Қазақстанның ипотекалық ссудалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2011 в 09:15, курсовая работа

Описание работы

Қандай да экономикалық қызмет болмасын ол адамдардың өмір сүру деңгейін жоғарлатуға бағытталады. Яғни, экономикалық дамуда әлеуметтік мәселе бірінші орында болады. Ал осы әлеуметтік мәселелердің ең бастысы қандай да жеке тұлға болмасын ол отбасын құрып, өзінің баспанасы болуын қалайды.

Работа содержит 1 файл

курстык жумыс (Автосохраненный) (Восстановлен).doc

— 306.00 Кб (Скачать)

    Несиелік қаражаттарға сатып  алатын тұрғын үйге байланысты  ай сайынғы шығыстарға мыналар  жатады: несие  бойынша ай сайынғы  төлемдер, сақтандыруға байланысты ай сайынғы төлемдер, ай сайынғы мүлікке салынатын салық және  ай сайынғы коммуналдық төлемдер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ. ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «БТА БАНКІНІҢ»  ИПОТЕКАЛЫҚ  НЕСИЕ ЖӘНЕ БАСҚА  ҚЫЗМЕТТЕРІ ТУРАЛЫ 

  • 2.1. «БТА – Ипотека» Акционерлік қоғамының ипотекалық несие түрлерінің ерекшеліктері  
  •      Ипотекалық нарықтағы дағдарыс белгілеріне нақты қарсылық ретінде ипотекалық заемдарды қайта қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламасы болды. Ол 2009 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасымен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және бірқатар қазақстандық банктер арқылы жүзеге асырылады. Бұл мақсаттарға мемлекет 120 млрд. теңге бөліп, бұлар еліміздің 8 коммерциялық банкі арасында бөлінді. 

         БТА Банкінің тұтынушылық несиелендіру бағдарламалары – бұл сіздің проблемаларыңызды шешудің ыңғайлы жолы және халықтың тұтыну тауарларын несиеге алу, әртүрлі қызметтердің  ақысын төлеу, тұрғын үй, автокөлік және өзге де құралдарды сатып алу үшін қажетті соманы оперативті түрде беру. Бұл үшін банкке көп құжат өткізудің қажеті жоқ, берілген құжаттар мұқият қаралған соң әрбір клиенттің өтініші бойынша шешім қабылданады.

         БТА банкінің тұтынушылық несиелері  – бұл ұзақ уақыт бойы ақша  жинамай-ақ, өзіңіздің қалаған затыңызға жылдам қол жеткізуге мүмкіндік беретін қолайлы ұсыныс.

        Қызмет көрсетудің артықшылықтары:

    • қаржыландыру құнының төмендігі. Банк кешенді несиелендірудің әртүрлі схемаларын пайдалана отырып, клиенттердің пайыздық шығындарын тиімді жасауға ықпал етеді;
    • пайыздық мөлшерлемелерді төмендету мүмкіндігі. Несие операциялары бойынша мөлшерлемелер нарық жағдайындағы өзгерістерге сәйкес  белгіленеді және түзетіледі, сондай-ақ банк пен клиенттер арасындағы ынтымақтастықтың берік орнауына қарай төмендетілуі мүмкін;
    • несиелендіру мерзімін ұзарту мүмкіндігі. Несие желілері аясында жобаларды қаржыландыру  тек төмен пайыздық мөлшерлемелерді  қолдануға  ғана емес, сондай-ақ несиелендіру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады;
    • несие алуға берілген  өтініштер жедел түрде қаралады;
    • аймақтарды қаржыландыру. БТА банкінің қызметтерін Республиканың барлық облыс орталықтарында пайдалануға болады.

        БТА банкінің ипотекалық несиелендіруі  – сіздің отбасыңыздың беріктігінің  кепілі. Элитті тұрғын үйге, екінші  деңгейлі нарықтан жылжымайтын мүлікке ие болу, тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі, сондай-ақ, коммерциялық жылжымайтын мүлікке, табысты растайтын құжатсыз несие алуға, т.б. қызметтердің кең ауқымды түрлеріне ие болу.                                            

         Ипотекалық несиелендірудің талаптары  БТА банкінің ішкі құжаттарына сәйкес әрекет етеді және банк тарапынан бір жақты тәртіпте өзгертілуі мүмкін.

         Кредитті қалай алуға болады:

    1. Тұрғын үйді таңдау;
    2. Кредиттік өтінімді қарастыру үшін  қажетті құжаттарды банкке ұсыну;
    3. Егер банк сіздің өтініміңізді қолдаса, онда:
    • сатушыға бастапқы жарна сомасын беру керек
    • сатушыға кредитті беру туралы хабарлама –хатты беруі керек
    • банк комиссияларын төлеу керек
    1. Банкпен банктік заем шартын және кепіл шартын жасау
    1. Кепіл шартын мемлекеттік  тіркеуші органда тіркеу және оны тиісті белгісімен банкке қайтару
    2. Сақтандырудың барлық процедураларын жүзеге асыру
    3. Банк кассасынан ақша алып, сатушымен есеп айырысу.

         Егер тұтынушы банкте ипотека  рәсімдеп немесе несие желісін  ашқан болса, алайда жоғары  пайыздық мөлшерлемелер, несие  сомасы несие мерзімі тұтынушыға  ұнамайтын болса, онда  БТА Банкі тұтынушы үшін ипотека мен несие желісін қайта қаржыландырудың жаңа бірегей шарттарын  әзірледі.

        Өз несиеңді қайда қаржыландыру  дегеніміз – бұл тұтынушының  басқа банктегі несиесін   БТА  банкінің үздік шарттарына ауыстыруды білдіреді. Сіздің басқа банктегі несиеңіз өтеліп, БТА Банкінде қызмет көрсетіле бастайды.

         Тұтынушының ие болатын артықшылықтары:

    • несие бойынша %-дық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігі;
    • несие мерзімін ұзарту мүмкіндігі;
    • несие сомасын ұлғайту мүмкіндігі;
    • несие бойынша ай сайынғы төлемдерді азайту мүмкіндігі;
    • БТА банкіне өткеніңіз үшін ешқандай комиссия төлемейсіз.

        Қайта қаржыландырудың шарттары:

    • қайта қаржыландырылатын несие – Қазақстанның кез келген банкінде жылжымайтын мүлік кепілдігіне берілген ипотекалық немесе тұтынушылық мақсаттарға арналған несие;
    • несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі: ипотека үшін – 15%  пайыздан, несие желісі үшін – 18%-дан бастап;
    • валюта – теңге және АҚШ доллары;
    • табыстарды растау тадлап етілмейді;
    • несиенің  ең үлкен сомасы – кепілзаттың бағалау құнының 70%-на дейін;
    • өтінімді қарастыру үшін және бірінші траншты ұйымдастыру үшін комиссия алынбайды.

        БТА  тобы ипотекалық несиелерді  қайта қаржыландыруда 10300 қарызгермен  келісімшартты қайта жасау кезінде  37 млрд теңгеден аса сома игерді. Банк секторындағы ипотекалық займдарды қайта қаржыландыру үшін мемлекеттен бөлінген 120 млрд.теңге сомасынан БТА-ның үлесі – 37 млрд.теңге немесе 31 пайызды құрады. Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарының қарызгерлері көп белсенділік танытты.

        Астана және Алматы қаласы  бойынша құрылыс бастамаларын  аяқтауды қаржыландыру.

        Сатып алынатын үйді бір жылға  сақтандыру, ипотекалық қызметі  үшін БТА банк арнайы сақтандыру  бағжарламасын қолданады. Сақтандыру  бағдарламасы екі түрлі сақтандырудан тұрады:

       - жеке басын сақтандыру, яғни  өмірін, денсаулығын, еңбекке қабілеттілігін  сақтандыру;

      - мүлікті  сақтандыру, яғни мүлікті иелену, пайдалануға байланысты мүліктік  мүдделерді сақтандыру.

    Сақтандыру  бағдарламасының объектісі 3-кестеде берілген. 

    Кесте 3. Сақтандыру бағдарламасының объектісі 

    Сақтандыру  түрі Объектісі Сақтандырылатын жағдайлар
    Жеке  басын сақтандыру Қарыз алушының өмірі Сақтандыру  шарты мерзімі ішінде ҚР аумағында  немесе одан тысқары  жерлерде сақтандырыоушының әр түрлі себептерге байланысты өлімін сақтандыру
    Еңбекке қабілетін жоғалтуын сақтандыру Сақтандыру  шарты мерзімі ішінде әр түрлі  жағдайларға байланысты жартылай не толық еңбекке қабілеттігінен айырылуын  сақтандыру
    Мүліктік  сақтандыру Ұзақ  мерзімді ипотекалық несиеге кепіл ретіндегі  тұрғын үй Әрбір келісімшартқа  байланысты анықталады
    Ипотека затына қатысты оның иесінің құқығы Қарыз алушының ипотека затына қатысты меншік құқығынан  айырылу қаупінен сақтандыру
     

             Сақтандыру шартына сәйкес қарыз алушының барлық сақтандыру төлемдерін төлеуіне несие беруші тікелей бақылау жасайды. Ипотекалық несиелеу үрдісіндегі сақтандырушы жақтардың өзара қарым қатынасын реттейтін құжаттар және олардың өлшемдері  кесте 4 берілген.

    Кесте 4. Сақтандыру  шартының параметрлері 

    Құжаттар  түрлері  Сақтандыру  тарифтері Сақтандыру  сомасы
    Өмірінен  және еңбекке қабілеттілігінен айыру Бір  жылғы  сақтандыру сомасынан  0,5 – 1% Несиенің сомасынан  10%  жоғары
    Мүлікті  сақтандыру шарты   Несиенің  барлық   мерзімінде         сақтандыру сомасының       0,3 – 1,5% Үйдің  құны

     

        Жоғарыда кестеде көріп отырғанымыздай сақтандыру шартының параметрлері, яғни өмірінен және еңбекке қабілеттілігінен айырылуына байланысты банк өз клиентін сақтандырады. Сонымен қатар мүлікті сақтандыру шартын ұсынып отыр, яғни  сақтандыру тарифтеріне де мән берген жөн клиент өмірінен және еңбекке қабілеттілігінен айырылып қалған жағдайда сақтандыру тарифі бір жылғы сақтандыру сомасынан 0,5 -1% аралығында. Ал мүлікті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру тарифі, несиенің барлық мерзімінде сақтандыру сомасының 0,3 – 1,5% аралығында.

        «БТА Банкі» АҚ  әзірленген  несиелік саясатына сәйкес клиенттердің  сұранысын барынша қанағаттандыратын  сан алуан несиелік өнімдер  кешенін ұсыну жөніндегі жұмысты жүргізеді.

              «БТА Ипотека» компаниясының жеке тұлғаларды тұтынушылық мақсаттарға несиелендіруін сипаттайтын көрсеткіштерді 5 –кестеден көруге болады.

       

    Кесте 5. Ипотекалық несиелендіруді сипаттайтын  көрсеткіштер 

    Тұтыну  несиесінің түрі АҚШ долларындағы несие сомасы Несиенің айлардағы  мерзімі Орташа есептелген проценттік мөлшерлеме Қамсыздандырудың  түрі
    Ипотека 100000 дейін 240 дейін 11% Жылжымайтын мүлік
     

          Келесі кестеге қарағанда, тұтынушылық несиелердің басым бөлігі ипотекалық несиелендіруге келеді.  

    Кесте 6. 2008 – 2010  жылдары аралығында берілген несиелердің көлемі, мың теңгеде 

    Көрсеткіштер  2008 2009 2010
    Берілген  несиелердің жалпы сомасы 896034 3570254 5673483
    Тұтынушылық несиелердің сомасы, барлығы 306559 3077446 4825179
    Оның  ішінде:      
    Ипотекалық  несиелендіру 220564 2856414 4563215
     

     

        Жоғарыдағы кестеде БТА банкінің берілген несиелер көлемі жыл сайын өсіп отырғанын көреміз, 2008 жылы берілген несиелердің жалпы сомасы 896034 мың теңгеге несие берілсе, бұл көрсеткіш 2010  жылы алты есеге өсіп отыр. Оның ішінде ипотекалық несиелендіру 2008 жыл  220564 көрсеткішті көрсетсе,  2010 жылы   4563215 көрсетіп отыр. Осындай қарқынмен ипотекалық несиелендіру нарығында жоғары көрсеткіштер бола берсе, алдағы жылдарда Қазақстан халқының басым бөлігі баспанамен қамтылуы анық.  

         Ипотекалық несие тұтынушылық ссудалар көлемінде үлкен орын алады, оны 2 суретте көрсетілген динамика арқылы байқауға болады. 

    Сурет 2. «БТА Банк» АҚ –ның  2008 – 2010  жылғы ипотекалық несиелендіру 

          Сурет 2 көріп отырғандай соңғы жылы банктің ипотекалық несиелеу көрсеткіші жоғарлап отыр. Оған себеп еліміздің экономикасының алға қадам басу деп санаймын. Сонымен қатар банктің де бұл салаға зер салып, өздерінің, яғни банктің беделінің жоғарлауы да себеп.  

    2.2. БТА  банкінің атқаратын қызметтерін  талдау 

           БТА банкі Қазақстандағы екінші  деңгейдегі банктердің бірі болып  табылады.  БТА банктің акционерлік  капиталына «Самұрық –Қазына»  ҰӘҚ  енгеннен кейін оның  қаржылық және инвестициялық стратегиясы өзгеріп кетті. БТА қазақстанда сенімді рентабельді жобаларды инвестициялау мен корпоративті және бөлшектік клиенттерге сапалы қызмет көрсету сапасын көтере отырып, шетелдік жобаларды кредиттеуді тоқтатты.

    Информация о работе Қазақстанның ипотекалық ссудалары