активтер. Баланс активінің 2 бөлімінің «Қорлар» бабы және баланс активінің 1 бөліміндегі «Ұзақ мерзімді нвестициялар» (жарғылық қорға басқа кәсіпорындардың салған салымдар мөлшеріне азайтылған) бабы. Бірақ бұл кезде «Алдағы кезең шығындары» бабы есепке алынбайды. Бұл топтың активтерін ақшаға айналдыру қиынырақ: бірінші сатып алушыны тауып алу қажет, ал бұл оңай емес және белгілі бір уақытты керек етеді. Әсіресе бұл аяқталмаған өндіріске тиісті: егер, Мысалы, темір қаңылтырды сатып алушыны табу оңай болса, онда жасалған штампталған жартылай өнімді сатып алушыны табу анағұрлым қиын [19].
А4 – Қиын өткізілетін активтер. Баланс активінің 1 бөлімінің алдындағы топтарға еңгізілген баптарынан басқа барлық баптары. 1 бөлім жиынынан «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып тасталғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.
Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады.
П1 – Неғұрлым тезірек төлеуге тиісті міндеттемелер. Бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерден асу банктің мақсатты қарыздарын (несиелерін) өз мақсаты бойынша пайдаланбағандығын білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.
П2 – Қысқа мерзімді міндеттемелер. Қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.
П3 – Ұзақ мерзімді міндеттемелер. Ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.
П4 – Тұрақты міндеттемелер. Пассивтің 1 бөлімінің «Меншікті капитал» баптары. Актив пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активінің «Алдағы кезең шығындары» бабы бойынша сомаға азайтылады [20].
Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек.
Жоғарыда
көрсетілген топтардың
А1 > П1
А2
> П2
А3 > П3
А4 < П4
Көрсетілген
жүйе бойынша баланс жүйеде көрсетілген
шарттардың орындауына байланысты өтімділік
анықталады. Егер барлық шарттар немесе
теңсіздік толық орындалса
8-кесте. «АБДИ Компани» АҚ-ның мәліметтері негізінде баланс өтімділігіне байланысты топтау
Актив |
Сомасы мың тг. |
Пассив |
Сомасы мың тг. | ||||
Жыл басында |
Жыл аяғында |
Ауытқу (+,-) |
Жыл басында |
Жыл аяғында |
Ауытқу (+,-) | ||
1 Ең өтімді активтер |
19 |
49 |
30 |
Неғұрлым тезірек төленуге тиіс міндеттемелер |
9905 |
11099 |
1444 |
Тез өткізілетін активтер |
12199 |
22684 |
10485 |
Қысқа мерзімді міндеттемлер |
- |
- |
- |
Баяу өткізілетін активтер |
1072 |
1661 |
589 |
Ұзақ мерзімді міндеттмелер |
- |
- |
- |
Қиын өткізілетін активтер |
33061 |
35686 |
2625 |
Тұрақты міндеттмелер |
36446 |
48981 |
12535 |
Жиыны: |
46351 |
60080 |
13729 |
Жиыны: |
46351 |
60080 |
13729 |
Е с к е р т у – «АБДИ компани» АҚ-ның мәліметтері бойынша құрылған |
8-кестедегі
көрсетілген мәліметтерге
Осы кестедегі мәліметтерге қарап пассив бөліміне талдау жасайтын болсақ, ең бірінші бізде негұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер, жыл басыңда 9905 мың теңгені құрады, ал жыл соңында 11099 мың теңгені құрады, сонда 1444 мың теңгеге неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер өскен. Қысқа мерзімді міндеттемелер мен ұзақ мерзімді міндеттемелер біздің кәсіпорында байқалмайды. Тұрақты міндеттемелерге келетін болсақ, жыл басыңда 36446 мың теңгені құрады, ал жыл соңында 48981 мың теңгені құрады, сонда 12535 мың теңгеге тұрақты міндеттемелер өскен.
Жоғарыда 8-кестедегі көрсетілген топтар мәнін теңсіздік жүйесіне қоямыз. Өлшем бірлігі мың. тг.
Есепті кезең басы Есепті кезең соңы
А П А П
19 < 9905 49 < 11099
12199 > - 22684 > - (9)
1072 > - 1661 > -
33061 < 36446 35686 < 48981
Яғни теңсіздік
жүйесіндегі қойылған сандарды салыстыра
отырып, келесідей қорытынды жасаймыз,
егер жүйенің бір немесе бірнеше
теңсіздігінің қолайлы
Қорытынды
«Кәсіпорынның қаржылық жағдайы» тақырыбына арналған жұмысы «АБДИ компани» АҚ-ның мәліметтері негізінде жазылған.
Қорытындылай келсек, «АБДИ компани» АҚ-ның 2009 – 2010 жылдарындағы қаржылық жағдайын қарастырдық. Осы жұмыс тақырыбын аша отырып, көптеген экономикалық көрсеткіштер арқасында талдадық. Жасалған талдауларды қорытындылай келе кәсіпорынның қаржылық тұрақты және төлем қабілетті екенін толықтай дәлелдедік.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
19. Стояновой Е.С. Финансовый менеджмент./ Под. ред. - М.: Перспектива, 2006.
20. Шеремет А.Д. «Теория экономического анализа». - Москва, Инфра-М, 2006.