Кәсіпорынның инвесициялық жобасының ақша ағымдарын болжау

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 08:23, реферат

Описание работы

«Инвестиция» термині латынның investire – «жұмылдыру» сөзінен алынған. Бұл термин ғылыми әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияға мынадай анықтама берілген: «Қоғамның нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар, өндірістік-материалдық запастар және т.б.) «таза инвестицияландыру» немесе капила қалыптасуы».
Инвестиция – капитал салымдарын қаржыландыруға, яғни айналымдағы өндірістік қорларды толықтыру мен негізгі өндірістік қорларды қайта өндіруге жұмсалатын бір жолғы материалды - техникалық және еңбек ресурстарының шығыны болып табылады. Капитал салымдары аяқталмаған құрылыс пен өндірістік қорлардың артуын қамтамасыз ету және өндіріс қорларының орнын толтыру секілді бірқатар маңызды қызметтерді атқарады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
Инвестиция,инвестициялық жоба және оның түрлері мен ақша ағымдарының түсінігі............................................................................4-11
1.1 Инвестициялық жоба туралы түсінік және оның түрлері.....................4-7
1.2 Инвестициялық жоба ұғымы және оның түрлері...................................8-9
1.3 Инвестициялық жобаның ақша ағымы...............................................10-11

«Даму» Қоры АҚ –ның «Таза су өндіру» инвестициялық жобасы...12-14
Қорытынды................................................................................................15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................1

Работа содержит 1 файл

Каржы менеджмент .docx

— 63.90 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым Министрлігі  Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті


 

 

 


 

 

 

 

«            Қаржы           » кафедрасы

 

 

 

 

СӨЖ

 

Тақырыбы: « Кәсіпорынның инвесициялық жобасының ақша                         ағымдарын болжау   »

 

 

 

 

 

 

 

Тексерген: Қыдыралин  Д.С

Орындаған: Қайрашова А.Т

                                                                         Мамандығы: «Қаржы»

                                                     Тобы:  333

 

 

 

 

Алматы, 2013 жыл

ЖОСПАРЫ:

 

     Кіріспе..................................................................................................................3

  1. Инвестиция,инвестициялық жоба және оның түрлері мен ақша ағымдарының түсінігі............................................................................4-11

     1.1 Инвестициялық жоба туралы түсінік және оның түрлері.....................4-7

    1.2 Инвестициялық жоба ұғымы және оның түрлері...................................8-9

     1.3 Инвестициялық жобаның ақша ағымы...............................................10-11

 

  1. «Даму» Қоры АҚ –ның «Таза су өндіру» инвестициялық жобасы...12-14

Қорытынды................................................................................................15

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

«Инвестиция» термині  латынның investire – «жұмылдыру» сөзінен  алынған. Бұл термин ғылыми әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері  бар. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияға мынадай анықтама берілген: «Қоғамның  нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар, өндірістік-материалдық запастар және т.б.) «таза инвестицияландыру» немесе капила қалыптасуы».

Инвестиция – капитал  салымдарын қаржыландыруға, яғни айналымдағы  өндірістік қорларды толықтыру мен  негізгі өндірістік қорларды қайта  өндіруге жұмсалатын бір жолғы материалды - техникалық және еңбек ресурстарының  шығыны болып табылады. Капитал салымдары  аяқталмаған құрылыс пен өндірістік қорлардың артуын қамтамасыз ету  және өндіріс қорларының орнын толтыру  секілді бірқатар маңызды қызметтерді  атқарады.

Халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар

ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрылым дастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тарту мен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады.

Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.

Ал инвестициялық жобаның ақша ағымы – бұл жобаны жүзеге асыру нәтижесінде  пайда болатын ақшалай кірістер мен шығыстардың уақыттағы бөлінісі. 

Инвестициялық жобаны жүзеге асырудың әрбір қадамындағы (тоқсан, жыл) ақша ағымының  мөлшері (сомасы) ақшаның кірісімен, ақшаның шығысымен және  ақша  ағымының сальдосымен (таза ақша ағымы)  сипатталады. Жобаны жүзеге асырудың әр  қадамындағы сальдо ақшаның кірісі мен шығысының айырмасы ретінде анықталады.

Инвестициялық жобаның болашақтағы  ақша ағымын жоспарлағанда   келесідей жағдайларды ескеру қажет:

– тек инвестициялық жобамен  байланысты  түсімдер мен шығындарды есепке алу қажет;

– амортизацияны  ақша ағымын есептеудегі ерекше элемент ретінде қарастыру керек (бір жағынан ол шығын бабы ретінде  салық салу базасын кемітеді, екіншіден «сенімді» кіріс көзі ретінде пайдаланылуы мүмкін);

– салықтар мен несиелік капитал құнын ескеру қажет.

  1. Инвестиция,инвестициялық жоба және оның түрлері мен ақша ағымдарының түсінігі

     1.1 Инвестициялық жоба туралы түсінік және оның түрлері

 

«Инвестиция» термині  латынның investire – «жұмылдыру» сөзінен  алынған. Бұл термин ғылыми әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері  бар. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияға мынадай анықтама берілген: «Қоғамның  нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар, өндірістік-материалдық запастар және т.б.) «таза инвестицияландыру» немесе капила қалыптасуы».

Инвестиция – капитал  салымдарын қаржыландыруға, яғни айналымдағы  өндірістік қорларды толықтыру мен  негізгі өндірістік қорларды қайта  өндіруге жұмсалатын бір жолғы материалды - техникалық және еңбек ресурстарының  шығыны болып табылады. Капитал салымдары  аяқталмаған құрылыс пен өндірістік қорлардың артуын қамтамасыз ету  және өндіріс қорларының орнын толтыру  секілді бірқатар маңызды қызметтерді  атқарады.

Инвестиция Қазақстан  экономикасының нарықтық экономикаға  өту кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау  жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салынымдар» деген түсінік қолданылған, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс  пен қайта өңдеуге, шараушылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі мен техникалық қайта қамсыздандырылуына, тұрғын үй мен тұрмыстық - мәдени құрылысқа  жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.

Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банк салымдары, пайлар,

акциялар және де басқа  құнды қағаздар, технологиялар, машиналар,

қондырғылар, лицензиялар, соның  ішінде тауар белгісіне, пайда табу

мақсатында кәсіпкерлік  қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды

құндылықтар, несиелер, кез  келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде

анықталады және осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы  әсерлерге

жету мақсатында. Осы тұрғыда  инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге  едәуір

жақын келеді.

Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің  кез келген түрін сатып алу  инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза трансферттік операциялар болып  табылады. Яғни біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі де инвестицияландырады. Таза

инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал қалыптасқан кезде  ғана орын

алады.

Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру

экономикалық ресурстарды  болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы

бастапқы салынған капиталдан асырып түсіру мақсатында ұзақ мерзімді салу

деп анықталады. Инвестицияландыру  дегеніміз бүгінгі қажеттіліктерін

қанағаттандыруды оны  келешекте инвестициялық игіліктердің көмегімен

қанағаттандыру үмітіне  айырбастау.

Кәсіпорынның инвестициялық  қызметі – бұл кәсіпорынның шаруашылық қызметінде маңызды рөлі атқаратын  және өзіне тең заңдылықтарымен  дамып отыратын, өзіндік логикаға ие объективті процесс, себебі инвестицииялар өзінің экономикалық табиғаты жағынан  болашақта табысқа жету үшін ағымдағы тұтынудан бас тартуды білдіреді.

1) Инвестициялардың түрлерінің  жіктелуі:

• ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да бағалы қағаздар;

• жылжымайтын және жылжымалы мүлік;

• авторлық құқықтар, тәжірибемен және де басқа да интеллектуалды

құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар;

• жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы және басқа да мүліктік құқықтар;

• қандай да бір өндірісті ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе ретінде рәсімделген техникалық, технологиялық,

коммерциялық сауаттылық.

2) Құралдардың салыну  объектілері бойынша инвестициялар:

• нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы,

яғни нақты инвестициялар  – кәсіпорынның негізгі және айналыс  капиталын қалыптастыратын материалды және материалды емес активтерге салынатын  салым. Материалды активтер – ғимараттарға, станоктарға, қосымша материалдық  бұйымдарға, дайын өнімдерге айналдырылған  құралдар.

• Материалды емес активтер – лицензиялардың, патенттердің, тауар белгісінің құны, жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;

• Қаржылық инвестициялар немесе тұрлі қаржылық құралдарға ақша

құралдарының салынуы  – депозиттер, бағалы қағаздар, банк салымдар болып

бөлінеді.

3) Инвестициялық процестерге  қатысу сипаты бойынша инвестициялар  келесі түрлерге бөлінеді:

• Тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі. Сонымен қатар инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне тартылады, оның ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулерге, инвестицияландыру объектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне;

• Жанама, бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді

орналастыратын және шоғырландыратын  түрлі қаржылық делдалдар арқылы

жүзеге асады. Мұндай делдалдар  инвестицияландыру объектілерін басқаруға

қатысады, ал алатын табыстарын клиенттері арасында бөледі. Тұтас

басқарылатын бағалы қағаздарға салынатын күрделі жұмсалымдарды

портфельдік деп те атайды.

4) Инвестицияландырудың  кезеңдері бойынша инвестицияларды  мына түрлерге бөледі:

• Қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді депозиттік салымдар, жинақ сертификаттары);

• Ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы бір жылдан жоғары.

5) Меншік түрлері бойынша  инвестициялар мыналарға бөлінеді:

• Азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың, өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;

• Мемлекеттік, ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет көздерінен қаржыландырылады.

6) Инвестордың қатысу  түріне байланысты:

• Қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе

шаруашылық жүргізіп отырған  кәсіпорындардың бір бөлігін  иелену (шектеулі меншік қоғамына үлестік  қатынас);

• Инвестор толық иелентін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық жүргізіп жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу;

• Жылжымалы және жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы немесе басқа да бағалы қағаздар түрінде алу;

• Табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да мүліктік құқықтарға концессия алу.

7) Тәуекел дәрежесі бойынша  инвестициялар келесі түрлерге  бөлінеді:

• Тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа мерзімді мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп саналады, ал олар бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды анықтайды, бұл қауіпсіз қойылым инвестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі салымдарды бағалау ретінде қолданылады;

• Тәуекелді инвестициялар. Инвестициялармен байланысты тәуекел немесе белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт, салыным объектісі сияқты факторларға тәуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кәсіпорынның жұмыс істеу нәтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың мерзіміне және жобаның масштабы мен оның мақсаттарына тәуелді, сондықтан қауіптіліктің дәрежесі нарықтың мүмкін болатын әрекетін шеше алмау болып табылады (жаңа өнім түрін өндіру, өндіріс шығындарын төмендету, сату көлемін арттыру, мемлекеттік тапсырыстарды орындау және т.б.). Дәрежені бағалау белгілері мыналар болуы мүмкін:

- жоба іске асқаннан  кейін пайданы ғана емес, жалпы  есептемелік табысты жоғалту  мүмкіндігі. Тәуекел дағдарысты  болып табылады;

- барлық активтерді жоғалту  мүмкіндігі және инвестордың  банкротқа

ұшырауы немесе апаттық тәуекел.

8) Ұдайы өндіріс инвестицияның  келесі түрлерінде жүзеге асады:

• Жаңа алаңдарда және бастапқыда бекітілген жоба бойынша іске асып жатқан жаңа құрылыстар немесе кәсіпорындардың, ғимараттардың салынуы;

• Шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі - өндіріс

қуаттылығын арттыру мақсатымен шаруашылық жүргізіп отырған

кәсіпорындардың екінші және келесі кезектерін, қосымша өндіріс  кешендерін және өндірістерді, жаңа кәсіпорындарды салу немесе қызмет етіп жүрген кәсіпорындарды кеңейту;

Информация о работе Кәсіпорынның инвесициялық жобасының ақша ағымдарын болжау