Кәсіпорынның инвесициялық жобасының ақша ағымдарын болжау

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 08:23, реферат

Описание работы

«Инвестиция» термині латынның investire – «жұмылдыру» сөзінен алынған. Бұл термин ғылыми әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияға мынадай анықтама берілген: «Қоғамның нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар, өндірістік-материалдық запастар және т.б.) «таза инвестицияландыру» немесе капила қалыптасуы».
Инвестиция – капитал салымдарын қаржыландыруға, яғни айналымдағы өндірістік қорларды толықтыру мен негізгі өндірістік қорларды қайта өндіруге жұмсалатын бір жолғы материалды - техникалық және еңбек ресурстарының шығыны болып табылады. Капитал салымдары аяқталмаған құрылыс пен өндірістік қорлардың артуын қамтамасыз ету және өндіріс қорларының орнын толтыру секілді бірқатар маңызды қызметтерді атқарады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
Инвестиция,инвестициялық жоба және оның түрлері мен ақша ағымдарының түсінігі............................................................................4-11
1.1 Инвестициялық жоба туралы түсінік және оның түрлері.....................4-7
1.2 Инвестициялық жоба ұғымы және оның түрлері...................................8-9
1.3 Инвестициялық жобаның ақша ағымы...............................................10-11

«Даму» Қоры АҚ –ның «Таза су өндіру» инвестициялық жобасы...12-14
Қорытынды................................................................................................15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................1

Работа содержит 1 файл

Каржы менеджмент .docx

— 63.90 Кб (Скачать)

• Шаруашылық жүргізіп жүрген кәсіпорындарды қайта құру  – моралды тұрып қалған және физикалық тозған қондырғыларды ауыстыру арқылы жаңа өнімнің шығарылуының профилін өзгерту мақсатымен өндірісті толық немесе жартылай қайта жабдықтауды ортақ жоба бойынша жүзеге асыру;

• Техникалық қайта қамсыздандыру – жекелеген цехтардың, учаскілердің, өнідірісінің техникалық-экономикалық деңгейлерін арттыруға бағытталаған шара кешендерін жүргізу.

Инвестицияның ұсынылған  жіктелуі қазіргі заманның инвестициялық

жобалау концепцияларын толығырақ  түсіну үшін, жүріп жатқан процестерді

жан - жақты бағалау үшін қажет.

 

1.2  Инвестициялық жоба ұғымы және оның түрлері

 

Халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар

ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрылым дастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тарту мен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады.

Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның

тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.

Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады.

Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды және т.с.с. құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу т.с.с.) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарылатумен және қондырғыларды жаңартуымен байланысты болады.

Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта

оның айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң

бойынша осы кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың

анықтайтыны болып табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.

Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол циклдің келесі

кезеңдеріне ие:

1. Жобаның тұжырымдалуы. Бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы ретінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәуір дәлелді аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде бірнеше идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса, онда даярлаудың соңғы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.  Жобаның бірінші бизнес идеясы бірінші тексеруден кейін, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға дейін оны ары қарай дамыту қажет. Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде

бірнеше идея пайда болуы  мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде

пайдалы және іске асырымды болса, онда даярлаудың соңғы кезеңінде  олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше

инвестициялық жобалар әзірленеді.

2. Жобаны дайындау. Жобаның бизнес идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен соң, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға дейін оны ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында – коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалды және т.б. оны бірте - бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Бұл кезеңде жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады. Жобаның сәтті іске асуы жобаны талдау процесінде пайда болатын мәліметтерді дұрыс өңдей алуға және бастапқы ақпараттардың шынайлығына тәуелді екенін түсіну керек.

3. Жобаны сараптау. Жобаны іске асыру алдында оның білікті сараптамасы – жобаның өмірлік цикліна аса қажетті саты жүргізілу қажет. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын (несиелік немесе тікелей) болса, онда инвестордың өзі сараптама жүргізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшасының көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшасының кейбір бөлігін жұмсауды қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.

4. Жобаны іске асыру. Бұл кезең бизнес идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаны іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты – бастапқы инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктілігін тексеру және инвесторлардың салған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын қамтамасыздандыру.

5. Нәтижелерді бағалау. Бұл жобаның соңында, сондай-ақ жобаны орындау процесі кезінде жүргізіледі. Бұл қызмет түрінің негізгі мақсаты жобаға салынған идеялар мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы нақты кері байланысты алу болып табылады. Мұндай салыстырулардың нәтижесінде жобаны құрастырушылар аса құнды тәжірибе жинақтайды. Бұл тәжірибені басқа жобаларды іске асырғанда да қолдануға мүмкіндік береді. Жобалық талдау тәжірбесі жобаларды әзірлеу тәжірибесін жалпылауға және типтік жобаларды атап айтуға мүмкіндік береді. Шетелдік тәжірибеде кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі түрлері төменде келтірілген.

1.3 Инвестициялық жобаның ақша ағымы

 

Инвестициялық жобаның ақша ағымы – бұл жобаны жүзеге асыру нәтижесінде  пайда болатын ақшалай кірістер мен шығыстардың уақыттағы бөлінісі. 

Инвестициялық жобаны жүзеге асырудың әрбір қадамындағы (тоқсан, жыл) ақша ағымының  мөлшері (сомасы) ақшаның кірісімен, ақшаның шығысымен және  ақша  ағымының сальдосымен (таза ақша ағымы)  сипатталады. Жобаны жүзеге асырудың әр  қадамындағы сальдо ақшаның кірісі мен шығысының айырмасы ретінде анықталады.

Жобаны жүзеге асырудың әрбір  қадамындағы ақша ағымының сальдосы табысқа салық салынатын жағдайда келесідей есептеледі: 

 

 

                       Ri= (G– Ci) – (G–C–Еi–D)T– Ki+S,                      

 

мұндағы: R– i-қадамындағы ақша ағымының сальдосы; G– жобаны жүзеге асырудың i-қадамында түсетін кіріс; Сi– жобаны жүзеге асырудың i-қадамындағы ағымдық шығындар (амортизациясыз); Еi– жобаны жүзеге асырудың i-қадамындағы амортизациялық аударымдар;  Di–салықтық жеңілдіктер қарастырылған шығындар; Тi–салық ставкасы; Кi– жобаны жүзеге асырудың i-қадамындағы инвестициялық шығындар; Si–ағымдық шығындарды кемітетін әртүрлі өтемақылар.

Инвестициялық жобаның болашақтағы  ақша ағымын жоспарлағанда   келесідей жағдайларды ескеру қажет:

– тек инвестициялық жобамен  байланысты  түсімдер мен шығындарды есепке алу қажет;

– амортизацияны  ақша ағымын есептеудегі ерекше элемент ретінде қарастыру керек (бір жағынан ол шығын бабы ретінде  салық салу базасын кемітеді, екіншіден «сенімді» кіріс көзі ретінде пайдаланылуы мүмкін);

– салықтар мен несиелік капитал құнын ескеру қажет;

– активтердің жойылу құны түсім ретінде есептелуі тиіс.

Инвестициялық жобаны жүзеге асыруға бағытталған инвестициялық  шығындар мен оның нәтижесін  бағалау  түрлі уақыт кезеңіне тура келетін  ақша ағымын салыстыруды қажет етеді. Мұндай салыстырмалылықты қамтамасыз ету үшін  ақша ағымдарын дисконттау қажет.

Ақша ағымын дисконттау – түрлі уақыт кезеңдеріне сәйкес  келетін ақша ағымдарын белгілі бір уақыт сәтіндегі  құндылыққа  келтіру үдерісі.

Батыстық әдебиет беттерінде инвестициялық жобаның ақша ағымын дисконттауға арналған ставканытабыстылықтың минималды ынталандырушы (қанағаттандырушы) ставкасы ретінде қарастырады. Сол себепті дисконт ставкасын инвесторды қанағаттандыратын  минималды табыстылық нормасы ретінде де  түсінуге болады. 

Дисконттың коммерциялық, әлеуметтік және бюджеттік нормалары ажыратылады.

Дисконттың коммерциялық нормасын белгілеу бірнеше факторлардан тәуелді. Әдетте, оның шамасы несие  капиталының нақты сәттегі орташа бағасына, сенімді құнды қағаздардың  табыстылығына, банктік  депозиттердің сыйақысына негізделеді.

Инвестициялық жобаларды  бағалаудың теориясы  мен тәжірибесінде дисконттық ставканың коммерциялық нормасын анықтау мен белгілеудің  түрлі бағыттары бар. Олардың негізгілері:

1. Дисконттық  ставканы капитал құны негізінде белгілеу.

2. Дисконттық  ставканы несие капиталының пайызы шамасында белгілеу.

3. Дисконттық  ставканы  қауіпсіз (тәуекелсіз) салымдардың табыстылығы  негізінде белгілеу.

4. Дисконттық  ставканы  қауіпсіз салымдардың өсімі мен тәуекел деңгейіне түзету  негізінде белгілеу.

5. Дисконттық ставканы  капиталдың  баламалы құны негізінде белгілеу.

6. Дисконттық ставканы  инфляция деңгейін ескере отырып  белгілеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. «Даму» Қоры АҚ –ның «Таза су өндіру» инвестициялық жобасы

 

Бұл бизнес-жоба "Ауыз суын өндіру" жобасын инвестициялаудың негізділігін экономикалық тұрғыда  түсіндіруге арналған.

Бизнес-жобада инвестициялық  есептеулер жасау үшін қажетті барлық ақпараттар берілген, соның ішінде кірістердің, жобаны жүзеге асыру барысында  талап етілетін шығыстардың және негізгі салымдардың негізгі  түрлері берілген. Сонымен қатар  ауыз су саудасы нарығының саипаттамасы оған қатысты сұраныс пен тұтыным  динамикасы көрсеткіштерімен бірге, сонымен  қатар бағалық көрсеткіштерімен бірге ұсынылған. Аталған көрсеткіштер негізінде жобаны жүзеге асыру барысында  нарықтың даму көрсеткіштеріне болжам жасалған.

Инвестициялық жобаның тиімділігі мен тәуекелдеріне баға берілген және жобаның негізгі интегралдық  көрсеткіштері – таза дисконттық табыс (NPV), кірістіліктің ішкі нормасы (IRR), кірістілік индексі (PI), өзін-өзі  ақтаудың дисконттық кезеңі (DPP) нарықтың нақты даму қалпының негізіне бағыттала  отырып есеплтеген.

Бұл бизнес-жоба «Таза су өндіру» жобасының қаржылық-экономикалық тиімділігі мен техникалық тұрғыда  жүзеге асырылуын түсіндіру мақсатында әзірленді.

Компания ауыз суын өндіруді, ыдыстарға құюды, сақтауды және жеткізуді  жоспарлауда.

Негізгі өнім – поликарбонатты шөлмектерге құйылған ауыз суы, сыйымдылығы 18,9 л. Ауыз суының минералдық деңгейі 100-500 мг/л және ішуге де, тамақ дайындауға да, сусын дайындауға да жарамды.

Инвестициялық жобаның инвестиция алдылық кезеңі – 2012 жылдың 4-тоқсанына  дейін.

Инвестиция алдылық кезеңге  қызметтің келесі түрлері енеді:

• тауар тарату нарығын  зерттеу, өнім, жұмыс, қызмет нарығын  зерттеу (әрі қарай өнім) және олардың  сегменттерін, шикізаттық аумақтарын, өндіріс баланстарын және тұтынылуын қадағалау, мүмкін алармандарды анықтау  және алармандар базасын қалыптастыру;

• инвестициялық жобаның  қаржылық-экономикалық есептеулерін жасауға  қажетті бастапқы деректерді анықтау;

• инвестициялық жобаны қаржыландыру көзі мен жүйесін анықтау;

• инвесторлар іздеу.

Инвестиция алдылық кезеңде инвестициялық жобаны жүзеге асырудың негізділігі мен бизнес-жоспар дайындау туралы нақты шешім қабылданатын болады (тапсырыс беруші, инвесторлар және басқа да мүдделілер қабылдайды).

Барлау жұмыстары жүргізіледі, жобалық-жобақаржылық құжаттар дайындалады, жабдық жеткізу және өнімді сату бойынша келісім-шарттар жасалады.

Инвестициялық жобаның инвестициялық кезеңі:

Жабдықты сатып алу және тасымалдау, құрылыс-жөндеу жұмыстарын, жабдықтарды орналастыру жұмыстарын, іске қосу және өндірісті қолданысқа тапсыру 2013 жылдың қаңтарынан бастап 2013 жылдың маусымына дейін орындау жоспарланып отыр.

Инвестициялық жобаның қолдану кезеңі:

Макарон өнімдерін өндіру бойынша зауттың жұмысын бастау уақыты 2013 жылдың маусымы деп жоспарланған. Инвестициялық жобаны жүзеге асырудың күнтізбелік кестесі төменде берілген.

 

Кесте 1. Инвестициялық жобаны жүзеге асырудың күнтізбелік кестесі

Шара

 

Инвестиция мөлшері (USD)

 
     
   

Инвестициялық жобаның инвестиция алдылық кезеңі

 

Жай (орын) сатып алу

      250 000

Жабдық сатып алу, тасымалдау және орнату, іске қосу жұмыстары

      210 000

Пайдалану қызметі жұмыскерлерінің дислокациясы, қабылдау және үйрету

 

Өндірісті бастау және өнімді сату

       150 000

Жоспарланған қуаттылыққа жетуі

 
   

Барлығы

       610 000


Информация о работе Кәсіпорынның инвесициялық жобасының ақша ағымдарын болжау