Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 17:07, реферат
Ол тек бухгалтерлік кітапта жүргізу ғана емес, сонымен қатар кәсіпорын қызметіне қатысты барлық қаржылық ақпараттарды талдау, қаржылық есеп беруді өңдеу, бухгалтерлік есеп жүйесін құру, салық салу мәселелері мен бірге жоспарлар мен болжаулардан жасалынуын қамтиды. Ақша – несие саясатын анықтау және соған байланысты шешімін қабылдау, шаруашылық операцияларды бейнелеуге және бірінші кезекте кәсіпорын басқармасына, одан кейін пайдаланушыларға ақпараттар ұсынуға негізделген бухгалтерлік есептің жүйесін ұйымдастыру сапасы мен деңгейіне тікелей қатысты, себебі, сапалы ақпараттарды неғұрлым үлкен экономикалық пайда алу үшін тиімді пайдалану қажет.
Кіріспе
І Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
1.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
1.2 Кәсіпорынның несиелік қабілеттілігін анықтайтын көрсеткіштер
ІІ Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау
2.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау
2.2 Баланс өтімділігін талдау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кестені қорытындылай келе, дебиторлық борыш неге көп өскендігін және не үшін керектігін түсіндіру зерттеп, қарыздарды өтеудің болашағын бағалау және егер болған жағдайда олардың құрамындағы күмәнді қарыздарды анықтау қажет. Сондықтан, кейбір қолма-қол ақшалардың кемуі едәуір дебиторлық борыштың салдары болып табылады.
1.2 Кәсіпорынның несиелік қабілеттілігін анықтайтын көрсеткіштер
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің сипаттайтын көрсеткіштердің бірі несиеге қабілеттілігі. Төлем қабілеттілігі «несиеге қабілеттік» түсінігімен салыстырғанда кеңірек ұғым. Төлем қабілеттілігі (ТҚ) кәсіпорынның барлық қарыздарын өтеуге, соның ішінде алған банк несиесін қайтаруға мүмкіндік беретін қаржылық жағдайын сипаттайды. Талдаудың келесі кезеңі кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін айқындау болып табылады.
Қазіргі кезде
нарықтық қатынастарды реттейтін заңдар
әсерінен кәсіпорынға олардың
Банктер қарыздарды өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа жоғары тиімді түрлерін шығаруға ынталандыруға, тұрғындарға әр түрлі қызмет көрсетуге, тауарларды халық үшін және экспортқа өндіруге байланысты мақсаттар мен шаралар үшін береді.
Банктер неиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін катаң сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді. Несиені беру және өтеумен байланысты мәселелер келісім түрінде несиелік шарт жасау арқылы, банк ережелерімен және қарыз алушы кәсіпорын мен банк арасындағы несиелік келісім-шарттарымен реттеледі.
Несиелер
берілетін мерзіміне қарай
Қысқа мерзімді несие кәсіпорынның айналым қаражаттарының қалыптасу көздерінің бірі болып табылады. Ол кәсіпорынның ағымдағы қызметі процесінде жетіспейтін ақша қаражатының қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді. Бір жылдан астам уақытқа кәсіпорын күрделі шығындарына несие ала алады. Бұл жағдайда несие оның дамуына, өндірісті кеңейтуге, оны қалпына келтіруге, жаңа техниканы өндіруге, қымбат жабдықтарды алуға және басқа мақсатты бағдарламаларға бағытталған кәсіпорынның қарыз қаражаттары ресурстарының көздері ретінде жұмсалады.
Несиеге қабілеттілігін
талдаудын мақсаты – банкпен
несиелеу мүмкіндігі және шарттары туралы
мәселені шешу алдында анықталатын,
қарыз алушыға сапалық баға беру,
клиенттің қарызға алған
Талдау негізінде банк қарыз алушыға несие беру мүмкіндігі туралы қорытынды жасайды. Несиеге қабілеттілігін талдау кезінде бірқатар көрсеткіштер қолданылады. Ең маңызды болып өтімділіктің әр түрлі коэффициенттері, сонымен қатар таза табыстың авансталған капиталдың жалпы сомасына қатынасымен анықталған капиталдың жалпы сомасына қатынасымен анықталатын кәсіпорынның табыстылығы болып табылады. Соңғы көрсеткіштің өсуі қарыз алушының қызметінің табыстылығын сипаттайды.
Банк мекемелері табыстылығы төмен, қаржылық жағдайы тұрақсыз қарыз алушылармен несиелік қатынас орнату кезінде ерекше сақтық көрсетулер керек. Осындай кәсіпорынға несие беру банк үшін жоғары тәуекелмен байланысты және билік органдарының немесе жоғары тұрған буындардың негізделген өтініштері (ходатайство) бойынша тиянақты жеке ықпалынан кейін, тек осы несиелерді қайтаруға кепілдеме алғаннан соң шешілуі мүмкін.
Несиеге қабілеттігін
бағалау кезінде банктер, өтеудің
аралық коэффициент 1-ден төмен болса,
онда банк төлем қабілеттілігі жоқ
кәсіпорынмен істес болады деп саналады
және несие тек ерекше шарттармен
ғана беріледі. Осы коэффициенттің
1-1,5 шегіндегі деңгейі қарызды
уақытылы өндіріп алуда белгілі
бір тәуекелге ұрындыруы
Несиеге қабілеттілікті
талдау кезінде банктің қарыз
беруші ретіндегі тәуекелділік дәрежесін
зерттеуге көп көңіл бөлінеді.
Тәуекелділіктің жоғары дәрежесінде
пайыздық мөлшерлеме орташадан жоғары.
Тәуекелділік дәрежесі сараптамалық
әдіспен анықталады. Нарықтық қатынастарға
өту несиеге сұранысты
Сонымен несиеге
қабілеттігін талдау кезінде тек
өтімділік көрсеткіштері мен
табыстылық деңгейі емес, сонымен
бірге айналым қаражаттары, өткізудің
өсу қарқыны, өнім көлемінің өсу
қарқыны мен банк несиесінің өсу
қарқының қатынасы, несиелер бойынша
уақыты өткен қарыздардың сомалары
мен мерзімдері, операциялар санымен
анықталатын есептік шотты
Банк кәсіпорынға несие беру туралы мәселені шеше отырып, қарыз алушыларды үш категорияға бөледі: сенімді (несиеге қабілетті), тұрақсыз (несиеге қабілеттілігі шектеулі), сенімсіз (несиеге қабілетсіз), сөйтіп оларды бағалау жүйесін қалыптастырады. Сенімді қарыз алушы жалпы жағдайларда несиеленеді, бұл жағдайда несиелеудің жеңілдікті тәртібі қолданылуы мүмкін.
Кәсіпорынның
несиеге қабілетсіздігінің
2. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау
2.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көніл бөлінеді.
Арнайы есептік-талдау әдебиеттерінде төлем қабілеттілігін анықтау жөнінде әр түрлі көзқарастар кездеседі.
Қаржылық
талдау бойынша кейбір авторлар төлем
қабілеттілігі ретінде
Басқа авторлар
төлем қабілеттілігі деп
Ұзақ мерзімді қарыздарды өтеу мерзімі шарты бойынша ұзақ мерзімді несиенің және қарыздың мерзімінің өтуіне байланысты, қысқа мерзімді қарыздармен сәйкес келуі мүмкін. Және есепті жылы өтеуі қажет ұзақ мерзімді қарыздардың бір бөлігін қысқа мерзімді қарыздарына жатқызу керектігін есептеу біздің ойымызша дұрыс, себебі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер шотының типтік шоттар жоспары «Қысқа мерзімді міндеттемелер және Ұзақ мерзімді міндеттемелер» 3, 4 бөлімшесінің 3000, 4000 бөлімшелерінің синтетикалық шоттарының әр түрлі шоттарында ескеріледі.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер кезіңде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек деп есептейміз. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валютасы және басқа да шоттарында ақшалары болуы керек.
Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады.
Қарыздарды өтеу үшін құралдар сонымен бірге кәсіпорында бар тауарлы – материалдық құндылықтардың қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша қаражатын алады.
Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық қысқа мерзімді активтерімен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер кәсіпорынның қысқа мерзімді активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінен артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын барлық қысқа мерзімді активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл сол кезде оның өндірістік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі құралдары құрайды, ал материалды айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды өтеуге кетті.
Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп, қысқа мерзімді активтің сомасы қысқа мерзімді міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек қарыздарды өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек.
Ағымдағы
төлем қабілеттілігі баланс жасау
мерзімімен анықталады. Кәсіпорын жабдықтаушыларына,
банктік қарыздар және басқа да есеп
айырысулар бойынша қарыздары жоқ
болса төлем қабілетті деп
саналады. Келешекке арналған төлем
қабілеттілігі нақты бір
Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэфифициенті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігі коэффициенті 1-ге тең немесе үлкен болса, онда бұл ол кәсіпорынның төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер коэффициент 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлеу құралдарының жетіспеуі себептерін анықтау керек.
Төлем қаражатының сомасын анықтау мәселесі бойынша әр түрлі көзқарастар бар. Төлемге қабілетті құралдарға ақша қаржыларын, қысқа мерзімді бағалы қағаздарды жатқызу әлдеқайда тиімді, себебі олар тез өткізіледі және ақшаға тез айналады. Қысқа мерзімді міндеттемелерге ағымдағы пассивтер, яғни, өтелуге жатқызылған міндеттемелер мен қарыздар: банкінің қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді қарыздар, кредиторлық борыштар және басқа пассивтер кіреді.
Төлем құралдарының қысқа мерзімді міндеттемелерден асуы кәсіпорынның төлемге қабілетті екенін білдіреді. Банкте есептің және басқа шоттарда ақшаның болмауы, банкке қайтарылған несиенің мерзімі өтіп кетуі, қаржы органдарына қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге қабілетсіздікті көрсетеді.
Төлем қабілеттілігі оны қысқа мерзім ішінде (апта, жарты ай) талдау кезінде анығырақ көрінеді. Ағымдағы төлем қабілеттілігін талдау кезінде сандық көрсеткіштерден басқа, сапалық сипаттамаларын білу керек.
Қаржылық икемділік кәсіпорынның алдын-ала болжамаған жағдайларға байланысты ақша қаражатының түсуі кезінде кездейсоқ үзілістерге қарсы тұру қабілеттілігімен сипатталады. Бұл өзгермелі жағдайға төтеп беру үшін әр түрлі көздерден қарыз алу, акционерлік капиталды көбейту, активтерді сату, қайта орналастыру, кәсіпорын қызметінің деңгейі мен сипаттын өзгерту дегенді білдіреді.
Ақша қаражатын қарызға алу қабілеттілігі әр түрлі себептерге байланысты және тез өзгеруге бейім. Ол кәсіпорын табыстылығымен, салыстырмалы өлшемімен, салалардағы жағдайымен, капиталдың құрамы мен құрылымымен анықталады.
Көбіне ол несие нарығының өзгеру бағыттары мен жағдайы сияқты сыртқы факторларға тәуелді. Несие алу қабілеттілігі ақша қаражаты керек жағдайда және кәсіпорынға қысқа мерзімді несиелерді ұзарту үшін қажет кезде маңызды. Алдын-ала келісіммен қаржыландыру немесе ашық несие линиялары (кәсіпорын белгілі бір мерзім ішінде және белгілі бір жағдайларда ала-алатын несие) – потенциалды қаржыландыруға қарағанда, керек кезде алудың сенімді көздері. Кәсіпорынның қаржылық икемділігін бағалау кезінде оның вексельдері, облегацияның және артықшылықты акцияның рейтингі, активті сатудың шектілігі, шығынның кездейсоқ дәрежесі, ереуіл, сұраныстың төмендеуі және жабдықтау көздерінің жойылуы сияқты, өзгермелі жағдайларға тез бейімдеушілік қабілеттілігі есепке алынады.
Нарықтық
экономика теориясы мен практикасында
перспективті төлем қабілеттілігін
талдауды нақтыландыру және тереңдету
үшін қолданылатын басқа да көрсеткіштер
белгілі. Олардың ішіндегі маңыздысы
табыс табу қабілеттілігі, себебі осы
факторлар кәсіпорынның қаржылық саулығы
үшін анықтаушылар болып табылады.
Табыс табу қабілеттілігі деп
болашақта кәсіпорынның негізгі
қызметінен тұрақты табыс алу
қабілеттілігі түсіндіріледі. Осы
қабілеттілікті бағалау үшін ақша қаржатының
жеткіліктігі мен оның капиталға
айналдыру коэффициенттері
Кәсіпорынның
перспективті төлем қабілеттілігін
анықтау үшін кәсіпорын активіндегі
ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық
және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің
статистикалық көрсеткіштері